- •К1. Көлік техникасын өндіру бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар
- •1.1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер
- •1.2. Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі
- •1.3. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Айналу денелері типіндегі дайындамаларды өңдеу
- •2.2. Тесіктерді тесіп-кеңейту және ішкі беттерді өңдеу
- •2.3. Бұранданы кесу
- •2.4. Дайындамаларды фрезерлеу
- •2.5. Беттерді ажарлау
- •2.6. Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары
- •2.7. Өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Термиялық және химия-термиялық өңдеу
- •3.2. Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
- •4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
- •4.3. Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
- •4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және термиялық өңдеу
- •4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
- •4.6. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу
- •4.7. Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау
- •4.8. Базалық және корпустық детальдарды механикалық өңдеу
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау
- •5.2. Детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру
- •5.3. Жинақтың технологиялық процестерін жобалау
- •5.4. Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
- •6.2. Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау
- •6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау
- •6.4. Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау
- •6.5. Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
- •6.6. Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтары
- •6.7. Машиналарды жинақтан соң сынау
- •Бақылау сұрақтары
- •7.1 Жалпы мағлұматтар
- •7.2. Өндірістік роботтардың жіктелуі
- •7.3. Роботтарды аспаппен жабдықтау және олардың қолданылуы
- •7.4. Өнеркәсіп және құрылыс нысандарында аппаттарды жою бойынша жұмыстарды орындауға арналған мобильді роботтар
- •Бақылау сұрақтары
- •1.1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары
- •1. 2. Машиналардың физикалық және моральдік тозуы
- •1.3. Детальдар тозуы
- •1.4. Детальдар тозуына әсер ететін факторлар
- •1.5. Детальдар тозуын анықтау әдістері
- •1.6. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері
- •1.6.1. Үйкеліс жұптарының үйкелетін беттерінің материалдары
- •1.6.2.Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивті әдістері
- •1.6.3. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың технологиялық әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.1. Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
- •2.2. Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету
- •2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)
- •2.4. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
- •2.6. Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
- •3.2.Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
- •3.2.1.Тазалау-жуу (тжж) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары
- •3.2.2. Тазалаудың физика-химиялық әдістері
- •3.2.3. Тазалаудың термиялық әдістері
- •3.2.4. Майлау жұмыстары
- •3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары
- •4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
- •4.2. Темірұсталық - механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу
- •4.3. Балқыту және балқытып қаптастыру
- •4.4. Металдандыру арқылы жөндеу
- •4.5. Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
- •4.6. Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру
- •4.7. Детальдарды полимерлік материалдармен жөндеу
- •4.8. Детальдар мен жинақ бірліктерді дәнекерлеп қалпына келтіру
- •4.9. Детальдарды қалыпқа келтірудің оңтайлы әдісін таңдау
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Біліктер мен осьтерді жөндеу (топтық әдіспен)
- •5.2.Тісті дөңгелектерді, барабандарды және шығыршықтарды жөндеу
- •5.3. Жүріс дөңгелектерін, мойынтіректерді, тежегіштер мен муфталарды жөндеу
- •5.4. Конвейер таспаларын жөндеу
- •5.5. Шынжыртабан жүрісінің детальдарын жөндеу
- •5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
- •6.2. Машиналардың жұмыс және жүкқармағыш органдарын жөндеу
- •6.3. Металқұрылымдарды жөндеудің технологиялық үдерістері
- •6.4. Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу
- •Бақылау сұрақтары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
5.6. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу
Қазіргі кезде көлік техникасында гидравликалық және пневматикалық механизмдердің түрлері кеңінен қолданылады: тістегергіштік, қалақтық және піспектік сорғылар, таратқыштар, цилиндрлер мен сығымдағыштар. Күрделі жөндеу кезінде қалақтық сорғылар жаңасымен алмастырылады. Тістегергіштік және плунжерлік сорғы корпустарының негізгі ақаулары: сызаттар тесіктердің толық қалуы мен бұрандалар жаңасымен алмастырылады.
Тістегергіштік және плунжерлік сорғы корпустарының негізгі ақаулары: сызаттар, тесіктердің толып қалуы мен бұрандалардың үзілуі, қола втулка астындағы тесіктер тозуы, ішкі беттер тозуы және т.б. Корпус сызаттары жөнделмейді. Корпус тесіктеріндегі толып қалуды айдаумен қалпына келтіреді, ал бұранда үзілген кезде тесікті тесіп, онда бұрандалық втулка астына жөндеу өлшеміне келтіріп бұранда салады.
Корпустағы қола втулкалар астындағы тесіктерді жөндеу өлшеміндегі втулкаларға келтіріп кеңейтеді, ал шариктік мойынтіректер астындағы тесіктерді кеңейтеді, оларға болат втулкаларды престейді де номинальді өлшемге келтіріп жөндейді.
Бақылау сұрақтары
1.Біліктер зақымдануының қандай түрлерін білесіз? Оларды жою тәсілдерін атаңыз.
2.Тісті берілістерді жөндеу кезінде қалпына келтірудің қандай тәсілдері қолданылады?
3.Барабандарды, шығыршықтарды, жүріс дөңгелектері мен катоктарды қандай тәсілдермен жөндейді?
4.Тежегіш шкивтер мен тістік муфталарды жөндеу тәртібі қандай?
5.Таспалы конвейерлер таспаларының зақымдану түрлері мен оларды жөндеу тәсілдерін атаңыз.
6.Шынжырларға тән зақымдану мен тозу түрлерін атаңыз.
7.Тарту шынжырларын қалай жөндейді?
8.Жұлдызшалардың тозған тістерін қалай жөндейді?
9.Жөнделген детальдардың ұзақмерзімділігін қандай тәсілдермен арттыруға болады?
10. Гидраликалық және пневматикалық жүйелердің детальдары мен тораптарын жөндеу ерекшеліктері қандай?
6-тарау. МАШИНАЛАРДЫҢ БАЗАЛЫҚ ДЕТАЛЬДАРЫН, ЖҰМЫС ОРГАНДАРЫ МЕН МЕТАЛҚҰРЫЛЫМДАРЫН ЖӨНДЕУ
6.1. Көлік техникасының базалық детальдарын жөндеу
Базалық детальдарға беріліс қораптарының, артқы көпірдің, борттық редукторлардың корпустары, сонымен бірге қаңқалар, станиналар және т.б. жатады. Жөнделуге берілетін корпустық детальдарда төмендегідей ақаулар болуы мүмкін: сызаттар; сынықтар; бүлінулер; болттар мен бұрамасұқпалардың сынуы; мойынтіректер, стакандар, втулкалар, біліктердің отырғызу беттерінің тозуы; бұранданың мүжілуі және т.б.
Корпустық детальдарды жөндеудің технологиялық процестері төмендегі операциялар жиынтығынан тұрады: сынған болттарды, бұрамасұқпаларды, бұрамаларды алып тастау; пісіру және балқыту жұмыстары; орнықтыру беттері мен тесіктерін механикалық өңдеу; тозған беттерді өңдеу өлшемдеріне келтіріп өңдеу немесе оларды полимерлермен, электролиттік жабындылармен және қосымша жөндеу деталін пайдаланумен қалпына келтіру.
Корпустағы сызаттарды доғалы немесе газдық пісірумен пісіреді, жезбен дәнекерлейді, табақша болаттан жапсырма қояды. Егер сызат белгілі болған корпустың бөлігі жоғары күш астында болмаса, онда оларды эпоксидті шайырлар негізіндегі полимерлік композициямен жасайды немесе желімдер мен жаққыштар пайдаланады. Сынған корпустарды істен шығарып тастайды.
Орнықтыру беттері мен тесіктерін өңдеуді жазық ажарлау, фрезерлі және тесу станоктарында орындайды. Отырғызу тесіктерін жөндеу өлшеммен кеңейту, втулканы престеп, сонан соң тесіктерді номинальді өлшемге келтіру және тесіктерді электржалынды немесе электролиттік тәсілмен өсіру арқылы жөндейді. Тесіктерді кеңейту барысында корпусты дұрыс базалау маңызды роль атқарады.
Кейбір жағдайларда базалық тесіктерді айналып тұрған мыс қылшақ түріндегі электродтың көмегімен қабат қалыңдығы 0,5 мм-ге дейін электржалынды тәсілмен өсіру арқылы қалпына келтіруге болады (6.1-сурет). Корпустық детальдардың отырғызу тесіктерін жергілікті немесе шомылғыдан тыс болаттау тәсілімен қалпына келтіру тиімді деп саналады. Болаттардың құны бұл жағдайда хромдау құнынан 2-3 есе төмен болады.
6.1-сурет. Беріліс қорабы корпусының отырғызу тесіктерін айналма электрод көмегімен келтіру:
1 – электрқозғалтқыш; 2 – ұстағыш; 3 – қалпына келтірілетін деталь; 4 – айналма электрод; 5 – электржанама; 6 – иілгіш білік
Болттар мен бұрамасұқпалардың бұрандалық тесіктерін үлкейтілген (жөндеу) өлшемдегі бұрандаларды жасау арқылы қалпына келтіреді.
Машиналардың көбісінің қаңқалары мен станиналары пісіріп немесе ұрып жапсырылған металқұрылымдар түрінде жасалған. Олардың негізгі ақауларына жеке элементтерінің деформациялануы мен зақымдануы, пісіру жапсырмаларында пайда болатын сызаттар, тойтармалы қосылыстың босаңсуы, тірек стакандарының зақымдануы мен тозуы және т.б. жатады. Жөндеу тәсілдері зақымдану сипатына қарай анықталады.
Конструкция элементтерін түзетуді гидравликалық домкраттар мен престерді пайдалану арқылы салқын немесе қызған (500...6000С) жағдайда жүргізеді. Қатты деформацияланған элементтерді кесіп тастап, арнайы дайындалған кірме элементтерімен ауыстырылады.
Қаңқалардың жекелеген бөліктерінде пайда болған сызаттарды алдын ала сызаттардың ұштарына диаметрі 5 мм болатын тесіктерді тесіп, күшейтілген жіктермен пісіріп тастайды. Пісіру жіктерін қоюмен бірге сыртқы бетіне үшбұрыш және ромб тәріздес (6.2 а, ә-суреттер) күшейтілген жапсырмалар пісіріп бекітіледі. Лонжерондар ішіне тойтармалар көмегімен күшейтілген кірмелер (6.2 б-сурет) қойылады. Пісіру жігін сызатпен бірге газдық кескішпен кесіп тастайды да, қайтадан пісіріп бекітеді.
6.2-сурет. Қаңқалар сызаттарын балқыту арқылы жөндеу:
а – үшбұрышты жапсырма; ә – ромб тәріздес жапсырма; б – тойтармаларға күшейткіш ендірмелер қою
Қаңқаларды жөндеу кезінде жіктерді горизонталь жағдайда пісіруге мүмкіндік беретін бұрылмалы стенд қолданылады. Жіктерді пісіріп болған соң тазалайды да, пневматикалық балға көмегімен қақталманы беріктендіреді.
Пісірме қосылыстар сапасын бақылауды пісірме жіктерін сырткөзбен қарап өлшеумен, бақылау үлгілерін механикалық сынаумен, ультрадыбыспен тексеру арқылы қамтамасыз етеді.
Босаған, сынған тойтармалардың барлығын жаңамен алмастырады. Диаметрі 12 мм-ге дейінгі тойтармаларды салқын күйде орналастырады.
Тірек стакандары тесіктерінің тозуын жөндеу өлшеміне келтіріп кеңейту әдісімен жөндейді, ал сызаты бар тірек стакандары жаңасымен ауыстырылуы тиіс.
