- •5В130200 Стоматология
- •Түркістан 2012 Мазмұны
- •1 Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу
- •Staphylocoсcus epidcrmidis Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •2.2. Гонококтар
- •2.4. Клебсиеллалар
- •2.5. Псевдомонадалар - Көк-іріңді таяқшалалардың
- •5.1. Enterobacteriaceae әулеті
- •Эндо ортасындағы ішек таяқшаларының колониялары.
- •Shigella қоздырғышы
- •5.4. Сальмонеллалар
- •5.6. Тағам токсикоинфекциялары
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •5.2.Ішек иерсиниялары - Iersinio enterocolitica
- •6.3. Тырысқақтың қоздарғышы - Vibrio cholerae
- •Cholerae дифференцияциялық тесті
- •Cholerae вибрионы
- •7.2. Оба қоздырғышы - Yersinia pestis
- •7.3. Бруцеллалар
- •Brucella қоздырғышы
- •7.5. Бациллалар.
- •Нейсер әдісімен боялған дифтирия таяқшасы Коринебактерялардың биологиялық қасиеттері
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Сау және ауру өкпе
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •4. Микробтармен коздырылатын ауыз қуысы шырышты қабыгының аурулары
- •Стоматит ауруы
- •5. Одонтогендік инфекция
- •Грам әдісімен боялған Сидоренко ортасында өсуі
- •3.2. Сiреспе
- •3.3. Газды гангрена
- •3.4. Ботулизм
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Лептоспироздың таралу жолдары
- •13 Сабақ
- •14 Сабақ
- •Полиомиелит қоздырғышы
- •Нәресте терісіндегі Коксаки вирусы
- •Гепатит а қоздыргышы
- •Дельта вирус
- •15 Сабақ
- •Бала терісіндегі қызамық
- •Наресте терісіндегі желшешек
- •Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
- •17 Сабақ
- •Ретровирустарға жалпы сипаттама, осы әулетке тән ерекшеліктері.
- •Герпесвирустардың құрылысы
- •Herpesviridae әулетінің құрылысы
- •Әдебиеттер тізімі
4. Микробтармен коздырылатын ауыз қуысы шырышты қабыгының аурулары
Стоматит (грек. stoma-ауыз, іtіs-қабыну), ауыз уылуы -ауыз қуысы шырышты қабығының қабынуы. Ауыз қуысының кеңтаралған патологиясы. Сероздық стоматит көптеген жедел вирустықжәне бакгериялық инфекциялар (қызылша, скарлатина, кұл, жерше, сұзек, өкпе қабынуы, грипп, септикалық жағдай ж.т.б.) кезінде кездеседі. Жедел сероздық стоматиттің клиникалық корінісі - ауыз қуысының бұкіл шырышты қабыгының қызаруы және ісінуі, ауыр жағдайда көпіршіктер, пустулалар (безеу), эрозиялар шығады, қызыл иек ісінеді, белдемше (валик) тәріздес болып келеді, тістер арасындағы қызыл иек бұртіктерінің гипертрофиясы байқалады, қанағыштық пайда болады.
Қалыпты жағдайда ауыз қуысының шырышты қабығы микроорганизмдердің әсеріне төзімді болады, тек зақымдалған кезде (әдетте микрожарақатгар пайда болғанда) инфекциялық ұрдістің дамуына қолайлы жағдай туады. Вирустық стомагитті көбінесе герпесвирустар, Коксаки А вирустары қоздырады. Бактериялықстоматитті әртұрлі бактериялар қоздыруы мұмкін, оның ішінде ауыз қуысындатұрақты мекен ететін тұрлері де, ауызга кездейсоқ жағдайда тұскен тұрлері де. Стоматиттің клиникал ық коріністері және оларды емдеу негіздері этиологиясына сәйкес тарауларда қарастырылған.
Стоматит ауруы
5. Одонтогендік инфекция
Одонтогендік (стоматогендік) инфекция тісте қабыну ұрдіс болса ғана ол жақын жатқан тіндерге тістің қатты тіні немесе тіс тамыры өзегінің кемшіліктері арқылы таралады. Одонтогендік инфекцияның этиологиялық агенттеріне ауыз қуысының қалыпты микрофлорасының окілдері жатады: стафилококтар, стрептококтар, грам - оң және грам - теріс факультативтік анаэробты, анаэробты бактериялар (пептококктар, пептострептококктар, бактероидтер, лептотрихиялар ж.б.). Стафилококтар мен споратұзбей гін грамтеріс анаэробтар жетекші рөл атқарады. Одонтогендік инфекцияның таралуына байланысты мынадай тұрлерін ажыратады: периодонтит, жақ периоститі, жақ остеомиелиті, тістің жұмсақ тінінің іріндік қабынулары (абсцесс, флегмона).
6.Периодонтит - периодонттің қабыну ауруы. Периодонт деп тіс тұбірі мен жақ сұйегінің арасында орналасқан тіс тұбірінің қабыгын атайды. Қабынудың жиі себебі инфекция болып табылады. Инфекция қоздыргыштары периодонтальды қуыстарга тіс тұбірі өзегі арқылы (пульпит асқындаган кезде), патологиялық тіс - қызыл иек қалтасынан (пародонтит болганда), жедел инфекциялық ауру (баспа, скарлатина, грипп) кезінде гематогендік жолмен тұседі.
7.Жақ периоститі - сұйек қабыгының қабынуы. 74-78 % жагдайда периодонт тіндерінің асқынган қабыну кезінде экссудат периодонттан жақ сұйегінің қабыгының астына тұседі.
Жақ остеомиелиті
8.Жақ остеомиелиті - сұйек мида, сұйектің барлык құрылыстық бөліктерінде және оны қоршаган жұмсақ тіндерде дамитын инфекциялық ірінді шіру ұрдіс. Шектелген (2-3 тістің шамасында) және жайылган (диффузды) болуы мұмкін. Көптеген жагдайда іріңтуғызушы алтынды стафилококпен қоздырылады.
Тіс аймағында жұмсақ тіннің абсцесстері мен флегмоналары
9.Абсцесс - жақ бет аймағының жұмсақ тініндегі шектелген ірінді қабыну ұрдісі. Ол стрептококтармен, стафилококтармен, пневмококтармен, диплококктармен, ішек таяқшасымен, фузобактериялармен ж.б. анаэробты микроорганизмдермен шақырылуы мұмкін.
10.Флегмона - жақ бет аймағының жұмсақ тініндегі жайылған ірінді қабыну ұрдісі (тері астылық, бұлшық ет аралық, фасция аралық қожыган клетчаткасында). Оны абсцесс шақыратын микроорга- низмдердің барлығы да қоздыруы мұмкін. Аурудің қауіптілігі бас миының, көру анализаторының, жоғарғы тыныс алу жолдары мен асқорыту жұйесінің басты бөлігінің жақын орналасуына байланысты. Инфекция мойынның тамыр жұйке қасында шоқталуы, жұтқыншақ пен өңештің қабырға арасында таралуы мұмкін.
Тақырып бойынша ситуациялық есептер:
Жұтқыншақтаң алынған кiлегейдi, яғни зерттелетiн материалды сарыуызды-газды агарға немесе қанды ортаға отырғызады. 37°С температурада бiр тәулiк iшiнде мөлдiр емес, дөңес, алтын түстес, дөңгелекше колониялар түзiлген, қанды агарда гемолиз ошақтары анық байқалады. Стафилококтың түрiн анықтау мақсатында 2-3 колонияны қоректiк ортаға қайта отырғызады. Зерттеу нәтиежесiнде дақыл анаэробты жағдайда глюкоза және маниттi түзедi, сонымен қатар плазмокоагулазаны, лецитиназаны және альфа-токсиндi түзедi. Стафилококтың түрiн анықтаңыз.
Iрiңнен алынған жұғындыларда микроорганизм тұнба немесе дөңгелекше келген тiзбек пiшiнде орналасады. Тығыз қоректiк орталарда майда, сұр колониялар түзедi. Сұйық ортада табақша түбiнде өседi. Қанды агарда колония айналасында гемолиз ошағы пайда болады. (1: 100000) қатыңасындағы оптохин ортасында өсе бередi, бiрақ инсулиндi және 40 процент өттi ортада көбеймейдi. Стрептококтың түрiн анықтаңыз?
Баланың дене қызуы 39°С көтерiлiп, қалтырап, жағдайы нашарлай бастады. Жалпы улану (интоксикация) белгiлерi байқалады: құсу, басының ауруы, әлсiздiк, сырттай зерттегенде тамағы қызарған, мойын бездерi iсiнген, жүйке лимфа түйiндерiнiң iсiнуi, тахикардия. 1 тәулiктен кейiн майда, нүкте тәрiздi бөртпе пайда болады (шат, қолтық асты қатпарлары, сананың iшкi бетiнде: мұрынды-ерiндi үш-бұрышта гиперемия байқалады). Алғашқы диагноз: скарлатина. Бұл ауруды дәлiрек анықтау үшiн мұрын мен тамақтың алынған кiлегейдi бактериоскопиялау және бактериологиялық зерттеу жүргiзiледi. Себебi мұндай белгiлер қызамық, қызылша, стафилококты және басқа да инфекциялық ауруларда байқалады. Микроскопия нәтижесiнде Грам оң, тiзбек теліп орналасқан коктар анықталды. Диагнозды дәлелдеуге осы зерттеулердiң нәтижелерi жеткiлiктi ме?
Клиникаға, Грам оң “+” коктармен шақырылған сепсиске күмәндi ауру түстi. Бөлiнген коктың түрiн және туысын анықтау үшiн қандай зерттеулер жүргiзу керек? Зертханаға зерттеу мақсатында пневмониямен ауырған науқастың қақырығы алынған. Алынған материалды ақ тышқандарға құрсақ-iшiлiк жолмен жұқтырды. 10 сағаттан кейiн тышқандар өлген. Iшкi мүшелерiнен ланцетник тәрiздi, капсуламен қоршалған Грам “+” жұп орналасқан коктар бөлiнген. Қандай қоздырғыш бөлiнген? Қандай әдiспен капсуланы айқындауға болады?
Терапиялық бөлiмге И.деген науқас түстi, 40 жаста, шағымдары: қақырықты жөтел, көкiрек жасушасының ауруы, енгiзу, дене температурасы 40°С-ға дейiн көтерiлген. Ауырғанына 2 күн болған, ауырғаның суықтағанмен байланыстырада. Т-39°С, акроцианоз, тыныс алу жиiлiгi 1 минутта - 26 рет. Оң жақ өкпесiнде ылғалды сырыл естiледi, тахикардия, қан қысымы сәл төмендеген. Алдын ала қойылатын диагноз: оң жақты пневмония. Зертханаға зерттеуге түні бойы жиналған науқас қақырығы жiберiлген. Грам әдiсi бойынша боялған қақырық препаратын микроскоппен қарағанда капсуламен қапталған Грам “+” ланцетник тәрiздi диплокок анықталған.Алғашқы қойылған диагнозбен келісесіз бе?
Науқас қақырығы бiр мезгiлде қан сарысуы бар қан агарына және қант сорпасына егiлген. қант агарында гемолиз аймағы жоқ колониялар өскен. Кейiн солардан және қант сорпасынан патогендi емес бактериялалардың таза дақылы бөлiнген. Бактериалды зерттеудiң терiс нәтижесiнiң себебi неде? Пневмония (өкпе қоздырғыштары) дақылын бөлiп алған жағдайда, оларды қандай микробтардан және қандай тестермен ажыратуға болады?
Стафилококты аутовакцина анатоксин. Дик токсинi, преципитацияға қолданылатын сарысулар, құрғақ О-стрептолизин, антибиотиктер, емдеуге қолданылатын стафило- және стрептофаггтар қандай жағдайларда пайдаланасыз?
Дезинфекциялық затпен өңделген ыдысқа антимикробтық терапия қабылдаған науқастың жарасынан, микрофлораны анықтау мақсатында 0,5 мл iрiң алынды. Iрiңдi алудағы тактикалық қателер қандай? Материалды алудағы қателiктер микробиологиялық зерттеулер нәтижесiне қалай әсер етедi?
Зертханаға зерттеу үшiн пробиркамен қан, зәрi бар ыдыс және тағы басқа материалдар жеткiзiлген. Олар науқастың бiр күн бұрын алынып, дұрыс жабылмаған биксге және үй температурасында сақталған. Материалды алуда, сақтауда және тасымалдауда қандай қателiктер кеткенiн атаңыз.
Микробиологиялық зерттеулер үшiн клиникалық материалды беті жабылған ыдыста, бiрақ бикссiз немесе конгейнерсiз алып келген. Материал тасымалдау алдында үш күн бұрын алынған. Зерттелетiн материалды сақтауда және тасымалдауда қандай қателiктер жiберiлген. Зерттеу нәтижесiне бұл қателiктер қалай әсер етедi?
Зертханаға жеткiзiлген клиникалық материал құжатында науқастың фамилиясы, жасы, клиникалық диагнозы, жұмыс орны, мекен-жайы, жазылған. Бұл құжатта қандай мәлiметтер жазылмаған? Зерттеу нәтижесiне бұл қателiктер қалай әсер етедi?
Урологке Н деген 22 жасар науқас келдi. Ол зәр шығарғында ауырсынатыңын, жыныс жолдарынан iрiңдi бөлiну бар екендiгiн айтып шағымданды. Ауырғанына он күндей болған. Соңғы аптада пенициллин қабылдаған. Қандай ауруға күдiктенуге болады? Қандай зерттеу әдiсiн ұсынасыз? Қандай жағдайда бактериоскопия арқылы дұрыс нақтылай жауап алуға болады? Зерттеу үшiн қандай материал алануы керек? Материалды зертханаға тез арада жеткiзудiң қажеттiлiгi неде? Нелiктен соңғы жылдары көбiнесе бактериологиялық зерттеудi қолданып жүр? Контактi де болғандарға қандай алдын алу шараларын жүргiзу қажет?
Қандай зерттеу әдiсiн ұсынасыз. Қандай жағдайда нақтылай дұрыс жауап беруге болады.
13.Ауруханаға мынадай клиникалық симптомдармен науқас түстi. Т-39ºС, қатты басы ауырады, қимылында тыңышсыздық байқалады. Аурудан бiрiншi күнiнен бiрнеше қайтара құсқан. Жалпы гиперестезия (жарыққа, қатты дауысқа) байқалады. Аурудың 2-шi күнiнде желке бұлшық етiнiң тартылуы болады. Мынадай сынама диагноз қойылады. Менингококты менингит. Зерттеу материалы ретiнде ликвор, мұрын мен ауыздан сiлекей, қан алынды. Жұлын сұйықтығынынң жұғынды жасап, микроскоппен қарағанда лейкоциттердiң iшiнде орналасқан диплококтарды көремiз. Материалды алған соң тез арада, этиотропты терапиядан бұрын еккен.
14. Бұл дұрыс па? 2. Мұнда микробтың қандай қасиетi ескертiлуi керек? Зерттелетiн материалды сары суы бар қоректiк агарға еккен 48 сағаттан инкубацияланғаннан кейiн 37°С өлшемi түйреуiне ине басындай түссiз, көкшiл дақтары бар және шеттерi тегiс колониялар өсiп шықты. Типтiк колонияларды қисық агары бар пробиркадағы таза дақылын алу үшiн алады. Көмiрсулардан глюкоза мен мальтозаны қышқылға дейiн ыдыратады. Дақылдың қасиеттерiне орай N. мeningitidis, идентифицирленiп алынды. Аурудың қандай этаптарында, қандай зерттеулер қолданады? Сары суы бар қоректiк ортаға тағы да ненi қосуға болады? Менингиттiң емдеу және алдын алу шараларын жүргiзу?
15. Рессель ортасында глюкозаны қышқыл мен газға дейiн ферменттейтiн, күкiрт сутек түзетiнi байқалды. Мұндай ортада осындай қасиеттерге ие қандай микробты бiлесiз?
Жауабы: Агардың бағысында (глюкозының ферменттелу) ортасының түсi өзгерiп газдың көпiршiктерi байқалады. Қиғаш беткейде лактозының ашуы өзгередi. Орта күкiрт сутек түзгендiктен қараяды. Рессель ортасы мұндай түрге паратиф Б-ның сальмонеллалары өскенге ие.
16.Балмұздақ жегеннің нәтижесінде ішек инфекциясы пайда болады. Клиникалық бағыты кең диапозонды формалармен сипатталған. Балмұздақты және материалды лабораториялық зерттеу нәтижесінде Грам теріс, капсула түзбейтін жылжымалы таяқшалар бөлінген. Дақылдау температурасы 20-26ºС.
Бөлiнген таза дақыл тырысқақ вибрионына күдiк туғызып, колониялары түссiз, пептон суында жасуша түзейдi. Дақыл “0” тырысқақ сарысуымен агглютинденедi. Тырысқақ вибриондарының - тәжiрибиелiк жолмен жалына ұқсас - формалы колониялар түзейдi. Пенициллин қосылған агарда 3 сағаттан соң бациллалар жекеленген шариктерге ыдырап “маржан моншақтар” сияқты тiзбектелiп орналасады. Сорпада - формадағы таяқшалар, ыдыстың түбiнде, мақтаға ұқсас, тұнба түзiп өседi, сорпа тұнық, түссiз болады, ал - формалылар сорпаны лайландырада.
17. Жұқпалы аурулар жататын бөлiмге 30 жастағы М. атты науқас түстi, мынадай шағыммен дене температурасы 38-39ºС ке дейiн көтерiлген, басы ауруып, бұлшық еттерi ауырсынған, тамағы ауырған. Ауру 3 күнге созылады. Бiр апта бұрын көлге шомылып, су жұтып тұншығып қалған. Обиективтi түрде: бетi, көздiң шырышты қабаттры қызарған, брадикардия, гипотания. Бауыр және көк бауыр шамалы ұлғайған. Он жағында қатарлы тонзиллит. Оң жақтағы асты лимфа түйiндерi 5см-ге дейiн ұлғайған, шамалы ауырысынады.
Денасулық сақтау мекемелерiнiң нәтижесi бойынша осы аумақта жыртқыштар арасында туляремияның эпизоотиясын бақылауда.
Алдын-ала қойылған диагноз: Туляремияның антионозды бубонды түрi?
Лабораториялық диагностикада қандай тәсiлдердi қолдану керек?
Бактериялогиялық әдiс арқылы қоздырғыштың таза дақылын табуға мүмкiндiк болмады. Осыны қалай түсiндiруге болады?
0,1мл. Туляриндi терi астына жiберiп 48 сағаттан сон иньекция салған жерде 10 мм дейiнгi инфильтраттың пайда болғанын байқадық.. Терi аллергиялық сынаманың нәтижесiн қалай бағалауға болады? Қан тамшы реакциясында агглютинацияға туляремия диагностикумын қосқанда тез арада он болып шықты. Ол ненi бiлдiредi? Серодиагностикада тағы басқа қандай реакция жүргiзуге болады? Олардың диагностикасының титрi қандай?
18. Басы ауырып, 39ºС-пен инфекциялық ауруханаға науқас ауырып, түстi. Обьктивтi түрде: лимфа түйiндерi қатты ұлғайған, ауырсынады. Бұл науқас ауылдық обаға байланысты эпидемиялық зонасынан келген. Алдын-ала клиникалық Д. Обаның бубонды формасы деп қойылды. Микроскоппен көргенде бубонның құрамынан биполярлы боялған сопақша келген таяқшаларды көрдiк. Уақытында, эффективтi түрде эпидемияға қарсы шараларды қолдану үшiн бактериялогиялық келiсiм қажет. Зерттелетiн материал арнайы ыдысқа. Маргеннiң қоректiк агарына егiлдi. Егiлген қоректiк ортаны 25-28ºС бiр тәулiкке қойылды. Микроскоппен агарға қарағанда торлап тоқылған орамалға ұқсаған колониялар, ол /сорпада/ сорпада мақта тәрiздi тұнбаның өскенiн байқадық. Идентификациялау үшiн қандай зерттеулер қажет, зерттеу кезiнде қандай тактикалық қате жiберiлген? Лабораториялық /диагностикада серологиялық реакциялар және экспресс-лабораториялық әдiстер қолданылады ма? Обаға қарсы емдеу және профилактика үшiн қандай препараттар қолданылады.
19.Инфекционды бөлiмге 40 жастағы М. сауыншы әйел түстi, температурасы кетерiлген сол жақ жауырының астына күйдiргi пайда болған күйдiргiнiң айналасы қызарып, қышыма пайда болған. Анамнезi кешке күйдiргiсiнiң орнына кiшкентай қызыл дақ пайда болған, ол тез арада қызыл түстi үрме капсуласының одан кейiн көпiршiк, оның iшi қара сұйықтыққа толған.
Обиективтi: дене температурасы 39ºС, сол жақ жауырынының астындағы күйдiргiсiнiң диаметрi 1 см. қара қабықпен қапталған, пальпация жасағанда жара ауырмады. Клиникалық диагноз: Сiбiр күйдiргiсi, терi формасы.
Бактериоскопияда Грам әдiсiмен боялған, күйдiргiден бөлiнiп шыққан бөлшектер iрi таяқшалар ұштары оралып келген шынжырларға ұқсаған, капсуламен қоршаған, қандай жауап беруге болады?
Бактериологиялық зерттеуде күйдiргiлердi бөлiп алу сорпасында мақта тәрiздi тұнба пайда болған ЕПА-да формалы колониялар түзiлген. қан агарында гемолиз бермеген микроскопиялық Грам оң әдiсiмен капсула түзушi таяқшалар “төңкерiлген шырышы-” тәрiздi желатин түзiлген.
Пенициллин қосылған агарда дақылдағанда жасуша пiшiнi өзгерген шар тәрiздi маржанға ұқсас тiзбек пайда болған. қоздырғыштардың идентификациясын зерттеу үшiн осы тестер жеткiлiктi ме? қандай микроорганизмдерден диференциация жасау керек, қалай? Диагностикасы үшiн қандай қосымша әдiстердi ұсынасыз? Сiбiр күйдiргiсiнiң емдеуi және алдын алу үшiн қандай препараттар қолданылады? Сiбiр күйдiргiсi таяқшасының биологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, сiбiр күйдiргiсiнiң алдын алу шараларын негiздеңiз.
20.Дәрiгерге ауру адам басының ауырғанына, буын мен бұлшықеттерiнiң күнiне бiрнеше рет дiрiлдегiштiкке байланысты шағым жасады. Бауыры-ұлғайған. Ауру ет комбинатында жұмыс iстейдi. Қойылған диагноз-Бруцеллез? Клиникалық диагнозда аурудан сарысуымен бiрге Райттың агглютинация реакциясы қойылған, оң нәтиже берген. Серологиялық реакцияның нәтижесiне қарап дұрыс жауап беруге болады ма? Неге бактериологиялық зерттеу барысында бруцеллез аз шығады? Бруцеллез ауруына қандай диагностикалық шаралар қолдануға болады. Емдеу үшiн қандай препараттар қолданылады.
9-шы сабақ
Тақырыбы: Патогендi анаэробтар. Газды гангрена, сiреспе, ботулизм. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу мен емдеуі. Гингивостоматит Венсана(фузоспирохетоз). Аралық бақылау.
Сабақ өту мерзiмi: 3,0 сағат (120 мин.)
Тақырыптың өзектілігі: Клостридияның биологиялық қасиеттерін білу анаэробтар шақырған ауруларды дұрыс емдеу және алдын алу үшiн білу қажет.
Сабақтың мақсаты: Газды гангренаның, сiреспенiң, ботулизм клостридиялалардың микробиологиялық диагностикасын меңгеру.
Студент бiлуi тиiс:
Жарақат анаэробты инфекциясының микробиологиялық диагностикалау кестесін .
Клостридиальды инфекцияның лабораториялық диагностиксындағы бактериоскопиялық және бактериологиялық әдiстердi.
Жарақатты және iрiңдi бактериальды инфекцияларда қолданатың диагностикалық, алдын алу және емдiк препараттарды.
Студент меңгеруi тиiс:
Жарақат анаэробты инфекциясының микробиологиялық диагностикалау кестесін қолдануды.
Клостриальды инфекцияның лабораториялық диагностикасындағы бактериоскопиялық және бактериологиялық әдiстердi қолдануды.
Жарақат және iрiңдi бактериальды инфекцияларда қолданатың диагностикалық, алдын алу және емдiк препараТТАРды қолдануды.
Студенттерге өз бетiнше дайындалуға арналған сұрақтар:
Бастапқы бiлiм деңгейі бойынша:
Менингококтар, гонококтар, клебсиелла, псевдомонадалар және протейлердiң лабораториялық диагностикасы.
Менингококтар, гонококтар, клебсиеллалар, псевдомонодалар және протейлер тудыратын ауруларды емдеу және алдын- алу.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1.Клостридиялалардың жалпы сипаттамасы.
2.Сiреспе қоздырғыштарының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.
3.Сiреспе қоздырғыштарының биохимиялық қасиеттерi мен антигендiк құрылымы.
4.Сiреспе қоздырғыштарының резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы.
5.Сiреспе қоздырғышының патогендiлiк факторлары.
6.Сiреспенiң патогенезi, клиникасы және иммунитетiнiң ерекшелiктерi.
7.Сiреспенiң микробиологиялық диагностикасы.
8.Сiреспені емдеу, арнайы алдын алу.
9.Газды гангренаны тудыратын клостридиялалардың морфологиясы мен дақылдық қасиеттерi.
10.Газды гангренаны қоздырғыштарының биохимиялық қасиетi мен антигендiк құрылымы.
11.Газды гангрена қоздырғыштарының патогендiлiк факторлары.
12.Газды гангренаның патогенезi, клиникасы және иммунитетiнiң ерекшелiктерi.
13.Газды гангренаның лабораториялық диагностикасы.
14.Газды гангренаны емдеу және алдын- алу.
15.Ботулизм қоздырғышының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.
16.Ботулизм қоздырғышының биохимиялық қасиеттерi мен антигендiк құрылымы.
17.Ботулизмнiң резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы.
18.Ботулизм қоздырғышының патогендiк факторлары.
19.Ботулизмнiң патогенезi, клиникасы және иммунитетi.
20.Ботулизмнiң микробиологиялық диагностикасы.
21.Ботулизмдi емдеу және алдын- алу
Клостридиялалардың жалпы сипаттамасы.
Clоstridium туыстығана жататын бактериялар сопақша не болмаса домалақ споралар түзедi. Споралар субтерминальды, ортасында, терминальды орналасады. Споралалардың жуандығы таяқшалармен бiрдей болады. Клостридиялар жарақат инфекциясы болып саналады, олар жарақатқа енгенде ғана. ауру туғызады. Тағаммен бiрге түссе, тағам токсикоинфекциясын туғызады.
Clostridium
