- •1 Жұмысбастылықты әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •2 Жұмысбастылық ұғымы және жұмысбастылық мәртебесіне анықтама бере отырып, сипаттаңыз
- •3 Жұмысбастылық түрлеріне жеке-жеке талдау жасаңыз: толыққанды, өнімді, еркін таңдалған
- •5.Мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз және ерекшелітеріне тоқталыңыз
- •6.Жұмысбастылықтың негізгі концепцияларын атаңыз және өкілдерінің көзқарастарын талдаңыз
- •7. Марксистік бағыттың негізгі өкілдері мен негізгі идеясын талдаңыз
- •8. Неоклассикалық бағыттың өкілдері және негізгі ұстанымдарын негіздеңіз
- •9. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық бағытына талдау жасаңыз
- •10) М.Фридмен монетаризм (монетаристік бағыт) бағытың өкілі ретінде. Негізгі көзқарасына тоқталыңыз.
- •11) Жұмыссыздықтың әлеуметтік мәселелерін атаңыз және оның салдарына түсініктеме беріңіз.
- •12) Жұмысбастылық пен халықтың түрлі топтарының әлеуметтік мобильдігінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
- •13) Жұмысбастылықтың стандартсыздануы дегенді түсіндіріңіз
- •15) Сыртқы және ішкі еңбек нарығының қалыптасуы қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады, негіздеңіз
- •16) Еңбек саласындағы әлеуметтік саясат.
- •18. Еңбек нарығы және оның қалыптасуының мәнін анықтаңыз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Әлеуметтік-еңбектік саланы мониторинтеу, әлеуметтік-экономикалық мониторинг және мониторинг көрсеткіштерін атаңыз .
- •23) Мониторингті еңбек нарығындағы дағдарысты жағдайларды анықтау құралы ретінде түсіндіріңіз
- •24) Жұмыссыздық мәселесін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде түсіндіріңіз және оның алдын алудағы әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз
- •25.Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына тоқталыңыз
- •26.Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық қызметін атаңыз және сипаттаңыз
- •27.Ерікті жұмыссыздар. Амалсыздан жұмыссыз болу. Жасырын жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық. Технологиялық жұмыссыздық. Аталған жұмыссыздық түрлеріне тоқталыңыз
- •31 Сұрақ. Миграцияның профессионалдық-еңбектік және мүліктік-табыстық себептері мен салдарларын атаңыз және түсіндіріңіз.
- •32 Сұрақ. Миграцияның түрлері: мемлекет аралық, мемлекет ішіндегі, тұрақты, маятниктік, эпизодтық, некелік. Әрқайсысына тоқтала отырып, ерекшеліктерін атаңыз.
- •33 Сұрақ. Миграцияның типтік, объективтік және субъективтік себептеріне тоқтала отырып, тұжырымдаңыз
- •34) Социологиялық зерттеулердің миграцияны зерттеудегі және тиімді жұмыс бастылықты қалыптастырудағы рөлін атап көрсетіңіз
- •35) Еңбек нарығының үлгілері: американдық, жапондық, шведтік. Үлгілердің әрқайсысына тоқтала отырып, түсіндіріңіз
- •36) Мемлекттік жұмысбастылық қызметінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен қаржыландырылуына тоқталыңыз
- •37. Жұмысбастылық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз және түсініктеме беріңіз
- •38. Мемлекеттік емес жұмысбастылық қызметтерінің мәні, қызметі мен құрылымына негіздеме беріңіз
- •39. Халық жұмысбастылығы: тенденциялары мен жетістіктеріне тоқталыңыз
- •40. Қр жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік саясатының мәні мен мазмұнын талдаңыз
- •41. Қр 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық концепциясының негізгі мақсаты мен міндерттеріне түсініктеме беріңіз
- •2003-2015Жылдар аралығындағы статистика жоқ!
- •42. Жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру технологиясына тоқталыңыз
- •43) Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ақпарат алмасу және оқу орындарын бітірушілерді іріктеудегі негізгі шараларының бірі болып табылады
- •45) Жұмысбастылық саласындағы әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша дифференциация
- •46 Еңбекке қабілетті адамдарды жұмысшылар қатарына қосуды жүргізу технологиясына тоқталыңыз
- •47 Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру технологиясына талдау жасаңыз
- •48 Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс және жұмыс іздеу технологиясына сипаттама беріңіз
- •52) Жұмысбастылық саласындағы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік кепілдемелерге талдау жасаңыз
- •53) Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешудегі мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шараларды атаңыз және түсіндіріңіз
- •22 Желтоқсан 2012, 16:53
- •54) Жұмысбастылық саласындағы жастар мен жасөспірімдердің жұмысбастылық мәселесіне тоқталыңыз
- •58. Жұмысбастылықтың жас ерекшелігіне орай әлеуметтік-демографиялық топтарға бөлінуін тұжырымдаңыз және топтарды атаңыз
- •59. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмысбастылыққа ықпалын түсіндіріңіз
- •60.«Жuмыспен қамту - 2020» бағдарламасына талдау жасаңыз
22) Әлеуметтік-еңбектік саланы мониторинтеу, әлеуметтік-экономикалық мониторинг және мониторинг көрсеткіштерін атаңыз .
1) Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің негізгі міндеттері:
1. Президенттің әлеуметтік-экономикалық саясат жөніндігі өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.
2. Президенттің Үкімет пен орталық атқарушы органдарға қатысты өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.
3. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi) қатысты оның өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.
4. Президент және Президент Әкімшілігі басшылығының өзге де өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.
2) Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы ережеге сәйкес әзірленген. 2. Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауын (бұдан әрі - Мониторинг) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді (бұдан әрі - АЕМ) анықтау мақсатында жыл сайын жүргізіледі. 3. Мониторингті өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Ақпарат көздері
4. Мониторингті жүзеге асыру үшін ақпарат көздері мыналар болып табылады: 1) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректері; 2) жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпараттар; 3) ведомстволық статистикалық байқаулар деректері.
3. Мониторинг жөніндегі ақпаратты құру және ұсыну тәртібі
5. Мониторинг жөніндегі ақпарат осы Нұсқаулыққа 1-11-қосымшаларға сәйкес АЕМ әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі нысандарының (бұдан әрі – Мониторинг нысандары) негізінде қалыптастырылады. 6. Мониторинг нысандары бойынша ақпаратты (бұдан әрі - Ақпарат) ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтардың әкімдері құрады. Ақпарат әрбір АЕМ бөлінісінде шаруашылық бойынша есепке алу кітабының, статистика органдарының, мүдделі жергілікті атқарушы органдардың жалпыға бірдей қолжетімді деректерінің негізінде қалыптастырылады және ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қолымен аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне ұсынылады. 7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары алынған ақпаратты әрбір АЕМ бөлінісінде зерделейді және талдайды және қажет болған жағдайда оны толықтырады, жинақталған талдау жазбасын дайындап, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қолымен мүдделі облыстық басқармаларға, департаменттер мен ұйымдарға зерделеуге және келісуге ұсынады. Мүдделі облыстық басқармалар, департаменттер мен ұйымдар зерделеп, келіскеннен кейін талдау жазбасы бар ақпарат жинақтау үшін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылады. 8. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы алынған ақпаратты зерделейді, талдайды және оның негізінде облыстың ауылдық аумақтарын дамыту жөнінде қорытынды талдау ақпаратын дайындайды және облыс әкімінің немесе оның орынбасарының қолымен өңірлік даму саласындағы уәкілетті органға ұсынады. 9. Өңірлік даму саласындағы уәкілетті орган алынған ақпаратты талдап, орталық және жергілікті атқарушы органдарға ауылдық аумақтарды дамыту жөнінде басқарушылық шешімдер қабылдау үшін талдау жазбасын жолдайды.
4. Талдау ақпаратының мазмұны
10. Талдау ақпараты мониторинг нысандарының бөлінісінде сандық және сапалық көрсеткіштерді, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған қаржы қаражаттарын, әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін, шағын және орта бизнесті дамыту, өңір экономикасының басым салаларын дамыту көрсеткіштерін, сондай-ақ проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын көрсете отырып, құрылады.
3) Қазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын, әлеуметтік параметрлердің болжамдарын, елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын, бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, үш жылға арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдарын құрайды.
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы орталық мемлекеттік органдардың бес жылдық кезеңге арналған Стратегиялық жоспарларын және үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті әзірлеуге негіз болып табылады.
