Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zanyatost`.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627 Кб
Скачать
☆

35) Еңбек нарығының үлгілері: американдық, жапондық, шведтік. Үлгілердің әрқайсысына тоқтала отырып, түсіндіріңіз

Еңбек рыногын реттеу осы бағыттағы дамыған елдер тәжірибесін, Халықаралық ұйымдар және әлемдегі әртүрлі елдер еңбек рыногы модельдерін зерттеу негізінде жүргізілуі мүмкін. Дамыған елдердегі еңбек рыногын реттеудің негізгі үлгілерін атап көрсетуге болады: еуропалық (шведтік), американдық, жапондық және қытайлық үлгі.

Американдық үлгі - жаңа жұмыс орындарын жасауға, жұмыссыздықты азайтуға, экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына ықпал етеді. Американдық үлгіге жастардың және біліктілігі жоғары емес адамдардың еңбек нарығына енуінің қиындығы «жұмыс жасайтын кедейлердің» көптігі тән болып отыр.

Еуропалық (шведтік) үлгі - жұмыскердің құқықтық қорғалуының жоғары деңгейімен, жұмыс орындарын сақтауға бағытталған еңбек құқығының қатаң нормаларымен, салалық, аймақтық, тарифтік реттеумен, заңды түрде тағайындалатын ең төменгі еңбекақы деңгейінің салыстырмалы түрде жоғары болуымен және оның салыстырмалы түрде аз жіктелуімен сипатталады. Бұл үлгіні халықаралық еңбек ұйымдарының (ХЕҰ) эксперттері «идеал» деп есептейді.

Жапондық үлгіде - бүкіл елдің «азық-түлік қауіпсіздігін» қамтамасыз етіп отырған ауыл тұрғындарының тұрақты орнығуын ынталандырады. Жапондық аграрлық секторда қалыптасқан ұсақ және ұсақталған шаруашылық жағдайларында, шаруалардың ауылдық мекеннен қалаға көптен кетуінде, олардың бөлінуінде бұл аз қиындық туғызбайды. Бірақ бұндай саясаттың жеткен нәтижесі соңғы кезде ауыл тұрғындарының қалаға көшу қарқынының баяулауына әкелді. Жапондық үлгіге тән «өмірлік жалдау» жүйесінің негізі – кәсіпорында жұмыскерге кәрілік жасына дейін жұмыс жасауға кепілдік беру, материалдық игілікті көбейту, мамандардың кәсіби біліктілік құрамын жұмыс орындарының құрылымымен сәйкестендіру. Өңірінде жұмыс күшінің сапасын көтеруде білім деңгейін көтеру басты назарда болады.

36) Мемлекттік жұмысбастылық қызметінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен қаржыландырылуына тоқталыңыз

Тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету мен оларды әлеуметтік қорғаудың мәселелерін шешудің көптеген жолдары бар. Көптеген әлеуметтік байланыстар қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуі мен жұмыссыздық көбейген кезінде олардың қайсысы ең тиімді екен деген сұрақ туады. Дағдарыс кесірінен тұрғындардың нақты ақшалай табыстары мен өмір сүру деңгейі төмендеп, экономиканың салалары мен мемлекет аймақтарында өткір қақтығыстар пайда бола бастайды.

Тұрғындардың кедей категорияларының ақшалай табыстарының, зейнетақы мен төлемдердің, жалақының минималды және орта мөлшерлерінің арасындағы айырмашылық пен халықтың табыс деңгейі бойынша бөлінуі әжептеуір көбейді және ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны да өсті.

Қазіргі кезде жұмысбастылықты ұйымдастыру мәселелері бірінші ретте шешілуі тиістілердің қатарына қосылып, оларды шешудің жолдары өзінің шегіне жеткенін көрсетті. Тұрғындардың түрлі категорияларын әлеуметтік қорғаудың нақтылы іс-шаралары керек. Әлеуметтік-еңбек аясындағы жағдайдың шиеленісуіне кірісу үшін жаңа шешу жолдарын табу керек. Олардың дәстүрлік жолдары қазіргі кезде орындалуы тиіс мәселелерге қатыса алмайды.

Қазіргі таңда мүгедектер, жастар және әйелдер сияқты әлеуметтік қорғаусыз қалған тұрғындар категориясын жұмысбастылар қатарына қосу мәселелерін ұйымдастырудың жаңа жолдарын табу өте маңызды. Бұл азаматтар категориясы мемлекеттің аса қатты қорғауын сұрау етеді. Өйткені, төменгі әлеуметтік статуспен шектелген еңбекке деген жарамдылығы бар адамдар ұшін қазіргі кездегі жағдайда жұмыс табу өте қиын.

Көптеген елдерде өмір сүру үшін қажетті табыс табу үшін қолданатын маңызды инструмент рационалды жұмысқа орналастыру. Жақсы жұмыс адамдарға олардың әлеуметтік функционалдануында көмек көрсету үшін, әлеуметтік құқықтарын іске асыру мен жақсы әлеуметтік әл-ауқатқа жету мен оны сақтау үшін керек. Ең бірінші кезекте жұмыс өмір сүру көзі ретінде әлеуметтік қорғалмайтын азаматтар категорияларына қажет.

Жұмысбастылықпен қамтамасыз ету аясындағы әлеуметтік саясат принциптері соңғы кезде нақтыланып, елімізде үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Оның ең маңыздыларының бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Өйткені, осы салада көптеген адамдар өздерінің іске асырылмаған потенциалдарын ашып, қалағаны бойынша жұмыс таба алады. Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік және бюджеттік сферада еңбек ететін азаматтарға көптеген жеңілдіктер мен олардың табыс деңгейін көтеру мақсатында бірқатар шаралар орындалып, осы салаларға жұмыскерлерді тарту саясаты жүргізіліп жатыр. Әсіресе, мамандардың квалификациясын көтеру қолға алынып жатыр. Бұл, тек жеке секторда емес, сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет аясының қызметкерлерінің арасында жүргізілуде.

Жұмысбастылық – маңызды макроэконоикалық көрсеткіш, экономиканың, халықтың байлығының ең басты мінездемесі. Бірақ та, жұмысбастылық тек-қана экономикалық құбылыс емес, сонымен қатар, ол әлеуметтік сипатқа да ие. Ол қоғамға пайдалы қарекет ету арқылы өзін-өзі көрсету көмегімен адамдардың тек-қана табысты керек етушілігін емес, сонымен бірге, қоғамның дамуының белгілі бір әлеуметтік-экономикалық деңгейінде сұрауларға қанағат болу сатысын айқындайды.

Еңбек аясында қажеттіліктерін қанағаттандыру мен еңбекке байланысты қатысы бар адамның дамуының әлеуметтік аспектілерінің ең негізгілерінің бірін жұмысбастылық ашады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]