- •К1. Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
- •1.2. Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
- •1.3. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
- •2.2. Тесіктерді тесіп-кеңейту және ішкі беттерді өңдеу
- •2.3. Бұранданы кесу
- •2.4. Дайындамаларды фрезерлеу
- •2.5. Беттерді ажарлау
- •2.6. Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары
- •2.7. Өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
- •3.2. Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
- •4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
- •4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
- •4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
- •4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
- •4.6. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу
- •4.7. Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау
- •4.8. Базалық және корпустық детальдарды механикалық өңдеу
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау
- •5.2. Детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру
- •5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
- •5.4. Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
- •6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
- •6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
- •6.4. Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау
- •6.5. Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
- •6.6. Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары
- •6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1 Жалпы мағлұматтар
- •7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
- •7.3. Роботтарды аспаппен жабдықтау және олардың қолданылуы
- •7.4. Өнеркәсіп және құрылыс нысандарында аппаттарды жою бойынша жұмыстарды орындауға арналған мобильді роботтар
- •Бақылау сұрақтары
- •1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
- •1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
- •1.3. Детальдар тозуы
- •1.4. Детальдар тозуына әсер ететін факторлар
- •1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
- •1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
- •1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
- •1.6.2.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
- •1.6.3. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
- •2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету
- •2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
- •2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
- •2.6. Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
- •3.2.Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.2.1.Тазалау-жуу (тжж) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары
- •3.2.2. Тазалаудың физика-химиялық әдістері
- •3.2.3. Тазалаудың термиялық әдістері
- •3.2.4. Майлау жұмыстары
- •3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
- •4.2. Темірұсталық - механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу
- •4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
- •4.4. Металдандыру арқылы жөндеу
- •4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
- •4.6. Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
- •4.7. Детальдарды полимерлік материалдармен жөндеу
- •4.8. Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру
- •4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
- •5.2.Тісті дөңгелектерді, барабандарды және шығыршықтарды жөндеу
- •5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер мен муфталарды жөндеу
- •5.4. Конвейер таспаларын жөндеу
- •5.5. Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
- •5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
- •6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш органдарын жөндеу
- •6.3. Металқұрылымдарды жөндеудің технологиялық үдерістері
- •6.4. Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бақылау сұрақтары
Деталь, жинақ бірлігі және бұйымға анықтама беріңіз.
Технологиялық үдеріс элементтерін атаңыз (технологиялық операция, технологиялық ауысу, қондыру және т.б.)
Машина жасаудағы өндіріс типтерін атаңыз.
Массалы өндірісті сипаттайтын белгілерді көрсетіңіз. Оның сериялық өндірістен айырмашылықтары қандай?
Машина конструкцияларының технологиялылығы дегеніміз не? Технологиялылық және технологиялылық емес элементтерге мысал келтіріңіз.
Машина конструкциясының сабақтастығы қандай көрсеткіштермен сипатталады?
Машинаның кешенді қасиеті ретінде сенімділікке қандай сипаттама беруге болады?
Механикалық өңдеу дәлдігіне анықтама беріңіз.
Қателіктердің қандай түрлері болады? Олардың пайда болу себептері қандай?
10.Технологиялық үдерістер дәлдігін есептеудің қандай әдістері бар?
11.Детальдардың беттік сапасына және пайдалану қасиеттеріне қандай факторлар әсер етеді?
12.Базалау дегеніміз не?
13.Технологиялық, өлшегіш және қондыру базалары дегеніміз не?
14. Әмбебап-жинау айлабұйымдарының артықшылықтары және оларды қолдану тиімділігі қандай?
2-тарау. ДЕТАЛЬ БЕТТЕРІН ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
Цилиндрлік беттерді қаралтым өңдеу. Қаралтым өңдеу кезінде дайындама берік бекітілуі тиіс, себебі кескіштер жоғары кесу жылдамдығы есебінен қимасы үлкен жоңқаларды алады, нәтижесінде кесу күштерінің мәні өседі.
Өтпелі тіректік кескіштер (2.1-сурет) [10] өлшемдері шамалы артықтау болаттан және шойыннан жасалған дайындамаларды өңдеуде қолданылады. Бұл кескіштердің пландағы басты бұрышы 900-қа тең, әрине, бұл жұмыс барысындағы діріл деңгейінің төмендеуіне септігін тигізеді. Қатты емес детальдарға тіректі кескіштерді қолданған абзал.
2.1-сурет. Қаралтым өңдеуге арналған кескіштер
Кесу тереңдігі онша үлкен емес және салыстырмалы түрде алғанда припускісі тең дәрежедегі болаттардан жасалған дайындамаларды өңдеуде Т14К8, Т15К6, Т15К6Т қорытпалардан жасалған кескіштер қолданылса, ал припускілері тең дәрежеде емес және жүктемелері айнымалы болатын шойындардан жасалған дайындамаларды қатты қорытпалы ВК2 және ВК4 кескіштермен өңдейді.
Жылдам кескіш өтпелі кескіштердің алдыңғы бұрышының шамасы өңделетін материалға және кескіштің алдыңғы бетінің формасына қарай таңдап алынады. Берілістің мәні 0,2 мм/айн-ға дейін болса, артқы бұрыш -ны 120-қа тең етіп жасайды, ал жоғары берілістерде оның мәні 80 болады. Кіші диаметрді және ұзын өлшемді сатылы дайындамаларды өңдеуге арналған кескіштердің пландағы басты бұрышының мәнін 900 деп қабылдайды. Ал қаттылығы төмен дайындамаларды өңдеуде =650…700, одан қаттылау дайындамаларды өңдеуде =30…600. Беріліс 0,2 мм/айн-ға дейін болғанда, кескіштің төбесіндегі радиус 0,5...5,0 мм-ді құраса, ал 0,2 мм/айн-нан жоғары болған жағдайда ол радиус 1,0...3,0 мм аралығында болады.
Цилиндрлік беттерді таза өңдеу. Таза өңдеу кезінде дайындаманың жылжып кетуі орын алмас үшін детальдың бекітілуі берік болуы тиіс. Аз беріліспен өңдеу кезінде қолданылатын таза өңдеу кескіштерінің тұмсықтары сүйір (2.2-сурет а) болуы және екі жаққа да (солға – оңға) жұмыс істей беруі тиіс. Ал жоғары беріліспен өңдеу кезінде қолданылатын таза өңдеу кескішінің тұмсығы күрек тәріздес болуы (2.2-сурет ә) керек.
2.2-сурет. Таза өңдеуге арналған кескіштер:
а – сүйірұшты; ә – кеңейтілген (күректі)
Таза өңдеуге арналған жылдам кесетін кескіштердің алғы беттерінің, алдыңғы және басқа да бұрыштарының формасын таңдау барысында қаралтым өңдеу кезінде қолданылатын кескіштерге арналған ұсыныстарды пайдалануға болады. Бет кедір-бұдырлығының төмен деңгейін алу үшін кескіштің алдыңғы бұрышы жоғары болуы тиіс.
Болаттан жасалған дайындамаларды таза өңдеуге арналған кескіштердің артқы бұрышы =120 болса, ал шойыннан жасалған дайындамаларды өңдеуде =100 болуы тиіс.
Цилиндрлік беттерді өңдеудің екі әдісі қолданылады. Радиалды беріліспен жону әдісінде қысқа цилиндрлік мойыншаларды өңдеуде бунақтық және тұмсығы кең кескіштер қолданылады (2.3-сурет а). Ал бойлық беріліспен жону әдісі өңдеудің ең көп таралған түрі болып саналады (2.3-сурет ә).
2.3-сурет. Цилиндрлік беттерді жону әдістері:
а – радиалды беріс әдісімен; ә – бойлық беріс әдісімен
Цилиндрлік беттерді әдетте екі немесе бірнеше жұмыс жүрісі арқылы өңдейді: алдымен припускінің көп бөлігін қаралтым етіп жонады (диаметрге 6 мм-ге шейін), сонан соң қалған бөлікті жонады (диаметрге 1 мм-ге дейін).
Білік диаметрінің қажетті размерлерін алу үшін көлденең беріліс лимбісін пайдаланады және пробалық жұмыс жүрісі әдісі бойынша кескішті берілген размерге орналастырады. Лимбтарды пайдалану арқылы өңдеу дәлдікті 8-9-шы квалитеттер бойынша қамтамасыз етеді. Бойлық лимбтарды пайдалану бойлық размерлерді 0,2 мм-ге дейінгі дәлдікпен алуға мүмкіндік береді. Реттегіш тіректермен құралкүймешіктің өздігінен өшуін қолдану барысында бойлық размерлердің дәлдігі 0,08...0,15 мм-ге шейін жетеді де, өнімділік жоғарылайды. Жылдам режимдерде жұмыс істеу барысында артқы центрлер айналмалы болуы тиіс.
2.4, а-суретте келтірілген сұлба бойынша қаралтым жону орындалады, кей кездері екі рет бекіту арқылы дайындамалардың кішігірім партияларының жартылай таза өңдеуі жүргізіледі. Дайындаманың бір жартысын диаметрдің берілген размеріне дейін жонып болған соң (2.4-сурет ә), оны центрлерде қайта орналастырады да, дайындаманың екінші жартысын өңдейді (2.4-сурет б) Прокаттан жасалған сатылы дайындамаларды қаралтым өңдеу кезінде жекелеген сатыларды өңдеу кезегін дұрыс таңдаған маңызды.
2.4-сурет. Бір жұмыстық жүрісте өңдеу сұлбасы.
а – жалпы сұлба; ә – бірінші орнық; б – екінші орнық
Егер сатылы біліктерді өңдеу кезінде бойлық жонудан соң кертпештерді кесу қажет болатын болса, онда олардың таза өңдеуін сатылы дайындаманың барлық цилиндрлік участоктарын өңдеп болған соң жүргізеді (2.5-сурет а).
2.5-сурет. Сатылы біліктерді таза өңдеудің сұлбалары
Сатылы дайындамалардың таза өңдеуін цилиндрлік беттерді өңдеуге де, бунақтар мен кертпештерді кесуге де бейімді құрама кескіштермен 2.5-суретте ә көрсетілген сұлба бойынша жүргізген жөн. Кіші сериялы өндірісте еңбек өнімділігін өсіру үшін сатылы біліктерді көшірмелер немесе қимаүлгілер көмегімен өңдеуге болады.
