Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
582 Кб
Скачать
☆

Қыша қағаздарын қою

Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.

Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы

Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.

Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), науаны, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  3. Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышаның иісі сақталуы тиіс).

  4. Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.

  5. Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жабыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).

  6. Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.

  7. 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).

  8. Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.

  9. Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  10. Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.

  11. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

Ескерту:

  • қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;

  • қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды;емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға дейін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.

Аяққа қыша ваннасын жасау

Мақсаты: аяқтардың қан тамырларын рефлестік кеңейту.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары (пиодермия, терінің іріңді аурулары, нейродермит, экзема).

Дайындаңыз: 50 г құрғақ қыша 10 л жылы суға (400-450 С): емшарадан кейін аяқты жууға арналған жылы суды, сүлгіні, ақ жайманы, аяқты орауға арналған көрпені.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқастан қышаны көтере алатынын анықтаңыз. Егер де қышаны көтере алмаса, тек жылы су қолданылады.

  2. Терісін қараңыз қарсы көрсетілімдері жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз.

  3. Жылы суда қышаны ерітіп, қыша ваннасын даярлаңыз.

  4. Аяқты тізеге дейін 20-30 минутқа ваннаға салып, табанының терісі қызығанға дейін салыңыз.

  5. Емшарадан кейін аяқты жылы суда жуыңыз, сүлгімен сүртіңіз. Ваннадағы температура тұрақты 400 -450 С шамасында болуын қадағалаңыз.

  6. Аяқты ақ жаймамен және көрпемен 30-60 минутқа ораңыз (қымтаңыз).

Ыстық ылғалды компресті қою

Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.

Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауыруларында.

Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.

Дайындаңыз: ыстық (t-60-700С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  4. 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.

  5. Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.

  6. Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.

  7. Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).

  8. Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  9. Науқасты жылы жабыңыз.

  10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]