Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
582 Кб
Скачать
☆

IV. Науқастың жеке бас тазалығы Функциональды кереуетті қолдану

Төсектегі жайлы жағдай емдеу – сақтандыру тәртібінің маңызды элементтерінің бірі болады.

Функциональды кереуеттің негізгі тағайындалуы – науқасқа ең ыңғайлы және функциональды қалып беру мүмкіншілігі

Функциональды кереует бірнеше секциядан тұратын арнайы жабдық, оның қалпы сәйкесті тұтқаны меңгеруімен бұрылуымен өзгеріледі.

Бұл кереуетке арнайы құрал орналастырылған (қондырылған) болуы керек: кереует жанындағы столиктен, тамшы тамызуға арналған штативтен, жеке астына салатын судноны және зәр қабылдағышты сақтауға арналған ұядан мекеннен функциональды кереуеттің жанында тұтқасы бар.

Функциональды кереуеттің аяқ жағында немесе қырында меңгеретін тұтқасы бар, оның көмегімен бас жағын жылдам көтеріп немесе жатықтық деңгейге түсіріп, бір мезгілде кереуеттің аяқ жағын көтереді. Кереуеттің торы серпілмелі болуы керек, жылжуға ыңғайлы болу үшін аяқтары дөңгелек тежеумен жабдықталған.

Іс-әрекет алгоритмі:

  • Кереуеттің бас жағын қабырға жаққа қойыңыз;

  • Кереуеттер арасындағы қашықтықты 1-1,5 м ұстаңыз;

  • Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз;

  • Мейірбике тұрған жақтағы кереуеттің қырындағы тұтқаны (егер де олар болса) түсіріңіз;

  • Кереуеттің бас жағын жатық қалыпқа келтіріңіз

Науқастың төсек – орнын дайындау

Мақсаты: төсекте жайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауруханаға түсуі.

Дайындаңыз: функциональдық кереуетті, матрасты, матрас тысын, ақжайманы, жастық тыстарын, екі жастықты, жұмсақ қалың бәйке көрпені қаптама сейсебімен, клеенканы, жаялықты.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Матрасты матрас тысына салыңыз.

  2. Кереуеттің торына тысқа салынған матрасты салыңыз.

  3. Зәрі тоқтамайтын науқастар үшін матрас тысының еніне сәйкестеп, клеенканы жылжымайтындай етіп бекітіңіз.

  4. Матрастың үстіне ақжайма төсеңіз, ол жиырылып, қыртыстанып қалмауы үшін, ақжайманың шеттерін матрастың астына қайырып қойыңыз.

  5. Жастықтарға тысын кигізіңіз, оларды аздап көпсітіңіз, кереуеттің бас жағына қойыңыз.

  6. Астыңғы жастықты тіке, ал үстіңгісін сәл жоғарырақ, кереуеттің арқа сүйенішіне тіреліп тұратындай қылып қойыңыз.

  7. Көрпеге сейсебін кигізіңіз және оны мұқият түзетіңіз.

Халі ауыр науқастың төсек – орнының тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс)

Науқастың төсек тәртібін сақтау жағдайларында егер оған төсекте аударылуға рұқсат етілсе, ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады.

Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке басының гигиенасын сақтау, төсек жаралардың, төсек тыстарының кірлеуінің алдын алу.

Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек орынды салатын клеенка қапшықты, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  3. Таза ақжайманы бүкіл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеңіз.

  4. Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаңыз.

  5. Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып алыңыз.

  6. Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.

  7. Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).

  8. Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеңіз.

  9. Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.

  10. Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алыңыз, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жайыңыз.

  11. Таза ақжайманы жазыңыз, ондағы қыртыстарды тегістеңіз.

  12. Ақжайманың шеттерін матрацтың астына қайырыңыз.

  13. Науқастың басының астына жастықты қойыңыз және оны көрпемен жабыңыз.

  14. Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

  15. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]