- •К1. Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
- •1.2. Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
- •1.3. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
- •2.2. Тесіктерді тесіп-кеңейту және ішкі беттерді өңдеу
- •2.3. Бұранданы кесу
- •2.4. Дайындамаларды фрезерлеу
- •2.5. Беттерді ажарлау
- •2.6. Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары
- •2.7. Өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
- •3.2. Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
- •4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
- •4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
- •4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
- •4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
- •4.6. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу
- •4.7. Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау
- •4.8. Базалық және корпустық детальдарды механикалық өңдеу
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау
- •5.2. Детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру
- •5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
- •5.4. Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
- •6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
- •6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
- •6.4. Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау
- •6.5. Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
- •6.6. Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары
- •6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1 Жалпы мағлұматтар
- •7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
- •7.3. Роботтарды аспаппен жабдықтау және олардың қолданылуы
- •7.4. Өнеркәсіп және құрылыс нысандарында аппаттарды жою бойынша жұмыстарды орындауға арналған мобильді роботтар
- •Бақылау сұрақтары
- •1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
- •1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
- •1.3. Детальдар тозуы
- •1.4. Детальдар тозуына әсер ететін факторлар
- •1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
- •1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
- •1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
- •1.6.2.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
- •1.6.3. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
- •2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету
- •2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
- •2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
- •2.6. Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
- •3.2.Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.2.1.Тазалау-жуу (тжж) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары
- •3.2.2. Тазалаудың физика-химиялық әдістері
- •3.2.3. Тазалаудың термиялық әдістері
- •3.2.4. Майлау жұмыстары
- •3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
- •4.2. Темірұсталық - механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу
- •4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
- •4.4. Металдандыру арқылы жөндеу
- •4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
- •4.6. Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
- •4.7. Детальдарды полимерлік материалдармен жөндеу
- •4.8. Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру
- •4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
- •5.2.Тісті дөңгелектерді, барабандарды және шығыршықтарды жөндеу
- •5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер мен муфталарды жөндеу
- •5.4. Конвейер таспаларын жөндеу
- •5.5. Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
- •5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
- •6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш органдарын жөндеу
- •6.3. Металқұрылымдарды жөндеудің технологиялық үдерістері
- •6.4. Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
Үйкеліс пен тозуды зерттеуді негізгі 4-сатыда жүргізуге болады:
- материалдың әртүрлі физика (химия)-механикалық қасиеттеріне баға беруге арналған зертханалық зерттеулер;
- материалдың үйкелісі мен тозуына әртүрлі факторлардың әсерін анықтауға арналған зертханалық зерттеулер;
- жаңадан жасалған бұйымдарға баға беруге арналған стендтік зерттеулер;
- машиналар немесе механизмдер жұмысының жалпы сенімділігін анықтауға арналған зерттеулер.
Кез келген саты өзінің алдындағы сатыдан материал жұмысының нақты жағдайына жақын дәрежесімен ерекшеленеді.
Тозуды анықтауға арналған әдістердің барлығын екі топқа бөлінеді:
- қосылыстағы детальдарды периодты түрде өлшеп отыру;
- машинаның тоқтаусыз жұмыс істеу кезінде жанама өлшем жүргізу.
1-ші әдіс бойынша өлшеу төмендегі жолдармен жүргізіледі:
- микрометрикалық өлшеу немесе микрометраж тәсілі. Мұны көбінесе детальдар тозуының абсолюттік шамасы үлкен болған кезде қолданады, бұл әдіс детальді тозуға зерттеудің алдында немесе соңында өлшеуге негізделген. Өлшеу дәлдігі әдетте 0,01...0,001 мм болады. Бұл әдіспен тозуды бағалау құралдары ретінде микрометрлер, индикаторлық ішкі өлшегіштер, иінтіректік қапсырмалар, иінтіректік-механикалық аспаптар, иінтіректік-оптикалық аспаптар, аспаптық және әмбебеп микроскоптар қолданылады;
- масса шығыны бойынша анықтау тәсілі. Бұл әдіс орташа детальдарды тозуға дейін және тозудан кейін өлшеу арқылы тозуды анықтауда қолданылады. Бұл әдістің дәлдігі таразының дәлдігіне байланысты және (0,05...5)*10-8г. шамасында болады. Өлшеу құралдары ретінде әртүрлі аспаптық таразылар пайдаланылады;
- жасанды базалар тәсілі. Үйкеліс бетінен тереңдік түбіне дейінгі қашықтықты есептеуге негізделген.
Бұл аталған тәсілдер өндірісте де, ғылыми зерттеуде де қолданыла береді;
2-ші әдіс те бірнеше тәсілдер арқылы жүзеге асады:
- тозу өнімінің пайдаланылған майдағы құрамы бойынша. Бұл тәсіл стендтік зерттеуде қолданылады, яғни тозу өнімдерінің (металдық бөлшектер және олардың тотықтары) майлау майларын жинайды, одан сынама алады, жағады да қалған металл құрамына қарап тозуға баға береді;
- радиоактивті изотоптар көмегімен. Мұнда зерттеу үлгісіне вольфрамның, кобальттың, сурьманың радиоактивті изотоптарын енгізеді. Тозу кезінде үлгі маймен қоршалады да, тозу өнімдері радиоактивті изотоптармен бірге кетеді.
1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
Үйкелетін детальдарды төмендегі материалдардан дайындайды:
конструкционды (болат 45,40ХН)
фрикционды (феррокерамика, металкерамика) - мұнда үйкеліс коэффициенті жоғары болады (текстолит, шойын, болат 46,47, марганец)
антифрикционды (шойын, қола, жез, баббит), бұларға қойылатын талаптар: шектік қабаттың пайда болуындағы жоғары температура кезінде статистикалық және динамикалық беріктіктің жеткіліктілігі, төмен үйкеліс коэффициенті, технологиялылығы, дефицит еместігі.
тозуға төзімді (қабат-қабат тілімшелер жапсырмасы түріндегі метариалдар, фрикционды муфталардың дискілері), тозуға төзімділік беріктеу технологияларымен қамтамасыз етіледі.
Бір материалда бұл қасиеттердің барлығын табу мүмкін емес. Сондықтан үйкеліс жұптарында материалдарды таңдау, конструкциясын есепке алу, үйкеліс тораптарының арналуын, пайдалану жағдайлары мен беріктік бойынша талаптарды, жұмыс істеу мерзімін, сенімділік пен құнын, пайдалану шығындарын және т.б. ескеру қажет.
