Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
582 Кб
Скачать
☆

Гипертониялық клизма қою

Мақсаты: ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту және мол сұйықтықтың ішек тесігіне жиналу арқылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен және желден босату.

Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.

Қарсы көрсетілімдері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойық жара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: тұзды ерітіндіні (10% натрий хлорид 50-100 мл), алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, лотокты, қысқышты, салфеткаларды, клеенканы, шпательді, қолғапты, жаялықты, вазелин майын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2.Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты шымылдықпен қоршаңыз.

3.Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

4.«Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

5.Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағыңыз.

6.Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

7.Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ашып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, алдымен 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

8.Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғап, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз.

9.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.

11.Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз.

12.Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезгілде сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.

13.Аналь тесігі аймағын тазартыңыз.

14.Науқасты арқасына бұрылып жатуын сұраңыз. Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.

15.Ұштықты, жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

16.Қолғапты шешіңіз.

17.Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

18.Қолыңызды, жуып кептіріңіз.

Жел шығаратын түтікті қою

Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.

Қолдану көрсетілімдері: іш кебу, ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.

Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек жэне анус тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолғапты, вазелинді, клеенканы, жайманы, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қағазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз.

2.Науқасты шымылдықпен қоршаңыз (егер де емшара палатада орындалса).

3.Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

4.Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызыңыз, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.

5.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6.Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.

7.Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың IV және V саусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.

8.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

9.Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.

10.Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа салыңыз.

11.Жел шыкқанда (су көпіршіктің шығуы бойынша) көзіңізді жеткізіңіз, суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.

12.Науқастың хал-жағдайын әрбір 20-30 минут сайып бағалаңыз.

13.Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.

14.Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.

15.Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

16.Қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: егер де ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз(30минутқа), бірақ та тәулігіне 2-3 реттен кем емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]