Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология дістемелік нсау.rtf
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Мб
Скачать
☆

5.1. Enterobacteriaceae әулеті

Enterobacteriaceae әулетінің жалпы сипаттамасы.

Өткір бактериалды ішек инфекциялары кең таралған ауруларға жатады. Бактериалардың көп түрлері осылардың қоздырғыштары болып табылады. Жиі кездесетін Enterobacteriaceae тұқымдасының өкілдері. Бұл бактерияларға келесі белгілер сай.

  1. Морфологиялары бірдей-қысқа, спора түзбейтін, шеттері домалақ, қимылдайтын (перитрихтері) немесе қимылдамайтын, капсула түзетін немесе түзбейтін таяқшалар.

  2. Грам бойынша теріс.

  3. Глюкозаны қышқыл мен газ немесе қышқыл ғана түзеп ферменттейді.

  4. Әдеттегідей, протеометикалық қасиеті жоқ.

  5. Факультативті анаэробтар мен аэробтар.

  6. Қарапайым қоректік ортада өседі.

  7. Мекен жайы-ішек трактісі мен тыныс жолдары. Бұл әулетте 30-дан астам туыс және 100-ден астам түр бар.

Грам теріс Enterobacteriaceae тұқымдасының өкілдері.

5.2. Ішек таяқшалары (Escherichia туыстығы)

Энтеробактериялардың негізгі өкілі – Escherichia coli. 1885 жылы Т. Эшерих ашқан Негізгі белгілері: перетерихтер (немесе қимылдамайтын) майда грам теріс таяқшалар, мөлшері 2-3 х 0,5-0,7 мкм. Кейбір штаммдар микрокапсулаға ие. Эшиерихиялар 7 түрге ие. Е coli факультативті анаэроб, қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі колониялары домалақ, дөңес, жалтырай мөлдір. Сұйық қоректік орталарда диффузды лайланып өседі.

Ішек таяқшалары көбінесе глюкоза, лактоза, маннит, галактоза, кейде сахарозаны қышқыл мен газға дейін ферменттейді, индол түзеді. Әдетте H2S түзбейді, желатинді ыдыратпайды. Ішек таяқшасында 0-саматикалық антигені бойынша 164, Н-жіпшелі антигені бойынша 55, К-капсулалы антигені бойынша 90 серовары бар.

Диарегенді ішек таяқшасының патогенді факторлары:

  1. Адгезия және колонизация факторлары. Олар ұлпа жасушасына жабысуына және колонизациясы үшін керек. (фимбрилар және сыртқы мембрана ақуызы).

  2. Инвазиялық факторлар осылардың көмегімен ішек таяқшалары ішек жасушаларының эпителилеріне еніп, көбейіп, бұзылуына алып келеді (сыртқы мембрама ақуыздары.)

  3. Экзотоксиндер:

а) Цитотониндер – бикарбонат, Na+, K+, Cl- иондары бар ішек жасушаларындағы сұйықтардың гиперсекрециясын белсенділігін көтеріп, су-тұз алмасуын бұзып, диареяға алып келеді.

б) цитотоксиндер – жасушаларының капилляр эпителилерінің және ішек қабырғасының бұзылуына алып келеді.

4. Эндотокиндер – липополисахаридтер. (ЛПҚ - ЛПС). Олар бактерияның антигендік спецификасын анықтайды, эндотоксикоздың себепкері болады.

Потагенді факторларына байланысты Е. coli келесі категорияларға бөлінеді.

1. Энтеротоксигенді ішек таяқшалары; Адгезиялық, колонизациялық факторлары, энтеротоксигендері басымырақ болады. Процестің таралу орны ащы ішек. Ауру тырысқаққа ұқсас типпен өтеді. Эпидемияның түрі-су арқылы, кейде тағамдық. 1-3 жастағы балалар және үлкен адамдар ауырады.

2. Энтероинвазивті ішек таяқшалары; Патогенділігі эпителиялды жасушаларға кіріп оның бұзылуына алып келеді. Процестің таралуы – мықын және тоқ ішектің төменгі бөлігі. Ауру дизентерия типінде өтеді.

3. Энтеропатогенді ішек таяқшалары; Энтероциттер түзіп, эпителияны бұзып эрозия тудырады. Таралуы – тоқ ішек. Бір жасқа дейінгі балалар ауырады, қарым-қатынас, тағам арқылы жұғады.

4. Энтерогемморагиялық ішек таяқшалары; Токсиндер майда қан тамырларының эпителиялды жасушаларын бұзып, қанға тұсіп, қан айналуының бұзылуының нәтижесінде қансырауға алып келеді. Балалар мен үлкен адамдар ауырады, тағам арқылы жұғады.

5. Энтероадгезивті ішек таяқшалары; олар цитотоксин түзбейді, эпителиялды жасушаларына енбейді. Нер-2 in vitro жасушаларына адгезиндер арқылы жабысатын болғандықтан энтероадгезивті ішек таяқшалары деп аталған.