Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
582 Кб
Скачать
☆

Ер адамның жыныс мүшесін жуу

Мақсаты: жыныс мүшелері аймағы тазалығын сақтау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы аурулардың алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайында

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, корнцангті, сүрткілерді, қолғаптарды, клеенканы, жаялықты, сабынды, судноны, ішінде суы бар құмыраны (судың t -37380С) немесе Эсмарх крушкасын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен тілектестік, құпия сақтайтын сенімділік қарым-қатынасты орнатыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Халі ауыр науқастың сегіз көзі астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп, судноны қойыңыз.

4. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратыңыз.

5. Науқастың оң жағынан тұрыңыз.

6. Сүрткіні жылы суда ылғалдатып, оны сығыңыз.

7. Бір қолыңызбен жыныс мүшесін ұстап, оның артық терісін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз.

8. Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағытта айналмалы қозғалыспен сүрткілерді ауыстыра отырып, құрғатыңыз.

9. Жыныс мүшесінің артық терісін табиғи қалпына қайтарыңыз.

10. Жыныс мүшесінің қалған бөліктерін, ұманың терісін, аналь тесігін мұқият тазалаңыз, шайқаңыз және кептіріңіз.

11. Судноны, клеенканы, жаялықты, қолғаптарды кейін зарарсыздандыру үшін жинаңыз. Сүрткілерді және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Төсек-орнын реттеп, жазып, науқасты жабыңыз.

13. Кермені жинаңыз.

Дәрет ыдысын /суднаны/ беру

Мақсаты: науқастың физиологиялық бөліністерін шығаруын қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан науқастарға ішегін және қуығын босату кезінде қолданылады.

Дайындаңыз: зарарсыздандырылған дәрет сауытын (судноны), клеенканы, жаялықты, қолғаптарды, кермені, суды, әжетхана қағазын, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрет сауытын жылы сумен шайып, оның ішінде аздап су қалдырыңыз.

  3. Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен оңашалаңыз, беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастаңыз, жамбастың астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  5. Науқасқа аздап бір жақ қырына бұрылуына көмектесіңіз, аяқтарын аздап тізесінен бүгіңіз және сандарын екі жаққа алшақтатыңыз.

  6. Сол қолды бір бүйірден сегіз көздің астына енгізіп жіберіп, науқасқа жамбасын көтеруге көмектесіңіз.

  7. Оң қолмен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қарай жақындатып, оны арқасына қарай бұрып, оның бұтаралығы дәрет сауыты тесігінің тура үстінде болуы қажет, сол кезде жаялықты беліне қарай жылжытыңыз.

  8. Науқасты көрпесімен немесе ақжаймасымен жауып, оны жалғыз қалдырыңыз.

  9. Науқас дәретке шығып болғаннан соң, науқасты аздап қана бір қырына бұрыңыз, дәрет сауытын оң қолмен ұстап тұрып, оны науқастың астынан шығарып алыңыз.

  10. Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен сүртіңіз. Қағазды дәрет сауытына салыңыз.

  11. Дәрет сауытын, клеенканы, жаялықты, кермені жинап алыңыз. Егер қажет болса, ақжаймасын ауыстырыңыз.

  12. Науқасқа ыңғайлы жатуға көмектесіңіз, көрпесімен жабыңыз.

  13. Дәрет сауытын жаялықпен немесе клеенкамен жауып, дәрет бөлмесіне алып кетіңіз.

  14. Дәрет сауытының ішіндегісін унитазға төгіңіз, оны ыстық сумен шайқаңыз.

  15. Дәрет сауытын ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа толық батырып салыңыз. Қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]