Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
582 Кб
Скачать
☆

Науқасты қырындыру

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: халі ауыр жағдайдағы науқас.

Қарсы көрсетілімдері: беттің жарақаты.

Дайындаңыз: суға арналған ыдысты, компресс жасауға арналған салфетканы, сүлгіні, қырынуға арналған станокты, жаққышты, қауіпсіз ұстараны, қырынуға арналған сықпаны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қолғаптарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғаптарды киіңіз.

  2. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

  3. Үлкен салфетканы ыстық суға салып (400-500С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны алыңыз.

  4. Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жаққыш көмегімен жағыңыз.

  5. Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындырыңыз.

  6. Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғатыңыз.

  7. Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қолғапты және салфеткаларды ҚЖАК салыңыз.

  8. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Қолтық ойығындағы шашты қыру

Мақсаты: қолтық асты ойығындағы шашты қыру, жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: операциялар жасар алдында.

Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

  3. Науқастан қолдарын алма-кезекпен көтеруін өтініңіз.

  4. Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қолтық асты ойығына жағыңыз.

  5. Қолтық асты ойығындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштың өсу бағытына қарай қырыңыз.

  6. Қолтық асты ойығы аймағындағы теріні жылы сумен жуыңыз.

  7. Теріні сүлгімен құп-құрғақ қылып сүртіңіз.

  8. Қолғаптарды шешіңіз.

  9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Қасағадағы шашты қыру

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, қасағадағы шашты қыру.

Қолдану көрсетілімдері: операция жасау алдында.

Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды, Эсмарх крушкасын, судноны.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

  3. Науқасқа судноны беріңіз.

  4. Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қасаға аймағына жағыңыз.

  5. Қасаға аймағындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштың өсу бағытына қарай қырыңыз.

  6. Науқастың астын жуыңыз.

  7. Қасаға аймағының терісін сүрткілермен құрғатыңыз.

  8. Судноны жинап алыңыз.

  9. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу

Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын-алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі.

Дайындаңыз: ішінде жылы (t-37-380С) әлсіз калий перманганат ерітіндісін 1: 5000 фурациллин ерітіндісін немесе суы бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын, корнцангті, залалсыздандырылған сүрткілерді, клеенканы, зәр қабылдағышты (судноны), қолғаптарды, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты , қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқас әйелді кермемен оңашалаңыз.

  3. Науқас әйелдің жамбасының астына клеенканы, жаялықты төсеңіз, оның сегізкөзінің астындағы клеенканың үстіне зәр қабылдағышты қойыңыз.

  4. Науқасқа шалқасынан жатуға көмектесіңіз, аяқтары тізесінен бүгіліп, азғана жан-жаққа ажыратылған болуы керек.

  5. Ішінде жылы суы (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын дайындаңыз.

  6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Халаттың үстіне клеенкалы алжапқышты және қолыңызға қолғаптарды киіңіз.

  7. Науқас әйелдің оң жағында тұрып, құмыраның немесе Эсмарх крушкасының ұштығын сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфекткасы қыстырылған корнцангті ұстап, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшелеріне құйыңыз, ал салфекткамен жоғарыдан төмен қарай (қасағадан аналь тесігіне қарай) қимыл жасап, сүртіңіз. Сыртқы жыныс мүшелерін келесідегідей ізбе-ізділікпен жуыңыз: қасаға аймағы, үлкен жыныс еріндері, кішкене жыныс еріндері, бұтаралығы және аналь тесігі аймағы, әрбір жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін сүрткілерді ауыстырып отырыңыз.

  8. Құрғақ сүрткімен жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіңіз.

  9. Базданудың алдын-алу үшін сүрткіге салынған вазелин майын немесе басқа заттарды шат іркестеріне және аналь тесігі аймағына жағыңыз.

  10. Қолданылған сүрткілерді, корнцангты ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  11. Судноны және клеенканы жинап алыңыз, қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандырыңыз. Науқасты көрпемен жауып қойыңыз.

  12. Кермені жинап алыңыз.

  13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]