Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
582 Кб
Скачать
☆

Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан зонды арқылы тамақтандыру

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктері, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауруда тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өңеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған, бір рет қолданылатын жіңішке асқазан зондын, 200 мл оймышты немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ерітіндісін, қысқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшеріндегі, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа және туыстарына емшараның барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.

  3. Енгізетін зондтың ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз

  4. Қолғапты киіңіз.

  5. Фурацилин ерітіндісін лотокқа құйыңыз және оған зондты белгіге дейін салыңыз (зондты суландыру үшін).

  6. Науқасты арқасына жатқызыңыз, басының және мойынының астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

  7. Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.

  8. Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан зондын 15-18 см тереңдікке енгізіңіз. Сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтап, жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, зондты белгіленген белгісіне дейін, жұтуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз).

  9. 30-40 мл ауаны Жане шприціне сорып алып, оны зондқа жалғастырыңыз.

  10. Фонендоскоптың басын асқазан аймағы үстіне қойыңыз.

  11. Фонендоскоптың бақылаумен ауаны зондт арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).

  12. Зондтқа қысқышты салыңыз немесе тығынмен жабыңыз, шприцті алыңыз. Зондтың сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

  13. Зондты жабысқыш пластырьмен мұрынға немесе бетіне бекітіңіз. Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

  14. Зондтқа қысқышты (тығынды) алып, оймышты немесе Жане шприцін поршенсіз зондтың бос шетіне жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.

  15. Оймышты немесе Жане шприцін сәл еңкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап оймышты көтеріңіз, тек қана оймышты аузында тамақ қалмағанша.

  16. Асқазан деңгейіне дейін оймышты түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

  17. Тамақтандырғаннан кейін зондты шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.

  18. Зондтың шетіне қысқышты (тығынды) салыңыз, оймышты алыңыз. Зондтың шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, (немесе оны науқастың киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

  19. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде зондты 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтың ойылуының алды алуын жүргізеді:

  • -38-400 су моншасында тамақты жылытады;

  • қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;

  • науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;

  • зонд кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда зондты жылдам шығару қажет.

Гастростома – асқазан мен іш пердесінің алдынғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.

Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.

Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке ұқсас тесік – еюностома салынады.

Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінің алдынғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдынғы қабырғасына – тігіспен немесе ұзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.

Лапаратомиялық жаранын негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.

Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жаранын арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден өң бітумен жазылуы керек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт өткен соң ұлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.

Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан және ішек ішіндегі заттар өтеді.

Тану процесінде түтіктін қалпын ұқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында ұстап тұруды. Егер де түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]