Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standart_OSD_2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
582 Кб
Скачать
☆

Сифон клизмасын қою

Мақсаты: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышты, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.

Қолдану көрсетілімдері: улану, тазарту және жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда науқасты дайындау.

Қарсы көрсетілімдер: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы жарық жара немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған жүйені (жуан асқазан зонды шыны түтік көмегімен резеңке түтікке жалғастырылған), сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны оймышты, 20-220С температурасындағы 10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған легенді, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, клеенканы, жайманы, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2.Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Халатты, масканы, қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

3.Кушетка үстіне клеенканы төсеп легенге қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін легенді қойыңыз. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

4.Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек.

5.Жүйені дайындаңыз. Зондтың саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.

6.Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселелерді ашып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке еңгізіңіз.

7.Резеңкеге оймышты жалғастырыңыз, оймышты еңкейткен қалыпта науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.

8.Дайындаған оймышты 1 литр сумен толтырыңыз.

9.Оймыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала), оймышты жаймен жоғары көтеріңіз.

10.Оймышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны енкейте ұстаңыз, оймышты қайтадан аққан сұйықтықпен толғанша күтіңіз, ішіндегі сұйықтықты легенге құйыңыз.

11.Оймышты қайтадан сумен толтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.

12. Оймышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы ұшын легенге 10-20 минутка салып койыңыз.

13.Зондты ептеп шығарып алыңыз.

14.Анус тесігі айналасын тазартыңыз.

15.Сифон клизмасына арналған жүйені және оймышты зарарсыздандыру ерітіндісіне салып қойыңыз.

16.Қолғапты, алжапқышты, халатты, масканы, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Резенке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, гипертонгиялық, дәрілік) клизмаларын қою Дәрілік клизманы қою

Мақсаты: тік ішек арқылы дәрі-дәрмектерді енгізу.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұштықты, алмұрт тәрізді баллоншаны (спринцовканы), қолғапты , салфеткаларды, шпательді, вазелин майын, лотокті, тағайындалған ерітіндіні (май, эмульсия, тұзды ерітінді), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2.Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолғапты киіңіз.

3.Кушеткаға клеенканы, үстінен жайманы төсеңіз.

4.Науқасты кушетканың шетіне сол жақ қырына қарай жатуын, іш бұлшық еттерін босату үшін тізелерін бүгіп, оларды ішіне қарай келтіруін сұраңыз.

5.Шпательді қолдана отырып, алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығына вазелин майын жағыңыз.

6.Су моншасында t-380С дейін жылытып, даярланған ерітіндіні лотокқа құйыңыз.

7.Баллоншаны қысып, онан ауаны шығарыңыз, баллоншаның ұштығын лотокқа салып, оны ашыңыз, баллоншаға даярланған ерітіндіні сорып алып, онан ауа қалдығын шығарыңыз.

8.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ашып, ал оң қолмен жеңіл айналмалы қозғалыспен ептеп анал тесігіне ұштықты енгізіңіз. Алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығы 10-12 см тереңдікке енгізіледі.

9.Ақырын резеңке алмұрт тәрізді баллоншаны қысып, дәрілік ерітіндіні еңгізіңіз.

10.Сол қолмен алмұрт тәрізді баллоншаны ұстап отыра, оң қолмен оны «жоғарыдан төмен» бағытта, қалдық ерітіндіні тік ішекке қарай итере қысыңыз.

11.Анал тесігіне салфетканы ұстап отыра, ептеп айналмалы қозғалыспен алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын тік ішектен шығарыңыз, теріні салфеткамен алдынан артына қарай бағытта сұртіңіз. ( анал тесігіне қарай).

12.Науқастың бөкселерін тығыз қысыңыз, клеенка мен жаялықты жинап алыңыз.

13.Пайдаланған ұштықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14.Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, салфеткаларды контейнерге салыңыз.

15.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]