Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
582 Кб
Скачать
☆

Ер адамның қуығын катетерлеу

Мақсаты: Дер кезінде қуықтан зәрді дер кезінде шығару, кейіннен табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.

Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр шығарудың тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөлу мүшелері және жыныс жүйелеріндегі операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.

Қарсы көрсетілімдері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит (ен қосалқыларының қабынуы), гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.

Асқынулар: уретральды қызба, уретраның, қуықтың шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережелерін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, зәр қабылдағышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, шымылдықты, жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.

2. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты шымылдықпен оңашалаңыз.

4. Науқасты арқасымен жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ашып жатқызыңыз.

5. Науқастың бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз (стандартты қара).

6. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

7. Науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (стандартты қара), жуу іс-әрекетін жүргізіңіз. Науқастың оң жағынан тұрыңыз, сол қолға залалсыздандырылған сүрткіні (салфетканы) алып, онымен жыныс мүшесі басынан төмен ораңыз.

8. Сол қолдың 3-4 саусақтары арасына жыныс мүшесін алып, сәл басын қысып, 1-2 саусақтармен сәл артық терісін ысырыңыз.

9. Оң қолдағы қыстырылған пинцетпен дәке тампоныналып, фурацилин ерітіндісіне суландырыңыз. Тампондарды ауыстыра отырып, жыныс мүшесінің басын жоғарыдан төмен зәр бөліну каналынан шетке қарай тазартыңыз.

10. Бірнеше тамшы залалсыздандырылған вазелин майын ашық сыртқы зәр шығару каналының тесігіне құйыңыз.

11. Пинцетті ауыстырыңыз.

12. Оң қолда қысылған залалды пинцетпен катетердің тұмсығынан 5-7 см қашықтықта алыңыз, катетердің шетін қолдың үстінен орап 4-5 саусақтар арасына қысыңыз.

13. Лотоктың үстінде катетерге 15-20 см ұзындықта залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.

14. Сол қолмен 1-2 саусақтармен жыныс мүшесінің басын жібермей ұстап, пинцетпен катетерді алғашқы 4-5 см-де енгізіңіз.

15. Пинцетпен катетерді тағы басынан 3-5 см ұстап, зәр шығаратын каналға 19-20 см ұзындықта ақырын енгізіңіз.

16. Сол қолмен жыныс мүшесін бір мезгілде түсіріңіз.

17. Катетердің қалған шетін зәрді жинайтын ыдысқа салыңыз.

18. Зәр бөліну ағымы тоқтағаннан соң оң қолға салынған пинцетпен (керісінше реттілікпен) катетерді абайлап шығарыңыз.

19. Қолмен қасаға үстінен іштің алдыңғы қабырғасын басыңыз.

20. Катетерді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

21. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты және сүртінділерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

22. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

23. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

Қуықты жуу

Мақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе ұсақ тастарды механикалық алып тастау. Зәр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.

Дайындаңыз:науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтарды; қуықты жууға арналған 370С дейін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фурацилин ерітіндісін немесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісін және т.б), Жане шприцін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдасты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқастың бөксе астына клеенканы және жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ашып жатқызыңыз.

  3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Залалсыздандырған қолғапты киіңіз.

  4. Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).

  5. Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз).

  6. Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз).

  7. 50-100мл мөлшеріндегі жылытылған фурацилин ерітіндісін Жане шприціне сорып алыңыз.

  8. Катетердің бос шетіне Жане шприцін жалғастырып, фурацилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа енгізіңіз.

  9. Катетерден Жане шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.

  10. Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз.

  11. Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітідіндісіне салыңыз.

  12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  13. Науқастың тұруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз.

Ескерту: қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]