Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
582 Кб
Скачать
☆

Тері астына инъекцияны орындау

Мақсаты: емдік – тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: дәрілерге аллергиялық реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.

Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәрілерді қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.

Енгізілетін жерлері: иықтың сыртқы бетінің жоғары бөлігі, санның алдыңғы бетінің ортаңғы бөлігі, іш перделік беттің алды, жауырын асты аймағы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 20 мм инені, мақта домалақтарын, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигі, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолыңызды тері антисептиктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

  4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).

  5. Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз.

  6. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

  7. Тері антисептиктермен суландырған екі мақта домалақтарын инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. (мақта домалақтарын контейнерге салыңыз).

  8. Сол қолдың ІV-V саусақтар арасына тері антисептигімен суландырған үшінші мақта домалақтарын салыңыз.

  9. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенінен, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрден ұстаңыз.

  10. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.

  11. Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, қолдың сұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.

  12. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

  13. Тері антисептигімен суландырған мақта домалақғын инъекция жасаған жерге қойыңыз.

  14. Иненің канюлясынан ұстап отырып, жылдам қимылмен шығарыңыз.

  15. Теріден мақта домалағын алмай, инъекция жасалған жерді жеңіл уқалаңыз.

  16. Инеге қалпағын кигізбей шприцті, мақта домалақтарын және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

  18. Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.

Инсулинді енгізу

Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: инсулинге тәуелді қант диабеті, кетоацидоз, команы емдеу.

Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.

Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер.

Енгізілетін жерлері: иықтың жоғарғы бөлігінің сыртқы беті және жамбастың ортаңғы бөлігінің сыртқы беті, жауырын асты аймағы іш пердесінің алдынғы беті.

Дайындаңыз: инсулин ерітіндісі бар флаконды, тері антисептигін, залалсыздандырылған: лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, мақта домалақтарын, бір рет қолданылатын инсулин шприцтерін, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оны жүргізуге келісімін алыңыз;

  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды тері антисептигімен өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.

  3. Флаконның жазуын оқыңыз: атын, дозасын, сақталу мерзімін. Дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз. Флакон қорабындағы және этикеткасындағы инсулиннің атын және әріптік белгілерін тексеріңіз.

  4. Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтің белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз.

  5. Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды!). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ.

  6. Флакондағы инсулинді су моншасында 36-370С температурасына дейін жылытыңыз.

  7. Ораудағы инсулин шприцін алыңыз. Ораудың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

  8. Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз.

  9. Флаконның резеңке тығынын тері антисептигіне суландырған мақта домалағымен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, тері антисептигі кепкенше күтіңіз.

  10. Инсулин шприцін қолға алып, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.

  11. Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз.

  12. Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз.

  13. Инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тері антисептигіне суландырған екі мақта домалақтарымен тазартыңыз, алдымен үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын орынды. Терісі кебуі керек.

  14. Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға дейін жеткізіңіз.

  15. Оң қолыңызға шприцті алыңыз.

  16. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін үш бұрышты қыртысы негізі төмен қараған жағынан жиыстырыңыз.

  17. Тері асты майлы қабаты ортасына 30-450 бұрышпен үш бұрыш қыртысы негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап иненің ұзындығына жылдам қозғалыспен енгізіңіз.

  18. Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.

  19. Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексеріңіз.

  20. Жылдам қозғалыспен инені шығарыңыз, құрғақ залалсыздандырылған мақта домалағын инъекция жасаған жерге қойыңыз.

  21. Науқасты тамақтандырыңыз.

  22. Қолғапты шешіңіз.

  23. Қолданылған шприцті, мақта домалақтарын, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  24. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]