Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zanyatost`.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627 Кб
Скачать
☆

2 Жұмысбастылық ұғымы және жұмысбастылық мәртебесіне анықтама бере отырып, сипаттаңыз

Әлеуметтік-нарықтық экономиканың және экономикалық саясаттың басты назардағы теориялық және практикалық мәселелерінің бірі халықтың жұмысбастылық мәселесі болып табылады. Біздің елдегі және де көптеген дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі қалыптасқан жағдайлардың ерекшелігі бұл мәселенің бірден бір ғаламдық әлеуметтік-экономикалық мәселе екендігін және ол солай блып қалатындығын айқын көрсетіп отыр. Көптеген адамдар үшін еңбектегі іс-әрекеті барлық өмірі сабақтасатын бір «өмірдің өзегі» ретінде жүреді. Жұмыспен индивидтің материалдық жағдайы, оның қоғамдағы орны, өзінің еңбектік потенциалын ашу мүмкіндігі және т.б. байланысты болып келеді. Бұл өз кезегінде еңбектегі іс-әрекетінің әлеуметтік-психологиялық аспектісі болып табылады.

Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз – азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген.

Жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәні:

Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық – тұрғындардың қоғамдық немесе өнімді ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.

Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынандай түрлері бар: жалры білім беретін арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып-қағу, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.

Қоғамның дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдақ өндірістегі жұмысбастылық негізгі болып табылады. Ол қоғамның экономикалық потенциалымен қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сапасы мен денгеиін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды.

Әлеуметтік маңыздылығы жағынан жұмысбастылықты ең жоғары құндылыққа жатқызуға болады. Оның анықтамасы және мәселесі қазіргі кезде экономикалық әдебиеттерде өте маңызды орынды алады. Көп жағдайда оны өндірістік көзқарас тұрғысынан қарастырады. Бұл тұста экономист-ғалым А.Э.Котлярдың жұмысбастылыққа берген түсініктемесі өте орынды болып келеді, яғни «жұмыс орындарын қамтамасыз ету бойынша және шаруашылық іс-әрекетте қатысуына қарай болатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі» деп көрсетеді. Жұмысбастылық процесі, бір мезгілде жұмысшы күші және жұмыс орындары сатылатын және сатылып алынатын еңбек нарығында жүреді (жұмыс беруші жұмыс орындарын ұсынады, ал жұмысшы күшінің иегері өзінің еңбекке қабілеттілігін ұсынады). Яғни жұмысшы күшінің және жұмыс орындарының нарықтары халықтың жұмысбастылық формасында жалдамалы еңбекпен бірігеді. Сонымен «...халықтың жұмысбастылығы дегеніміз адамдардың еңбектік іс-әрекетке тартылу шаралары, олардың еңбектегі қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесі, жұмыс орындарымен қамтамасыз етілулері» деп білеміз.

Жұмысбастылық мәртебесі жұмыспен қамтылған халықтың үш негізгі санаттарының арасында айырмашылық жүргізеді:

- жалданып жұмыс істейтіндер (жалдамалы жұмысшылар);

- жалданбай жұмыс істейтіндер (өз бетінше жұмыспен қамтылғандар);

- көмектесетін отбасы мүшелері (сондай-ақ отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін жұмыскерлері);

«Жалданбай жұмыс істейтіндер» тобы келесі қосымшалардан тұрады:

- жалдамалы жұмысшыларды (жұмыс берушілер) тарту арқылы жалданбай жұмыс істейтіндер;

- жалдамалы жұмысшыларсыз (өз есебінен жұмыс істейтіндер) жалданбай жұмыс істейтіндер;

Жалдамалы (ақы төленетін) жұмысшылар - айлықақы, сыйлықақы,үстемеақы, және т.б. түрінде, немесе заттай нысанда ақы (сыйақы) төлеу көзделген жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.

Өз бетінше қызмет - сыйлықақы мөлшері тауар өндіруден (өткізуден) және қызмет көрсетуден алынатын табысқа (мұнда өзі тұтыну табыстың бір бөлігі ретінде қаралады) тікелей тәуелді болатын жұмыспен қамтылу.

Өз бетінше жұмыспен айналысатын жұмысшылардың келесі топтары

анықталған:

Жұмыс берушілер - өзінің меншікті кәсіпорын басқаратын немесе экономикалық қызметтің қандай да бір түрінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар адамдар.

Өз бетінше жұмыспен айналысатын жұмысшылар - өздігінше немесе бір немесе бірнеше серіктестерімен жұмыс істей отырып өз бетінше жұмыспен қамтылу негізіндегі қызметпен айналысатын және қызметкерлерді тұрақты негізде жалдамайтын адамдар.

Ақы төленбейтін отбасылық қызметкерлер - туыс адаммен басқарылатын кәсіпорында (шаруашылықта), әдетте, сыйақысыз жұмыс істейтін адамдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]