Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
582 Кб
Скачать
☆

Майлы клизманы қою

Мақсаты: емдік: ішек бұлшық еттерін босаңсыту, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату, жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі ісігі, анал тесігі аймағындағы жарық жара немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенканы, жаялықты, вазелин майын, 100-200 мл мөлшердегі майлы ерітіндіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2.Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жайманы төсеңіз. Науқасты шымылдықпен қоршаңыз.

3.Науқасты сол жақ қырына жатқызыңыз, оң аяғы тізе буынынан бүгіліп, ішіне қарай келтірілуі керек.

4.Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5.«Су» моншасында t – 380С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

6.Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыныз.

7.Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ашып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

8.Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.

9.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.

10.Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін шығарып алыңыз.

11.Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.

12.Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

13.Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.

14.Науқасқа ынғайлы жағдай жасап, терең демалуын сұраңыз. 10-12 сағат ішінде деңе жағдайын өзгертуін сұраңыз.

15.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:

  • емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;

  • майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз;

  • науқас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет;

  • майлы клизманы түнде қою қажет.

Дәрілік клизманы қою

Мақсаты: емдік: жуан ішекте орналасқан (жергілікті әсері) қабыну процесінде немесе ағзаға толығымен әсер ету (жалпы әсері) мақсатымен, басқа да әдістерімен дәрілерді енгізүге мүмкіншілігі болмаса тік ішек арқылы дәрілік затты енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: тік ішекке жергілікті әсер етуге (қантышқақ, спецификалық емес ойық жаралы колит), жалпы әсерін тигізу үшін құрысып-тырысуда, қозуда, дәрілік затты тік ішекке енгізу.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кетуде, жуан ішек және анус аймағындағы жедел қабыну немесе ойық жара процесінде. Тік ішектің қатерлі ісігінде, ас-қорыту жүйесіне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағының жарық жара немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 50-100 мл дәрілік ерітіндіні, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, вазелинді, клеенканы, халатты, ал жапқышты, су термометрін, шпательді, қолғапты, жайманы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2.Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты, халатты, ал жапқышты киіңіз.

3.Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты шымылдықпен қоршаңыз.

4.Дәрілік клизма қояр алдында 20-30 минут бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

5.«Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл дәрілік ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

6.Жел шығаратын түтіктін саңылаусыз домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майып жағыңыз.

7.Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы тізе буынан бүгілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

8.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ашып, ал оң қолмен жел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен анал тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, алдымен 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

9.Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын-ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтікке жалғастырып, дәрілік ерітіндіні жаймен жел шығаратын түтікке аз мөлшерде кішкене қысыммен еңгізіңіз.

10.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.

11.Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз.

12.Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезгілде сол қолмен түтікті сыйпалап қысып, оң қолымен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.

13.Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14.Анал тесігі айналасын тазартыңыз.

15.Науқасты ескертіңіз: дәрілік клизма жасағаннан кейін, төсекте 1 сағаттай арқасымен немесе сол жақ қырымен жатуы қажет.

16.Халатты, ал жапқышты, қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: емшара алдында науқас қуығын босатуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]