Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
582 Кб
Скачать
☆

Зәр қабылдағышты беру

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде қолданылады.

Дайындаңыз: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, залалсыздандырылған дәке сүрткілерін, клеенканы, жаялықты, резеңкі қолғаптарды, кермені, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқастың кереуетінің жанына кермені қойыңыз.

  3. Көрпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жаққа алшайтуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.

  4. Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз.

  5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз.

  6. Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.

  7. Сол қолыңызға дәке сүрткілерін алыңыз, онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.

  8. Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке сүрткілерін алып тастаңыз.

  9. Науқасты көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз.

  10. Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып, кермені жинап алыңыз.

  11. Зәр қабылдағышты, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәке сүрткілерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Дәрет ыдысын және зәр қабылдағышты зарарсыздандыру ерітіндісіне толық батыру әдісі

Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитарлы эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау.

Дайындаңыз: арнайы киімді пайдаланған судноны, зәр қабылдағышты, астына салатын клеенканы, ҚР рұқсат етілген зарарсыздандыру затын, зарарсыздандыруға арналған қақпағы бар ыдысты (ыдыс пен қақпаққа таңба салынған), қолды өңдеуге арналған сабынды, тері антисептигін.

Міндетті жағдай: судно және зәр қабылдағыш тура қолданып болған соң зарарсыздандырылады.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қорғаныш арнайы киімді киіңіз (халат, суға төзімді алжапқышты, дем пердесін).

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

3. Зарарсыздандыру үшін қақпағы тығыз жанасып жататын және таңба салынған ыдысты дайындаңыз, оның дұрыс таңбаланғанына көзіңізді жеткізіңіз: атын, ерітіндінің қоюлығын, қодану мақсатын оқыңыз.

4. Қажетті қоюлықтағы зарарсыздандыру ерітіндісін ыдысқа құйыңыз.

5. Ыдыстың таңба салатын клеенкасына даярлаған ерітіндінің атын, қоюлығын, күнін, даярлау уақытын, даярлаған адамның аты-жөнін көрсетіңіз (Зарарсыздандыру ерітіндісін даярлау бойынша жұмыс сапасын бағалау және бұйрықты регламенттейтін талаптарды орындауын бақылау үшін).

6. Судноның, зәр қабылдағыштың ішіндегі затты унитазға төгіңіз, ыстық сумен шайқаңыз.

7. Судноны, зәр қабылдағышты қолданып және тазартып болған соң бірден зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, ерітінді заттан 5-10 см жоғары көтерілуі қажет (заттардың бетімен тұп-тура жанасуын қамтамасыз ету үшін).

8. Алжапқышты, қолғапты шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

9. Күтім заттарын тиісті зарарсыздандыру ерітіндісін қолдану бойынша нұсқауға сәйкесті ұстаңыз.

10. Таза қолғапты, алжапқышты киіңіз.

11. Судноны және зәр қабылдағышты ағынды ыстық судың астында шайқаңыз.

12. Арнайы таңбаланған стеллажда кептіріңіз, құрғақ түрінде сақтаңыз.

13. Арнайы киімді шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: Халі ауыр науқастың таза судносы үнемі кереует астындағы орындықта болады.

Көзді күту

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауруларының алдын-алу, халі ауыр науқас көзіне таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ерітіндіні тамызу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: дәке тампондарын, лотокті, пинцетті (іскекті), ундинканы, көз стакандарын, 1:2000 фурациллин ерітіндісін, вазелин майын, мензуркаларды, физиологиялық ерітіндіні, тамызғыштарды, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз.

  3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  5. Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз.

  6. Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына, аздап қана сығып қысыңыз.

  7. Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді).

  8. Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз.

  9. Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз.

  10. Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде: сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе ундинканың көмегімен шайып шығыңыз, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз.

  11. Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз.

  12. Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  13. Қолданылған қолғапты, тампондарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды немесе ундинканы ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: көзді тазалаған кезде бірдей бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды. Бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]