- •5В130200 Стоматология
- •Түркістан 2012 Мазмұны
- •1 Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу
- •Staphylocoсcus epidcrmidis Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •2.2. Гонококтар
- •2.4. Клебсиеллалар
- •2.5. Псевдомонадалар - Көк-іріңді таяқшалалардың
- •5.1. Enterobacteriaceae әулеті
- •Эндо ортасындағы ішек таяқшаларының колониялары.
- •Shigella қоздырғышы
- •5.4. Сальмонеллалар
- •5.6. Тағам токсикоинфекциялары
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •5.2.Ішек иерсиниялары - Iersinio enterocolitica
- •6.3. Тырысқақтың қоздарғышы - Vibrio cholerae
- •Cholerae дифференцияциялық тесті
- •Cholerae вибрионы
- •7.2. Оба қоздырғышы - Yersinia pestis
- •7.3. Бруцеллалар
- •Brucella қоздырғышы
- •7.5. Бациллалар.
- •Нейсер әдісімен боялған дифтирия таяқшасы Коринебактерялардың биологиялық қасиеттері
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Сау және ауру өкпе
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •4. Микробтармен коздырылатын ауыз қуысы шырышты қабыгының аурулары
- •Стоматит ауруы
- •5. Одонтогендік инфекция
- •Грам әдісімен боялған Сидоренко ортасында өсуі
- •3.2. Сiреспе
- •3.3. Газды гангрена
- •3.4. Ботулизм
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Лептоспироздың таралу жолдары
- •13 Сабақ
- •14 Сабақ
- •Полиомиелит қоздырғышы
- •Нәресте терісіндегі Коксаки вирусы
- •Гепатит а қоздыргышы
- •Дельта вирус
- •15 Сабақ
- •Бала терісіндегі қызамық
- •Наресте терісіндегі желшешек
- •Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
- •17 Сабақ
- •Ретровирустарға жалпы сипаттама, осы әулетке тән ерекшеліктері.
- •Герпесвирустардың құрылысы
- •Herpesviridae әулетінің құрылысы
- •Әдебиеттер тізімі
Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
Strepetococcus pneumoniae
Метилен көгімен боялған нативті жүғынды Қанды агарында гемолиз түзуі
Сабақтың мазмұны:
Оқытушымен бiрге жүргiзiлетiн жұмыс:
1. Бактериологиялық зерттеу: қанды агардағы дайын ерітiндiлердiң нәтижесiн ескередi.
а) колонияларға мiнездеме берiп, гемолиздiң бар жоғын белгiлеу
б) колониялардан жұқпа дайындап, Грам әдiсiмен бояп, микроскопирлеу.
в) таза дақыл бөлiп алу үшiн, стафилококтың колониясын қиғаш қоректiк агарға егу, ал стрептокок колониясын қиғаш қанда агарға және қант сорпасына егу.
2. Алтын тәрiздi стафилокок бөлiнген жағдайда
а) оның плазмокоагулаза түзуiн анықтау.
в) дақылдың сынақ арқылы әр түрлi көздерден (науқастар және бактериотасымалдаушылар) бөлiнiп алынған стафилококтардың фаготипiн анықтау.
3. Стафилококтардың антибиотиктерге сезiмталдығын анықтау.
Студенттiң өз бетiнше жұмысы:
Бактериологиялық зерттеу: көмейден алынған кiлегейден және iрiңнен жұқпа дайындап, Грам әдiсiмен бояп, микроскопирлеу, қорытынды жасау.
Iрiңдi және тасымалдаушылалардың мұрнының және жұтқыншақ жұқпасының бактериологиялық зерттеуiн жалғастыру.
а) агардағы дақылдың өсуiне сипаттама беру. Жұқпа жасап, Грам әдiсiмен бояу және микроскоптау.
в) қанды агардағы ақуыздың бар-жоқтығын және қант сорпасының лайлануын немесе ол жерге тұнба пайда болуын бақылау. Жұқпа жасап, Грам әдiсiмен бояу және микроскоптау.
Ситуациялық есептер:
Баланың дене қызуы 39ºС көтерiлiп, қалтырап, жағдайы нашарлай бастады. Жалпы улану (интоксикация) белгiлерi байқалады: құсу, басының ауруы, әлсiздiк, сырттай зерттегенде тамағы қызарған, мойын бездерi iсiнген, жүйке лимфа түйiндерiнiң iсiнуi, тахикардия. 1 тәулiктен кейiн майда, нүкте тәрiздi бөртпе пайда болады (шат, қолтық асты қатпарлары, санының iшкi бетiнде: мұрынды-ерiндi үш-бұрышта гиперемия байқалады). Алғашқы диагноз: скарлатина. Бұл ауруды дәлiрек анықтау үшiн мұрын мен тамақтың алынған кiлегейдi бактериоскопиялау және бактериологиялық зерттеу жүргiзiледi. Себебi мұндай белгiлер қызамық, қызылша, стафилококты және басқа да инфекциялық ауруларда байқалады. Микроскопия нәтижесiнде Грам оң, тiзбектеліп орналасқан коктар анықталды. Диагнозды дәлелдеуге осы зерттеулердiң нәтижелерi жеткiлiктi ме?
Клиникаға, Грам оң “+” коктармен шақырылған сепсиске күмәндi ауру түстi. Бөлiнген коктың түрiн және туысын анықтау үшiн қандай зерттеулер жүргiзу керек? Зертханаға зерттеу мақсатында пневмониямен ауырған науқастың қақырығы алынған. Алынған материалды ақ тышқандарға құрсақ-iшiлiк жолмен жұқтырады. 10 сағаттан кейiн тышқандар өлген. Iшкi мүшелерiнен ланцетник тәрiздi, капсуламен қоршалған Грам “+” жұп орналасқан коктар бөлiнген. Қандай қоздырғыш бөлiнген? Қандай әдiспен капсуланы айқындауға болады?
Терапиялық бөлiмге И. деген науқас түстi, 40 жаста, шағымдары: қақырықты жөтел, көкiрек жасушасының ауруы, енгiзу, дене температурасы 40ºС-ға дейiн көтерiлген. Ауырғанына 2 күн болған, ауырғаның суықтағанмен байланыстырада. Т-39ºС, акроцианоз, тыныс алу жиiлiгi 1 минутта - 26 рет. Оң жақ өкпесiнде ылғалды сырыл естiледi, тахикардия, қан қысымы сәл төмендеген. Алдын ала қойылатын диагноз: оң жақты пневмония. Зертханаға зерттеуге түні бойы жиналған науқас қақырығы жiберiлген. Грам әдiсi бойынша боялған қақырық препаратың микроскоппен қарағанда капсуламен қапталған Грам “+” ланцетник тәрiздi диплокок анықталған.Алғашқы қойылған диагнозбен келісесіз бе?
Науқас қақырығы бiр мезгiлде қан сарысуы бар қан агарына және қант сорпасына егiлген. Қант агарында гемолиз аймағы жоқ колониялар өскен. Кейiн солардан және қант сорпасынан патогендi емес бактериялардың таза дақылы бөлiнген. Бактериалды зерттеудiң терiс нәтижесiнiң себебi неде? Пневмония (өкпе қоздырғыштары) дақылын бөлiп алған жағдайда, оларды қандай микробтардан және қандай тестермен ажыратуға болады?
Стафилококты аутовакцина анатоксин. Дик токсинi, преципитацияға қолданылатын сарысулар, құрғақ О-стрептолизин, антибиотиктер, емдеуге қолданылатын стафило- және стрептофаггтар қандай жағдайларда пайдаланасыз?.
Дезинфекциялық затпен өңделген ыдысқа антимикробтық терапия қабылдаған науқастың жарасынан, микрофлораны анықтау мақсатында 0,5 мл iрiң алынды. Iрiңдi алудағы тактикалық қателер қандай? Материалды алудағы қателiктер микробиологиялық зерттеулер нәтижесiне қалай әсер етедi?
Зертханаға зерттеу үшiн пробиркамен қан, зәрi бар ыдыс және тағы басқа материалдар жеткiзiлген. Олар науқастың бiр күн бұрын алынып, дұрыс жабылмаған биксте және үй температурасында сақталған. Материалды алуда, сақтауда және тасымалдауда қандай қателiктер кеткенiн атаңыз.
Микробиологиялық зерттеулер үшiн клиникалық материалды беті жабылған ыдыста, бiрақ бикссiз немесе контейнерсiз алып келген. Материал тасымалдау алдында үш күн бұрын алынған. Зерттелетiн материалды сақтауда және тасымалдауда қандай қателiктер жiберiлген. Зерттеу нәтижесiне бұл қателiктер қалай әсер етедi?
Зертханаға жеткiзiлген клиникалық материал құжатында науқастың фамилиясы, жасы, клиникалық диагнозы, жұмыс орны, мекен-жайы, жазылған. Бұл құжатта қандай мәлiметтер жазылмаған? Зерттеу нәтижесiне бұл қателiктер қалай әсер етедi?
Медициналық - латын терминологиясы:
Стафилококтар - жүзiм шоғырына ұқсас жинақ
Стрептококк - стреп - жiп, шынжыр, кок - дән
Гемолиз - гемо - қан, лизис - ыдырау - қан тамырының iшiнде эритроциттер ыдырап, гемоглобиннiң қан плазмасына егуi.
Токсиндер-улы зат кейбiр микроорганизмдердiң зат алмасу процессiнiң өнiмi, улы ақуыз зат
Адгезия - жабысу
Потогендi - iрiң тәрiздi.
Тест тапсырмалары:
1.Бактериялардың қозғалысын анықтайтын әдіс:
+А) ілінген тамшы
В) преипитациялық реакциясы
С) агарда дақылдандыру
Д) РПГА
Е) ИФА
2.Сәулелі микроскоп құрылысында қолданылатын жүйе
А) динамикалық
+В) оптикалық
С) регистрациялық
Д) бақылаушы
Е) люминисцентті
3.Жоғарыдағы кокктардың орналасуы байланысты:
А) кокктрадың мөлшері
В) талшықтардың санына
+С) әртүрлі бағытта бөлінуі
Д) капсула түзуі
Е) конъюгация процесі
5.Микрококктар жағындыда орналасады.
+А) біреуден
В) жұптасып
С) пакет, тюк тәрізді
Д) тізбектеліп
Е) жүзім тәрізді
6.Диплококктар жағындыда орналасады.
А) біреуден
+В) жұптасып
С) пакет, тюк тәрізді
Д) тізбектеліп
Е) жүзім тәрізді
7. Жүзім тәрізді кокктар аталады
А) стрептококктар
+В) стафилококктар
С) сарциналар
Д) бациллалар
Е) микрококктар
8.Стафилококктардың пішіні
А) конус тәрізді
В) пректелген
С) таяқша тәрізді
+Д) шар тәрізді
Е) жіпше тәрізді
9.Бактериялардың негізгі пішіні
+А) шар, таяқша, иректелген
В) шар, конус, иректелген
С) оқ тәрізді, жіпше, куб
Д) таяқша, иректелген, куб
Е) оқ тәрізді, жіпше, таяқша
10.Тізбектеліп орналасатын кокктар
А) сарциналар
+В) микрококктар
С) стрептококктар
Д) стафилококктар
Е) бациллалар
Үй жұмысы: Патогендi грамм теріс - гонококтар, менингококтар, протейлер, псевдомонадалар, клебсиеллалар. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу және емдеу.
2-ші сабақ
Тақырыбы: Патогендi грамм теріс - гонококтар, менингококтар, протейлер, псевдомонадалар, клебсиеллалар. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу және емдеу.
Сабақ өту мерзiмi: 3 (120 минут).
Тақырыптың өзектілігі: Менингококтар, гонококтар, протейлер, псевдомонадалар және клебсиеллалалардың ерекшелiктерiн бiлу, лабораториялық зерттеу микробиологиялық диагноз қою үшiн қажет. Бұл тақырыпта адамдарда жиі іріңді-қабыну аурулалардың қоздырғыштары болып табылатын: псевдомонадалар, протейлер, клебсиеллалар қарастырылады. Басқада потенциальды іріңді-қабыну аурулалардың қоздырғыштары басқа тарауларда қарастырылады. Осы аурулалардың эпидемиологиялық ерекшеліктері, олар Ауруханалық (ауруханаішілік) инфекция ретінде таралған. Осы диагноздың нәтижесiнде емдеу. алдын алу шаралары жүргiзiледi.
Сабақтың мақсаты: Менингококты инфекцияның, гонореяның, протейлер, клебсиеллалар, көк-iрiңдi таяқшалар шақырған аурулалардың микробиологиялық диагностикасын меңгеру.
Студент бiлуi тиiс:
Менингококты инфекцияның, гонореяның, протейлер, клебсиеллалар, көк-iрiңдi таяқшалар шақырған аурулалардың микробиологиялық диагностикалау кестесін.
Осы инфекцияларға бактериологиялық және серологиялық зерттеуді.
Менингококты инфекцияға, гонореяға қолданылатын диагностикалық, алдын алу және емдiк препараттарын.
Студент iстей бiлуi тиiс:
Менингококтың, гонореяның микробиологиялық диагностикасының кестесін қолдана бiлу.
Менингококты инфекцияға, гонореяға бактериологиялық және серологиялық зерттеулердi қолдану.
Осы ауруларға диагностикалық, алдын алу және емдiк препараттарды қолдану.
Студенттерге өз бетiнше дайындалуға арналған сұрақтар:
Бастапқа бiлiм денгейi бойынша:
Бактериальды инфекциялалардың микробиологиялық зерттеуге арналған материалды алу тәртiбi және тасымалдауы.
Стафилококтардың биологиялық ерекшелiктерi.
Стрептококтардың биологиялық ерекшелiктерi
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
Менингококтардың морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.
Менингококтың биохимиялық қасиетi және антигендiк құрылымы.
Менингококтың төзiмдiлiгi және эпидемиологиясы.
Менингококтардың патогендiк факторлары.
Менингококтардың патогенезi мен иммунитетi.
Менингококты инфекциялалардың микробиологиялық зерттеуі
Менингит ауруын серологиялық зерттеу.
Менингококты инфекцияның алдын алу, профилактика және емдеу.
Гонококтардың морфологиялық және дақылдық белгiлерi.
Гонококтардың биохимиялық қасиеттерi және антигендiк құрылымы.
Гонококтардың резистенттiлiгi және эпидемиологиясы.
Гонореяның патогендiк факторлары, патогенезi, клиникасы және инфекциядан кейiнгi иммунитет.
Гонореяның лабораториялық диагностикасы.
Гонореяны алдын алу және емдеу. Жаңа туылған нәрестелердiң гонорея және бленорея ауруының алдын алу.
Протейлердiң биологиялық қасиеттерi.
Протей шақырған аурулалардың лабораториялық диагностикасы және емдеу.
Клебсиеллалалардың биологиялық қасиетi.
Клебсиеллалалардың лабораториялық диагностикасы.
Көк- iрiңдi таяқшалалардың биологиялық қасиеттерi.
Көк-iрiңдi таяқшалалардың лабораториялық диагностикасы.
Қосымша - ақпарат блогы:
2.1.Менингококтар Neisseria meningitidis
Нейссериялар - грамтеріс аэробты коктар Neisseria туыстығы 8 түрден тұрады: Neisseria meningitidis (менингококтар), Neisseria gonorrhoeae (гонококтар), N. flava, N. subflava, N. perflava, N. sicca, N. mucosa, N. flavescens. Адам және сүткөректілердің шырышты қабатында мекендейді. 7 түрі адамдарда кездеседі, оның 5 түрі адамдардың жоғарғы тыныс жолдарының қалыпты микрофлорасының өкілі болып мекендейді (N. perflava, N. sicca, N. flavescens N. mucosa, N. lactamica). Нейссериялар-аллергиялық аурулардың себебі болуы мүмкін.
Менингококты инфекциялалары-адамдардың жедел жұқпалы ауруы, Neisseria meningitidis ауа-тамшы жолымен жұғып, мұрынжұтқыншақты жарақаттап, ағзада менингококты септицемия (менингококцемия) ретінде таралып (генерализацияланып), мыйдың жұмсақ қабықшасының қабынуына алып келеді (менингококты менингит).
Вайхзельбаум 1887 жылы қоздырғышты бөліп алғаннан кейін ғана, ауру бөлек нозологиялық форма ретінде қарастырылды. Менингококтың мофологисын 1907 жылы Флекснер зерттеді, ал 1899 жылы Ослер қоздырғышты адам қанынан бөліп алып, инфекцияның этиологиясын анықтап дәлелдеді.
Менингококтардың морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.
Neisseria meningitidis – iрiңдi церебральдi менингиттiң қоздырғышы. Менингококтар - грамтерiс, шар тәрiздi, диаметрi 0,6-0,8 мкм. Кофе дәнiне ұқсас формалы, жұп болып немесе бейберекет орналасады (көбiне лейкоциттердiң iшiнде). Спорасы мен талшықтары жоқ. Капсуласы бар қатаң аэробтар, қарапайым қоректiк ортада өспейдi. Өсу үшiн сарысу, қан керек. Тығыз қоректiк ортада нәзiк түссiз, өлшемi 2-3 мм колония түзедi. Сарысу сорпасында лайлану тудырады, және ыдыстың түбiне шөгедi. Беткейiнде 2-3 күннен соң қабықша пайда болады.
Менингококтың биохимиялық қасиетi және антигендiк құрылымы Менингококтар глюкоза мен мальтозаны газсыз, қышқыл түзе отырып ферменттейдi, желатиндi сұйылтпайды, күкiрт сутек пен индол түзбейдi. Оксидаза оң. Менингококтарда 4 антигендiк жүйе бар:
Капсульдi полисахаридтi антигендер, 14 серотопқа бөлiнедi.
Сыртқы мембрананың белоктық антигенi 5 классқа бөлiнедi.
Белоктық антиген, барлық түрлер үшiн жалпы.
Липосахаридтi антигендер 8 серотобы бар. Менингококтың төзiмдiлiгi және эпидемиологиясы.
Менингококтар сыртқы ортаның әсерiне тұрақсыз. Күн сәулесiнiң тiкелей әсерiнен тез жойылады, кептiргенде бiрнеше сағатта 80°С қыздырғында 2 минуттан соң өледi. Дезерітінділер оларды бiрнеше минутта жояды. Төменгi температураға да төзімсіз.
Инфекция көзi ауру адам, бактерия тасымалдаушы. Залалдану жолдары; ауа-тамшылы жолмен жүредi.
Менингококтың патогендiк факторларлары:
Адгезия және колонизация факторлары кірпікшелер және сыртқы мембрананың белоктары.
Инвазивтiлiк фактор-гиалуронидаза және басқа ферменттер
Капсульдi полисахаридтi антиген-жасушаны фагоцитоздан қорғайды (патогендiлiктiң негiзгi факторы).
Липосахарид, ол токсикалық, пирогендiлiк, некроздаушы және летальды әсер етушi қасиетке ие.
Ферменттер - нейраминидаза, протеаза, плазмокоагулаза, фибринолизин.
Менингококтардың патогенезi мен иммунитетi.
Инфекцияның кiру жолы мұрын-жұтқыншақ, менингококтар мынадай клиникалық формада жүретiн ауруларды тудырады: назофаринтит, менингококцемия, эпидемиологиялық цереброспинальды менингит. Аурудан жазылған соң тұрақты, ұзаққа созылатын антимикробты иммунитет қалыптасады. Ол иммундық есте сақтау жасушаларының бактерицидтi антиденелерi арқылы жүзеге асады.
Менингококты инфекциялалардың микробиологиялық зерттеуі.
Менингококтың инфекцияда зерттеу материалын арнайы тампонмен оның 3/4 бөлiгi ұзындығы 45° бұрышқа иiлген мұрын, жұтқыншақтың жоғарғы бөлiмiнен алады. Зертханаға тасымалдағанда оны мұздап қалудан және кебуден сақтаған жөн, себебi менингокок бұл факторлалардың әсерiне өте сезiмтал. Эпидемиологиялық цереброспинальды менингитке күмән тудырғында пункция жасап ликворды зерттеуге алады. Менингококты тасымалдаушы ретiнде күдiк тудырғандардың мұрын мен аңқасынан (зев) шырыш алып тексередi.
Менингококты инфекцины микробиологиялық диагностикалау үшiн бактериоскопиялық, бактериологиялық және серологиялық зерттеулер жұргізеді. Бактериоскопиялық зерттеуде ликвордың тұнбасынан жұғынды дайындап Грам әдiсiмен бояп, микроскоппен көрiнедi. Iрiң болғанда көбiнесе лейкоциттердiң iшiнде орналасқан грамтерiс диплококтар табылады, мұның өзi менингококтың инфекцияға қорытынды диагноз қоюға мүмкiндiк бередi.
Бактерия тасымалдаушылалардың мұрын жұтқыншағынан алып жасалған жұғындыны микроскопирлегенде, менингококтармен коктар грамоң стафилококтар және стрептококтар, патогендi емес Нейссерилер көрiнедi. Жұғындыдағы морфологиялық суретке қарап оларды дифференциялау мүмкiн емес. Бұл жағдайда бактериологиялық зерттеу жүргiзiледi.
Бактериологиялық зерттеу. Зерттелетiн материалды, қан, қан сарысуы және асциттi сұйықтығы бар табақшадағы қоректiк агарға егемiз. Ортаға грамоң коктардың өсуiн тежейтiн ристомицин (150 ЕД) мл антибиотиктi қосуға болады. 48 сағат инкубацияланғаннан кейiн 37єС де менингококтың колониясы түзiледi: түссiз, көгiлдiр түстi шеттерi тегiс және өлшемi түйреуiштiң басындай. Колонияны таза дақыл бөліп алу үшiн, оны пробиркадағы қиғаш агарына егедi. Идентификацияланған таза дақылды мұрын жұтқыншақта болатын сапрофиттi Нейссерлерден бiрнеше белгiлерi бойынша ажыратады. Мұнда менингококтар тек қана нативтi ақуыздың қатысуында өсетіндігі ескерiледі. Ал басқа Нейссерлер қарапайым ортада көбейiп пигмент түзедi, қан сарысуы қосылған Гисс ортасында менингококтар глюкоза мен мальтозаны қышқылға дейiн ферменттейдi.
Менингит ауруын серологиялық зерттеу. Серологиялық диагностикалау үшiн бактериальды антигенді ликвордан немесе басқа материалдардан, ал антиденені қан сарысуынан анықтады, антигенді анықтау үшін ИФА мен РИА, иммуноэлектрофорез, коагглютинация реакциясын қолданады. Менингококты инфекциямен ауырған науқастан антиденені, аурудың біріші аптасының аяғында анықтайды, антидененің титірінің жоғарлау максимумына 2-3 аптасында жетеді, одан кейін титірі төмендейді. Экспресс-диагностикалау үшiн мұрын мен сұйықтығанан менингококтың антигендi анықтау мақсатында иммуноэлектрофорез әдiсiн пайдалынады.
Менингококты инфекцияның алдын алу, профилактика және емдеуі. Менингитке қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру үшiн жоғары сапалы тазартылған полисахаридтердiң А, серотоптарынан алынған вакцинаны қолдану ұсынылған. Емдеу үшiн сульфаниламидтi препараттар мен антибиотиктердi қолданады.
Минингококты инфекциянын миқабатында зақымдалуы
