- •1 Жұмысбастылықты әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •2 Жұмысбастылық ұғымы және жұмысбастылық мәртебесіне анықтама бере отырып, сипаттаңыз
- •3 Жұмысбастылық түрлеріне жеке-жеке талдау жасаңыз: толыққанды, өнімді, еркін таңдалған
- •5.Мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз және ерекшелітеріне тоқталыңыз
- •6.Жұмысбастылықтың негізгі концепцияларын атаңыз және өкілдерінің көзқарастарын талдаңыз
- •7. Марксистік бағыттың негізгі өкілдері мен негізгі идеясын талдаңыз
- •8. Неоклассикалық бағыттың өкілдері және негізгі ұстанымдарын негіздеңіз
- •9. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық бағытына талдау жасаңыз
- •10) М.Фридмен монетаризм (монетаристік бағыт) бағытың өкілі ретінде. Негізгі көзқарасына тоқталыңыз.
- •11) Жұмыссыздықтың әлеуметтік мәселелерін атаңыз және оның салдарына түсініктеме беріңіз.
- •12) Жұмысбастылық пен халықтың түрлі топтарының әлеуметтік мобильдігінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
- •13) Жұмысбастылықтың стандартсыздануы дегенді түсіндіріңіз
- •15) Сыртқы және ішкі еңбек нарығының қалыптасуы қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады, негіздеңіз
- •16) Еңбек саласындағы әлеуметтік саясат.
- •18. Еңбек нарығы және оның қалыптасуының мәнін анықтаңыз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Әлеуметтік-еңбектік саланы мониторинтеу, әлеуметтік-экономикалық мониторинг және мониторинг көрсеткіштерін атаңыз .
- •23) Мониторингті еңбек нарығындағы дағдарысты жағдайларды анықтау құралы ретінде түсіндіріңіз
- •24) Жұмыссыздық мәселесін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде түсіндіріңіз және оның алдын алудағы әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз
- •25.Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына тоқталыңыз
- •26.Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық қызметін атаңыз және сипаттаңыз
- •27.Ерікті жұмыссыздар. Амалсыздан жұмыссыз болу. Жасырын жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық. Технологиялық жұмыссыздық. Аталған жұмыссыздық түрлеріне тоқталыңыз
- •31 Сұрақ. Миграцияның профессионалдық-еңбектік және мүліктік-табыстық себептері мен салдарларын атаңыз және түсіндіріңіз.
- •32 Сұрақ. Миграцияның түрлері: мемлекет аралық, мемлекет ішіндегі, тұрақты, маятниктік, эпизодтық, некелік. Әрқайсысына тоқтала отырып, ерекшеліктерін атаңыз.
- •33 Сұрақ. Миграцияның типтік, объективтік және субъективтік себептеріне тоқтала отырып, тұжырымдаңыз
- •34) Социологиялық зерттеулердің миграцияны зерттеудегі және тиімді жұмыс бастылықты қалыптастырудағы рөлін атап көрсетіңіз
- •35) Еңбек нарығының үлгілері: американдық, жапондық, шведтік. Үлгілердің әрқайсысына тоқтала отырып, түсіндіріңіз
- •36) Мемлекттік жұмысбастылық қызметінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен қаржыландырылуына тоқталыңыз
- •37. Жұмысбастылық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз және түсініктеме беріңіз
- •38. Мемлекеттік емес жұмысбастылық қызметтерінің мәні, қызметі мен құрылымына негіздеме беріңіз
- •39. Халық жұмысбастылығы: тенденциялары мен жетістіктеріне тоқталыңыз
- •40. Қр жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік саясатының мәні мен мазмұнын талдаңыз
- •41. Қр 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық концепциясының негізгі мақсаты мен міндерттеріне түсініктеме беріңіз
- •2003-2015Жылдар аралығындағы статистика жоқ!
- •42. Жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру технологиясына тоқталыңыз
- •43) Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ақпарат алмасу және оқу орындарын бітірушілерді іріктеудегі негізгі шараларының бірі болып табылады
- •45) Жұмысбастылық саласындағы әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша дифференциация
- •46 Еңбекке қабілетті адамдарды жұмысшылар қатарына қосуды жүргізу технологиясына тоқталыңыз
- •47 Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру технологиясына талдау жасаңыз
- •48 Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс және жұмыс іздеу технологиясына сипаттама беріңіз
- •52) Жұмысбастылық саласындағы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік кепілдемелерге талдау жасаңыз
- •53) Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешудегі мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шараларды атаңыз және түсіндіріңіз
- •22 Желтоқсан 2012, 16:53
- •54) Жұмысбастылық саласындағы жастар мен жасөспірімдердің жұмысбастылық мәселесіне тоқталыңыз
- •58. Жұмысбастылықтың жас ерекшелігіне орай әлеуметтік-демографиялық топтарға бөлінуін тұжырымдаңыз және топтарды атаңыз
- •59. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмысбастылыққа ықпалын түсіндіріңіз
- •60.«Жuмыспен қамту - 2020» бағдарламасына талдау жасаңыз
52) Жұмысбастылық саласындағы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік кепілдемелерге талдау жасаңыз
Жұмыссыздық –бұл әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздарға еңбекке қабілетті, еңбекақымен қамтамасыз етілмеген, сәйкес келетін жұмысты ізестіруші және табылған жағдайда жұмыс істеуге дайын еңбек биржасында тіркеуде тұрған адамдарды жатқызады.
Жұмыссыздарға берілетін әлеуметтік кепілдіктер. Жұмыссыз деп танылған азаматтарға жәрдемақы міндетті түрде төленіп отырған. Ол мынадай азаматтарға:
әртүрлі жағдайларға байланысты жұмыстан босатылғандарға;
кәсіби – техникалық орташа және жоғарғы оқу орындарын бітіргендерге;
ұйымнан босатылғандар және т. б.жәрдемақы.
Жұмыспен қамту және жұмыссыздықты несиелендіру – жұмыспен қамту және жұмыссыздықты несиелендіру жаңа жұмыс орындарын тұрғызуға деген мүмкіншілік.
Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы экономикада жұмыспен қамтылған азаматтар саны мен сала бойынша қамтылған өзгерістерінің төмендеуімен сипатталады. Бұл көрсеткіштерді келесі кестеден көруге болады.
Кесте 1. ҚР-ы бойынша 2006-2008 жылдардағы жұмыспен қамтылғандардың, жұмыссыздардың саны және жұмыссыздықтың деңгейі.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1-кестеден көріп отырғанымыздай ҚР-да 2008 жылы 7,9 млн. адам жұмыс істейді. 2007 жылға қатысты олардың саны 226,1 мың адамға немесе 3 %-ға өсті. Ерлер 4 млн. адам немесе жұмыс істейтіндердің жалпы санынан жартысынан астам, әйелдер 3,9 млн. адам немесе 49,4 % . Жұмыс істейтіндер құрылымында жалдамалы қызметкерлердің үлесі 66,1%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 33,8% құрады. 2008 жылдың жұмыссыздар саны 557,8 мың адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 39,4 мың адамға немесе 6,6 %- қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі 6,6%(2008) (2006 жылы бірінші тоқсанында – 8,2 %) болды. Жұмыссыздардың жалпы санында ерлер - 226,4 мың адамды,(40,6%), әйелдер – 331,4 мың адамды,(59,4%) құрады.
Кәсіби даярлауға немесе қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға 5,8 мың адам жіберілді, қоғамдық жұмыстарға – 34,4мың адам қатысты.
2008 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 9 кәсіпорын түрлі себептермен өндірісін толық тоқтатты, 82 кәсіпорын – жартылай тоқтатты, 11 кәсіпорын – толық емес жұмыс уақыты режимінде жартылай жұмыс істеді. Өз еркінсіз демалыстағы қызмеркерлер саны 7,5 мың адамды құрады.
Диаграмма 1-дeн көріп тұрғанымыздай 1998 жылмен салыстырғанда жұмыссыздық жеңгейі 13,1%-дан 2008 жылы 6,6%-ға дейін төмендеген(яғни 6,5% азайған). Және экономикалық тұрғыдан белсеңді халық саны да 1998 жылмен салыстырғанда 7 052 600 адамнан 8 412 400 адамға дейін өскенін(1359 800 адам қосылған), соның ішіндегі жұмыспен қамтылған халықтың да санының 6 127 600 адамнан (1998ж) 7 854 700 адамға дейін (1 727 100 адамға көбейген) көтерілгенін байқауға болады. Ал жұмыссыздар саны 925 000 адамнан 557 700 адамға дейін кеміген, яғни 367 300 адамға қысқарған.
Сонымен қатар, ҚР бойынша жұмыспен қамтылған халықтың ерекшеліктері:
2007 жылы жұмыспен қамтылған халық саны 7403,5 мың адамды құрайды. Оның ішінде сала бойынша жіктеледі, қалалық, ауылдық жерлерде де көрсеткіш деңгейі әртүрлі. Мәселен, жұмыспен қамтылған халық саны ауылдық жерлерде төмен болып отыр. Жұмыспен қамтылу мәселелері әсіресе үлкен қалалар мен істеуші ауылдарда қиындыққа әкеледі. Ал 2008 жылдың (статистика агенттігінің деректері бойынша) жұмыспен қамтылған халық саны 7854,7 мың адамды құрайды.
2009 жылдың ақпанында жалдамалы қызмеркерлер саны 5 млн. адамды құрады, бұл 2007 жылдың тиісті кезеңдегіден 293,7 мың адамға(3,8%-ға) көп. Олардың санынан мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда 4 млн.адам (81,3%-ға), жеке тұлғаларда 0,6 млн. адам (11,3%) шаруа қожалықтарында 0,3млн.адам (7,2%) жұмыс істейді. 2009 жылдың ақпанында ірі және орта кәсіпорындарында 2,9 млн. адам жұмыс істеді немесе жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 56,2%-ы. Жұмыс күші 2007 жылдың тиісті айымен салыстырғанда құрылыста 314,6 мың адамға, өнеркәсіпте 220,3 мың адамға, білім беруде 147,5 мың адамға, саудада 951,9 мың адамға, жалжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру саласында 155,9 мың адамға, қаржы саласында 17,6 мың адамға, денсаулық сақтау саласына 48,8 мың адамға, мемлекеттік басқаруда 88,3 мың адамға өсті.
2008 жылдың ақпанның соңында ірі және орта кәсіпорындарда 23 мың бос жұмыс орны болды. Бұл 2006 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1,4 бірлікке көп.ең көп жұмыс орны саны мемлекеттік басқаруда – 5965 бірлік (олардың жалпы саны нан 26%), өнеркәсіпорындарында – 5377 бірлік(23,4%) сақталды. Аталған кезең ішінде жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру саласында – 2589 бірлікті (11,3%), қаржы қызметінде - 2053 бірлікті ( 9%), құрылыс ұйымдарында 1864 бірлікті(8,1%) ,көлік және байланыста 1617 бірлікті (7,1%) құрады.Еңбек ресурстарындағы жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санымен анықталған , еңбек нарығының белсенділігі , орта есеппен сол кезеңде – 72,7 %-ды құрайды. Ағымдағы жылдың ақпанында денесаулық сақтау саласында қаңтармен салыстырғанда бос жұмыс орындары 350 бірлікке(37,2%) , өнеркәсіпте 279 бірлікке(5,5%), мемлекеттік басқаруда 247 бірлікке(4,3%), білім беруде 111 бірлікке(%) жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру саласында 86 бірлікке (3,4%), құрылыста 78 бірлікке (4,4%) өсті. Қаржы құрылымдарында олардың санының азаюы – 127 бірлік (5,8%), саудада – 72 бірлік (11,5%) байқалды.
2009 жылғы қаңтарда жалдамалы қызметкерлер саны 3329,1 мың адамды құрады, оның ішінде ірі жəне орта кəсіпорындарда – 2917,3 мың адам, бұл 2008 жылғы өткен аймен салыстырғанда 17,1 мың адамға (0,6%-ға) аз. 2009 жылғы қаңтарда ірі жəне орта кəсіпорындарда 48,2 мың адам қабылданды. Əр түрлі себептермен 64,4 мың адам ірі жəне орта кəсіпорындардан жұмыстан шықты. 2009 жыл қаңтардың соңында ірі жəне орта кəсіпорындарда (0,7% тiзiмдiк санға) 23,2 мың бос орындарды толтырылмады. Бұл 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда (6,1%-ға) 1,4 мың бiрлiкке аз.
2008 жылғы төртінші тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 жастағы және одан асқан адамдар) 559,3 мың адамды құрап, өткен тоқсанмен салыстырғанда 18,7 мың адамға немесе 3,5%-ға артты. Жұмыссыздық деңгейі 6,6% (2008 жылғы үшінші тоқсанда – 6,4%) құрады.
Диаграмма 2. 2007-2008жж. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар саны және жұмыссыздық деңгейі [19]
Жұмыссыздық деңгейінің артуы жұмыспен қамтылған халық санының азаюымен түсіндіріледі. Республика экономикасында 2008 жылғы төртінші тоқсанда 7,9 млн. адам жұмыспен қамтылды, бұл үшінші тоқсанға қарағанда 63,3 мың адамға (2,7%-ға) аз. Жұмыспен қамтылған халықтың арасында ерлердің саны 4 млн. адамды немесе 51,1%, әйелдердің саны – 3,9 млн. адам немесе 48,9% құрады.
Сөйтіп, жалпы Қазақстандағы жұмыспен қамту деңгейінінің алдыңғы онжылдықпен салыстырғанда едәуір өсіп келе жатқаның байқаймыз, бірақ соңғы жылдардағы дағдарыс та Қазақстанға әсер етпей қоймағанын байқаймыз. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі 7% құрайды, жұмыссыздар саны дағдарыс кезінде күннен күнге өсіп келеді, әсіресе құрылыс, қызмет көрсету, қаржы салаларында бұл құбылыс өршу үстінде. Жұмыссыздық барлық адам мен оның отбасы үшін өткір әрі күрделі, салдарына қарай көп векторлы дағдарыс жағдайы болып табылады. Оны жеңу үшін көрсетілетін көмек әлеуметтік жұмыстың маңызды мақсаттарының бірі.
2.2 Әлеуметтік топтардың жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық деңгейі
2006 жылдың 1 шілдесіне еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойынша 15301,4 мың адамды құрады, соның ішінде қалалық - 8763,9 мың (57,3%), ауылдық - 6537,5 мың адам (42,7%).
Республикада 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады, 2006 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 9008,0 мың адамды, орыстар – 3962,1 мың, украиндар – 444,7 мың, өзбектер – 433,5 мың, ұйғырлар – 231,4 мың, татарлар – 229,1 мың, немістер – 222,5 мың адамды құрады Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар – 58,9% және орыстар – 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер - 4,6 мың немесе 1,1%-ға, ұйғырлар - 1,6 мың немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар – 4,1 мың немесе 0,9%-ға, татарлар – 0,5 мың немесе 0,3%-ға және немістер – 0,2 мың немесе 0,1%-ға азайды. 2009 халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 16 304 840санына тең.
Жұмыспен қамтылған жалпы ҚР-ның халқын этникалық бөліп қарайтын болсақ, олардың 4360,6 мыңы қазақтар, 1917,5 мың орыс ұлты, 214,7 мыңы украин, 207,2 мыңы өзбектер, 111,1 мыңнан ұйғырлар,татарлар, неміс ұлты және 370,2 мың басқа ұлттарға тиесілі. Ал жұмыссыздардың жалпы санының (625,4мың) қазақтар-368,3мың; орыстар - 161,9 мың; украиндар - 18,2 мың; өзбектер - 17,5 мың; ұйғырлар - 9,4 мың; татарлар - 9,3 мың; немістер - 9,3 мың; басқа ұлттар – 31,2 мың адамы жұмыссыз болып табылады(4-кесте).
Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, ағымдағы жылдың қаңтар- маусымында оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады, одан ТМД елдерімен - 15892 (17825) адам. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санынан тиісінше 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.
Көптеген облыстар үшін ұзақ мерзімді жұмыссыздық тән. Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, және Атырау облыстарында 1 жылдан астам жұмыссыз дәрежесін иеленген адамдар саны 20-дан 27%- ға дейінгі шаманы құраса, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 6 айдан 12 айға дейін жұмыс істемейтіндердің үлесі едәуір деңгейді көрсетеді.
Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар жалпы жұмыспен қамтудың 20%-ын қамтамассыз етеді.Жетілдірілмеген нормативтік құқықтық база шағын және орта кәсіпорындар секторының өсуін тежейтін негізгі себептерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлік машықтардың кемдігі осы- бағыттағы тағы бір тосқауыл. Сондай-ақ капитал мен үй - жайларға қол жеткізу мүмкіндігі және жақсы дамымаған ақпарат жүйесі де проблемалар туындатады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек заңнамасын сақтауға мемлекет бақылауын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын өндіріс обьектілеріне тексеру жүргізеді. Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері - жұмыс берушілердің еңбекті қорғау туралы заңнама ережелерін сақтамауы, технологиялық үдеріс нормаларының талаптарын бұзулары, медициналық байқауларды және жұмыскерлерді куәліктендіруді уақытылы жургізбеуі, сондай-ақ еңбек қатынастарына қатысушылардың нормативтік- құқықтық актілерді жетік білмеулері болып табылады.
Жұмыспен қамту саласының негізгі мақсаты- жұмыспен қамтылған халық санының өсуі және еңбек ресурстарының мамандықтарын арттыру. Осы мақсаттарды іске асыру үшін келесі мәселелерді шешуге тура келеді:
Барлық секторларда экономикалық өсуді қамтамассыз ету;
Жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын дамыту, ішкі еңбек рыногын қорғау, елдегі еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамассыз ету бағыттарында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
Еңбек қатынастарын жария ету, жаңа тұрмыс орындарын ашу және азаматтардың еңбек рыногындағы кәсіптік даярлықтарын жетілдіру.
Жоғарыда мазмұндалған мәселелердің негізінде қазақстандық еңбек рыногының үлгісі , қолданыстағы ең артықшылықты үлгілердің элементтері мен оларды қолдану мүмкіндіктерін, сондай-ақ демографиялық , саяси және әлеуметтік- экономикалық даму ерекшеліктерін ескеру арқылы халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптасуы тиіс.
Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыруды реттеу жүйесі Республикамызда әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі. Яғни, «Халықты жұмыспен қамту туралы заңымен» Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледі.
Нарықтық қатынастарға көшуде жұмыспен қамту саласындағы саясат, белсенді және енжар болып екіге бөлінеді.
Белсенді саясат – жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатындағы мемлекеттік басқару мен жүргізілетін, құқықтық, ұйымдық және экономикалық шаралар жиынтығы. Оның жүргзілуі жұмыс іздеп жүрген азматтарды кәсіби оқыту, даярлау негізінде жүргізілген шараларға негізделеді.
Енжар саясат – жұмыссыз азаматтарға жәрдемақы төлеу және жұмыспен қамту қызметтері арқылы жұмыс орындарын табумен ғана шектеледі.1990 жыл 15 желтоқсанда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту» заңнамасына сәйкес, халықты жұмыспен қамтудағы белсенді және енжар саясатты қатамассыз етудегі түрлі бағдарламалар, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік сақтандыру сияқты мәселелерді – мемлекеттік қор қаржыландырады.
Нормативтік – құқықтық құжаттарға байланысты, мемлекеттік қордың жұмыспен қамтылуға жәрдемдесуі келесілер негізінде:
Жұмыс берушілердің, мекемелердің, ұйымдардың міндетті аударымдарынан;
Түрлі мекемелердің ерікті жарналарынан;
- Халықты жұмыспен қамтуды реттеу жүйесінде қаржылық ресурстардың қолданылуы;
Жұмыссыздыққа төленетін жәрдемақы;
Қоғамдық жұмыстардың қаржыландырылу;
Жұмыссыздарды қайта даярлау, кәсіби біліктілгін арттыру;
Жаңа жұмыс орындарын ашуға несиелер беру;
Жұмыс күшін территориялды бөлу;
Материалды – техникалық базаның дамуы;
Жұмыспен қамту қызметінің мазмұны.
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру, жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Қоғамдық жұмыста істеймін дейтін азаматтармен 2 жақты келісім шарт жасалады. Қоғамдық жұмыстағы азаматтарға істеген жұмысының нәтижесіне байланысты, жалақысы беріледі. Бірақ бұл жалақы, жұмыссыздарға төленетін жәрдемақыдан 15%-дан жоғары болмайды. Осы жұмыста істеген азаматтарға әлеуметтік кепілдіктер беріледі
Жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлау, кәсіби біліктілігін арттыруды қаржыландыру. Жұмыссыз - деп тіркелген азматтарды, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметіне сәйкес, арнайы оқу-орындарда оқытылатын болды. Яғни, сол оқу орындарымен, жұмыспен қамту қызметі келісім шартқа тұрады. Бұл шығындарды қаржыландыру - мемлекеттік қормен жүзеге асырылады. Кемінде 12 ай стажы болған жұмыссыз азаматтарға, кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау кезеңінде жалақының 100% - ы негізінде стипендия төленеді.
