Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология дістемелік нсау.rtf
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Мб
Скачать
☆

2.5. Псевдомонадалар - Көк-іріңді таяқшалалардың

Көк-іріңді таяқшалалардың биологиялық қасиеттері.

Pseudomonas туыстығы, Pseudomonadaceae тұқымдасына жатады оның ішіне 20 астам түр кіреді. Кейбір түрлері топырақпен судың табиғи мекендеушілері болғандықтан табиғаттағы зат айналуына қатысады, басқалары адамдардың, жануарлалардың және өсімдіктердің ауруларын шақырада. Зерттулердің нәтижелері бойынша көк-іріңді таяқшадан - Pseudomonas aeruginosa (1862 жылы А. Люкке ашқан, 1872 жылы Дж. Шрегер бөліп алып сипаттама берген) басқа бір қатар псевдомонадалар адамдар үшін патогенді болып табылады (P. putida, P. fluorescens, P. cepacia тағы басқалар).

P. aeruginosaға келесі белгілер тән: Грамтеріс, тіке немесе сәл иілген, шеттері дөңгелектенген таяқшалар, барлық анилин бояғыштармен боялады. Жұғындыларда бір-бірлеп, жұптасып немесе тізбек тәрізді орналасады. Әдетге қозғалмайды (монотрих немесе лофотрих). Спора және капсула түзбейді, бірақ ол бактериальды жасушаны қоршап тұратын шырын бөледі.

Көк-іріңді таяқша аэроб, хемаорганотроф, өсу температурасы 6°С дан 45°С дейін, рН диапазоны 4,5-9,9. оптимумы 37°С, рН 7,2-7,5 , 42°С та да жақсы өседі. Қоректік орта таңдамайды, ЕПА-да, ЕПС-да жақсы өседі. Сорпада бір тәуліктің ішінде көк-іріңді таяқшалар бірқалыпты лайланып, бетінде сұр қабықша пайда болып, тұнба түзбейді. ЕПА-да бір тәулікте үлкендеу (3-5 мм) жартылай мөлдір, сұр түсті өзіне тән (жасмин)иісі бар колониялар түзбейді. Колониялалардың шеттері тегіс, ортасы қаралау болып келеді.

Көк-іріңді таяқша, бір тәуліктен кейін дақылдың көк-жасыл түске боялып, пигменттің (пиоциынин) қоректік ортаға сіңуі тән. P. aeruginosa мен қатар P. putida, P. Fluorescens жасылдау түспен шағылысатын сарғыш пигмент түзбейді. Кейбір штаммдар қызыл (пиорубин) немесе қоңыр-қара (пиомелынин) пигменттер түзбейді. Көк-іріңді таяқшалар әлсіз кантты ыдыратушы қасиетке ие: қалыпты жағдайда газсыз, қышқылға дейін глюкозаны ыдыратады. Айқын протеолитикалық қасиеттері болады: желатинді және қанды сарысуды ыдыратады, казеинді гидролиздейді. Нитраттарды нитриттерге дейін, сонан соң азотқа дейін тотықсыздандырада. Индол және H2S түзбейді, теріс Фогес-Плоскауэр реакциясын көрсетеді. Оксидаза сынағы төмен болып табылады.

Көк-іріңді таяқшада О-, Н-, М-антигендері болады. Патогенді факторлары О-антигені болып табылады. Жасуша қабырғасының липополисахариді, оның әсер егу механизмі басқа Грам теріс бактерияларға ұқсас. Басқа псевдомонадалар әр түрлі экзотоксиндер өндіреді: гемотоксин, лейкоцидин, гистотоксин, энтеротоксин. Экзотоксиндердің ішіндегі ең маңыздысы – экзотоксин А, олар рибосомадағы ақ уыз түзілуінің бүзылуына алып келеді.

Көк-іріңді таяқшалар, оның патогенді қасиеттерін күшейтетін бір қатар ферменттер өндіреді: дәнекер жасушаларды бұзып, қоздырғыштың таралып кетуіне алып келетін коллагеназа; комплемент жұйесінің тежелуіне алып келетін протеаза; лецитиназа, нейраминидаза т.б.

Псевдомонадалар табиғатта кең таралған, олар суда, топырақта, жануар мен адамдардың ішегінде, терісінде, шырышты қабатында мекендейді. Қоршаған ортаның әсеріне өте тұрақты (УК-сәлесі, дезерітінділер, температура т.б.). Қоршаған ортадан ағзаға қарым-қатыңас арқылы түседі.

Көк-іріңді таяқшалар адамда әр түрлі аурулар шақыруы мүмкін: сепсис, менингит, остеомиелит, артрит, отит, пневмония, плеврит, бауыр мен мидың абсцессін, жыныс-зәр шығару трактісінің қабынуын және т.б. Көк-іріңді таяқшалалардың оперциядан және күйгеннен кейінгі асқынулардағы іріңді-қабыну процесстерді шақыруының және тағам токсикоинфекцияларының қоздырғыштарының дәрітерлер үшін маңызы өте зор, себебі оны емдеу өте қиын, көпгеген антибиотиктерге тұрақты.

Сондықтан, көк-іріңді таяқшалар, яғни Pseudomonas aeruginosa шақырған көпгеген аурулар емделмей, созылмалы түрге өтіп кетеді (уретрит, цистит, плеврит, остеомиелит т.б.).

Көк-іріңді таяқшалар шақыратын аурулалардың лабораториялық диагностикасы.

Микробиологиялық диагностикасында ең қолайлы бактериологиялық тәсіл. Зерттелетін материалдар: ірің, экссудат, ағзалалардың пунктаты, зәр. Дақылды идентификация жасағанда, пиоцианин пигментін анықтаудың маңызы өте зор, егер оның сүйық дақылына бірнеше тамшы хлороформ қосқанда, ол көк-жасыл түске боялса, пигменттің бар екендігін білдіреді. Pseudomonas тың түр ішілік идентификациясын биохимиялық және дақылдық қасиеттері бойынша ажыратады.

Pseudomonas шақыратың инфекцияларды емдеу үшін міндетті түрде антибиотиктерге сезімталдығын тексергеннен кейін антибиотиктер қолданады. Дисбактериоз және тағам токсикоинфекцияларын емдеу үшін, комплексті интести-бактериофаг сапалы болады, емделмейтін, созылмалы ауруларда аутовакциналарды пайдаланады. Арнайы алдын алу жоқ, жалпы профилактикаға санитарлы-гигиеналық ережелерді қатаң сақтау жатады.

Pseudomonas aeruginosa

Көк-жасыл пигменті Сары пигмент

Сабақтың мазмұны:

Оқытушымен бiрге жүргiзiлетiн жұмыс:

Схема бойынша менингококтың және гонококтың инфекциясының

микробиологиялық диагностикасының әдiстерiн оқып үйрену.

Студенттiң өз бетiнше жұмысы:

  1. Мұрын жұтқыншақтан алып, жасалынған жұғындыны микроскоппен көрiп суретiн салу.

  2. Уретрадан, жатыр мойнынан, тiк iшектен дайын жұғындыны микроскопирлеп, қорытынды жасайды.

  3. Менингиттi диагностикалау үшiн бактериологиялық және серологиялық зерттеулерден алынған нәтижелердi салыстыра отырып, қорытынды жасап, хаттама толтырамыз.

Ситуациялық есептер:

  1. Урологке Н. деген 22 жасар науқас келдi. Ол зәр шығарғында ауырсынатынан, жыныс жолдарынан iрiңдi бөлiну бар екендiгін айтып шағымданды. Ауырғанына он күндей болған. Соңғы аптада пенициллин қабылдаған, қандай ауруға күдiктенуге болады? Қандай зерттеу әдiсiн ұсынасыз? Қандай жағдайда бактериоскопия арқылы дұрыс, нақтылай жауап аламыз? Зерттеу үшiн қандай материал алынуы керек? Материалды зертханаға тез арада жеткiзудiң қажеттiлiгi неде? Нелiктен соңғы жылдары көбiнесе бактериологиялық зерттеудi қолданып жүр? Қарым- қатнаста болғындарға қандай алдын алу шараларын жүргiзу қажет?

Қандай зерттеу әдiсiн ұсынасыз? Қандай жағдайда нақтылай дұрыс жауап беруге болады.

  1. Ауруханаға мынадай клиникалық симптомдармен науқас түстi. Т-39°С, қатты басы ауырады, қимылында тынышсыздық байқалады. Аурудың бiрiншi күнiнен бiрнеше қайтара құсқан. Жалпы гиперестезия (жарыққа, қатты дауысқа) байқалады. Аурудың 2-шi күнiнде желке бұлшық етiнiң тартылуы болады. Мынадай сынама диагноз қойылды. Менингококты менингит. Зерттеу материалы ретiнде ликвор, мұрын мен ауыздан сiлекей, қан алынды. Жұлын сұйықтығының жұғынды жасап, микроскоппен қарағанда лейкоциттердiң iшiнде орналасқан диплококтарды көремiз. Материалды алған соң тез арада, этиотропты терапиядан бұрын еккен.

1. Бұл дұрыс па? 2. Мұнда микробтың қандай қасиетi ескерiлуi керек? Зерттелетiн материалды сары суы бар қоректiк агарға еккен, 48 сағат инкубацияланғаннан кейiн 37°С өлшемi ине басындай, түссiз, көкшiл дақтары бар және шеттерi тегiс колониялар өсiп шықты. Типтiк колонияларды қиғаш агары бар пробиркаларға, таза дақыл алу үшiн егеді. Көмiрсулардан глюкоза мен мальтозаны қышқылға дейiн ыдыратады. Дақылдың қасиеттерiне орай N. Meningitidis , идентифицирленiп алынды. Аурудың қандай этаптарында, қандай зерттеулер қолданылады? Сары суы бар қоректiк ортаға тағы да ненi қосуға болады? Менингиттiң емдеу және алдын алу шараларын қалай жүргiзеді?

Медициналық - латын терминологиясы.

  1. Пневмония - (гр. Pneumon - өкпе) - өкпенiң қабынуы

  2. Менингит - ( meninx - ми қабықшасы) - ми қабықшасының қабынуы.

  3. Менингококцемия - қоздырғыштың түгелдей өлiп, эндотоксиннiң бөлiнуi.

  4. Гонорея - гр. gonos - ұрық, rheo – ағу.

  5. Шанкр – chancre

Үй жұмысы: Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, Шигеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу мен емдеуі.

3-ші сабақ

Тақырыбы: Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, Сальмонеллалар,Шигеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу мен емдеуі.

Сабақ өту мерзiмi: 3,0 сағат (120 мин.)

Тақырыптың өзектілігі: Ішек инфекцияларының қоздырғыштарының биологиялық ерекшелiктерiне дұрыс лабораториялық зерттеу жүргiзу және микробиологиялы диагноз қою үшiн қажет, себебi осының нәтижесiне қарап емдеу алдын алу шаралар жүргiзiледi. Ескере кететiн жағдай Ішек инфекциялары бұл аймақтық және Қазақстан Республикасының өзекті мәселерінің бiрi болып табылады.

Сабақтың мақсаты: Колиэнтериттердің микробиологиялық диагностикасын меңгеру.

Студент бiлуi тиiс:

  1. Микробиологиялық зерттеуге арналған материалды таңдау, алу және тасымалдануын.

  2. Микробиологиялық диагностикалау тәсiлдерiн. Олардың ақпараттылығы, маңызы, артықшылықтары мен кемшiлiктерi, орындалу мерзiмiн.

  3. Эшерихиялардың микробиологиялық зерттеу кестелерін.

  4. Эшерихиоз ауруларында қолданылатын диагностикалық, емдiк және алдын алу препараттарын.

Студент меңгеруi тиiс:

  1. Эшерихиялардың морфологиялық, физиологиялық және экологиялық ерекшелiктерiн.

  2. Iшек инфекцияларының микробиологиялық диагностикасының кестесін.

  3. Iшек инфекцияларының бактериологиялық және серологиялық диагностикасын.

  4. Iшек инфекцияларында қолданылатын диагностикалық, емдеу, алдын-алу препараттарын.

5.Iшек инфекцияларының микробиологиялық диагностикасының кестесін.

6.Iшек инфекцияларының бактериологиялық және серологиялық диагностикасын.

7.Iшек инфекцияларында қолданылатын диагностикалық, емдеу, алдын-алу препараттарын.

Студенттерге өз бетiнше дайындалуға арналған сұрақтар:

Базистік білім бойынша:

  1. Адам iшегiнiң микрофлорасы.

  2. Организм микрофлорасының адам өмiрiндегі маңызы.

  3. Дисбактериоздардың себебi

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Enterobacteriaceae әулетінің жалпы сипаттамасы.

  2. Iшек таяқшасының морфологиялық, дақылдық және биохимиялық қасиеттерi, антигендiк құрылымы.

  3. Диарогенді iшек таяқшасының патогендiк факторлары.

  4. Колиэнтериттердiң және дизентерияға ұқсас эшерихиоз ауруларының иммунитетi микробиологиялық диагностикасы, емдеуi мен алдын алу.

  5. Enterobacteriaceae әулетінің жалпы сипаттамасы.

  6. Шигеллалалардың морфологиясы, дақылдық, биохимиялық қасиеттерi мен антигендiк құрылымы.

  7. Шигеллалалардың резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы, патогендiлiк факторлары.

  8. Дизентерия патогенезi мен клиникасы, иммунитетi.

  9. Дизентерияның микробиологиялық диагностикасы, емдеуi, алдын алу.

  10. Тағам токсикоинфекцияларын шақыратың микроорганизмдер, инфекция көзімен жұғу жолдары.

  11. Тағам токсикоинфекциялалардың патогенезі.

  12. Тағам токсикоинфекцияларының лабораториялық диагностикасы.

  13. Тағам токсикоинфекцияларының емдеуі мен алдын алуы.

Қосымша - ақпарат блогы.