- •Жұқпалық қауіпсіздік Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту
- •Қолды гигиеналық деңгейде тазарту
- •Қолды тері антисептигімен тазарту
- •Залалсыздандырылған қолғапты кию
- •Қолғапты шешу
- •Зарарсыздандыру заттардан жұмысшы ерітінділерді даярлау кестесі
- •Сұйық зарасыздандыру заттардан жұмысшы ертінділерді даярлау және есептеу кестесі
- •Су тегі асқын тотығының жұмысшы ертіндісін 0,5 % жуушы затымен 1л даярлау есебі
- •Медициналық тағайындаоған бұйымдарды тазарту кезеңдері
- •I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
- •Iі кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу
- •Жуушы ерітіндінің құрамы
- •Азопирам байқауының нәтижесі
- •III кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
- •Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына /Бикске салу/
- •II. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты қабылдау науқастың дене салмағын өлшеу
- •Науқастың бойын өлшеу
- •Педикулёз анықталған кездегі санитарлық тазарту
- •Гигиеналық душты жүргізу
- •Гигиеналық ваннаны жүргізу
- •Науқасты тасымалдау
- •Халі ауыр жағдайдағы науқасты каталкамен (қол арбамен) тасымалдау
- •Науқасты симс қалпына жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты ішімен жатқызу
- •Науқасты арқасымен жатқызу
- •Науқасты қырымен жатқызу
- •IV. Науқастың жеке бас тазалығы Функциональды кереуетті қолдану
- •Науқастың төсек – орнын дайындау
- •Халі ауыр науқастың төсек – орнының тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс)
- •Халі ауыр науқастың төсек- орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс) (екі медбикемен орындалады)
- •Ішкі киімді ауыстыру
- •Халі ауыр науқастың шашын күту
- •Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу
- •Қолдағы тырнақты қиып алу
- •Аяқтағы тырнақты қиып алу
- •Науқасты қырындыру
- •Қолтық ойығындағы шашты қыру
- •Қасағадағы шашты қыру
- •Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу
- •Ер адамның жыныс мүшесін жуу
- •Дәрет ыдысын /суднаны/ беру
- •Зәр қабылдағышты беру
- •Дәрет ыдысын және зәр қабылдағышты зарарсыздандыру ерітіндісіне толық батыру әдісі
- •Мұрын қуысын күту
- •Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
- •Алмалы- салмалы тіс протездерін күту
- •Су балансын анықтау және есептеу
- •Бөлінген сұйықтық
- •Енгізілген сұйықтық
- •VI. Науқасты тамақтандыру Халі ауыр науқасты тамақтандыру
- •Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан зонды арқылы тамақтандыру
- •Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру
- •Гастростоманы күту
- •VII. Қарапайым физиотерапиялық әдістер Сүлікпен емдеу. Оттегімен емдеу. Жылытқышты қолдану.
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •Қыша қағаздарын қою
- •Аяққа қыша ваннасын жасау
- •Ыстық ылғалды компресті қою
- •Салқын компресті қою
- •Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою
- •Парафин және озеокеритпен емдеу
- •Парафинді, озокеритті салу әдістері
- •IV. Кюветті-апликациялық әдіс (тәрелкелік).
- •Ылғалдатылған оттегін мұрын катетері арқылы беру
- •Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
- •Постдуральды (позициялық) дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)
- •I. Квинке бойынша дренажды қалыпты жасаңыз.
- •II. Науқасты арқасымен жатқызу
- •III. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз - «кереует астынан аяқ киімді іздеу» позасы.
- •IV. Науқасқа тізе шынтақ қалпын алуын ұсыныңыз - «намаз оқитын мұсылман» дене келбеті.
- •Позициялық дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)
- •VIII. Дәрі-дәрмектерді қолдану жолдары мен әдістері,ішке қабылдайтын дәрі-дәрмектерді үлестіру Таблетканы,капсуланы,дражені,пилюляны қолдану
- •Түндырманы,қайнатпаны,микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану
- •Тұнбаны, экстрактыларды (шырсөлді)қолдану
- •Науқасқа ұнтақты қолдану
- •Дәрі-дәрмектерді сыртқы жолмен енгізу Мұрынға дәрілік тамшыны тамызу
- •Көзге тамшы тамызу
- •Төменгі қабаққа көз майын жағу (тюбиктен, шыны таяқшамен)
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Жеке ингаляторды қолдану Дәрілік затты тыныс жолдарына дем алғанда ауыз арқылы енгізуге науқасты үйрету
- •Сеппені қолдану
- •Дәрілік жабысқақ пластырьды салу
- •Балауызды тік ішек арқылы енгізу
- •Майлы таңғышты орындау
- •Теріге майды жағу
- •Теріге майды сылап жағу
- •Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу
- •Дәрі-дәрмектерді парентеральды жолмен енгізу. Бір рет қолданатын шприцті құрастыру
- •Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері
- •Тері ішіне инъекцияны орындау
- •Тері астына инъекцияны орындау
- •Инсулинді енгізу
- •Бұлшық етке инъекцияны орындау
- •Көк тамырға инъекцияны орындау
- •Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданатын жүйені құрастыру
- •Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
- •IX. Пункциялар Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге (лапароцентезге) дайындау
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлынды тесуге (люмбальды) дайындау
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйегін тесуге (пункциясына) дайындау
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге дайындау
- •Тазалау клизмасын қою
- •Сифон клизмасын қою
- •Резенке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, гипертонгиялық, дәрілік) клизмаларын қою Дәрілік клизманы қою
- •Майлы клизманы қою
- •Дәрілік клизманы қою
- •Гипертониялық клизма қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Тазалау клизмасын қою
- •Сифон клизмасын қою
- •Резенке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Майлы клизманы қою
- •Дәрілік клизманы қою
- •Гипертониялық клизма қою
- •Хі. ҚУықты катетерлеу Әйелдердің қуығын катетерлеу
- •Ер адамның қуығын катетерлеу
- •Хіi. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау Лабораториялық анализге саусақтан қан алу
- •Выкуумды жүйе көмегімен көк тамырдан қанды алу.
- •Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
- •Қақырықты зерттеу
- •Қақырықты зерттеуге жинау ережесі
- •Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
- •Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
- •Аурухана жағдайында туберкулезге микроскопиялық зерттеу үшін қақырықты жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Жеке түкіргішті қолдану ережесі
- •Жұтқыншақтан жағынды алу
- •Мұрын қуысынан жағынды алу
- •Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
- •Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
- •Зимницкий байқауына зәрді жинау
- •Диастазаға зәрді жинау
- •Іс әрекет алгоритмі:
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Зәрдегі глюкозаны ұзынша сопақ тестімен анықтау
- •Розин байқауын жүргізу. (зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
- •Билирубинді ұзынша сопақ тестімен анықтау
- •Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу. (әйелдер үшін)
- •Медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
- •Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
- •Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
- •Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар Петри табақшасына алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті пробиркаға алу
- •Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу
- •Хii. Науқастарды эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулерге дайындау Науқасты бронхоскопияға дайындау
- •Науқасты фиброгастродуоденоскопияға дайындау
- •Науқасты колоноскопияға дайындау
- •Науқасты ректоромоноскопияға дайындау
- •Науқасты цистоскопияға дайындау
- •Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
- •Науқаты бронхографияға дайындау
- •Медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті медбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқасты асқазан және он екі елі ішекті ренгенологиялық зерттеуге дайындау
- •Посттық медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті медбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқасты ирригоскопияға дайындау.
- •Посттық медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентгенологиялық кабинеті медбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқасты көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындау
- •Посттық медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті медбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Асқазанды жуу
- •Асқазанды зондсыз әдіспен жуу
- •Науқасты дайындау және фракциялық әдіспен асқазан сөлін алу
- •Науқасты дайындау және ұлтабарды зондтау
- •Құсқан науқасқа алғашқы көмек көрсету
- •Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
- •Өкпе- жүрек реанимациясы
- •А ережесі. Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету
- •Іі. Сафардың үш құрамды әдісі
- •В ережесі. Өкпенің жасанды вентиляциясы
- •Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан - ауызға» жасау әдісі
- •Өкпеніңжасанды вентиляциясын «ауыздан - мұрынға» жасау әдісі
- •С ережесі. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау
- •Өлікті жайғастыру ережелері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданатын жүйені құрастыру
Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сұйықтықты, тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, флаконның этикеткасына науқастың аты-жөні, палатасының номері жазбаларын, мақта домалақтарын, қолғапты, дем пердесін, қайшыларды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, жабысқыш пластырьды.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
Дәрілік ерітіндіні тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).
Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз). Этикеткасына науқастың аты-жөнін, палатаны көрсетіңіз.
Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.
Тері антисептигіне суландырған мақта домалақтары мен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.
Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.
Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.
Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз (егер де ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз), оның бос шетін флаконға бекітіңіз.
Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, штативке бекітіңіз.
Тамызғышты ақырын қысып, жарты көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.
Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз.
Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз.
Жүйенің ұзын түтігінде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.
Тері антисептигімен суландырған мақта домалақтарын, салфеткаларды, ұзындығы 4-5 см сопақ жіңішке (1см) 2 жабысқыш пластырьді салыңыз.
Ескерту: Кейбір системаларда ауа кіруге арналған тесік тұп-тура тамызғыштың үстінде болады. Бұл жағдайда тек тесікті жабатын бітеуішті ашады.
Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.
Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішкі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың беткейлік веналары..
Асқынулар: сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), ауа эмболиясы (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), гематома (қанды ісік), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), флебит (көк тамырдың қабынуы), АҚТҚ, вирустік гепатит (бауырдың қабынуы), анафилактикалық шок, инфильтрат (тін бөлігінің қатаюы).
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын системаны, мақта домалақтарын, салфеткаларды, лотокты, қолғапты, масканы, екі кішкене ұзындығы 4-5 см жіңішке жабысқыш пластырьды, клеенкалы жастықшаны, резеңке бұрауды (венозды манжетаны), штативті, науқастың аты-жөні, палатаның № көрсетілген дәрілік ерітіндісі бар флаконды, анафилактикалық шокқа арналған жиынтықты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа жайлы қалып алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), науқасқа қуықты және ішекті босатуын ұсыныңыз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Тері антисептигіне суландырған мақта домалақтарын мен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
Тағайындалған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударыңыз. Флаконды ашқан күнін белгілеңіз.
Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.
Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз.
Тамыр соғуын тексеріңіз. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұраңыз, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраңыз.
Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз..
Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз
Көк тамырды тесетін жерді, алдымен үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған мақта домалақтары мен тізбектілікпен тазартыңыз, үшінші мақта домалағын сол қолдың IV-V саусақ аралығына алыңыз.
Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың І саусағымен басыңыз.
Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның еңкейту бұрышын азайтыңыз.
Инені көк тамыр бойымен итеріп, оның 1/3 ұзындығына көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз.
Ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді.
Сол қолмен бұрауды (манжетаны) босатыңыз, науқастан жұдырығын жазуын сұраңыз.
Ине тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.
Жүйенің қысқышын ашыңыз.
Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ерітіндінің түспеуін. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
Түтіктің бір бөлігіне және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.
Енгізу жылдамдылығы тұрақты болуын қадағалаңыз.
Дәрілік ерітіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және хал-жағдайын бақылаңыз.
Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып алыңыз, тері антисептигіне суландырған 3-ші мақта домалағын 3-5 минутқа басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут қан ағу тоқтағанға дейін бүгіңіз.
Жүйені және инені, қалпағын кигізбей қолданылған мақта домалақтарын, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:
қосымша дәрілік ерітіндіні енгізу жүйедегі инъекцияға арналған түйін арқылы шприцпен жүргізіледі. Инъекция жасар алдында резеңке түтік тері антисептигімен суландырған мақта домалақтарымен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен қыстырылады, флаконда енгізілген дәрілік заттың аты көрсетіледі
тамызғыш босамағанынша флакондарды ауыстыру жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконның тығынын алдын ала антисептикпен тазартып, жүйенің қысқа шетіндегі инені тірелгенше енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз, егер де ауа кіргізетін болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз.
енгізіліп жатқан уақытта бүкіл жүйенің жұмысын қадағалаңыз; салфетка ерітіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ерітіндінің ағымы тоқталған жоқ па?
науқастың хал-жағдайын бақылаңыз, сұраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды, бас айналуды, лоқсуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекция жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жауып және инені шығару қажет.
