- •Жұқпалық қауіпсіздік Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту
- •Қолды гигиеналық деңгейде тазарту
- •Қолды тері антисептигімен тазарту
- •Залалсыздандырылған қолғапты кию
- •Қолғапты шешу
- •Зарарсыздандыру заттардан жұмысшы ерітінділерді даярлау кестесі
- •Сұйық зарасыздандыру заттардан жұмысшы ертінділерді даярлау және есептеу кестесі
- •Су тегі асқын тотығының жұмысшы ертіндісін 0,5 % жуушы затымен 1л даярлау есебі
- •Медициналық тағайындаоған бұйымдарды тазарту кезеңдері
- •I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
- •Iі кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу
- •Жуушы ерітіндінің құрамы
- •Азопирам байқауының нәтижесі
- •III кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
- •Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына /Бикске салу/
- •II. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты қабылдау науқастың дене салмағын өлшеу
- •Науқастың бойын өлшеу
- •Педикулёз анықталған кездегі санитарлық тазарту
- •Гигиеналық душты жүргізу
- •Гигиеналық ваннаны жүргізу
- •Науқасты тасымалдау
- •Халі ауыр жағдайдағы науқасты каталкамен (қол арбамен) тасымалдау
- •Науқасты симс қалпына жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты ішімен жатқызу
- •Науқасты арқасымен жатқызу
- •Науқасты қырымен жатқызу
- •IV. Науқастың жеке бас тазалығы Функциональды кереуетті қолдану
- •Науқастың төсек – орнын дайындау
- •Халі ауыр науқастың төсек – орнының тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс)
- •Халі ауыр науқастың төсек- орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс) (екі медбикемен орындалады)
- •Ішкі киімді ауыстыру
- •Халі ауыр науқастың шашын күту
- •Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу
- •Қолдағы тырнақты қиып алу
- •Аяқтағы тырнақты қиып алу
- •Науқасты қырындыру
- •Қолтық ойығындағы шашты қыру
- •Қасағадағы шашты қыру
- •Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу
- •Ер адамның жыныс мүшесін жуу
- •Дәрет ыдысын /суднаны/ беру
- •Зәр қабылдағышты беру
- •Дәрет ыдысын және зәр қабылдағышты зарарсыздандыру ерітіндісіне толық батыру әдісі
- •Мұрын қуысын күту
- •Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
- •Алмалы- салмалы тіс протездерін күту
- •Су балансын анықтау және есептеу
- •Бөлінген сұйықтық
- •Енгізілген сұйықтық
- •VI. Науқасты тамақтандыру Халі ауыр науқасты тамақтандыру
- •Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан зонды арқылы тамақтандыру
- •Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру
- •Гастростоманы күту
- •VII. Қарапайым физиотерапиялық әдістер Сүлікпен емдеу. Оттегімен емдеу. Жылытқышты қолдану.
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •Қыша қағаздарын қою
- •Аяққа қыша ваннасын жасау
- •Ыстық ылғалды компресті қою
- •Салқын компресті қою
- •Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою
- •Парафин және озеокеритпен емдеу
- •Парафинді, озокеритті салу әдістері
- •IV. Кюветті-апликациялық әдіс (тәрелкелік).
- •Ылғалдатылған оттегін мұрын катетері арқылы беру
- •Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
- •Постдуральды (позициялық) дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)
- •I. Квинке бойынша дренажды қалыпты жасаңыз.
- •II. Науқасты арқасымен жатқызу
- •III. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз - «кереует астынан аяқ киімді іздеу» позасы.
- •IV. Науқасқа тізе шынтақ қалпын алуын ұсыныңыз - «намаз оқитын мұсылман» дене келбеті.
- •Позициялық дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)
- •VIII. Дәрі-дәрмектерді қолдану жолдары мен әдістері,ішке қабылдайтын дәрі-дәрмектерді үлестіру Таблетканы,капсуланы,дражені,пилюляны қолдану
- •Түндырманы,қайнатпаны,микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану
- •Тұнбаны, экстрактыларды (шырсөлді)қолдану
- •Науқасқа ұнтақты қолдану
- •Дәрі-дәрмектерді сыртқы жолмен енгізу Мұрынға дәрілік тамшыны тамызу
- •Көзге тамшы тамызу
- •Төменгі қабаққа көз майын жағу (тюбиктен, шыны таяқшамен)
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Жеке ингаляторды қолдану Дәрілік затты тыныс жолдарына дем алғанда ауыз арқылы енгізуге науқасты үйрету
- •Сеппені қолдану
- •Дәрілік жабысқақ пластырьды салу
- •Балауызды тік ішек арқылы енгізу
- •Майлы таңғышты орындау
- •Теріге майды жағу
- •Теріге майды сылап жағу
- •Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу
- •Дәрі-дәрмектерді парентеральды жолмен енгізу. Бір рет қолданатын шприцті құрастыру
- •Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері
- •Тері ішіне инъекцияны орындау
- •Тері астына инъекцияны орындау
- •Инсулинді енгізу
- •Бұлшық етке инъекцияны орындау
- •Көк тамырға инъекцияны орындау
- •Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданатын жүйені құрастыру
- •Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
- •IX. Пункциялар Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге (лапароцентезге) дайындау
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлынды тесуге (люмбальды) дайындау
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйегін тесуге (пункциясына) дайындау
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге дайындау
- •Тазалау клизмасын қою
- •Сифон клизмасын қою
- •Резенке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, гипертонгиялық, дәрілік) клизмаларын қою Дәрілік клизманы қою
- •Майлы клизманы қою
- •Дәрілік клизманы қою
- •Гипертониялық клизма қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Тазалау клизмасын қою
- •Сифон клизмасын қою
- •Резенке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Майлы клизманы қою
- •Дәрілік клизманы қою
- •Гипертониялық клизма қою
- •Хі. ҚУықты катетерлеу Әйелдердің қуығын катетерлеу
- •Ер адамның қуығын катетерлеу
- •Хіi. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау Лабораториялық анализге саусақтан қан алу
- •Выкуумды жүйе көмегімен көк тамырдан қанды алу.
- •Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
- •Қақырықты зерттеу
- •Қақырықты зерттеуге жинау ережесі
- •Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
- •Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
- •Аурухана жағдайында туберкулезге микроскопиялық зерттеу үшін қақырықты жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Жеке түкіргішті қолдану ережесі
- •Жұтқыншақтан жағынды алу
- •Мұрын қуысынан жағынды алу
- •Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
- •Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
- •Зимницкий байқауына зәрді жинау
- •Диастазаға зәрді жинау
- •Іс әрекет алгоритмі:
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Зәрдегі глюкозаны ұзынша сопақ тестімен анықтау
- •Розин байқауын жүргізу. (зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
- •Билирубинді ұзынша сопақ тестімен анықтау
- •Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу. (әйелдер үшін)
- •Медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
- •Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
- •Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
- •Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар Петри табақшасына алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті пробиркаға алу
- •Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу
- •Хii. Науқастарды эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулерге дайындау Науқасты бронхоскопияға дайындау
- •Науқасты фиброгастродуоденоскопияға дайындау
- •Науқасты колоноскопияға дайындау
- •Науқасты ректоромоноскопияға дайындау
- •Науқасты цистоскопияға дайындау
- •Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
- •Науқаты бронхографияға дайындау
- •Медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті медбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқасты асқазан және он екі елі ішекті ренгенологиялық зерттеуге дайындау
- •Посттық медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті медбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқасты ирригоскопияға дайындау.
- •Посттық медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентгенологиялық кабинеті медбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқасты көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындау
- •Посттық медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті медбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Асқазанды жуу
- •Асқазанды зондсыз әдіспен жуу
- •Науқасты дайындау және фракциялық әдіспен асқазан сөлін алу
- •Науқасты дайындау және ұлтабарды зондтау
- •Құсқан науқасқа алғашқы көмек көрсету
- •Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
- •Өкпе- жүрек реанимациясы
- •А ережесі. Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету
- •Іі. Сафардың үш құрамды әдісі
- •В ережесі. Өкпенің жасанды вентиляциясы
- •Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан - ауызға» жасау әдісі
- •Өкпеніңжасанды вентиляциясын «ауыздан - мұрынға» жасау әдісі
- •С ережесі. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау
- •Өлікті жайғастыру ережелері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
II. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты қабылдау науқастың дене салмағын өлшеу
Мақсаты: диагностикалық.
Қолдану көрсетілімдері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау, науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді бақылау.
Қарсы көрсетілімдері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.
Дайындаңыз: еденге орнатылатын таразыны, сырқатнаманы, қолғаптарды, 30х30 см зарарсыздандырылған клеенканы, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, клеенканы, тазартуға арналған шүберекті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз.
Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Таразының тілдері ноль қалпында болуы керек.
Таразының алаңына клеенканы төсеңіз.
Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен.
Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз.
Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз.
Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз.
Науқасқа таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз.
Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз.
Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.
Науқастың бойын өлшеу
Мақсаты: науқастың физикалық дамуын бақылау.
Қолдану көрсетілімдері: науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.
Дайындаңыз: бой өлшегішті, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенканы, клеенканы сүртетін шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.
Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.
Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.
Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.
Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.
Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.
Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.
Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.
Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ерітіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.
Педикулёз анықталған кездегі санитарлық тазарту
Мақсаты: аурухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерінен жою.
Қолдану көрсетілімдері: бит және сіркенің болуы.
Қарсы көрсетілімдері: тері ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға жүргізуге тыйым салынады.
Дайындаңыз: биттеуге қарсы қолданылатын жиынтықты: медициналық халатты, орамалдарды, (полиэтилен, шүберек, сірке су қышқылының 6% ерітіндісін, тістері жиі тарақты, педикулицидтердің біреуін («Ниттифор», «Антибит» лосьондарын, «Педилин» сусабынын), дәке тампондарды, лупаны, қырыну кешенін, киім-кешекті, зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қапты, клеенканы, резеңке қолғаптарды, цинкпен қапталған шелекті және астына қойғышты, стационарлық науқастың медициналық картасын, жұқпалы ауру туралы жедел хабар беретін форманы (Ф-058/у), жұқпалы ауруды есепке алатын журналды (Ф-060/у).
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқаспен жылы жүзді сенімді қарым қатынас жасаңыз.
Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Үстіңізге қосымша халат, қолғапты киіңіз, орамал тартыңыз.
Клеенка төселген кушеткаға немесе орындыққа науқасты (егер оның жағдайы көтерсе) отырғызыңыз. Иығын сүлгімен жабыңыз.
Педикулоцидтердің бірімен ылғалдандырылған тампонмен бастың шашты бөлігінің шетінен бастап біртіндеп шашты өңдеңіз (молынан ылғалдаңыз).
Басын полиэтилен орамалмен, оның үстінен шүберек орамалмен байлап қойыңыз, оны ұстайтын уақыт қолданылатын педикулициттердің түрімен байланысты.
Шашты ағынды жылы сумен, содан кейін су сабынмен немесе сабынмен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
Шашты жылы 6% сірке су қышқылы ерітіндісімен өңдеңіз, қайтадан басын полиэтилен орамалмен, үстінен шүберек орамалмен 20 минутқа байлап қойыңыз.
Шашты ағынды жылы сумен шайыңыз, сүлгімен құрғатыңыз.
Науқастың басын ақ қағаздың үстіне қисайтып, тістері араларынан сірке суымен мол ылғалдандырылған жіп өткізілген тістері жиі тарақпен 10-15 минут бойына шашты тараңыз.
Дәке тампондарын, қағазды өртеп жіберу үшін шелекке тастаңыз.
Науқастың және мейірбикенің киім-кешегін қапқа салып, зарарсыздандыратын камераға жіберіңіз, ал тарақты, қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Стационарлық науқастың медициналық картасының алғашқы бетіне «Р» биттеу айқындалды деген белгі қойыңыз (күні, тазарту уақыты және мейірбикенің қолы).
Биттеген науқасты аурухананың қабылдау бөліміндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына (Ф-060/у) тіркеңіз.
СЭС-қа телефон арқылы биттеу туралы жедел хабар беріңіз, соңынан Ф-058/у жолдамасын толтырыңыз.
Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, егер бит табылса, қайталап санитарлық өңдеу жүргізіңіз.
Ескерту: шашты қиюды және қыруды қажет болған жағдайларда өткізеді.
