Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник ОП и РТТ.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу

Тежегіш шкивтердің дайындамасы ретінде болат құймаларды пайдаланады. Диаметрі 500 мм-ге дейінгі тежегіш шкивтерді әдетте орталық тесіксіз құяды. Барабанның таспалы тежегіштерінің шкивтерін фасонды сақиналы дайындама түрінде құяды.

Шкивтерді дайындау кезіндегі негізгі технологиялық шарттар төмендегідей [18]:

  • шкивтер мен дискілердің үйкелетін беттерінде ой-шұқырлық, қуыстық секілді ақаулар болмауы тиіс;

  • білік осіне қатысты шкивтердің жұмыстық беттерінің радиалды соққысы 0,15 мм-ден аспауы тиіс (сызбада басқа талаптар қойылмаған жағдайда);

  • қайнатылған қаяудың диаметрі 8 мм-ден аспауы, тереңдігі – қабырға қалыңдығының 1/4-нен аспауы, қаяулар саны – дөңгелектің 200 мм ұзындығына бір қаяудан кем болмауы тиіс.

Кішісериялы өндіріс кезінде және тежегіш шкивтерін жөндеу барысында сыртқы, ішкі және қасбеттік беттерді қаралтым және таза өңдеу дайындаманы бірнеше рет ауыстырып қондыру арқылы токарлық станоктарда жүргізіледі. Кілтектік шкивтерді ұрғыш станоктарда өңдейді.

Ірісериялы өндіріс кезінде операцияларды арнайы станоктарда орындайды. Негізгі операциялар 4.2-суретте көрсетілген [11].

4.2-сурет. Тежегіш шкивтерді өңдеудің негізгі операцияларының нобайлары

1-операция – токарлық немесе токарлық-карусельді станоктарда дайындаманың сыртқы, ішкі және қасбеттік беттерін алдын ала токарлық өңдеу. Операция өңделетін беттерде 1-10 сандарымен белгіленген 10 өтпеден тұрады.

2-операция – құрсаудың қалған бөлігін токарлық-револьверлік станокта өңдеу, тесіктерді бұрғылау және кеңейту. Формасына байланысты отырғызу тесігі алдын ала (конустық форма) немесе аяқталып (цилиндрлік форма) өңделеді. Соңғы жағдайда тесіктерді кеңейтіп бұрғылау өңдеудің соңғы өтпесі болып саналады (4-өтпе).

3-операция – токарлық-револьверлік станокта конус сызықшасын пайдалана отырып конус тесігін соңғы рет токарлық өңдеу.

4- операция – горизонтальді-тартқыш станокта кілтекті ойықты тарту.

5-операция – сыртқы бет бойынша ажарлау припускісімен сыртқы және қасбеттік беттерді токарлық өңдеу. Дайындама жылдам қысатын конустық құралбілікте бекітіледі.

6-операция – жартымуфталарды қосуға арналған болттар тесіктерін бұрғылау.

Осы операциялар орындалып болған соң, шкивтер соңғы термиялық өңдеуге жіберіледі, сонан соң цилиндрлік беттер ажарланады.

4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу

Конструкциялары бойынша машиналар мен таспалы конвейерлердің барабандары құйылмалы немесе пісірілмелі болады. Құйылмалы барабандарды болаттан (25Л-11) немесе шойыннан (СЧ15-32, СЧ18-36 немесе СЧ28-42) дайындайды. Олар құм немесе жартылай темірқорамды формаларда құйылады. Пісірілмелі барабандар әдетте таспалы конвейерлердің және арнайы крандардың механизмдерінде қолданылады. Механикалық өңдеу алдында болаттық құйылмалы және пісірілмелі барабандар нормализациядан өткізіледі.

Барабандарды механикалық өңдеу сыртқы беттерді өңдеу бойынша токарлық операциялардан, тесіктерді кеңейтіп, арықшаларды жасаудан және де бұрғылау операцияларынан тұрады. Пісірілмелі барабандарды өңдеу токарлық станоктарда екі рет өтіп орындалады.

Термиялық өңдеу кезінде қойылатын негізгі технологиялық талаптар:

- арнашаларды кескеннен соңғы барабан қабырғаларының қалыңдықтарының айырмасы қабырға қалыңдығының -нан аспауы тиіс.

- күпшектің жону осіне қатысты сыртқы жұмыстық бетінің соққысы, барабанның сыртқы диаметріне қойылатын шақтама жартысының аумағында болуы тиіс (барабанның екі ұшында да тексеріледі).

Бірінші операция кезінде (4.3-сурет) дайындаманың бір ұшы үш жұдырықшалы қысқыда бекітіледі, ал екіншісі станоктың артқы тұғырына құрастырылған орталық айналма дискіні А тірек етеді. Екінші операцияны орындау барысында дайындаманың бір ұшы қысқыға орналастырылса, ал екіншісі гидравликалық сүйеуіштің аунақшаларына Б тіреледі. Сонымен бірге, сұлбада барабандарды токарлық өңдеу кезінде қолданылатын кескіштер түрлері көрсетілген [13].

Барабандардың орталық тесіктерін кескіш станоктарда өңдейді. Барабан қабырғаларындағы тесіктерді (цилиндрлік беттерде болттарға арналған, қасбеттік беттерде тісті дөңгелектерді бекітуге арналған) кондукторларды пайдалана отырып, радиалды-бұрғылау станоктарында бұрғылайды.

Механикалық өңдеу барысында орын алған ақаулар жөнделуге тиіс [20].

4.3-сурет. Барабанды өңдеудің негізгі операциялары:

1-4 – кескіштер