- •К1. Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
- •1.2. Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
- •1.3. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
- •2.2. Тесіктерді тесіп-кеңейту және ішкі беттерді өңдеу
- •2.3. Бұранданы кесу
- •2.4. Дайындамаларды фрезерлеу
- •2.5. Беттерді ажарлау
- •2.6. Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары
- •2.7. Өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
- •3.2. Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
- •4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
- •4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
- •4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
- •4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
- •4.6. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу
- •4.7. Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау
- •4.8. Базалық және корпустық детальдарды механикалық өңдеу
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау
- •5.2. Детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру
- •5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
- •5.4. Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
- •6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
- •6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
- •6.4. Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау
- •6.5. Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
- •6.6. Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары
- •6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1 Жалпы мағлұматтар
- •7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
- •7.3. Роботтарды аспаппен жабдықтау және олардың қолданылуы
- •7.4. Өнеркәсіп және құрылыс нысандарында аппаттарды жою бойынша жұмыстарды орындауға арналған мобильді роботтар
- •Бақылау сұрақтары
- •1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
- •1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
- •1.3. Детальдар тозуы
- •1.4. Детальдар тозуына әсер ететін факторлар
- •1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
- •1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
- •1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
- •1.6.2.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
- •1.6.3. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
- •2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету
- •2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
- •2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
- •2.6. Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
- •3.2.Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.2.1.Тазалау-жуу (тжж) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары
- •3.2.2. Тазалаудың физика-химиялық әдістері
- •3.2.3. Тазалаудың термиялық әдістері
- •3.2.4. Майлау жұмыстары
- •3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
- •4.2. Темірұсталық - механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу
- •4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
- •4.4. Металдандыру арқылы жөндеу
- •4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
- •4.6. Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
- •4.7. Детальдарды полимерлік материалдармен жөндеу
- •4.8. Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру
- •4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
- •5.2.Тісті дөңгелектерді, барабандарды және шығыршықтарды жөндеу
- •5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер мен муфталарды жөндеу
- •5.4. Конвейер таспаларын жөндеу
- •5.5. Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
- •5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
- •6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш органдарын жөндеу
- •6.3. Металқұрылымдарды жөндеудің технологиялық үдерістері
- •6.4. Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
Көлік техникасын күту мен жөндеу бірыңғай мақсатқа біріктірілген ұйымдастыру жүйесін құрайды. Оларға кіретіндер:
әр түрлі деңгейдегі пайдалану ұйымдарының жөндеу органдары (участок, кәсіпорын, бірлестік және т.б.);
оларды техникалық жарақтандыру (тұрақты және жылжымалы жөндеу құралдары, қосалқы бөлшектер және жөндеу материалдарымен қамтамасыз ету органдары, техниканы жөндеуге жеткізу және жөндеуден алып кету құралдары).
Тиімділіктің
максимал мәнін алу үшін техниканың ТК
және Ж жүйесі оның құрамдас бөліктерінің
(t
және tж)
ТК және Ж-ді өткізу уақытының төмендеуіне
белсенді түрде әсер ете алады.
ТК және Ж-ге кеткен уақыт шығыны едәуір және ол машинаның жұмыс уақытының жылдық қорының 22...31%-ын құрайды. Жоспарлы алдын алу шараларды орындауға машинаның жұмыс уақыты қорының орташа есеппен 13%-ы жұмсалады. Техниканың кенеттен тоқтап қалуын есепке алғанда алдын алу шаралардың нақты еңбексыйымдылығы жоспармен салыстырғанда 15...22%-ға өседі, ал жұмыс уақытының шығындары 2...4%-ға артып, 15...17%-ды құрайды.
Жұмыс тиімділігіне сонымен бірге мынадай факторлар әсер етеді: техниканы ТК және Ж кезінде қолданылатын жөндеуді ұйымдастыру түрлері, мамандар біліктілігі, жөндеу материалдары және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, техниканы жөндеуге жеткізуді ұйымдастыру, жөндеушілердің еңбек өнімділігін бағалау және т.б.
Өндіріс тиімділігін көтеруге төмендегілер әсер етеді:
адам еңбегінің шығынын азайтуға мүмкіндік беретін техника мен механикаландыру құралдарының ТК және Ж-ді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы түрлерін енгізу;
детальдарды қалпына келтірудің жоғары өнімділікті заманауи әдістерін енгізу;
еңбек өнімділігін арттыру үшін адам факторын белсене пайдалану.
Жөндеу стратегиясын екі белгісі бойынша жіктейді: жөндеу сипаты бойынша және әсер етуді басқаруды ұйымдастыру бойынша (2.3-кесте) [17]. Жөндеу сипаты бойынша үш стратегияны бөліп қарауға болады (шартты түрде оларды А, Б, В деп белгілейік). А стратегиясы – техникалық карау нәтижесін ескере отырып, белгіленген жұмысты істеп болған соңғы толық-жинақты машинаның меншіктелмеген жөндеуі; Б стратегиясы – жоғарыда айтылған жағдайда орындалатын толық-жинақты машинаның меншіктелген жөндеуі; В стратегиясы – жоғарыда айтылған жағдайда тораптар мен агрегаттарды ауыстыру жолымен орындалатын меншіктелген жөндеу.
2.3-кесте
Жөндеу стратегияларының байланысу мүмкіндіктері
Басқару бойынша стратегия |
Жөндеу сипаты бойынша стратегия |
||
А |
Б |
В |
|
I |
+ |
- |
+ |
II |
- |
+ |
- |
III |
- |
+ |
+ |
А стратегиясы кезінде жөндеуде тұрған машинадан алынған тораптар мен детальдар қалпына келтірілген соң сол машинаның өзіне жиналады.
Б стратегиясында берілген модельдегі кез келген машинадан алынған тораптар мен детальдар жөнделіп болған соң, сол модельдің таңдап алынған кез келген машинасына орналастыруға болады. Бұл стратегия детальдардың өзара ауыстырымдылық принципіне негізделген.
В стратегиясының мазмұны жөндеу процесінде берілген машинаны жинау сол модельдің басқа машинасынан шешіліп алынып, алдын ала жөнделген тораптар мен агрегаттардан жиналуға негізделген.
Жөндеуді басқаруды ұйымдастыруда да бірнеше стратегия қолданылады. Алғашқы кезекте шешілуге тиіс өзекті мәселе – жөндеуді орындау кімге бекітілуі керектігін анықтау.
Бірінші стратегия (I) – техниканы жөндеу машинаны пайдаланатын мекеменің өзінің жөндеу кәсіпорнының күшімен жүргізіледі.
Екінші стратегия (II) – техниканы жөндеуді осы машинаны шығаратын машина жасау саласы атқарады (фирмалық қызмет көрсету).
Үшінші стратегия (III) – жөндеуді бұл машиналарды не шығармайтын, не пайдаланбайтын арнайы мекемелер жүргізеді (мысалы, арнайы жөндеу басқармасы).
Жөндеу тиімділігіне екі фактордың да (жөндеу сипаты мен басқаруды ұйымдастыру) әсері мықты. Мысалы, кешенді стратегияның мүмкін болатын 9 нұсқасының бесеуін жүзеге асыруға болады (2.3-кесте) [17].
I А стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін машинаны пайдаланатын мекеме меншіктелмеген тәсілмен жүргізеді.
I В стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін машинаны пайдаланатын мекеме меншіктелген тәсілмен іске асырады.
II Б стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін меншіктелген тәсілмен машина жасау саласы атқарады.
III Б стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін меншіктелген тәсілмен арнайы мекеме (жөндеу заводы) орындайды.
III В стратегиясы – машинаны жөндеуді тозған тараптарды ауыстыру тәсілімен арнайы мекеме (жөндеу заводы, механикаландыру басқармасы) жүргізеді.
Стратегияның кез келген нұсқасының үйлесімділігін бағалау үшін критерийді, яғни осы нұсқаны таңдауға арналған шаманы бекіту қажет. Бекітілген шаманың сандық мәні бойынша қарастырылып отырған нұсқаларды салыстыруға мүмкіндік болуы тиіс.
Қабылданған критерий машинаны пайдалану мен жөндеуге жұмсалған жалпы шығынды үйлестіруі тиіс. Экономикалық тиімділікті бағалау кезінде жалпылама көрсеткен ретінде келтірілген шығындарды алуға болады:
;
(2.3)
мұндағы, Са – бір жыл ішіндегі ағымдағы (пайдалану) шығындары; ЕН – күрделі қаржы тиімділігінің нормативтік коэффииценті; К – күрделі қаржы.
Қарастырылып
отырған мысалда «күрделі қаржы»
терминіне машинаны күрделі жөндеуге
жұмсалған шығындар кіреді. Машина
күрделі жөндеуден өткен соң келесі
жөндеуге дейін бірнеше жыл жұмыс істеуге
тиіс болғандықтан,
көбейтіндісінің сандық мәні бір жылға
есептегендегі күрделі жөндеу шығындарының
үлесіне кіреді (жылдық үлес) [17].
Сонымен, жөндеу статратегиясының тиімділік критериі есебінде минимал келтірілген шығындар қолданылуы мүмкін:
Са+ЕНК
Wmin;
(2.4)
Ал стратегия тиімділігіне әсер ететін сапалы көрсеткіштерге төмендегілер жатады:
өндіріс сипаты (типі) – бірліктік, кішісериялы, сериялы, массалы (сериялық деңгей жоғары болған сайын өндірісті мамандандыру жағдайлары жақсара түседі);
өндірісті мамандандыру деңгейі (жөндеу өндірісінің мамандандыруы жоғары болған сайын жөндеудің еңбексыйымдылығы мен өзіндік құны төмен болады). Мамандандыру жөндеу сапасын арттырады және жұмысты механикаландыруға жағдай жасайды. Өз кезегінде еңбексыйымдылықтың төмендеуі жөндеуге жұмсалатын уақытты азайтады.
еңбек өнімділігі (оның өсуі механикаландыру деңгейімен тікелей байланысты);
жөндеудің өзіндік құны;
машинаны жөндеу уақытының азаюы;
жөндеу сапасын жоғарылату (жұмысты мамандандыру мен механикаландырумен тығыз байланысты);
арнайы жөндеу мекемесіне бөлінетін шығындар деңгейі;
материалдық-техникалық жабдықтау жағдайлары;
машинаны жөндеуге қоюға және жөндеуден алуға кететін тасымалдау қашықтығы (бұл көрсеткіш әсіресе құю өндірісінде маңызды рөл атқарады).
Тасымалдауға кететін уақыттың азаюы машинаның пайдалы жұмыс уақытын ұлғайтады.
Жөндеу стратегиясы көрсеткіштерінің сипаттамасы 2.4-кестеде келтірілген. Сондықтан жоғарыда айтылғандарды ескере, III Б және III В стратегияларына басымдық бере отырып, стратегияның соңғы нұсқасын нақты жағдайларға байланысты таңдау керек.
2.4-кесте
Жөндеу стратегияларының сипаттамасы
Көрсеткіштер |
Стратегия |
||||||
|
I А
|
I В
|
II В
|
III Б
|
III В
|
||
Өндіріс сипаты |
кішісериялы |
сериялы |
|||||
Мамандандыру деңгейі |
төмен |
өте жоғары |
жоғары |
||||
Механикаландыру деңгейі |
төмен |
қанағаттанарлық |
өте жоғары |
жоғары |
|||
Жөндеудің еңбексыйымдылығы |
өте жоғары |
жоғары |
өте төмен |
төмен |
|||
Жөндеудің өзіндік құны |
өте жоғары |
жоғары |
өте төмен |
төмен |
|||
Жөндеу сапасы |
біліктілікке байланысты |
қанағаттанарлық |
жаңа машина деңгейіне жақын |
жоғары |
|||
Машинаны жөндеуге және жөндеуден тасымалдау қашықтығы |
пайдалану ұйымының аймағында |
машинаның жұмыс аймағында |
сервис пункті анықтайды |
күту ауданы аймағында |
|||
Арнайы мекемеге жұмасалатын шығындар |
жоқ |
бар |
бар (сервис пунктері үшін) |
бар |
|||
Материалдық-техникалық жабдықтау жағдайлары |
қиындау |
қалыпты |
қалыпты |
қалыпты |
|||
