- •5В130200 Стоматология
- •Түркістан 2012 Мазмұны
- •1 Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу
- •Staphylocoсcus epidcrmidis Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •2.2. Гонококтар
- •2.4. Клебсиеллалар
- •2.5. Псевдомонадалар - Көк-іріңді таяқшалалардың
- •5.1. Enterobacteriaceae әулеті
- •Эндо ортасындағы ішек таяқшаларының колониялары.
- •Shigella қоздырғышы
- •5.4. Сальмонеллалар
- •5.6. Тағам токсикоинфекциялары
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •5.2.Ішек иерсиниялары - Iersinio enterocolitica
- •6.3. Тырысқақтың қоздарғышы - Vibrio cholerae
- •Cholerae дифференцияциялық тесті
- •Cholerae вибрионы
- •7.2. Оба қоздырғышы - Yersinia pestis
- •7.3. Бруцеллалар
- •Brucella қоздырғышы
- •7.5. Бациллалар.
- •Нейсер әдісімен боялған дифтирия таяқшасы Коринебактерялардың биологиялық қасиеттері
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Сау және ауру өкпе
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •4. Микробтармен коздырылатын ауыз қуысы шырышты қабыгының аурулары
- •Стоматит ауруы
- •5. Одонтогендік инфекция
- •Грам әдісімен боялған Сидоренко ортасында өсуі
- •3.2. Сiреспе
- •3.3. Газды гангрена
- •3.4. Ботулизм
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Лептоспироздың таралу жолдары
- •13 Сабақ
- •14 Сабақ
- •Полиомиелит қоздырғышы
- •Нәресте терісіндегі Коксаки вирусы
- •Гепатит а қоздыргышы
- •Дельта вирус
- •15 Сабақ
- •Бала терісіндегі қызамық
- •Наресте терісіндегі желшешек
- •Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
- •17 Сабақ
- •Ретровирустарға жалпы сипаттама, осы әулетке тән ерекшеліктері.
- •Герпесвирустардың құрылысы
- •Herpesviridae әулетінің құрылысы
- •Әдебиеттер тізімі
13 Сабақ
Тақырыбы: Респираторлы вирустық инфекция қоздырғыштары - ортомиксовирустар, парамиксовирустар. Лабораториялық диагностикасы.
Сабақ егу мерзiмi: 3 (120 мин)
Тақырыптың өзектілігі: Өткiр респираторлы ауруларды шақырушы вирустардың қасиетiн бiлу, олардың емдiк-алдын алуның шараларын дұрыс жүргiзу үшiн қажет.
Сабақтың мақсаты: Грипiң, парагриптiң инфекцияның диагностикасының әдiстерiн меңгеру.
Студент бiлуi тиiс:
Гриптiң, парагриптiң инфекцияның вирусологиялық және серологиялық кестесін.
Грипп диагностиксындағы жылдам әдiс.
Вирустық ауруларда қолданатың диагностикалық емдiк, алдын алу препараттар.
Студент жасай бiлуi тиiс:
Парагрипп, грипп және аденовирусты инфекциялық, вирусологиялық диагностикасының кестесін пайдалыну.
Студенттердiң өз бетiнше жұмысы:
Базистi бiлiм бойынша:
1. Вирустар-патшалығана жалпы сипаттама. Жасушалы организмдерден вирустардың ерекшеленетiн критерилерi.
2. Осы ауруларда вирусты инфекцияның және микроорганизмнiң иммундық қорғаныстаң егуiнiң ерекшелiгi.
3. Вирустық инфекцияның лабораториялық диагностикасының,терапиясының ерекшелiктерiне, сипаттама.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
Вирустар- өткiр респираторлы аурулалардың қоздырғышы.
Грипп А вирусының морфологиясы және химиялық құрамы.
Грипп А вирусының гемаглютининiнің және нейроминидазасының негiзгi функциясы.
Вирустардың сыртқы ортаға төзiмдiлiгi және грипптiң эпидемиологиясы.
Гриптiң патогенезiнiң клиникасы және иммунитетiнiң ерекшелiктерi.
Гриптiң лабораториялық диагностикасы.
Гриптiң емi және арнайы алдын алу.
Грипп В және С вирустарының ерекшелiгi.
Парагрипп вирусының морфологиясы және химиялық құрамы.
Парагриптiң резистенттiлiгi, эпидемиологиясы, патогенезi, клиникасы және иммунитетi.
Парагрипптiң лабораториялық диагностикасы.
Ақпарат-дидактикалық блок:
Барлық аурулалардың ішінде жедел респираторлы ауру (ЖРА) бiрiншi орын алады. Бiрнеше себептерге байланысты ЖРА қоздырғыштары өте көп (130-ға дейiн) қиылысу иммунитетi жоқ болғандықтан: эффектi вакцинаның болмауы, жұғу жолдары өте қарапайым (ауа тамшы). ЖРА-ның қоздырғыштарына мына вирустар жатады: ортомиксовирустар, парамиксовирустар, короновирустар, реовирустар, пикорновирустар және аденовирустар.
Грипп.
Грипп (grippus) – тыныс алу жолдарының созылмалы вирустақ ауруы, ол ол айқын эпидемиялық таралумен сипатталынады. Грипптің әр эпидемиясы адамдардың денсаулығына ауыр зиян келтіріп және мемлекеттің экономиялық ақуалын төмендетеді. Грипптің инфекциялық табиғаты Гиппократтың (412 г. до н.э.). кезінен белгілі. «Грипп» деген атты 18 ғасырда француз дәрігері Ф. Брус берген болатын. Италияда бұл ауруды «инфлюэнца» деп атаған. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяғында адам заты белгілі қатерлі «испанки» деген грипптің эпидемиясына ұшырады. 1918 жылы Испанияда эпидемия туралы алғашқы мәлімет алынды. «Испанка» жер шарында таралып, шамасы 1,5 млрд адамға жұқты (жер шарында 1918 ж. – шамасы 2 млрд. адам). Бүл 20 млн. адам өмірін алып кетті – бүл бірінші дүниежүзілік соғыстан да көп адам өлмі. Кәзіргі кезде үш серологиялық типі белгілі – А, В және С. 1933 ж ағылшын зерттеушілері: В. Смит, К. Эндрюс, П. Лейдлоу гриптің вирусын ауру адамнан бөліп алды, гриптің этиологиялық құрылысын алғашқы жаңа этапқа жатқызды – ол жер шарындағы ең көп инфекциялардың бірі.
Т. Френсис 1940 жылы бұрығы штаммалардан айқын ерекшеліктері бар гриптің вирусын анықтады.Алғашқы В. Смит, К. Эндрюс және П. Лейдлоулар анықтаған штаммаларды-А типті, ал Т. Френсистің анықтаған штаммаларды – В типті деп атау ұсынылды.
Р. Тейлор 1947 жылы гриптің жаңа вирусын анықтады, ол С типті вирус деп аталды.
А типті вирус адамдарда және құстарда грип ауруын туғызады. Ал В,С типті вирустар тек адамдарда грип ауруын туғызады.
Гриптің эпидемиологиялық кезеңінде А типі вирус көп мөлшерде таралады, ол антигендік құрылымының кез өзгергіштігіне байланысты, барлық пандемияны шақырушы. 1957 жылдан бастап гриптік эпидемия әр жыл сайын болады.
Грипп А вирусының пiшiнi сфера тәрiздi, диаметрi 80-120 нм. Сыртқы қабықшасы бар, эфирге сезiмтал бiр жiпшелi. Суперкапсиді бар, екі гликопротеидтен-гемагглютинин және неираминидазадан тұрада. Нуклеотиттен бөлек вирионды қоршап тұратың, липидті-базальды мембранасы бар, вирион нуклеокапсидi РНҚ-ның 8 фрагментiнен және 4 капсидтi ақуыздан тұрада. РВ1-траскриптаза, РВ 2-эндонуклеаза, NР-нуклепротеид РА-репликаза. Нуклеокапсид М1 матрикстi белокпен қапталған.
Гемаглютининнiң негiзгi қызметтерi:
Жасушалық рецепторды таңуы.
Жасуша мембранасымен вибрионның мембранасын және лизосоманың мембранасымен қосылуын қамтамасыз етедi. Вирионның жасушаға кiруiне жауап бередi.
Вирустардың пандемиялығын анықтайды.
Иммунитеттiң құралуында жауап бере отырып, протективтi қасиетке ие. Гемаглютиннiң типтерiн ажырататың грипп А вирусының 13 антигенi табылған (Н1-Н13).
Нейраминидазының негiзгi қасиеттерi:
Жасуша мембранасынан және қайта синтезделген вириондарды нейрамин қышқылдардан бөле отырып, вириондардың диссеминациясын қамтамасыз етедi.
Гемаглютининмен бiрiгiп вирустардың пандемиялық және эпидемиялық қасиеттерiн анықтайды.
Вирустарда 10 түрлi (1-10) нейраминидаза варианттары табылған.
Вирустар қоздырғанға (65єС 5-10 мин iшiнде өледi) кептiргенге күн сәулесi әсерiне, УКС-не сезiмтал. Дезинфицирлеушi заттарға, эфирге, қышқылға, сiлтiлерге тез залалдынады. Ауа тамшы жолдары арқылы залалданады. Вирустардың дреиф және мифт антигендiлiгi эпидемияның үздiксiздiгiн қолдайды. Гендегi нақты мутациялар арқылы шақырылған Н антигенiнiң өзгерiсi гемаглютининнiң антигендiк қасиетiнiң сапалық жағынан өзгерiске алып келуiн дреиф деп атаймыз. Антигендiк шифт кезiнде екi вирус аралығындағы рекомбинация негiзiнде толық геннiң алмастыруын айтады.
Тыныс жолдарындағы, көмейдiң шырышты қабатының эпителиальды жасушаларында грипп вирусы көбейiп, клиникалқ белгiлерi бойынша трахея бойымен ауырсынып, құрғақ жөтелмен айқындалады. Зақымданған жасушалалардың өнiмдерi қанға өтiп температурасының 39єС-қа дейiн кетерiлуiне және интоксикацияға алып келедi. Иммунитет созылмалы түрде, бiрақ типоарнайы түрде болады.
Лабораториялық диагностикасы:
Вирустарды бөлiп алу үшiн, диагностикалық зерттеу үшiн мұрын жұтқыншақтың жұғындысын алады. Келесi әдiстердi қолданады:
Вирусологиялық зерттеу.
Серологиялық
Эксперсс диагностика.
Вирусологиялық зерттеу - тауық эмбрионының зақымдалуы, адам эмбрионының жасуша дақылында өте сирек қолданады. Вирусты ТГАР көмегiмен идентификациялайды.
Серологиялық зерттеу грипп вирустарының түрлi серологиялық типтерiнiң эталонды штамдарының жинағы болып табылатын, стандартты диагностикумдары КБР және ТГАР - на сезiмтал болып табылады, ол бiр ғана. вирустық серотипiнiң барлық штамдарының антиденелерiн табуға қабiлетi бар. Диагностикалық маңызы ол (грипптiң эпидемия кезiнде) жұп қан сарысуындағы антидененiң титрiн 2 рет көбейетінін көрсетедi. Егер антидененiң титрi өспеген жағдайда, грипп жоқ екендiгiн көрсетпейдi.
Экспресс диагностикасы: Иммунофлюоресценттi Кунс әдiсi, қоздырғыштың әр түрлерi үшiн арнайы және әмбебап болып табылады. Вирустардың антигендерi флюоресценттi антиденелер арқылы тiкелей және тiкелей емес жолдармен жүргiзiледi: зерттеу үшiн мұрын жұтқыншақтан жұғынды алады, қоздырғышпен залалданған жасуша дақылдарын алады. Препарат дайындау үшiн материалды 10 минут центрифугирлеп, тұнбасынан бiрнеше зат шыныларына штативтi жұқпа дайындайды. Оны түрлi флюоресценттi (АI, АII) В грипп вирустарына қарсы антисарысулармен өңдейді, оны микроскоппен көргенде, жасуша iшiнде, жылтыраған вирусты қосындылар көрiнеді. Аденовирустар ядрода, гриппен парагриппте, цитоплазмада домалақ немесе овальды қосындылар көрiнедi. Жылтыраған вирусты қосындылар бiртiндеп немесе қосақталып орналасады.
Аурудан алынған зерттелетiн материалдын вирустық антигендердi табуға арналған, иммуноферменттiк анализ меңгерiлген.
Емдеу үшiн химиопрепараттар қолданады, амантадин және ремантадин (тек қана грипп А вируста әсер етедi) гриппке қарсы иммуноглобулин, интерферон. Иммунитет тудыру үшiн мынындай вакциналалардың типтерiн ұсынады:
Вирустың аттенуирленген тiрi вакцинасы.
Цельновирионды өлтiрiлген.
Субвирионды вакцина.
Суббiрлiктiк вакцина, құрамында тек қана гемагглютинин және нейраминидаза болады.
Грипп В вирусының А типті антигендiк құрылымы, Н және N бойынша ерекшеленедi. Антигендiк дреиф процессi әлсiз айқындалған. В типi эпиделияның жергілікті түрінің шығуына себепкер. Грипп В вирусы тек қана антигендiк құрылымы бойынша ғана. емес, басқада белгiлермен ерекшеленедi. Грипп С вирусының геномы 1 жiпшелi 7 фрагменттi негативтi РНҚ-дан тұрада. Вируста нероминидаза болмайды. Вирус тауық эмбрионында бейiмсiз және төменгi температурада (32-33єС) өседi. С типтегi вирус гриптің спарадиялық ауруларын тудырады
Парагрипп.
Парагрипп вирусы алғаш рет 1958-1956 ж АҚШ та анықталды. Вирион сфералық пішінде болып, диаметрі 150-200 нм. Вирион геномы 6 генді РНК жіпшесінен құралған. Нуклеокаисид сыртынан М ақ уызымен қоршалған. Вирион суперкапсидпен қоршалып, ол липидті қабат және гликозилді HN және F ақ уыздарынан тұрады. АПГВ тауық эмбрионында нашар көбейеді де және 50єС қа дейін қыздырғанда өседі. Инфекция көзі болып ауру адам немесе бактерия тасушылар болып табылады. Берілу жолы аэрозолды, контактылы. Парагриппозды инфекциялар ЖРА сияқты көріністер байқалады. Бұл ауру грипке қарағанда жеңіл ағымда өтеді. Аурудан соң гуморалды иммутет пайда болып ол бірнеше жыл бойы сақталады.
Парагрипп вирусының пiшiнi сфера тәрiздi диаметрi 150-200 нм. Геномы бiр жiпшелi, фрагменттелмеген негативтi РНҚ-дан және 6 геннен тұрада. Вириондық РНҚ-мен белок NР және полимириазды Р және L белогымен байланысқан. Нуклеокапсиді матриксты М белогымен қапталған. Суперкапсиді екі липидті қабаттың және гликолизирленген HN және F ақуыздаң тұрада. F белогы эритроциттердiң гемолизiн шақырада, вирустық мембрананың жасуша мембранасымен және лизосомамен қосылуынан түзiлген синцития бойынша жасушадан жасушаға вирустардың көбеюiн қамтамасыз етедi, яғни гемагглютинирлеуші, нейраминидазалық, гемолитикалық және симпластатүзуші қабілетке ие. .
Парамиксовирустар детергенттермен, дезинфектанттармен, сонымен қатар 50єС дейiнгi температурада қыздырылғанда бұзылады. Инфекция көзi болып аурулар және вирустасымалдаушылар болып табылады. Жұғу жолы аэрозольды контакты. Адамдарда парагрипп инфекциясы ЖРА типi бойынша өтедi. Вирустар мұрын жұтқыншақ кiлегейлi қабығанан эпителиальды жасушаларында репродукцияланады. Сосын олар вирусемияны шақырып қанға өтедi. Инфекциядан кейiн типоарнайы гуморальды иммунитет қалыптасады ол бiрнеше жыл сақталады.
Парагриппен аурулалардың лабораториялық диагностикасында келесi әдiстер қолданады:
Вирусты антигендердi иммунофлюоресценция әдiсiмен және мұрын жолы мен жұтқыншақ кiлегейлi қабығынын эпигемиальды жасушасынан ИФ әдiсiмен анықтау.
Вирустарды жасуша дақылында тежеуші гемадсорбция реакциясының көмегiмен идентификациялайды.
Вирусқа қарсы антиденелердi тежеуші гемадсорбция реакциясы немесе жұп қансарысуын қолданып, жасуша дақылындағы нейтрализациямен анықтайды.
Арнайы алдын алу жолдары жоқ.
Аденовирусты инфекция.
Алғаш рет аденовирустарды 1953 жылы У. Роу анықтады. Аденовирустардың суперкапсиді жоқ. Аденовирустарда суперкапсиді жоқ. Вирион икосаэдро формалы симметриялы куб тәрiздi, оның диаметрi 70-90 км. Вирионның ортасында дезоксирабонуклеопргеид (ДНҚ) орналасқан, ол екі жiпшелi геномды ДНҚ молекулаларынан тұрада. Вирионның құрамында 7-ден көп антигендер анықталған. А атигені (гексон) типоарнайы болып табылады. В атигені (пептон) бойынша үш топқа бөлінеді. С атигені бойынша арнайы болып табылады. Осы антиген бойынша барлық аденовирустар 41 серовариантқа бөлiнедi.
Аденовирустар тауық эмбрионында көбеймейдi, бiрақ жасушасының бiрiншiлiк трипсиндi және қайта егiлетiн дақылдарында жақсы өседi. Вирустар жiпшелерiнiң көмегiмен жасуша рецепторларына адсорбцияланады. Вириондар жасушаға енгеннен соң депрегенизациясы цитоплазмада басталып, ядрода аяқталады, онда вирионға терминальды белоктармен жабысқан ДНҚ босайды.
Адамның басқа вирустармен салыстырғанда аденовирустар сыртқы ортаға өте тұрақты келедi, май ерiткiштерде бұзылмайды, липидтерi жоқ, 50єС және рН 5,0-9,0 да өлмейдi, мұздаған жағдайда жақсы сақталады. Инфекция көзi ауру адам. Ауа тамшылы, жанаспалы тұрмыстық жол арқылы, шомылу бассеиндерiндегі судан және фекальды-аральды жол арқылы жұғады. Вирус iшекке қан арқылы да түсуi мүмкiн.
Адам организмiнде аденовирустардың бiрiншiлiк репродукциясы жоғары тыныс жолдарының кiлегейлi қабықшаларында және iшекте көз конъюнктивасында және лимфа ұлпаларында жүредi. Вирустар қанда церкуляциясы арқылы тамшылар эндотелиiн зақымдайды. Бұл кiлегейлi қабықшалалардың экссудативтi қабынуына фибринозды қабықша түзiлуiне және некрозға алып келедi. Иммунитет-ұзақ, тұрақты, бiрақ типоарнайы, қиылысу иммунитетi жоқ, ол вирус нейтрализдейтiн антиденелермен және иммунды естеу жасушаларына негiзделеген.
Аденовирусты инфекциясыныңлық лабораториялық диагностикасында қолданылады:
Зақымдалған жасушалардағы вирустық антигендi, ИФА және иммунофлюрисценттi әдiс бойынша айқындайды.
Вирустарды бөліп алу үшін, зерттеу материалдарын мұрын жұтқыншақтың, коньюктива бөлiндiлерiнен және қан, нәжiстен алады. Вирустарды оқшаулау үшiн біріншілік грипсинделген жасуша дақылын пайдалынады. Комплименттiң байланысу реакциясы көмегiмен және цитопатикалық әсерiмен вирустарды табады. Жасуша дақылында тежелген гемагглютинация және нейтрализация әдісімен типоарнайы антигендерін идентификациялаймыз.
КБР көмегiмен аурудың жұп қан сарысуындағы антидене титрiнiң жоғарылауын айқындаймыз.
Арнайы алдын алуы; аденовирустардың кейбір сероварианттарына тірі иммуногенді пероральды вакциналар бар, бірақ олар кең қолданылмайды.
Медициналық латын терминологиясы:
Респираторлы - лат. дем алу.
Грипп - фр. - қауiптi, жұқпалы тез таралатын ауру.
Инфлюэнца - ит. - тұмаудың ескiрген атауы.
Аденовирус - лат. - темiр (лат.-У).
Ортомиксовирустар - тр. - дұрыс, кiлегейлi.
