- •К1. Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
- •1.2. Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
- •1.3. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
- •2.2. Тесіктерді тесіп-кеңейту және ішкі беттерді өңдеу
- •2.3. Бұранданы кесу
- •2.4. Дайындамаларды фрезерлеу
- •2.5. Беттерді ажарлау
- •2.6. Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары
- •2.7. Өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
- •3.2. Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
- •4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
- •4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
- •4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
- •4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
- •4.6. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу
- •4.7. Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау
- •4.8. Базалық және корпустық детальдарды механикалық өңдеу
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау
- •5.2. Детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру
- •5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
- •5.4. Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
- •6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
- •6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
- •6.4. Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау
- •6.5. Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
- •6.6. Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары
- •6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1 Жалпы мағлұматтар
- •7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
- •7.3. Роботтарды аспаппен жабдықтау және олардың қолданылуы
- •7.4. Өнеркәсіп және құрылыс нысандарында аппаттарды жою бойынша жұмыстарды орындауға арналған мобильді роботтар
- •Бақылау сұрақтары
- •1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
- •1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
- •1.3. Детальдар тозуы
- •1.4. Детальдар тозуына әсер ететін факторлар
- •1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
- •1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
- •1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
- •1.6.2.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
- •1.6.3. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
- •2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету
- •2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
- •2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
- •2.6. Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
- •3.2.Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.2.1.Тазалау-жуу (тжж) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары
- •3.2.2. Тазалаудың физика-химиялық әдістері
- •3.2.3. Тазалаудың термиялық әдістері
- •3.2.4. Майлау жұмыстары
- •3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
- •4.2. Темірұсталық - механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу
- •4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
- •4.4. Металдандыру арқылы жөндеу
- •4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
- •4.6. Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
- •4.7. Детальдарды полимерлік материалдармен жөндеу
- •4.8. Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру
- •4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
- •5.2.Тісті дөңгелектерді, барабандарды және шығыршықтарды жөндеу
- •5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер мен муфталарды жөндеу
- •5.4. Конвейер таспаларын жөндеу
- •5.5. Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
- •5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
- •6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш органдарын жөндеу
- •6.3. Металқұрылымдарды жөндеудің технологиялық үдерістері
- •6.4. Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
Кранның жүріс құрылғысының ең қарапайым жинақ бірлігі ретінде жүріс дөңгелегінің білікпен (осьпен), мойынтіректер мен буксалармен жиналған торабын алуға болады.
Біліктер мен осьтерді жүріс дөңгелегіне вертикаль немесе горизонталь гидравликалық баспақтардың көмегімен баспалайды. Сонан соң білікке (оське) кеңейткіш втулкамен буксаның ішкі қақпақтары мен тербелу мойынтірегінің жинағын кигізеді. Соңғы операцияға буксалардың сыртқы қақпақтары мен майлау штуцерлерін орналастыру жатады. Буксаны жинау мен оларды дөңгелек білігіне отырғызуды арнайы стендтерде орындаған ыңғайлы.
Крандар қозғалысының теңгергіш жүйелеріндегі жүріс дөңгелектерінің жетегін кіші теңгергіштерде немесе металқұрылым алаңдарында орналастырады. Соңғы жағдайда дөңгелек білігі редуктордың шығыңқы білігімен аралық білік және әмбебап шарнирлер арқылы біріктіріледі.
Кіші теңгергіште орналасқан қозғалу механизмінің жетекші бөлігін жинау кезінде редукторды жетекші білікке орналастырады және теңгергіш корпусымен шарнирлі байланыстырады. Қозғалтқыш пен тежегішті редуктормен кәдімгідей жалғастырады.
Бөлек жетектегі қозғалу механизмінің жалпы жиналуы жеке жетектердің жиналуынан және кран жолдарына қатысты жағдайларды тексеруден тұрады. Өздігінен жүретін жүк көтеру машиналарының тіркелмелі және сырғанау арбашаларының жүріс бөліктерінің тежегіш жүйесін жинау мемлекеттік стандарт талаптары бойынша орындалуы тиіс [20]. Тежегіштің барлық детальдары шарнирлерде еркін айналуы қажет. Тежегіш жүйесіндегі шарнирлерде желінулерге жол берілмейді.
Тежеу таспасы шкивтің барлық үйкелу бетінің 75%-ына төселу керек. Тежегіштің жайылған жағдайдағы жұмыс беттерінің арасындағы саңылаулар: колодкалы тежегіштер үшін 2 мм-ден аспауы тиіс, ал таспалы тежегіштер үшін ұлғайтылған саңылауға рұқсат беріледі. Колодкалардың шкив осіне параллельдігінің ауытқуы 1: 300-ден аспауы тиіс.
6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
Тісті берілістерді жинау. Тісті дөңгелектер біліктің отырғызу мойыншаларына шамалы саңылаумен немесе баспақ және арнайы қондырғының көмегімен қолмен тарту арқылы орналастырылады. Баспалау тістегерішті қыздырумен немесе білікті салқындатумен жүзеге асырылуы мүмкін.
Тісті дөңгелектер басты шеңбер диаметрі бойынша соққыға тексеріледі, сондықтан да білікті центрлерге немесе призмаларға орналастырады (6.2-сурет) [9].
Егер дөңгелектің орталық тесігінің осі бастапқы шеңбер осімен эксцентрикті болса, онда ілінісу кезіндегі радиалды соққы саңылаулардың әртүрлі болуына әкеп соқтырады. Мұндай осьтерді баспалау кезінде тісті тәждің қасбеттік соққысы пайда болады және тістің ұзындығы бойынша жанасу жеткіліксіз болады.
Цилиндрлік
тісті дөңгелектердің дұрыс ілінуісіне
қол жеткізу үшін біліктер бір жазықтықта
және параллель орналасуы тиіс. Оларды
түзетуді корпустағы мойынтірек астындағы
ұялар жағдайларын реттеу арқылы
жүргізеді. Сонымен бірге барлық тісті
дөңгелектер корпусқа орналастырылып
болған соң, саңылау, ілінісу және жанасу
бойынша тексерілуі қажет. Жаңадан
орналастырылған тісті берілістер үшін
рұқсат етілген бүйірлік саңылау
болуы тиіс, мұндағы
=0,02...0,10
– айналу жылдамдығы мен беріліс типі
бойынша қабылданатын коэффицент; m –
модуль, мм.
6.2-сурет. Престелген тісті дөңгелектерді ауытқымаға тексеру: а – призмаларда; ә – центрлерде
Жанасу нүктесі сыртқы түсі немесе бақылаудың басқа құралдарымен стандартқа сәйкес тексерілуі тиіс (6.3-сурет).
6.3-сурет. Цилиндрлік тісті дөңгелектердің ілінісуі (а) және қалыпты ілінісудегі тістің түйіс дағы (ә).
Конустық
тісті дөңгелектермен беріліс сапасы
беріліс біліктерінің осьтерінің дұрыс
қиылысуымен, дөңгелек осьтері арасындағы
бұрыштар дәлдігімен, бүйірлік және
радиалды саңылаулар шамасымен анықталады.
Конусты тісті дөңгелектер осьтерінің
ауытқуы
модуль
m мәніне байланысты болады. 2...8 мм
модульдері үшін ауытқудың рұқсат
етілген шамасы (0,015...0,060)m болса, ал
m=8...14 мм модульдер үшін
болады.
Конустық тісті берілістердегі радиалды және бүйірлік саңылауларды тексеру цилиндрлік тісті дөңгелектердегі берілістерді тексерумен бірдей жүргізіледі. Конустық тісті дөңгелекті берілістердегі саңылауларды дөңгелек жұптарын білік бойымен біршама жылжытумен реттеуге болады. Олардың шамаларын да цилиндрлік тісті дөңгелектердегідей етіп анықтайды.
Бұрамдық
берілістер цилиндрлік және конустық
тісті берілістермен салыстырғанда
дәлірек дайындау мен жинауды талап
етеді. Бұрамдық берілістің дұрыс жұмыс
істеуі бұрамдық пен оның
дөңгелегі
осьтерінің орналасуына, жұмыс беттерінің
арасындағы қалыпты саңылауға, жақын
жатқан профильдердің жанасуына, жеңіл
және бірқалыпты айналуына тығыз
байланысты болады. Бұл берілісте бұрамдық
бұрамалары мен тісті дөңгелек арасында
бүйірлік саңылау, яғни дөңгелек
жылжымайтын кездегі бұрыштық ығысу
пайда болады. Мұндағы саңылау:
,
- берілістің модулі, мм.
Егер жылдам жүрісті берілістер үшін жанасу беті немесе жанасу нүктесі тістің жұмыстық ұзындығынан 80%-дан кем болса, әрі ол көрсеткіш орташа жылдамдықты жүрістегі берілістерде 60% болса, онда берілістің жиналуы дұрыс деп есептеледі.
Жүрістің жеңілдігі мен жайлылығы қолмен, динамометрмен, тежегіш құрылғыларымен немесе басқа да бақылау аспаптарымен анықталады.
Редукторлар мен беріліс қораптарын жинау жалпы арналудағы редукторлар мен сызбаларына сәйкес және Мемлекеттік стандарт талаптарына жауап бере алатындай болуы тиіс [20]. Қораптың сырланған ішкі беттері және құйылған детальдардың өңделмеген беттері жинаудың алдында тазалануы және құрғатылуы тиіс.
Жылжымайтын тістегеріштердің қайта қосылуы бірқалыпты күшпен еркін түрде жүзеге асырылуы қажет. Қайта қосу механизмі тістегеріштердің берілген жағдайда тұрып қалуын қамтамасыз етуі тиіс. Іліністегі тістегеріштердің қасбеттік сәйкес келмеуі ені 30 мм-ге дейін болатын тістегеріш үшін тәж енінің 5%-нан аспауы, ал ені 30 мм-ден асатын тістегеріш үшін 3%-дан аспауы керек. Саңылаусыздықты қамтамасыз ету мақсатында редукторлардың ажырайтын бөлігін жинау алдында спиртті лакпен немесе сұйық әйнекпен жұқа қабаттап майлайды. Жиналған редукторлар мен беріліс қораптары жинау сапасы тексеруінен өткен соң домалатуға беріледі.
Шынжырлы берілістерді жинау. Жұлдызшаларды біліктерге орнату және оларды шынжырлы берілістерде кілтек немесе оймакілтектің көмегімен бекіту тісті дөңгелектердегідей жүргізіледі. Шынжыр тістерді дұрыс айналу үшін жұлдызшалар осьтері қатаң түрде параллель, ал олардың қасбеттері бір жазықтықта жатуы тиіс. Жұлдызшалардың рұқсат етілген ығысуы 1...2 мм-ден аспауы керек. Оны реттеу тығырықтың немесе тоқтатқыштың көмегімен іске асырылады. Жұлдызшалардың соққысын қосымша аспап центрінде және призмаларда индикатор немесе рейсмустың көмегімен тексереді.
Ұзын өлшемді шынжырды алу үшін олардың ұштарын ауыспалы буындармен жалғайды. Втулкалы-аунақшалы шынжырда (6.4 а-сурет) жалғастыру буыны табақшалармен бекітілген екі аунақшадан тұрады. Шынжыр ұштарын біріктіру үшін бір табақшаны шешіп алады, осьтерді соңғы буындар втулкасының тесігіне қояды, сонан соң шешілген табақшаны орнықтырады және осьтерді гайкамен немесе бұрамасұқпамен бекітеді.
6.4-сурет. Втулкалы-аунақшалы шынжырлар ұштарын жалғау және тартпалар құрылысы:
а – шынжырды жұп санды буынмен жалғау; ә – шынжырды тақ санды буынмен жалғау; б, в – тартпалар
Мұндай буынмен жұп санды буынды шынжырларды біріктіруге болады. Тақ санды буынды шынжырларды біріктіру үшін 6.4 ә-суретте көрсетілгендей ауыспалы буын қолданылады. Осы тәртіппен табақшалы тісті шынжырларды да жинайды. Шынжырлар тартпасының құрылғысы 6.4 б және в-суреттерде көрсетілген. Шынжырлы берілістерді жинау барысында шынжырлардың шамалы бос болуын қамтамасыз ету қажет, себебі ол шынжырдың жұлдызша тістеріне дұрыс отыруына көмектеседі де, шынжырдың тозуын азайтуға септігін тигізеді.
