- •1 Жұмысбастылықты әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •2 Жұмысбастылық ұғымы және жұмысбастылық мәртебесіне анықтама бере отырып, сипаттаңыз
- •3 Жұмысбастылық түрлеріне жеке-жеке талдау жасаңыз: толыққанды, өнімді, еркін таңдалған
- •5.Мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз және ерекшелітеріне тоқталыңыз
- •6.Жұмысбастылықтың негізгі концепцияларын атаңыз және өкілдерінің көзқарастарын талдаңыз
- •7. Марксистік бағыттың негізгі өкілдері мен негізгі идеясын талдаңыз
- •8. Неоклассикалық бағыттың өкілдері және негізгі ұстанымдарын негіздеңіз
- •9. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық бағытына талдау жасаңыз
- •10) М.Фридмен монетаризм (монетаристік бағыт) бағытың өкілі ретінде. Негізгі көзқарасына тоқталыңыз.
- •11) Жұмыссыздықтың әлеуметтік мәселелерін атаңыз және оның салдарына түсініктеме беріңіз.
- •12) Жұмысбастылық пен халықтың түрлі топтарының әлеуметтік мобильдігінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
- •13) Жұмысбастылықтың стандартсыздануы дегенді түсіндіріңіз
- •15) Сыртқы және ішкі еңбек нарығының қалыптасуы қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады, негіздеңіз
- •16) Еңбек саласындағы әлеуметтік саясат.
- •18. Еңбек нарығы және оның қалыптасуының мәнін анықтаңыз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Әлеуметтік-еңбектік саланы мониторинтеу, әлеуметтік-экономикалық мониторинг және мониторинг көрсеткіштерін атаңыз .
- •23) Мониторингті еңбек нарығындағы дағдарысты жағдайларды анықтау құралы ретінде түсіндіріңіз
- •24) Жұмыссыздық мәселесін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде түсіндіріңіз және оның алдын алудағы әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз
- •25.Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына тоқталыңыз
- •26.Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық қызметін атаңыз және сипаттаңыз
- •27.Ерікті жұмыссыздар. Амалсыздан жұмыссыз болу. Жасырын жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық. Технологиялық жұмыссыздық. Аталған жұмыссыздық түрлеріне тоқталыңыз
- •31 Сұрақ. Миграцияның профессионалдық-еңбектік және мүліктік-табыстық себептері мен салдарларын атаңыз және түсіндіріңіз.
- •32 Сұрақ. Миграцияның түрлері: мемлекет аралық, мемлекет ішіндегі, тұрақты, маятниктік, эпизодтық, некелік. Әрқайсысына тоқтала отырып, ерекшеліктерін атаңыз.
- •33 Сұрақ. Миграцияның типтік, объективтік және субъективтік себептеріне тоқтала отырып, тұжырымдаңыз
- •34) Социологиялық зерттеулердің миграцияны зерттеудегі және тиімді жұмыс бастылықты қалыптастырудағы рөлін атап көрсетіңіз
- •35) Еңбек нарығының үлгілері: американдық, жапондық, шведтік. Үлгілердің әрқайсысына тоқтала отырып, түсіндіріңіз
- •36) Мемлекттік жұмысбастылық қызметінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен қаржыландырылуына тоқталыңыз
- •37. Жұмысбастылық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз және түсініктеме беріңіз
- •38. Мемлекеттік емес жұмысбастылық қызметтерінің мәні, қызметі мен құрылымына негіздеме беріңіз
- •39. Халық жұмысбастылығы: тенденциялары мен жетістіктеріне тоқталыңыз
- •40. Қр жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік саясатының мәні мен мазмұнын талдаңыз
- •41. Қр 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық концепциясының негізгі мақсаты мен міндерттеріне түсініктеме беріңіз
- •2003-2015Жылдар аралығындағы статистика жоқ!
- •42. Жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру технологиясына тоқталыңыз
- •43) Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ақпарат алмасу және оқу орындарын бітірушілерді іріктеудегі негізгі шараларының бірі болып табылады
- •45) Жұмысбастылық саласындағы әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша дифференциация
- •46 Еңбекке қабілетті адамдарды жұмысшылар қатарына қосуды жүргізу технологиясына тоқталыңыз
- •47 Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру технологиясына талдау жасаңыз
- •48 Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс және жұмыс іздеу технологиясына сипаттама беріңіз
- •52) Жұмысбастылық саласындағы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік кепілдемелерге талдау жасаңыз
- •53) Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешудегі мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шараларды атаңыз және түсіндіріңіз
- •22 Желтоқсан 2012, 16:53
- •54) Жұмысбастылық саласындағы жастар мен жасөспірімдердің жұмысбастылық мәселесіне тоқталыңыз
- •58. Жұмысбастылықтың жас ерекшелігіне орай әлеуметтік-демографиялық топтарға бөлінуін тұжырымдаңыз және топтарды атаңыз
- •59. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмысбастылыққа ықпалын түсіндіріңіз
- •60.«Жuмыспен қамту - 2020» бағдарламасына талдау жасаңыз
38. Мемлекеттік емес жұмысбастылық қызметтерінің мәні, қызметі мен құрылымына негіздеме беріңіз
Нарықтың қатынастар алғаш орнай бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатында ең маңызды міндеттердің бірі — еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болды. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде XX ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын. Жұмыссыздықтан қорғау жүйесінің негізгі мақсаты -жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі түрлі жүйеден тұрады: 1. Өзінің ішкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады. 2. Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады. Жұмыссыздық бойынша қорғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады: жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі жұмыс берушілер есебінен болады. Жоғарыда көрсетілгендей, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарының бірі — жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек көрсету. Жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны құрудың негізгі көзі жұмыскерлердің жұмыспен қамтылған кездегі өздерінің қаржылық аудармасы болып табылады. Олардың құрылуы мен жұмсалуы қамсыздандырудың қор жинау жүйесіне ұқсас болып келеді. Олар жұмыссыздық басқа түскен кезде «қамсыздандырулық төлем» болып саналады. Мұндай қамсыздандыру төлемі уақытша материалдық есеп қайтару ретінде кімдер алдын ала жарнама жасаса немесе олар үшін бұл жарнаманы басқалар жасаса, ол сондай-ақ, кімде-кім жұмыс істеуге ықылас білдірсе, қабілеті болса және жұмыс іздесе төленеді. Егер осы аталған факторлар болмаса, онда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы өзінің шын мәніндегі мазмұнын жоғалтады және ол төленуі тиіс емес. Егер де жұмыссыз адам өзі жұмыс істегісі келмесе, жұмыс істеуге ықыласы болмаса, онда ол өз еркімен өзінің еңбекке деген конституциялық құқығынан бас тартқаны болып саналады және осыған байланысты жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өз құқығын жоғалтады. Жұмыссыздықтан қорғаудың жүйесінде бір-біріне бағынышсыз үш түрлі қызмет бағыты бар.
1. Жұмыспен қамтуды (жаңа жұмыс орындарын құру) кеңейтудің жағдайы мен мүмкіншіліктерін жақсартуды қаржыландыру.
2. Кадрларды даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру.
3. Жұмыссыздарға жұмыс іздеуде ұтқыр қоныс аударуға мүмкіншілік тудыру.
III. Республикада Статистика жөніндегі агенттіктің ресми деректері бойынша көп жылдар бойы жұмыссыздар деп жұмысқа орналастыру органдарында есепке тұрған адамдар саны көрсетіліп, ол жыл сайын 250 мың адам немесе 3,8-4,0 пайыз шамасында болып келді. Мәселен, жұмыссыздардың жалпы саны 1996 жылы 970,6 мың адам болды, ол экономикалық белсенді халықтың 13% -ын құрайды делінген, ал 1998 жылы 282,4 мың адам ресми тіркелген, жұмыссыздық деңгейі (экономикалық белсенді халыққа ) 4,2% деп көрсетілген, 1999 жылы тиісінше 251,4 мың адам және 3,9%. Жұмыссыздық деңгейін аймақтар бойынша алып қарасаң, республика бойынша 10,4%-бен салыстырғанда оның төменгі деңгейі Шығыс Қазақстан (7,3), Солтүстік Қазақстан (8.9) , Қарағанды (9,2), Павлодар (9,2) облыстарында және Астана қаласында, ал жоғарғы деңгей Қызылорда (13.9) , Атырау (13,9), Жамбыл (12,7), Батыс Қазақстан (12,5) облыстарында байқалады. 2000 ж. елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда бір пайзға (0,2% -ға) төмендеді. Әдетте халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту үшін, ең алдымен шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Статистика деректері бойынша республикада 2003 жылғы ақпан айының басында бизнеспен айналысатын 103,7 мың шағын кәсіпорын тіркелген. Олардың ішінде 78,5 мың кәсіпорын (яғни 75% ) жұмыс істеп тұрғандар, соның ішінде 39,9 мыңы белсенді түрде жұмыс істеп тұрғандар деп саналады. Жұмыссыздықтан арылудың тағы бір бағыты — импортты алмастыру саясатын парасатты жүргізіп, қазба байлықты игеріп жатқан салаларда соларға қажетті өнімді шеттен әкелмей, өзімізде шығару.
