- •1 Жұмысбастылықты әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •2 Жұмысбастылық ұғымы және жұмысбастылық мәртебесіне анықтама бере отырып, сипаттаңыз
- •3 Жұмысбастылық түрлеріне жеке-жеке талдау жасаңыз: толыққанды, өнімді, еркін таңдалған
- •5.Мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз және ерекшелітеріне тоқталыңыз
- •6.Жұмысбастылықтың негізгі концепцияларын атаңыз және өкілдерінің көзқарастарын талдаңыз
- •7. Марксистік бағыттың негізгі өкілдері мен негізгі идеясын талдаңыз
- •8. Неоклассикалық бағыттың өкілдері және негізгі ұстанымдарын негіздеңіз
- •9. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық бағытына талдау жасаңыз
- •10) М.Фридмен монетаризм (монетаристік бағыт) бағытың өкілі ретінде. Негізгі көзқарасына тоқталыңыз.
- •11) Жұмыссыздықтың әлеуметтік мәселелерін атаңыз және оның салдарына түсініктеме беріңіз.
- •12) Жұмысбастылық пен халықтың түрлі топтарының әлеуметтік мобильдігінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
- •13) Жұмысбастылықтың стандартсыздануы дегенді түсіндіріңіз
- •15) Сыртқы және ішкі еңбек нарығының қалыптасуы қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады, негіздеңіз
- •16) Еңбек саласындағы әлеуметтік саясат.
- •18. Еңбек нарығы және оның қалыптасуының мәнін анықтаңыз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Әлеуметтік-еңбектік саланы мониторинтеу, әлеуметтік-экономикалық мониторинг және мониторинг көрсеткіштерін атаңыз .
- •23) Мониторингті еңбек нарығындағы дағдарысты жағдайларды анықтау құралы ретінде түсіндіріңіз
- •24) Жұмыссыздық мәселесін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде түсіндіріңіз және оның алдын алудағы әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз
- •25.Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына тоқталыңыз
- •26.Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық қызметін атаңыз және сипаттаңыз
- •27.Ерікті жұмыссыздар. Амалсыздан жұмыссыз болу. Жасырын жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық. Технологиялық жұмыссыздық. Аталған жұмыссыздық түрлеріне тоқталыңыз
- •31 Сұрақ. Миграцияның профессионалдық-еңбектік және мүліктік-табыстық себептері мен салдарларын атаңыз және түсіндіріңіз.
- •32 Сұрақ. Миграцияның түрлері: мемлекет аралық, мемлекет ішіндегі, тұрақты, маятниктік, эпизодтық, некелік. Әрқайсысына тоқтала отырып, ерекшеліктерін атаңыз.
- •33 Сұрақ. Миграцияның типтік, объективтік және субъективтік себептеріне тоқтала отырып, тұжырымдаңыз
- •34) Социологиялық зерттеулердің миграцияны зерттеудегі және тиімді жұмыс бастылықты қалыптастырудағы рөлін атап көрсетіңіз
- •35) Еңбек нарығының үлгілері: американдық, жапондық, шведтік. Үлгілердің әрқайсысына тоқтала отырып, түсіндіріңіз
- •36) Мемлекттік жұмысбастылық қызметінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен қаржыландырылуына тоқталыңыз
- •37. Жұмысбастылық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз және түсініктеме беріңіз
- •38. Мемлекеттік емес жұмысбастылық қызметтерінің мәні, қызметі мен құрылымына негіздеме беріңіз
- •39. Халық жұмысбастылығы: тенденциялары мен жетістіктеріне тоқталыңыз
- •40. Қр жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік саясатының мәні мен мазмұнын талдаңыз
- •41. Қр 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық концепциясының негізгі мақсаты мен міндерттеріне түсініктеме беріңіз
- •2003-2015Жылдар аралығындағы статистика жоқ!
- •42. Жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру технологиясына тоқталыңыз
- •43) Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ақпарат алмасу және оқу орындарын бітірушілерді іріктеудегі негізгі шараларының бірі болып табылады
- •45) Жұмысбастылық саласындағы әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша дифференциация
- •46 Еңбекке қабілетті адамдарды жұмысшылар қатарына қосуды жүргізу технологиясына тоқталыңыз
- •47 Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру технологиясына талдау жасаңыз
- •48 Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс және жұмыс іздеу технологиясына сипаттама беріңіз
- •52) Жұмысбастылық саласындағы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік кепілдемелерге талдау жасаңыз
- •53) Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешудегі мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шараларды атаңыз және түсіндіріңіз
- •22 Желтоқсан 2012, 16:53
- •54) Жұмысбастылық саласындағы жастар мен жасөспірімдердің жұмысбастылық мәселесіне тоқталыңыз
- •58. Жұмысбастылықтың жас ерекшелігіне орай әлеуметтік-демографиялық топтарға бөлінуін тұжырымдаңыз және топтарды атаңыз
- •59. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмысбастылыққа ықпалын түсіндіріңіз
- •60.«Жuмыспен қамту - 2020» бағдарламасына талдау жасаңыз
5.Мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз және ерекшелітеріне тоқталыңыз
Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасына сәйкес, жұмыспен қамту деген – жеке басының жеке қоғамның мұқтаждығын қанағаттандыратын заңнамаға қарсы келмейтін және табвс пен еңбекақы алып келетін азаматтардың қызметі.
Жұмыспен қамту саясатының белсенді түрі (еңбек нарығында) – мемлекеттің жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көзделген құқық, ұйымдық және экономикалық шаралардың жиынтығы. Мұндай саясаттың мазмұнына: қоғамдық жұмыстар жүйесі бойынша жаңа жұмыс орындарын ұйымдаствру, өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту жолымен жұмыс орындарын құруды демеу, жұмыс орнын сақтап қалуға, тұлғаларды оқыту, қайта дайындау және біліктігін жоғалатуға, қызметтердің жұмыстан өздігінен босталуын болдырмауға (ескерту, алдын алу шарасы) байланысты іс-шаралар кіреді.
Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы [2].
Әлеуметтiк-экономикалық өзгеру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсендiлiгi мен жұмыспен қамтылу деңгейi тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейi 2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 %-ға дейін төмендедi.
Жол картасы шеңберiнде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң арнайы шараларын әзiрлеу және iске асыру әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiне байланысты уақытша экономикалық қиындық жылдары да (2008 – 2010 жылдар) жұмыспен қамтудың жоғары деңгейiн сақтауға мүмкiндiк бердi.
Қазiргi уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелi индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бiр жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрi өсу мүмкiндiктерiн кеңейтедi, екiншi жағынан - еңбек нарығына жұмыс күшiнiң iшкi резервiн тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсендiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерiн әзiрлеудi және iске асыруды талап етедi.
Жол картасы шеңберiнде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарын (әлеуметтiк жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру) кеңiнен қолдану халықтың нысаналы топтары құрамындағы азаматтардың белсендiлiгiне ықпал еттi, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейi (4,7 %) алғаш рет елдегi жұмыссыздықтың жалпы деңгейiнен төмен көрсеткiште белгiлендi.
Жол картасының негiзгi нәтижелерi: шамамен 9 мың жоба iске асырылды; 392 мың жұмыс орны құрылды; шамамен 150 мың адам даярлауға және қайта даярлауға жiберiлдi, олардың жартысына жуығы жұмысқа орналастырылды; 192 мыңнан астам адам әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар практикасы шеңберiндегi жұмыс орындарына орналастырылды. Дағдарыс жағдайында iске асырылған халықты жұмыспен қамтудың қысқа мерзiмдi стратегиясы – Жол картасы жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiне жол бермеумен катар, оның деңгейiнiң 2009 жылғы екiншi тоқсандағы 6,9 %-дан 2010 жылғы желтоқсанда 5,5 %-ға дейін төмендеуiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.
Жұмыспен қамтудың өсуi халық табысының артуы мен кедейлiк деңгейiнiң төмендеуiне негiз болды. Табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аз халық үлесi 2001 жылғы 46,7 %-дан 2006 жылғы 18,2 %-ға және 2010 жылғы 6,9 %-ға дейін азайды.
