Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
582 Кб
Скачать
☆

Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері

Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісімен ерітеді.

Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.

Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, мейірбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізеді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі.

Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: 1мл – 100.000 ЕД және 1мл – 200.000 ЕД.

  1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет:

  • 500.000 ЕД : 100.000ЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде);

  • 500.000 ЕД : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл – 200.000ЕД еріту кезінде).

  1. Әрбір науқасқа мейірбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик мөлшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге бөлуі қажет.

  • 1 мл – 100.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді;

  • 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.

Тері ішіне инъекцияны орындау

Мақсаты: диагностикалық.

Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.

Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі және инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.

Асқынулар: инфильтрат.

Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз, оларды тері антисептигімен өңдеңіз.

  3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

  4. Қажетті дозадағы дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта домалақтарын ораудың ішкі бетіне салыңыз.

  5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, қолды яғни, білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

  6. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

  7. Инъекция жасайтын жерді тері антисептигімен суландырған екі мақта домалақтарын тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта домалақтарын салыңыз). Тері антисептигін толық кебуін күтіңіз.

  8. Оң қолға шприцті алыңыз: цилиндрдегі бөліну көріну керек, оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенінен, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрден ұстаңыз.

  9. Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап, инъекцияға қарама-қарсы жағына тартыңыз.

  10. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығы терендігінде (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.

  11. Шприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

  12. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).

  13. Инені канюлясынан ұстап отырып, жылдам қозғалыспен шығарыңыз (тері антисептигімен суландырған мақта домалағын тері үстіне баспаңыз).

  14. Иненің қалпағын кигізбей шприцпен бірге қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  15. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

  16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  17. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқасқа түсіндіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]