- •К1. Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
- •1.2. Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
- •1.3. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
- •2.2. Тесіктерді тесіп-кеңейту және ішкі беттерді өңдеу
- •2.3. Бұранданы кесу
- •2.4. Дайындамаларды фрезерлеу
- •2.5. Беттерді ажарлау
- •2.6. Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары
- •2.7. Өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
- •3.2. Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
- •4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
- •4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
- •4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
- •4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
- •4.6. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу
- •4.7. Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау
- •4.8. Базалық және корпустық детальдарды механикалық өңдеу
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау
- •5.2. Детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру
- •5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
- •5.4. Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
- •6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
- •6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
- •6.4. Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау
- •6.5. Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
- •6.6. Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары
- •6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1 Жалпы мағлұматтар
- •7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
- •7.3. Роботтарды аспаппен жабдықтау және олардың қолданылуы
- •7.4. Өнеркәсіп және құрылыс нысандарында аппаттарды жою бойынша жұмыстарды орындауға арналған мобильді роботтар
- •Бақылау сұрақтары
- •1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
- •1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
- •1.3. Детальдар тозуы
- •1.4. Детальдар тозуына әсер ететін факторлар
- •1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
- •1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
- •1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
- •1.6.2.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
- •1.6.3. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
- •2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету
- •2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
- •2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
- •2.6. Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
- •3.2.Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.2.1.Тазалау-жуу (тжж) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары
- •3.2.2. Тазалаудың физика-химиялық әдістері
- •3.2.3. Тазалаудың термиялық әдістері
- •3.2.4. Майлау жұмыстары
- •3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
- •4.2. Темірұсталық - механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу
- •4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
- •4.4. Металдандыру арқылы жөндеу
- •4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
- •4.6. Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
- •4.7. Детальдарды полимерлік материалдармен жөндеу
- •4.8. Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру
- •4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
- •5.2.Тісті дөңгелектерді, барабандарды және шығыршықтарды жөндеу
- •5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер мен муфталарды жөндеу
- •5.4. Конвейер таспаларын жөндеу
- •5.5. Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
- •5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
- •6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш органдарын жөндеу
- •6.3. Металқұрылымдарды жөндеудің технологиялық үдерістері
- •6.4. Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
Орындайтын функцияларына байланысты өндірістік роботтар төмендегідей бөлінеді: көтеру-тасымалдау (қосымша), өндірістік (технологиялық) және әмбебап [10].
Көтеру-тасымалдау ӨР қосымша өтпелер немесе жылжу операцияларын орындауға арналған; тасымалдау операцияларында негізгі технологиялық жабдықты күту кезінде «ал-қой» тәріздес қимылдарды орындайды, дайындаманы орналастырып, детальді, аспапты, қондырғыны шешіп алады, детальдар пен жабдықтарды тазалайды.
Өндірістік (технологиялық) ӨР технологиялық операцияларды немесе өтпелерді орындауға арналған; ол негізгі технологиялық операцияларды (майыстыру, пісіру, сырлау, жинау т.б.) орындайтын шығарушы немесе өңдеуші машиналар есебінде технологиялық процеске бірден қатысады.
Әмбебап ӨР көтеру-тасымалдау (қосымша) және өндірістік (технологиялық) өнеркәсіптік роботтардың функцияларын орындай алады.
ӨР-да бағдарламалық басқару жүйесінің (ББЖ) үш типі қолданылады. Олар қозғалыс дәрежесінің жылжу дискреттігінің сипатына сәйкес бөлінеді: позициялық нүктеден нүктеге дейін, үздіксіз траектория бойынша контурлық (жұмыс орындарының жағдайы уақыттың әр мезетінде анықталған жағдайда) және комбинацияланған (әмбебап).
Берілетін ақпаратты тапсыру тәсілі бойынша ББЖ-лар бөлінеді: электрмеханикалық, циклдік (ЦБЖ), аналогтік (АБЖ), сандық (СБЖ) және аналогтік сандық (гибридті).
Электрмеханикалық жүйелерде ақпарат тіректер жағдайымен, уақыт релесін реттеумен, тарату механизмінің жұдырықшаларымен, көшірмелермен және т.б. беріледі.
Циклдік жүйелерде басқару командалары сандық түрде берілсе, ал геометриялық ақпарат механикалық тіректер немесе соңғы ажыратқыштарды қосу арқылы беріледі.
Аналогтік жүйелерде ақпарат потенциалдар түрінде беріледі. Мұндай жүйелерде элементтік база ретінде тұрақты токтың шешуші және операциялық күшейткіштері қолданылады.
Сандық жүйелерде (позициялық және контурлық) ақпарат жылдам ауыстырылатын тасығыштарда сақталынатын цифрлық кодтар түрінде келтіріледі. Гибридті жүйелерде әр түрдегі (сандық, аналогтік және т.б.) келтірілген ақпараттар қолданылуы мүмкін.
Өндірістік роботтар олардың конструктивтік-құрастыру сұлбасына қарай он топқа бөлінеді (7.4-сурет): едендік-жебелі; тельферлі-жебелі; көпірлі-жебелі; порталды-жебелі; едендік-шарнирлі-жебелі; порталды-шарнирлі-жебелі; едендік-шарнирлі; тельферлі-шарнирлі; көпірлі-шарнирлі; порталды-шарнирлі [10].
7.4-сурет. Өндірістік роботтардың жіктелуі:
А – едендік-жебелі; ә – тельферлі-жебелі; б – көпірлі жебелі; в – порталды-жебелі; г – едендік-топсалы-жебелі; ғ – порталды-топсалы-жебелі; д – едендік-топсалы; е – тельферлі-топсалы; ж – көпірлі топсалы; з – порталды-топсалы
Аспалы монорельсті роботтардың артықшылығы олардың өндірістік аланды үнемдеуінде және жабдықты күтуді ыңғайлылығында.
Робот қолы үш буыннан тұрады: күймешеден, иіннен және иіналды буыннан. Роботта сонымен бірге бейімделу элементтері болады. Қармауыш қондырғыда орнатылған датчик ыдыстағы дайындаманың бар-жоғын бақылайды.
