- •К1. Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
- •1.2. Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
- •1.3. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
- •2.2. Тесіктерді тесіп-кеңейту және ішкі беттерді өңдеу
- •2.3. Бұранданы кесу
- •2.4. Дайындамаларды фрезерлеу
- •2.5. Беттерді ажарлау
- •2.6. Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары
- •2.7. Өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
- •3.2. Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
- •4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
- •4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
- •4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
- •4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
- •4.6. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу
- •4.7. Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау
- •4.8. Базалық және корпустық детальдарды механикалық өңдеу
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау
- •5.2. Детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру
- •5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
- •5.4. Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
- •6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
- •6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
- •6.4. Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау
- •6.5. Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
- •6.6. Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары
- •6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1 Жалпы мағлұматтар
- •7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
- •7.3. Роботтарды аспаппен жабдықтау және олардың қолданылуы
- •7.4. Өнеркәсіп және құрылыс нысандарында аппаттарды жою бойынша жұмыстарды орындауға арналған мобильді роботтар
- •Бақылау сұрақтары
- •1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
- •1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
- •1.3. Детальдар тозуы
- •1.4. Детальдар тозуына әсер ететін факторлар
- •1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
- •1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
- •1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
- •1.6.2.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
- •1.6.3. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
- •2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету
- •2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
- •2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
- •2.6. Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
- •3.2.Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.2.1.Тазалау-жуу (тжж) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары
- •3.2.2. Тазалаудың физика-химиялық әдістері
- •3.2.3. Тазалаудың термиялық әдістері
- •3.2.4. Майлау жұмыстары
- •3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
- •4.2. Темірұсталық - механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу
- •4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
- •4.4. Металдандыру арқылы жөндеу
- •4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
- •4.6. Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
- •4.7. Детальдарды полимерлік материалдармен жөндеу
- •4.8. Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру
- •4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
- •5.2.Тісті дөңгелектерді, барабандарды және шығыршықтарды жөндеу
- •5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер мен муфталарды жөндеу
- •5.4. Конвейер таспаларын жөндеу
- •5.5. Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
- •5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
- •6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш органдарын жөндеу
- •6.3. Металқұрылымдарды жөндеудің технологиялық үдерістері
- •6.4. Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
Біліктер класына айналу денелеріне ұқсас пішіні бар және айналу моментін бере алатын детальдар жатады. Біліктер мен осьтерде төмендегідей ақаулар болуы мүмкін: отырғызу мойыншаларының тозуы; бұранда, оймакілтек ойықтарының жұмыс беттерінің мыжылуы мен тозуы; біліктің майысуы; сызаттар мен бүлінулер және т.б.
Біліктің немесе осьтің майысуын оны салқын күйінде немесе алдын ала қыздыру арқылы түзетеді. 1 м ұзындықтағы диаметрі 80 мм-ге және майысуы 8 мм-ге дейінгі біліктерді салқын күйінде престерді пайдалану арқылы, ал өлшемдері бұдан жоғары біліктерді қыздырудың көмегімен түзетеді. Өңделген біліктердің үлкен емес майысуларын (1 м білік ұзындығына 0,1...0,3 мм) ажарлаумен-ақ жөндейді. Түзетуден соң ішкі кернеулерді түсіру үшін білікті термиялық өңдеуге салады (4500С-қа дейін қыздырып, осы температурада 0,5...1 сағ аралығында ұстау).
Біліктердің отырғызу мойыншаларын номиналды өлшемге дейін балқытумен, металдандырумен, электролиттік жабындымен, полимерлермен, пластикалық деформациялау тәсілімен, втулканы престеумен және т.б. қалпына келтіреді. Отырғызу мойыншаларының өлшемдерін қалпына келтірудің ең көп тарағаны – балқыту тәсілі. Балқытуды көбінесе бұрама сызық бойымен орындайды (5.1 а-сурет), ал қаттылығы жоғары емес біліктерді жөндеуде білікшелерді біртіндеп қою тәсілі қолданылады (5.1 ә-сурет). Балқымадан соң білікті қажетінше түзейді, мойыншаларды номиналды өлшемге дейін ажарлайды.
5.1-сурет. Біліктерді балқытып қаптастыру сұлбалары:
1 – бұрама сызығымен; ә – білікшелер қоюмен; сандар білікшелерді қою ретін көрсетеді
Біліктердің оймакілтекті беттерінде тозық, майысу және жұмыс беттерінің желінуі байқалуы мүмкін. Диаметрі 80 мм-ден жоғары біліктердің оймакілтекті бөліктерін қолдық немесе бойлық білікшелермен автоматты түрде балқытады. Біліктің деформациясын азайту үшін балқыманы 5.2-суретте көрсетілгендей кезекпен қояды. Оймакілтек ені 5 мм-ге дейінгі оймакілтекті беттерді көбінесе толықтай балқытады. Жөндеудің кез келген тәсілінде оймакілтектердің соңғы өлшемдерін механикалық өңдеумен алады.
5.2-сурет. Оймакілтектік біліктерді балқытып қаптастырудың реті (сандар балқытып қаптастырудың кезегін көрсетеді)
Кілтек ойықтарында да оймакілтектердегідей ақаулар болуы мүмкін. Кілтек ойығының ені бойынша 15%-ға дейін тозуы байқалған жағдайда оның жөндеу өлшемін фрезерлеу арқылы алады. Егер ойық енін үлкейту арқылы оның геометриялық формасына қол жеткізе алмаған жағдайда, бұзылған ойыққа 90...1200С-қа жылжытып, жаңасын фрезерлейді, ал ескісін балқытып жауып тастайды. Шамалы желінген бұрандаларды токарь станогінде бұрандакескіш көмегімен немесе темірұсталық әдістермен түзетеді.
Білік класына жататын детальдарды топтық әдіспен жөндеудің типтік технологиялық маршруттарын жасау үшін оларды төрт технологиялық топқа біріктіреді.
Бірінші топқа токарлық-бұрамакескіш және дөңгелек ажарлау станоктарында ұсталық және механикалық өңдеу арқылы жоюға болатын ақаулары бар біліктер жатады.
Екінші топқа токарлық-бұрамакескіш, фрезерлік және дөңгелек ажарлау станоктарында ұсталық және механикалық өңдеу арқылы жоюға болатын ақаулары бар біліктер кіреді.
Үшінші топқа тозған (бүлінген) беттерді өсіруді талап етіп, сонан соң токарлық-бұрамакескіш және ажарлау станоктарында ұсталық және механикалық өңдеу арқылы жоюға болатын ақаулары бар біліктерді біріктірілген.
Төртінші топқа токарлық-бұрамакескіш, фрезерлік және ажарлау станоктарында ұсталық өңдеумен, тозған беттерді өсірумен және өсірілген беттерді механикалық өңдеумен жоюға болатын ақаулары бар біліктер кіреді. Жөндеу кезінде өңдеу сипатына байланысты алынған біліктер класына кіретін детальдар классификаторының жобалық мазмұны мен көп кездесетін ақаулары 5.1 және 5.2-кестелерде берілген.
5.1-кесте
Біліктердің сипатты ақаулары
Ақаулар сипаты |
Біліктер класына кіретін детальдардың технологиялық тобы
|
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Білік майысуы |
+ |
+ |
+ |
+ |
Сырғанау мойынтіректеріндегі тірек мойыншаларының тозуы |
+ |
+ |
+ |
+ |
Шариктік және аунақшалы мойынтіректердегі тірек мойыншаларының тозуы |
- |
- |
+ |
+ |
Отырғызу мойыншаларының тозуы |
- |
- |
+ |
+ |
Кілтек ойықтарының тозуы |
- |
+ |
- |
+ |
Оймакілтектердің тозуы |
- |
- |
- |
+ |
Бұранданың мүжілуі немесе үзілуі |
+ |
+ |
+ |
+ |
Ескерту. «+» - ақау болуы мүмкін; «-» - ақау болуы мүмкін емес
5.2-кесте
Жөндеу кезінде өңдеу сипатына қарай біліктердің классификациясы
Өңдеу сипаты |
Біліктер класына кіретін детальдардың технологиялық тобы
|
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Ұсталық (тазалау, білікті ауытқымаға тексеру ) |
+ |
+ |
+ |
+ |
Токарлық-бұрамакескіш станоктарда өңдеу |
+ |
+ |
+ |
+ |
Фрезерлік станоктарда өңдеу |
- |
+ |
- |
+ |
Дірілдоғалы балқыма өңдеу |
- |
- |
+ |
+ |
Флюс қабатымен балқытып өңдеу |
- |
- |
- |
+ |
Термиялық өңдеу |
- |
- |
+ |
+ |
Ажарлау станоктарында өңдеу |
+ |
+ |
+ |
+ |
Ескерту. «+» - өңдеу қажет; «-» - өңдеу қажет емес.
