Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zanyatost`.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627 Кб
Скачать
☆

6.Жұмысбастылықтың негізгі концепцияларын атаңыз және өкілдерінің көзқарастарын талдаңыз

Әлеуметтік маңыздылығы жағынан жұмысбастылықты ең жоғары құндылыққа жатқызуға болады. Оның анықтамасы және мәселесі қазіргі кезде экономикалық әдебиеттерде өте маңызды орынды алады. Көп жағдайда оны өндірістік көзқарас тұрғысынан қарастырады. Бұл тұста экономист-ғалым А.Э.Котлярдың жұмысбастылыққа берген түсініктемесі өте орынды болып келеді, яғни «жұмыс орындарын қамтамасыз ету бойынша және шаруашылық іс-әрекетте қатысуына қарай болатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі» деп көрсетеді. Жұмысбастылық процесі, бір мезгілде жұмысшы күші және жұмыс орындары сатылатын және сатылып алынатын еңбек нарығында жүреді (жұмыс беруші жұмыс орындарын ұсынады, ал жұмысшы күшінің иегері өзінің еңбекке қабілеттілігін ұсынады). Яғни жұмысшы күшінің және жұмыс орындарының нарықтары халықтың жұмысбастылық формасында жалдамалы еңбекпен бірігеді. Сонымен «...халықтың жұмысбастылығы дегеніміз адамдардың еңбектік іс-әрекетке тартылу шаралары, олардың еңбектегі қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесі, жұмыс орындарымен қамтамасыз етілулері» деп білеміз. Айта кету керек, жұмысбастылықты анықтаудың екі негізгі белгісі бар. Бір жағынан ол жұмыстың өзінің болуы, екінші жағынан – ол одан түсетін табыс (ақшалай немесе натуралдық түрде). Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде қабылданған ереже бойынша жұмысбастылық түрлерінің жіктемесінің негізіне табыс түрлері енгізілген (ХЕҰ әдіснамасы бойынша, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) -  1919 жылы Версаль бейбітшілік келісім шартына сәйкес Ұлттар лигасында автономды ұйым ретінде құрылған. 1946 жылдан БҰҰ құрылтайшысы болды. Қазіргі күнде құрамына 160 мемлекет кіреді). Мысалы, жалақы немесе төлем ақы алу үшін жұмыс түрін ажыратады, сондай-ақ пайда алу үшін (дивиденд, пайыз, рента және т.б.) іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді. Соңғысы азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамту категориясын көрсетеді. Нарықтық экономика жағдайында қоғамда әрбір еңбек етем деген адамға мүмкіндіктер кепілдене отырып жұмысбастылықтың түрін және формасын еркін таңдауға болады деген идеология басым екендігін көреміз. Халықтың жұмысбастылығы – экономикалық бетбұрыстар кезеңінде, әсіресе экономикалық жүйенің ауысуы бір мезгілде жүретін елдерде күрделі, әрі айқын емес болып келетін динамикалық процесс. Қазіргі экономикалық жүйеде пайдалы қызмет ретіндегі жұмыспен қамту түсінігіне деген көзқарас ең алдымен Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында берілген: "Жұмыспен қамту - азаматтардың, Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі". Ал «Ресей Федерациясының халқын жұмыспен қамту туралы» Заңда былай деп көрсетілген: «жұмыспен қамту – бұл азаматтардың заңға қайшы келмейтін және де оларға жалақы, еңбек табысын әкелетін, жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты қызметі». Негізінен жұмыспен қамтылған халыққа жалдамалы жұмыспен айналысушылар, оқушылар, әскери қызметтегілермен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтушы және кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтар да жатқызылады. Бұл жердегі меңзеліп отырған пайдалы қызмет түрі деген жұмысбастылықтың табыс көзі екендігін көрсетеді. Жұмысбастылық түсінігіне экономикалық теориядағы негізгі экономикалық мектептердің өкілдері де көптеген анықтамалар береді, сол себепті де бұл экономикалық категорияның теориялық жағын қарастырып көрелік. Классикалық политэкономияның пайда болуы кәсіпкерлік қызметтің, сауда, ақша айналысы, оның сауда операцияларына тарауымен қатар, өнеркәсіпте және өндіріске түгелдей енуімен тығыз байланысты. Экономикалық теорияның атасы саналатын классикалық мектептің ең көрнекті өкілдері ағылшын экономистері У.Петти, А.Смит және Д.Рикардо. Олардың барлығы да өз дәрежесінде және де жекелей тұрғыда негізгі теориялардың бірі - еңбек құн теориясының негізін қалаушылар болып табылады.

А.Смит «Көрінбейтін қол» теориясының негізін қалаушы. «Көрінбейтін қол» туралы айтқанда А.Смит, шаруашылық іс–әрекетке араласатын әрбір адам өз мүддесін басшылыққа алады және жеке мақсаттарын көздейді деген, яғни оның мәні нарықтық экономика автоматты түрде өзін–өзі реттейді дейді (нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ауытқуы, бәсеке, бағалардың, жалақының, пайданың өзгеруі, және т.б.). Адамдар өзінің бас пайдасын ойлай отырып, қызмет барысында олар қоғамдық өнімнің ұлғаюына, жалпы игіліктердің өсуіне ықпал етеді. Бұл нарық заңдылықтарының «көрінбейтін қолы» арқылы жүзеге асырылады, сонда адам өз пайдасын ойлай отырып қоғам мүддесіне сай қызмет етеді екен. Нарықтық экономикадағы тәртіп бәсеке арқылы орнайды. Еркін бәсеке жағдайында өндірістің реттеушісі баға болады. Ол ресурстардың көлемін, бөлінуін, жұмыс күшінің қозғалысын реттейді.

Флексибилизация тұжырымдамасы. Флексибилизация тұжырымдамасы ақпараттандыру және компьютерлендірумен байланысты болған технологиядағы, техникадағы, өндірістегі түбегейлі өзгерістер кезеңінде басқару инновациясы ретінде пайда болған. Бұл тұжырымдамалар, еңбекті ұйымдастырудың көп формалығын, жұмыс уақытының икемді кестелерінің және жалдаудың жаңа жүйелерінің кеңеюін (уақытша орнын ауыстыру, қызметтерді қосымша атқаруды) білдіреді. Икемді жұмысбастылық саясаты көбінде, оның жүйелі түрде қосымша жұмыс күшін тартуға басты назар аударатынымен немесе тұрақты ядро – еңбек ұжымының кәсіби икемділігін дамытуға бағытталатынымен сипатталынады. Бірінші жағдайда жұмыспен қамтудағы экстернализациялау туралы сөз болып отыр (яғни сандық икемділік), екіншісінде, интернализациялау туралы (яғни қызмет атқарудағы икемділік). Негізінде қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайында еңбек нарығында мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиясының және айқын нақты жасалынған нормативтік базаның жоқтығынан болып отырған қиыншылықтарға қарамастан, жұмыспен қамтудың нарықтық экономика қажеттіліктеріне жауап беретін қазіргі парадигмаларының қалыптасуы жүруде. Алайда, аталған себептерге орай бұл процесс белгілі мөлшерде стихиялы және де жұмыссыздықтың және қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің өсуі түріндегі маңызды әлеуметтік шығындармен жүруде. Жоғарыда келтірілген жұмыспен қамтудың кейбір тұжырымдамаларының қысқаша шолуы батыс елдерінде жұмысбастылық қатынастарын реттеудің тәжірибесінің жинақталғанын және де ол тәжірибелерді Ресей мен Қазақстан Республикасы тәжірибесінде қолдану мүкіншілігінің бар екендігі туралы көрініс береді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]