Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zanyatost`.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627 Кб
Скачать
☆

23) Мониторингті еңбек нарығындағы дағдарысты жағдайларды анықтау құралы ретінде түсіндіріңіз

Өз ойларыңды жазындар, мониторинг деген не, не үшін керек, сол арқылы экономикада не істей аламыз деп. Инетте бұл туралы мәлімет ДЫМ жоқ

Дағдарыс ж/е оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы ролі.

«Дағдарыс» түсінігі кез-келген басқарушылық шешімдерді әзірлеудің методологиясына әсер ететін «тәуекел» түсінігімен тығыз байланысты. Әлеуметтік-экономикалық жүйе өзінің кез-келген түрінде ж/е нысанында 2 үрдіске ие: жұмыс істеу ж/е даму. Жұмыс істеу – бұл оның тұтастығын, сапалы белгілігін, мәнді сипаттамасын анықтайтын тіршілік әрекетті қолдау, функцияларды сақтау б.т. Даму – бұл өзгермелі орта жағдайында тіршілік әрекетін нығайтатын жаңа сапаны иемдену. Жұмыс істеу ж/е даму өзара тығыз байланысты ж/е әлеуметтік-экономикалық жүйенің нег. үрдістерінің диалектикалық бірлігін бейнелейді. С/мен қатар әлеуметтік-экономикалық жүйенің жұмыс істеуі тек мынадай белгілердің б.б. сәйкестігі барысында мүмкін: еңбек құралдары оның заттарын өзгерту мүмкін, адам еңбек заттарын билеу к/к, нәтиже адамның мүддесіне ж/е қажеттілігіне сәйкес болу керек. Бұның бәрі жұмыс істеудің шарттары б.т. Даму – еңбек заттарында, құралдарында ж/е адам-ғы өзгерістерді сипаттайды. Бұндай өзгерістердің белгісі б/п әлеуметтік-экономикалық жүйе-ң жұмыс істеуінің н/е бұл үшін жаңа жағдайларды құрудың орнықтылығын ж/е үйлесімділігін нығайтатын жаңа сапа-ң п.б/ы табылады. Даму фактісі болып – еңбек өнімділігінің жоғарылауы, оның мінез-құлқының өзгеруі, жаңа технологияның п.б/ы, қызметті ынталандыруды күшейту табылады.

Жұмыс істеудің ж/е дамудың байланысы диалаектикалық мінез-құлыққа ие, с/тан дағдарыстың басталуының ж/е шешілуінің заңдылығын ж/е мүмкіндігін бейнелейді. Жұмыс істеу дамуды тежейді. Осылайша, дағдарыстың дүркіндік басталуын бейнелейтін дамудың кезеңдік үрдісі басталады.

Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің әлеуметтік аспектісі.

Тоқырап тұрған қуаттарды жүктеу, әлеуметтік тұрғыдан жұмыспен қамтудың көбеюін, әлеуметтік шиеленістерді және елдегі қылмыстық жағдайдың төмендеуін білдіреді. Толық жүктелмеген қуаттар экономиканың дағдарыстан шығудың бастапқы кезеңдеріндегі экономикалық өсудің маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар инвестициялық қызметтің келешек айтарлықтай белсенділігінің маңызды алғышарттары болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, негізіне келесі ұстанымдар жататын белсенді өндірістік саясатқа тіреледі (яғни әлеуметтік аспектілер келесі б.т.):

оны жүзеге асырудағы оның барлық қатысушыларының қызығушылықтарын ескеруді қамтамасыз ету; әлеуметтік-экономикалық бағдар: құрылымдық өзгерістер үстіндегі жағымсыз салдарларды азайтуға, ал осыдан соң тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылату үшін де ыңғайлы жағдайлар туғызу; шаралардың арнаулы (мекенжайлық) сипаты және оларды жүзеге асырудың соңғы нәтижелеріне қатысушылардың жоғары жауапкершілігі; өндірістегі өзгеріс процесінің қатысушылары үшін келісімдік қатынастар жүйесі мен конкурстық негіздер; өндірісті жетілдіруді қамтамасыз ету және ғылыми-өндірістік және зияткерлік (интеллектуальные) шамаларды қамтамасыз ету мақсатымен қорларды орталықтандыру; мемлекеттік мүлікті жалға беру, лизинг және инвестициялық сату конкурстарын кеңінен пайдалану; еңбек, капитал, тауарлар мен қызметтер, технология және т.б. нарықтарындағы жалпылық сұраныс уәждемесін (мотивация) дамыту және қолдау.

Дағдарысқа қарсы басқарушы. Қызметтің негізгі функциялары.

Дағдарысқа қарсы басқарушы басқару функцияларын персонифицируші болып табылады. Оның қызметінің классикалық негіздерінен басқа келсідей функцияларды атқарады:

1 Стратегиялық-жағдайды талдау және болжау негізінде ұйымның мақсаттарын белгілеу, стратегия жасаумен жоспар құруды үйлестіру.

2 Әкімшілік - нәтижелерді қадағалау және бағалау, қызметін коррекциялау , оны мерзім, уақыт, ресурстар бойынша үйлестіру, ыналандыру және жазалау шараларын жүйелендіру жүйесін қалыптпстыру.

3 Сараптамалык-инновациялық дағдарысқа қарсы басқарушыдан ұдайы, мақсатты бағдарланған экономиканың әр түрлі саласындағы жаңашылдықтармен танысу, бағалау және сараптау, тәжірибеге енгізу жағдайын жасауды талап етеді.

4 Тәрбиелік – ұжымда жағымды моральдік-психологиялық ортаны жасау, дәстүрлерді бұзбау, кекілжіңдердің алдын алу және стандартты мінез-құлықты қалыптастыруды ұйғарады.

5 Көшбасшылық - дағдарысқа қарсы басқарушы басқарушы бұл функциясында қоластындағы қыметкерлер мен әріптестерінің қызығушылықтары ұйымның мақсаттарына қайшы келмеуін қадағалайтын қызметтің ұйытқысы болады. Топтың ішкі бірлігін сақтап қалу мен жұмыстағы жалпы көз қарасы соған байланысты болады.

Дағдарыстың пайда болуының себептері.

Дағдарыс – қоршаған ортада оның тіршілік тұрақтылығына қауіп-қатер болатын әлеуметтік-экономикалық жүйеде (ұйымда) қарама-қайшылық-дың шиеленісуі. Дағдарыстың себебі әр түрлі болуы мүмкін. Олар 5 түрге бөлінеді: объективті, субъективті, табиғи, ішкі ж/е сыртқы.

Объективті – жаңғырту ж/е қайта құрылымдаудың кезеңдік қажеттіліктермен байланысты.

Субъективті – басқарудағы қателіктерді ж/е волюнтаризмді бейнелейді.

Табиғи – ауа-райының құбылыстарын, жер сілкіністерді ж/е т.б. сипаттайды.

Ішкі – маркетингтің қатерлі стратегияларымен, ішкі жанжалдармен, өндірістік ұйымдағы жетіспеушіліктермен, басқарудың, инновациялық ж/е инвестициялық саясаттың жетілдірілмегендігімен байланысты.

Сыртқы – макроэкономикалық дамудың үрдістерімен ж/е стратегиясымен н/е әлемдік экономиканың дамуымен, елдегі саяси жағдайлармен, бәсекелестермен байланысты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]