- •5В130200 Стоматология
- •Түркістан 2012 Мазмұны
- •1 Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу
- •Staphylocoсcus epidcrmidis Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •2.2. Гонококтар
- •2.4. Клебсиеллалар
- •2.5. Псевдомонадалар - Көк-іріңді таяқшалалардың
- •5.1. Enterobacteriaceae әулеті
- •Эндо ортасындағы ішек таяқшаларының колониялары.
- •Shigella қоздырғышы
- •5.4. Сальмонеллалар
- •5.6. Тағам токсикоинфекциялары
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •5.2.Ішек иерсиниялары - Iersinio enterocolitica
- •6.3. Тырысқақтың қоздарғышы - Vibrio cholerae
- •Cholerae дифференцияциялық тесті
- •Cholerae вибрионы
- •7.2. Оба қоздырғышы - Yersinia pestis
- •7.3. Бруцеллалар
- •Brucella қоздырғышы
- •7.5. Бациллалар.
- •Нейсер әдісімен боялған дифтирия таяқшасы Коринебактерялардың биологиялық қасиеттері
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Сау және ауру өкпе
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •4. Микробтармен коздырылатын ауыз қуысы шырышты қабыгының аурулары
- •Стоматит ауруы
- •5. Одонтогендік инфекция
- •Грам әдісімен боялған Сидоренко ортасында өсуі
- •3.2. Сiреспе
- •3.3. Газды гангрена
- •3.4. Ботулизм
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Лептоспироздың таралу жолдары
- •13 Сабақ
- •14 Сабақ
- •Полиомиелит қоздырғышы
- •Нәресте терісіндегі Коксаки вирусы
- •Гепатит а қоздыргышы
- •Дельта вирус
- •15 Сабақ
- •Бала терісіндегі қызамық
- •Наресте терісіндегі желшешек
- •Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
- •17 Сабақ
- •Ретровирустарға жалпы сипаттама, осы әулетке тән ерекшеліктері.
- •Герпесвирустардың құрылысы
- •Herpesviridae әулетінің құрылысы
- •Әдебиеттер тізімі
2.4. Клебсиеллалар
Клебсиеллаларды 1875 жылы Э. Клебс бөліп алған.
Клебсиеллалардың биологиялық қасиеттері.
Klebsiella туыстығы Enterobacteriaceae тұқымдасына жатады. (неміс бактериологі Э. Клебс ашқан). Klebsiella капсула түзбейді. Klebsiella туыстығы бірнеше түрлерден тұрада:
K. pneumoniae
K. ozaenae
K. rinoscleromatis
Клебсиеллалар әрдайым адам мен жануарлалардың терісі мен шырышты қабаттарында анықталады. K. pneumoniae - ауруханаішілік және аралас инфекциялалардың қоздырғыштары болып табылады.
Клебсиеллалар - Грамтеріс шеттері дөңгелектенген жуан таяқшалар, мөлшерінің өзгеруіне байланысты капсуласыз клебсиеллалалардың мөлшері-0,3-0,6 х 5-6,0 мкм, ал капсулалы клебсиеллалалардың, көбінесе K. pneumoniae, мөлшері-3-5 5-8 мкм, спора және талшықтарды түзбейді, штаммдардың жартысында кірпікшелер болады. Жуан полисахаридтті капсулалар айқын көрінеді. Төменгі температуралардың, өттің, антибиотиктердің, мутагендердің сарысудың, фаггтардың әсерімен капсулалы формаларын бөліп алуға болады. Жалғыз немесе жұптасып орналасады
Факультативті анаэробтар, хемаорганотроф, өсу температурасы 12°С дан 41°С дейін, оптимумы 35-37°С, рН 7,2-7,4. Симмонс ортасында өсуге қабылеті бар, яғни жалғыз көміртек көзі ретінде натрии цитратың қолданады (K. rinoscleromatisтың басқалары). Тығыз қоректік ортада лайланған клегейлі колония түзбейді. О з е н бактериялары 2-4 сағатта жайылған-жинақы қатар болып, р и о с к л е р о м а – жинақы, п н е в м о н и я- ілмек тәрізді орналасады. ЕПС-да бірқалыпты лайланып, кейде бетінде қабықша пайда болады.
Клебсиеллалар көмірсуларды қышқылға немесе қышқылмен тұзға дейін ферменттейді, нитратты нитритке айналдырады. Желатинді сұйылтпайды, индол мен күкіртсутегін түзбейді, уреазды активтілікке ие, кейбірде сүтті ұйытады. Риноскелерома қоздырғышының биохимялық активтілігі төмен. О-және К-антигендері болады. Негізгі патогенді факторы фагоцитозды тежейтін К-анитигендері және эндотоксин болып табылады. Пневмония клебсиеллалары, қосымша термолабильді энтеротоксин өндіреді, олар біріншіден ақуыз, екіншіден әсер етуі бойынша ішек таяқшасының энтеротоксиніне ұқсас.
Клебсиеллез көбінесе аурухана ішілік инфекция ретінде кездеседі, инфекцияның көзі ауру адам немесе бактериотасымалдаушы. Экзогенді және эндогенді жолмен жұғуы мүмкін. Жиі тағам, ауа-тамшы, қарым-қатынас арқылы жұғады, көптеген антибиотиктерге тұрақты.
Дезинфекциялық заттарға сезімтал, қоршаған ортаның әсеріне тұрақы.
Патогенезі және клиникасы K.pneumoniae ішек инфекциясына ұқсас ауру шақырада. 1-5 тәулікке дейін ауру созылады. Клебсиеллалар тыныс алу жолдарын, буынның, мидың қабынуы, конъюнктиваның жынысты-зәршығару ағзаларының қабынуын, сепсис, операциадан кейінгі асқынулар тудырады, аурудың Генеризацияланған сепитико-пиемиялық түрі кейде өлімге алып келеді.
K. ozaenae мұрынның шырышты қабатын және оның қосалқы кеңістігінде, атрофиясын шақырада, қабыну барысында жағымсыз иісті бөлінді бөлінеді. K. rinoscleromatis мұрынның шырышты қабатын ғана. емес, трахеяны, бронхты, жұтқыншақты, аңқаны жарақаттайды, осы жағдайда жарақатталған ұлпада, шеміршек тәрізді инфильтратқа алып келетін арнайы гранулема пайда болады. Ауру созылмалы түрде жүреді, трахеяны, аңқаның кептелуінің (обтурациясының) нәтижесі өлімге алып келеді.
Инфекциядан кейінгі иммунитет тұрақсыз. Созылмалы түрі баяу түрдегі гиперсезімталдыққа алып келеді (БТГ).
Клебсиеллар шақыратын аурулалардың лабораториялық диагностикасы және емдеуі.
Микробиологиялық диагностикасында ең қолайлысы бактериологиялық тәсіл. Зерттелетін материалдар: ірің, қан, ликвор, нәжіс заттардың жуындысы және т.б. болып табылады. Дифференциалды-диагностикалық ортада К-2 (мочевинамен, рафинозамен, бромтимол кегімен), бір тәуліктен кейін, сары, немесе жасыл-сарыдан ауа көкке дейін, үлкен, жылтыр, клегейлі колониялар өсіп шығады. Одан кейін Пешков ортасына егіп, бактериялалардың қозғалғыштығын және орнитиндекарбоксилаза бар екендігін анықтайды. Бұл қасиеттер клебсиеллаларда болмайды. Соңғы идентификацияны биохимиялық қасиеттері және тірі дақылды К-сарысумен агглютинация реакцияның көмегімен серотопан анықтау арқылы жүргіземіз. Бөлінген дақылдың антибиотиктерге сезімталдығын тексереді. Клебсиеллездың диагностикасында кейбір жағдайда стандартты О-клебсиеллезды антигенмен немесе аутоштаммен агглютинация реакциясын және КБР жүргізеді. Антидененің титрынің төрт есе өсуінің диагностикалық маңызы бар.
Клебсиеллездарды стационарларда емдейді. Ішектің жарақаттаррында антибиотиктер қолданбайды. Сусызданған жағдайда (энтеротоксиннің әсері) пероральды немесе парентеральды жолдармен газды ергінділер қолданады. Генерелизацияланған жағдайда және созылмалы түрлерде антибиотиктерді қолданады (антибиотиктерге сезімталдығын тексергеннен кейін), аутовакциналар; иммунитетті көтеруге бағытталған қызмет жүргізіледі (аутогемотерапия, пирогенотерапия т.б.).
Арнайы алдын алу жоқ, жалпы профилактикаға санитарлы-гигеналық ережелерді қатаң сақтау жатады.
