- •5В130200 Стоматология
- •Түркістан 2012 Мазмұны
- •1 Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу
- •Staphylocoсcus epidcrmidis Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •2.2. Гонококтар
- •2.4. Клебсиеллалар
- •2.5. Псевдомонадалар - Көк-іріңді таяқшалалардың
- •5.1. Enterobacteriaceae әулеті
- •Эндо ортасындағы ішек таяқшаларының колониялары.
- •Shigella қоздырғышы
- •5.4. Сальмонеллалар
- •5.6. Тағам токсикоинфекциялары
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •5.2.Ішек иерсиниялары - Iersinio enterocolitica
- •6.3. Тырысқақтың қоздарғышы - Vibrio cholerae
- •Cholerae дифференцияциялық тесті
- •Cholerae вибрионы
- •7.2. Оба қоздырғышы - Yersinia pestis
- •7.3. Бруцеллалар
- •Brucella қоздырғышы
- •7.5. Бациллалар.
- •Нейсер әдісімен боялған дифтирия таяқшасы Коринебактерялардың биологиялық қасиеттері
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Сау және ауру өкпе
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •4. Микробтармен коздырылатын ауыз қуысы шырышты қабыгының аурулары
- •Стоматит ауруы
- •5. Одонтогендік инфекция
- •Грам әдісімен боялған Сидоренко ортасында өсуі
- •3.2. Сiреспе
- •3.3. Газды гангрена
- •3.4. Ботулизм
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Лептоспироздың таралу жолдары
- •13 Сабақ
- •14 Сабақ
- •Полиомиелит қоздырғышы
- •Нәресте терісіндегі Коксаки вирусы
- •Гепатит а қоздыргышы
- •Дельта вирус
- •15 Сабақ
- •Бала терісіндегі қызамық
- •Наресте терісіндегі желшешек
- •Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
- •17 Сабақ
- •Ретровирустарға жалпы сипаттама, осы әулетке тән ерекшеліктері.
- •Герпесвирустардың құрылысы
- •Herpesviridae әулетінің құрылысы
- •Әдебиеттер тізімі
15 Сабақ
Тақырыбы: Поксвирустар, тогавирус қоздырғыштары-қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, жел шешек. Арбовирустар. Лабораториялық диагностикасы. Алдын алу және емдеу.
Сабақ өту мерзiмi: 3 сағат
Тақырыптың өзектілігі: Вирустық инфекциялар iшiндегi қызылшаның, қызамықтың, эпидемиялық паротиттiң, жел-шешек вирустарының қасиеттерiн бiлу, оның емдiк алдын алу шараларын дұрыс жүргiзу үшiн қажет.
Сабақтың мақсаты: қызылшаның, қызамықтың, эпидемиялық паротиттiң, жел-шешектiң, лабораториялық диагностика әдiстерiн меңгеру.
Студент бiлуi тиiс:
Поксвирустар, тогавирусты инфекцияларының диагностикасының кестесін.
Берiлген ауруларды диагностикалық, алдын алу және емдеу препараттарын қолдану.
Студент жасай бiлуi тиiс:
Поксвирустар, тогавирусты инфекцияларының диагностикасының кестесін қолдана бiлудi, берiлген инфекцияларға емдеу-алдын алу шараларды дәлеледеп беруi қажет.
Студенттердiң өз бетiнше жұмысы:
Базистi бiлiм бойынша:
Поксвирустар, тогавирус әулетi, жалпы сипаттамасы.
Қызылшаның, қызамықтың, эпидемиялық паротиттiң, жел-шешек вирустарының антигендiк құрылымы, морфологиясы, химиялық құрамы.
Поксвирустар, тогавирустардың классификациясы, жалпы сипаттамасы.
Арбовирустардың құрылымы және антигендiк қасиетi.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
Поксвирустардың морфологиясы, химиялық құрамы, антигендiк құрылымы.
Поксвирустардың репродукциясы, экологиясы және таралуы.
Клиникасы, патогенезi.
Паротиттiң постинфекциялық және поствакциналық иммунитетi. Алдын алу, емдеуi.
Морбилли вирустарының морфологиясы, химиялық құрамы және антигендiк құрылымы.
Қызылшаның эпидемиологиясы, паттогенезi және клиникасы.
Қызылшадағы постинфекциялық, поствакциналық иммунитетiнiң ерекшелiктерi.
Қызылшаның алдын алу және емдеуi. Қызылша вакцинасының сақталуының және тасымалдыныуның ерекшелiктерi.
Арбовирустардың вирустарының морфологиясы, химиялық құрамы және антигендiк құрылымы.
Арбовирустардың вирустарын дақылдау және репродукциясы.
Жел-шешектiң эпидемиологиясы, патогенезiнiң клиникасының, иммунитетiнiң ерекшелiктерi
Жел-шешектiң лабораториялық диагностикасы.
Жел-шешектiң алдын алу және емдеуi.
Қызамықтың құрылымы, химиялық құрамы.
Қызамық вирусының антигендiк құрылымы, дақылдау және репродукциясы.
Қызамық патогенезi және клиникасының ерекшелiгi. Қызамық вирусының тератогендi қасиетi.
Қызамық иммунитетiнiң ерекшелiгi.
Қызамықтың лабораториялық диагностикасының ерекшелiгi. Интерференция тестi.
Қызамықтың алдын алу және емдеуi.
Ақпарат дидактикалық блогы:
Инфекцияның адам организмiне кiру қақпасы жоғарғы тыныс жолдары болып есептеледi. Мұрын жұтқыншақтың эпителиальды жасушасында вирустардың бiрiншiлiк репродукциясы жүредi. Кейiн қанға өтiп бүкiл организмге тарайды. Құлақ маңайы безiнде де вирустардың бiрiншiлiк репродукциясы болуы мүмкiн. Постинфекциялық иммунитет өмiр бойы сақталады.
Қызылшаға қарсы аттенуирленген штамды тiрi вакцина арнайы алдын алу ретiнде қолданады. Емдеу үшiн және көш алдын алу үшiн иммуноглобулин қолданады.
Паромиксовирустар әулетiне тән белгілерге қызылша вирустары да ие. Қызылша вирусында нейраминидазасы жоқ, тауық эмбрионында әлсiз дақылданады. Қызылша вирусының антигенi тұрақты. Моноклоналды антигендердің көмегімен, бірнеше сероварианттары анықталған.
Мұрын-жұтқыншақ және жоғары тыныс жолдарының шырышты қабатыңың эпителиальды жасушаларында вирустар бiрiншiлiк репродукциясы жүрiп, қанға өтедi, капиллярлалардың эндотелиiн зақымдайды. Осы жасушалалардың некроздануына байланысты бөртпелер пайда болады. Негізгі симптомы болып ұртыңың ішкі кілегейлі қабатында Коплика-Филатова симптомы саналады
Қызылшамен ауырып, айыққан соң гуморальды, өмiрлiк иммунитет пайда болады. қан сарысуында комплемент байланыстырушы антидене және антигематлютининдер қатысады. қызылшаға қарсы класының антиденелерi плацента арқылы жатыр iшiндег i балаға енiп, жаңа туылған баланың 6-ай бойы қызылшадан сақтайды.
Балаларға активтi иммунизация ретiнде тiрi вакцинаны қолданады. Пассивтi вакцина үшiн қызылшаға қарсы иммуноглобулин қолданады.
Герпес вирусының вирионы диаметрi 140-210 нм, сфера тәрiздi пiшiнге ие. Нуклеокапсидi iшкi қабықшамен қапталған. Вирус геномы екi жiпшелi ДНҚ-ға ие. Iшкi қабықшаның гликопротеиндерi типоарнайы антиген болып саналады. Нуклеокапсидтiң белоктары типоарнайы антигендiк этиотоптарын тасымалдайды.
Герпес вирустары әртүрлi жасушалық дақылдарында дақылдайды, кейбiр серотиптерi тауық эмбрионында репродукцияланады. Рецепторлы эндоцитоз арқылы сезiмтал жасушаларға герпес вирустары енедi. Депрегелизация, транскрипция және репликация ядрода жүредi.
Жел-шешекте кiру қақпа жоғары тыныс жолдарының шырышты қабаТТАРы, вирустардың бiрiншiлiк репродукциясы эпителиальды жасушаларда жүредi. Лимфа жолдары арқылы қанға енiп, терiде везикулярлы бөртпе пайда болады. Инфекция аэробты және жанаспалы жол арқылы берiледi. Ауырғаннан кейiн өмiрлiк иммунитет пайда болады.
Адам эмбрионаның фибробласты жасушасы дақылында вирустарды бөлiп аламыз, КБР мен вирустарды идентификациялаймыз.
Балаларды ерге жасында тiрi вакцинамен иммунизациялаймыз. Реконвалесценттердiң қаныңың алынған иммуноглобулиндi инфекция ошағында қолданады.
Қызамықтың шақырушы вирустар Rubivirus әулетiне жатады. Вирус-сфера тәрiздес, диаметрі 60-70 нм, геномы бiр жiпшелi фрагменттелмеген РНҚ .
Қызамық вирусында 2 антигенi бар. Оның бiреуi iшкi антиген-нуклеопрогеин, капсидпен байланысқан, екiншi суперкапсидпен байланысқан. Вирустар бiрiншiлiк жасушалық дақылында репродукцияланады. Вирус репродукциясы жасуша цитоплазмасында жүредi. Вибриондардың әрi қарай жетiлуi, бүршiктенуi бойынша Гольджи аппаратыңың мембранасының көпiршiктерi арқылы, кейiн сыртқы мембрына арқылы жүреді.
Вируспен зақымдалғаннан кейiн, мойын лимфа түйіндерінде көбейеді. Лимфа түйіндері ұлғайып, пальпация жасаған кезде ауырсынады. Вирус бiрiншi лимфаға, соңынан қанға енедi. Ауруда қызба, бөртпелердiң болуымен, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен, бұлшық еттердiң және буындардың ауыруымен жүредi.
Инфекциядан соң, гуморальды иммунитет қалыптасады. Бөртпе пайда болған кезеңде, қан сарысуында вирусты нейтралдаушы, комплемент байланыстырушы антиденелер анықталады.
Зерттелетін материал ретінде нәжiс, зәр, қан, мұрын-жұтқыншақ шайындысын аламыз. Иммуноферменттi және радиоиммунды әдiстер, КБР, ТТАР, нейтрализация реакциясы бойынша IgМ класының вирус арнайы антиденелерін анықтаймыз.
Алдын алу ретінде өлi және тірi вакцина қолданылады. Көбіне 12-14 жастағы қыздар мен бала босынуға қабілетті жастағы әйелдерге иммунизация жүргізеді.
Қызылша
Қызылша – көбнесе балалар ауыратын жедел вирустық инфекция, ауру жалпы интоксикациямен, жоғарғы тыныс жолының шырышты қабатының қабынуымен, және макуло-папулезді бөртпемен сипатталынады. Қызылшаның қоздырғышын 1954 жылы Дж. Эндерс и Т. Пибелс ашқан. Қызылшаның қоздырғышы морфология бойынша басқа парамиксовирустарға үқсайды: вирионның диаметрі 150-250 нм, вирустық геномы біржіпшелі фрагментелінбеген негативті РНК ан тұрады, оны 6 кұрылымдық (кодирует) ақ уызы бақылайды: нуклеокапсид ақ уыздары NР, Р и L, М- ақ уызы (матриксті) және екі гликозилирленген ақ уыздар, олар суперкапсидтің құрамына кіреді; Н (гемагглютинин) и F (жабысу ақ уыздары, гемолизин). Гемагглютинин, гемолизин, нуклеопротеид и М-ақ уызыдары антигендік спецификасы және иммуногенділік дәрежесі бойынша ажыратылады. Моноклональды антиденелердің көмегімен, адамның қызылшасының бірнеше тұрі анақталған.
Қызылша вирусын лабораториялық жануарлар нашар қабылдайды, тауық эмбрионында нашар көбейеді. Она бөліп алу ұшын маймылдың бүйрегенің біріншілік трипсинизирленген жасуша дақылын қолданады немесе адам эмбрионнын қолданады, ол жерден осы вирусқа ған тән цитопатикалық әсерді байқайды Вирус жасуша хромосына мутагендік әсер етеді.
Вирус қоршаған ортаға, жоғарғы темперетереға, дез ертінділерге тұрақсыз, төменгі температураға (70С) тұрақты. Инфекцияның көзі тек науқас адам. Ол инкубациялық кезеңнің соңғы кұндерінен, бөртпенің пайда болуына 4-5 күн қалғанда айналасындағы адамдарға қауіпті.
Вирус ауа тамшылы жолмен жұғып жоғарғы тыныс жолының шырышты қабатының эпителиальды жасушаларында қөбейеді. Қанға өтіп, тамырдың эндотелия жасушаларын жарақаттайды, оның нәтижесінде бөртпе пайда болады. Аурудың айқан белгісі үрттың шырышты қабатында Коплика-Филатов дағының пайда болуы. Инкубациялық кезең 10 тәулік. Продромальды кезеңінде жедел респираторлы аурулдың белгілері пайда болады (ринит, фарингит, конъюктивит). Бөртпе температура көтерілгеннен кейін 4 тәулікте пайда болады, алғашында баста (маңдай, құлақтың арты), одан кейі ғана барлақ денеге тарайды. Температура 7-8- тәулікте орнана түседі. Жиі пневмония, аурудың ерте кезеңінде – көмейдің ісуі, круп деген асқынуларға алып келеді. Сирек жағдайдаларда 8-10 дан асқан балаларда қызылша энцефалиті ретінде ауыр өтеді. Профилактикалық қызылшаға қарсы иммуноглобулин қабылдаған балаларда ауру жеңіл өтеді. Инфекциядан кейінгі иммунитет тұрақты, өмір бойы сақталады, ол вируснейтрализдеуші антиденеге Т-цитотоксикалық лимфоциттермен және иммунды есте сақтаумен байланысты,
Лабораторлық диагностика сураныс бойынша жүргізіледі. Жедел диагносткалық әдіс иммунофлюоресценция әдісі. Вирустың кобеігенін цитопатикалық әсерден және гемагглютинация реакциядан байқайды. Вирустың идентифициясын ИФР, ТГАР, РН жұргізеді.
Балаларды бірінші жылы аттенуирленген штаммдардан дайындаған тiрi вакцинамен иммунизациялаймыз.
Қызамық.
Қызамық-жедел инфекциялы ауру болып, теріде дақ тәрізді бөртпелердің пайда болуымен,тыныс жолдарының қабынуымен, лимфа түйіндерінің үлкеюімен және организмнің жалпы интоксикациясымен сипатталады. Қызамықтың шақырушы вирусы Rubivirus әулетiне жатады. Вирус-сфера тәрiздес, диаметрі 60-70 нм, геномы бiр жiпшелi фрагменттелмеген РНҚ .
Қызамық вирусында 2 антигенi бар. Оның бiреуi iшкi антиген-нуклеопротеин, капсидпен байланысқан, екiншi суперкапсидпен байланысқан. Вирустар бiрiншiлiк жасушалық дақылында репродукцияланады. Вирус репродукциясы жасуша цитоплазмасында жүредi. Вибриондардың әрi қарай жетiлуi, бүршiктенуi бойынша Гольджи аппаратыңың мембранасының көпiршiктерi арқылы, кейiн сыртқы мембрына арқылы жүреді.
Вируспен зақымдалғаннан кейiн, мойын лимфа түйіндерінде көбейеді. Лимфа түйіндері ұлғайып, пальпация жасаған кезде ауырсынады. Вирус бiрiншi лимфаға, соңынан қанға енедi. Ауруда қызба, бөртпелердiң болуымен, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен, бұлшық еттердiң және буындардың ауыруымен жүредi.
Вирион сфералық пішінде болып, диаметрі 60 нм, геномы бір жіпшелі РНК малекуласынан құралған. Вирус суперкапсиді 2 түрлі гликопротейдтен: Е1-ол гемаглюинациялаушы қасиетке ие және Е2-ол рецептор қызметін атқарады. Вирус сыртқы ортаға тұрақсыз 56С температурада және май еріткіштер әсерінде тез активсізденеді -70С да және мұздатқанда жақсы сақталады. Қызылша антрононзды ауа-тамшылы инфекция болып табылады. Адам организміне енген вирус алдымен мойынның лимфа түйіндерінде көбейеді. Бір апта өткен соң вирусемия дамиды. Және бір апта өткен соң бөртпелер алдымен бетте соң денеде пайда болады. Бұл кезде қызба , лимфа түйіндерінің ісінуі, буындарда ауру пайда болуы мүкін. Бөртпелер 2-3 күнге дейін сақталады. Қызамық жас балаларда жеңіл, ал үлкендерде ауыр ағымда өтеді. Кейде артрит, энцефалит, тромбоцитопения дамуы мүмкін. Қызылша әсіресе жүктіліктің 3 айлық кезеңінде қатерлі. Постинфекциялық иммунитет тұрақты және ол өмір бойы сақталады. Қызылша диагностикасын да вирусологилық және серологиялықәдістер қолданылады.
Серологиялық диагностикада ИФР, ИФА, көмегімен антиденер анықталады. Қызамық профилактикасында-карантин жұмыстары жүргізіледі. Тірі және өлген вакциналар қолднылады.
Инфекциядан соң, гуморальды иммунитет қалыптасады. Бөртпе пайда болған кезеңде, қан сарысуында вирусты нейтралдаушы, комплемент байланыстырушы антиденелер анықталады.
Зерттелетін материал ретінде нәжiс, зәр, қан, мұрын-жұтқыншақ шайындысын аламыз. Иммуноферменттi және радиоиммунды әдiстер, КБР, ТГАР, нейтрализация реакциясы бойынша IgМ класының вирус арнайы антиденелерін анықтаймыз.
Алдын алу ретінде өлi және тірi вакцина қолданылады. Көбіне 12-14 жастағы қыздар мен бала босануға қабілетті жастағы әйелдерге иммунизация жүргізеді.
