Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник ОП и РТТ.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау

Машина паркін пайдаланудың қарқындылығы, машина өнімділігі мен бірлік қуаттың өсуі, электрлік және гидравликалық жетектердің кеңінен қолданылуы қазіргі кезде жөндеу өндірісіне жоғары талаптар қоя бастады. Сондықтан да жөндеу түрлері мен әдістерінің маңызы артып тұр. Машина жөндеудің меншіктелген және меншіктелмеген түрлері болады.

Меншіктелмеген жөндеу кезінде қалпына келтіру операциялары жөнделетін детальдар мен тораптардың берілген машина моделінің белгілі бір түріне тиісті екеніне байланысты жүргізіледі. Бұл жөнделген бөлшектер жөндеуден өткен соң қай машинадан алынса, сол машинаға құрастырылады дегенді білдіреді. Негізгі кемшіліктері: жөндеу кәсіпорындарында үлкен өндірістік алаңның қажет болуы және жөндеудің ұзаққа созылуы. Жөндеудің бұл түрі бірліктік немесе кішісериялы өндіріске лайықты.

Меншіктелмеген жөндеу кезіндегі өндірісті ұйымдастырудың әдісі – бригадалық (әмбебап немесе арнайы бригадалар). Әмбебап бригадалардың жұмысы кезінде бригаданың әр мүшесі кез келген торапты жөндей алатындай болғандықтан жұмысшыларға жоғары біліктілік талабы қойылады. Сонымен бірге әр бригаданың өзінің қажетті аспаптары мен жабдықтары, қосалқы бөлшектері және машинаның барлық тораптарын жөндеуге арналған техникалық құжаттамалары болуы тиіс.

Арнайы бригаданың жұмысының нәтижесі әмбебаппен салыстырғанда жоғарылау болады. Бұл жағдайда бөлшектеу-құрау жұмыстарын бір бригада орындаса, ал тораптарды жөндеуді басқа бригада жүргізеді, жөндеуді белгілі бір жұмыс посттарында орындайды.

Меншіктелген әдістің сипаты – бір маркадағы барлық машинаның бөлшектерін шешу және дефектациялау кезінде меншіктейді, ал жөнделіп болған немесе жаңа детальдардан меншіктелген тораптарды жинайды да, берілген модельдегі машинаның кез келгеніне орналастырады. Машиналарды дайындау кезінде детальдар мен тораптардың өзара ауыстырымдылығына негізделген бұл әдіс қазіргі кезде жөндеудің негізгі әдісі болып тұр. Бұл әдіс жөнделетін бөлшектер партиясын ірілендіруге, сериялы өндірістің ерекшеліктерін пайдалануға, яғни ішкізаводтық мамандандыруды жүргізуге, жоғары өнімділікті жабдықтарды қолдануға, технологиялық үдерістерді механикаландыру және автоматтандыруға, жеке операцияларда жұмысшыларды мамандандыруға мүмкіндік береді. Меншіктелген әдіс сонымен бірге өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістері: агрегаттық- тораптық және ағымдық әдістерді қолдануға мүмкіндік жасайды. Жөндеуді ұйымдастырудың агрегаттық-тораптық әдісі күрделі жөндеу кезінде толық, ал ағымдық жөндеу кезеңде айналма қордан келіп түсетін жөнделген детальдармен бөлшектеп ауыстыруды қарастырады.

Айналма қор дегеніміз – машина паркінің меншіктелген жөндеуін қамтамасыз етуге арналған жөнделген жинақ бірліктерінің белгілі бір қоры. Алғашында бұл қор жаңа тораптар мен кейбір бөлшектерді қалпына келтіру негізінде жинақталады, ал ағымдағы толықтырылуы тораптарды жөндеу есебінен жүргізіледі.

Бұл әдіс жөндеу кәсіпорындарында да, пайдалану жағдайында да, яғни құрылыс нысандарында қолданыла береді. Сонымен қатар жөндеуді ұйымдастырудың агрегаттық-тораптық әдісі өндірістің көптеген салаларында, мысалы, автомобильдерді, вагондарды, тракторларды, экскаваторларды, станоктарды және т.б. жөндеуде кең қолданыс табуда.

Машина жөндеуді ұйымдастырудың агрегаттық-тораптық әдісін жүргізу көбінесе арнайы кәсіпорындарда көрініс табады. Бұл кәсіпорындар құрамында агрегаттық әдіспен жөндеу участоктары бар, олардың функцияларына айналма қорды құру және оны қажетті деңгейде ұстап тұру, оны сақтауды, тасымалдауды, жөндеуге беру мен жөндеуден алуды қамтамасыз ету кіреді.

Жөнделген тораптар мен агрегаттарды машиналарды жөндеу орнына жеткізу автожолдағы немесе теміржолдағы жылдам монтаждау кешені (2.4-сурет) көмегімен жүзеге асырылады .

2.4-сурет. Темір жолдағы жылдам монтаждау кешені:

1 – ұсталық бөлімі бар тұрғын вагон; 2 – тартосьті платформа; 3 – экскаватордың жүріс арбашасы; 4 – қозғалтқышты контейнер; 5 – экскаватор агрегаттары; 6 – шөміш; 7 – автомобильдік кран

Теміржолдағы жылдам монтаждау кешенінің жұмысы кезінде жөндеу алаңы жөнделетін машиналардың жұмыс орнына жақын жерден таңдап алынады. Жөндеу алаңына айналма қор тораптарының контейнерлері, монтажды кран, пісіру агрегаты және басқа да жабдықтар жеткізіледі. Гидрокранды қондырғылары бар автошеберханаларды қолдану кезінде (2.5-сурет) автономды монтажды кранды қолданудың қажеттігі болмайды.

Ал ағымдық әдіс бір маркадағы машиналарды көп көлемде жөндейтін заводтарда қолданылады. Жөндеуді ұйымдастырудың ағымдық әдісінің мәні технологиялық үдерістің, оның жүру бағытымен орналасқан белгілі бір жұмыс орындарында орындалатын жеке операцияларға бөлінуінде. Бұл әдіспен машиналарды жинау-бөлшектеу және детальдарды қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылуы мүмкін. Ал технологиялық үдерісті операцияларға бөлу ағымдық желінің тактісімен (ритммен) сәйкестендірілуі тиіс. Ағымдағы жинау жұмыстарын сәйкестендірілген жинау постарында орындайды.

2.5-сурет. Бульдозерді агрегаттық әдіспен жөндеу кезіндегі гидрокранды шеберхананы орналастыру сұлбасы:

1 – қайта жинақталатын бульдозер; 2 – қайырма; 3 – алдыңғы тірек; 4 – шынжыртабанды арбаша; 5 – қозғалтқыш; 6 –жиналатын бульдозер; 7 – гидрожабдық; 8 – шеберхана; 9 – сөрелер; 10 – детальдарды жуатын шомылғы;

- -------- қайта жинақталатын агрегаттар; ________- жинақталатын агрегаттар

Посттар жылжымалы (салмағы ауыр емес машиналардың үлкен сериясын жөндеуде) және тұрақты (салмағы ауыр машиналардың кіші сериясын жөндеуде) болуы мүмкін.

Жөндеуді ұйымдастырудың ағымдық әдісі бүкіл өндірістік үдерісті нақты жобалауды талап етеді. Цехтардың барлығы да (бөлшектеу, жөндеу, жинау) бекітілген ритмге сәйкес жинаудың ағымдық желісін қажетті бөлшектермен қамтамасыз етіп отыруы тиіс.

Жөндеу әдістеріне жасалған талдау классификациялық сұлбаны құруға мүмкіндік береді (2.6-сурет), оның бөлінуінің белгілеріне жататындар:

    • қалпына келтірілетін детальдар мен жинақ бірліктерінің орналастырылатын машинаға жөндеу әдісі үшін қажеттілігі;

    • технологиялық процестің бөліну дәрежесі өндірісті ұйымдастыру әдісі үшін.

Айтылған сипаттамаларына сәйкес 2.5-кестеде негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер бойынша жөндеу әдістерінің сапалы бағасы берілген [17].

Сонымен бірге 2.5-кестеде өндірісті ұйымдастырудың әртүрлі әдістерімен меншіктелген немесе меншіктелмеген жөндеуді орындайтын жөндеу кәсіпорындарының техника-экономикалық көрсеткіштері келтірілген. 2.6-кестені талдау барысында меншіктелген жөндеудің бәсекеге түспейтін артықшылықтарын байқауға болады.

2.6-сурет. Өндірісті ұйымдастыру және жөндеу әдістерінің жіктелуі

2.5-кесте

Өндірісті ұйымдастырудың әртүрлі әдістері кезіндегі жөндеу кәсіпорындарының техника-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Жөндеу әдісі

Бір жөндеудің өзіндік құны

Меншіктелмеген

Меншіктелген (меншіктелмегенге пайызбен)

агрегаттық-тораптық

ағымдық

100

86

82

Өнімді шығару:

-бір өндірістік жұмысшыға

-1 м2 өндірістік ауданға

100

100

125

116

174

149

Қайтару қоры

100

136

144

2.6-кесте

Жөндеу әдістерінің сипаттамасы

Көрсеткіштер

Жөндеу әдісі

Меншіктелмеген

Меншіктелген

тұйықтық

арнайы бригада

агрегаттық-тораптық

ағымдық

Технологиялық процесті бөлшектеу дәрежесі

бөлшектенбеген

аз бөлшектенген

тораптар бойынша бөлшектеу

толық бөлшектеу

Жөндеу уақыты

өте ұзақ

ұзақ

нормадан төмен

ең қысқа

Еңбек шығындары

өте жоғары

жоғары

нормативтік

нормадан төмен

Жөндеудің өзіндік құны

өте жоғары

жоғары

оңтайлы

оңтайлыдан төмен

Еңбек өнімділігі

өте төмен

төмен

жоғары

ең жоғары

Негізгі қорды пайдалану

өте төмен

төмен

толық

толық

Кадрлар әмбебаптығының дәрежесі

кең әмбебаптық

әмбебап

мамандандыру

ауқымы аз мамандандыру

Жұмыс орнын материалмен, аспаппен, техникалық құжаттамамен жабдықтау

өте қиын

қиын

қалыпты

жеңіл

Сапаны бақылау әдісі

машиналарды сынау

тораптарды сынау

2.5. ЭЕМ-ды қолдану арқылы машиналарды жөндеу жүйесінің параметрлерін есептеу және үйлестіру

Соңғы кездері көлікті жөндеу кәсіпорындарында «Машиналар мен жабдықтарды жөндеудің бейімдеу жүйесі» атты қолданбалы бағдарламалардың пакеттік алгоритмдері кеңінен қолданыс табуда. ЭЕМ-ды кеңінен қолдану базасындағы жөндеудің бұл бейімдеу жүйесі ТК мен Ж-ді оперативті жоспарлауды, ұйымдастыру мен басқаруды машиналардың техникалық жағдайлары бойынша аз шығындармен орындауды қамтамасыз етеді. Жөндеудің бұл бейімдеу жүйесінің қолдану аясына тау-кен, автокөлік және жол-құрылыс, теміржол салу, метроқұрылысы мен гидроқұрылыс кәсіпорындары жатады.

Жасалған бірыңғай әдістеме, алгоритмдер мен бағдарламалар ЭЕМ-да төмендегілерді орындауға мүмкіндік береді:

    • машиналарды жөндеу мен пайдалану бойынша статистикалық ақпараттарды жинау және өңдеу;

    • ықтималдылық-үйлесімділік модельдерінің көмегімен машиналар және олардың бөліктерінің дифференциалдық жөндеу нормативтерін бекіту;

    • ТК мен Ж-дің жылдық кестесін жасау;

    • жөндеудің еңбексыйымдылығын, қосалқы бөлшектер түрлері мен қажетті санын есептеу;

    • ТК мен Ж-ге жұмсалатын меншікті шығындарды анықтау.

ТК мен Ж-і өткізу мерзімі мен тиімді көлемдері диагностика деректерін ескере отырып, үйлестіру әдістері көмегімен бекітіледі.

Берілген алгоритм бойынша жасалған жөндеудің бейімдеу жүйесінің бағдарламалар пакеті темір жол тоннельдері құрылысында пайдаланылады және жақсы көрсеткіштерге ие.

Пакеттің «База» атты бірінші бағдарламасы машиналарды ТК мен нақты жөндеулері және жұмыстың есептік карточкасы деректері негізінде статистикалық ақпаратты жинақтау мен сақтауға арналған.

Пакеттің «Пайдалану» атты екінші бағдарламасы ТК мен Ж-ге кеткен нақты еңбек және материалдық шығындар, машинаны пайдалану тиімділігі жайлы ақпараттылықты қамтамасыз етеді.

Пакеттің «Стат» атты үшінші бағдарламасы ресурстар мен детальдар сенімділігінің, жинақ бірліктерінің, жалпы машинаның ықтималдылық сипаттамаларын белгілейді.

Пакеттің «Жөндеу» атты төртінші бағдарламасы пайдалану жағдайларына сәйкес машиналарды ТК мен ағымдық жөндеудің жылдық кестелерін, үйлесімді жөндеу нормативтерін жасауға арналған.

Жөндеудің бейімдеу жүйесін енгізу ТК мен Ж-ді өткізудің шығындарын азайтуға мүмкіндік жасайды: материалдық – 10%-ға, еңбек – 10...20%-ға, машиналардың жоспарлы жөндеуде тұру уақытын 10...15%-ға азайтады.