- •1 Жұмысбастылықты әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •2 Жұмысбастылық ұғымы және жұмысбастылық мәртебесіне анықтама бере отырып, сипаттаңыз
- •3 Жұмысбастылық түрлеріне жеке-жеке талдау жасаңыз: толыққанды, өнімді, еркін таңдалған
- •5.Мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз және ерекшелітеріне тоқталыңыз
- •6.Жұмысбастылықтың негізгі концепцияларын атаңыз және өкілдерінің көзқарастарын талдаңыз
- •7. Марксистік бағыттың негізгі өкілдері мен негізгі идеясын талдаңыз
- •8. Неоклассикалық бағыттың өкілдері және негізгі ұстанымдарын негіздеңіз
- •9. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық бағытына талдау жасаңыз
- •10) М.Фридмен монетаризм (монетаристік бағыт) бағытың өкілі ретінде. Негізгі көзқарасына тоқталыңыз.
- •11) Жұмыссыздықтың әлеуметтік мәселелерін атаңыз және оның салдарына түсініктеме беріңіз.
- •12) Жұмысбастылық пен халықтың түрлі топтарының әлеуметтік мобильдігінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
- •13) Жұмысбастылықтың стандартсыздануы дегенді түсіндіріңіз
- •15) Сыртқы және ішкі еңбек нарығының қалыптасуы қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады, негіздеңіз
- •16) Еңбек саласындағы әлеуметтік саясат.
- •18. Еңбек нарығы және оның қалыптасуының мәнін анықтаңыз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Әлеуметтік-еңбектік саланы мониторинтеу, әлеуметтік-экономикалық мониторинг және мониторинг көрсеткіштерін атаңыз .
- •23) Мониторингті еңбек нарығындағы дағдарысты жағдайларды анықтау құралы ретінде түсіндіріңіз
- •24) Жұмыссыздық мәселесін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде түсіндіріңіз және оның алдын алудағы әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз
- •25.Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына тоқталыңыз
- •26.Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық қызметін атаңыз және сипаттаңыз
- •27.Ерікті жұмыссыздар. Амалсыздан жұмыссыз болу. Жасырын жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық. Технологиялық жұмыссыздық. Аталған жұмыссыздық түрлеріне тоқталыңыз
- •31 Сұрақ. Миграцияның профессионалдық-еңбектік және мүліктік-табыстық себептері мен салдарларын атаңыз және түсіндіріңіз.
- •32 Сұрақ. Миграцияның түрлері: мемлекет аралық, мемлекет ішіндегі, тұрақты, маятниктік, эпизодтық, некелік. Әрқайсысына тоқтала отырып, ерекшеліктерін атаңыз.
- •33 Сұрақ. Миграцияның типтік, объективтік және субъективтік себептеріне тоқтала отырып, тұжырымдаңыз
- •34) Социологиялық зерттеулердің миграцияны зерттеудегі және тиімді жұмыс бастылықты қалыптастырудағы рөлін атап көрсетіңіз
- •35) Еңбек нарығының үлгілері: американдық, жапондық, шведтік. Үлгілердің әрқайсысына тоқтала отырып, түсіндіріңіз
- •36) Мемлекттік жұмысбастылық қызметінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен қаржыландырылуына тоқталыңыз
- •37. Жұмысбастылық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз және түсініктеме беріңіз
- •38. Мемлекеттік емес жұмысбастылық қызметтерінің мәні, қызметі мен құрылымына негіздеме беріңіз
- •39. Халық жұмысбастылығы: тенденциялары мен жетістіктеріне тоқталыңыз
- •40. Қр жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік саясатының мәні мен мазмұнын талдаңыз
- •41. Қр 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық концепциясының негізгі мақсаты мен міндерттеріне түсініктеме беріңіз
- •2003-2015Жылдар аралығындағы статистика жоқ!
- •42. Жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру технологиясына тоқталыңыз
- •43) Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ақпарат алмасу және оқу орындарын бітірушілерді іріктеудегі негізгі шараларының бірі болып табылады
- •45) Жұмысбастылық саласындағы әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша дифференциация
- •46 Еңбекке қабілетті адамдарды жұмысшылар қатарына қосуды жүргізу технологиясына тоқталыңыз
- •47 Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру технологиясына талдау жасаңыз
- •48 Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс және жұмыс іздеу технологиясына сипаттама беріңіз
- •52) Жұмысбастылық саласындағы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік кепілдемелерге талдау жасаңыз
- •53) Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешудегі мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шараларды атаңыз және түсіндіріңіз
- •22 Желтоқсан 2012, 16:53
- •54) Жұмысбастылық саласындағы жастар мен жасөспірімдердің жұмысбастылық мәселесіне тоқталыңыз
- •58. Жұмысбастылықтың жас ерекшелігіне орай әлеуметтік-демографиялық топтарға бөлінуін тұжырымдаңыз және топтарды атаңыз
- •59. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмысбастылыққа ықпалын түсіндіріңіз
- •60.«Жuмыспен қамту - 2020» бағдарламасына талдау жасаңыз
53) Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешудегі мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шараларды атаңыз және түсіндіріңіз
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.
9,5 мыңнан кем емес тұрақты жұмыс орнын және жұмыссыздар үшін кем дегенде 250 әлеуметтік жұмыс орнын құру;
Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы шеңберінде жастар тәжірибесіне 280 – жұмыссыз, қоғамдық жұмыстарға 8300 – жұмыссыз, шағын несиелеумен 140 адамды қамту.
Жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу бойынша қосымша шаралар қабылдау.
Бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің (мұғалімдердің, дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің және басқаларының) жалақысын, сондай-ақ жергілікті бюджеттен төленетін барлық әлеуметтік төлемдердің уақтылы төленуіне ерекше бақылауды қамтамасыз ету.
Еңбекақы төлеу бойынша мерзімі өткен қарыздарды болдырмау мақсатында ұжымдық келісім-шарттарды орындау, әлеуметтік әріптестік бойынша облыстық және аудандық (Қызылорда қаласы) үшжақты комиссиялардың жұмыстарын жандандыру.
Мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Жеке сауықтыру бағдарламаларының 100 пайыз орындалуын қамтамасыз ету.
Еңбекке жарамды мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында бос орындар жәрменкесін өткізу тәжірибесін жалғастыру. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізу.
Кедергісіз орта құру бойынша жұмыстардың шеңберінде пандустарды орнату, жаяу жүргіншілер өтетін жерлерді дыбыстық және жарықтық құралдармен қамтуды қамтамасыз ету. Мүгедектерге әлеуметтік такси қызметтерін ұсыну жұмыстарын жалғастыру.
Мүгедектердің, ардагерлердің қоғамдық ұйымдарын және басқа да халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау үшін үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, соғыс кезінде қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің жесірлеріне, сондай-ақ, тылда кемінде алты ай жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуді жалғастыру.
22 Желтоқсан 2012, 16:53
Министрмен кездесуде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесі сөз болды - Алматы
АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов мүгедектер ұйымдарының өкілдерімен кездесті.
Басқосуда мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу, оларды жұмыспен қамту мәселелері сөз болды, деп хабарлайды 24.kz.
Жиналғандардың айтуынша, бүгінгі таңда елімізде 570 мыңдай мүгедек бар. Олардың 370 мыңы еңбекке қабілетті. Алайда бұл санаттағы жандардың жүріп-тұруына, еңбек етуіне елімізде толыққанды жағдай жасалмай отыр. Осы ретте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Мүгедектер құқықтары туралы» конвенцияны ратификациялауға қажетті алғышарттарды жүзеге асыру үшін 2012-2018 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілгенін жеткізді. Онда мүгедектердің өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар қарастырылған. Бүгінде заң актілерін сараптау, әлеуметтік және көліктік нысандарды халықаралық талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Серік Әбденовтың айтуынша, өкінішке орай, елімізде мүгедектердің жүріп тұруы үшін қажетті пандус сынды қондырғылар талаптарға сай келмейді. Әрі көптеген мекемелерде олардың еңбек етуі үшін жағдай жасалмаған.
- Мысалы, жұмыспен қамту мәселесі бойынша стандарттар керек. Өйткені қазір 3%-дық квота белгіленген, бірақ өкінішке орай, ол орындалмайды. Кейбір жұмыс берушілер жұмыс орнын ұйымдастырады, жұмыспен қамтиды, ал кейбір жұмыс берушілер оған көзқарасы басқаша,- дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бүгінде басты назарда тұрған мәселе. Ақтөбе облысында да мемлекеттік бағдарлама аясында бұл жұмыс мықтап қолға алынды. Екі қолға бір күрек іздеген мүгедек жандардың мәселесі оң шешімін табуда. Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтарына 5 адам жұмысқа қабылданды. Мемлекеттік мекеме өкілдері болашақта бұл үрдіс жалғасатын болады деп отыр. Құжаттарды рәсімдеу барысында кәсіби біліктілікпен қатар жауапкершілік пен шыдамдылық қажет. Ал денсаулығына орай тағдырдың тауқыметін тартқан жандар бұл міндетті бұлжытпай орындайтыны анық. Сондықтан олар халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істеуге қабілетті. Алғашқылардың бірі болып жұмысқа шақырту алған Гүлнәр Айтжанова қолдан келмейтін жұмыс жоқ дейді. 3-ші топтағы мүгедек өз еңбегімен нәпақа табатынына қуанышты.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2014 жылға орындалуы туралы
Бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды нәтижелі түрде үдемелі индустриялық-инновациялық дамыу объектілеріне жұмылдырылып, жұмыспен қамтуға тартып, әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, ауылдық елді мекендерді дамыту.
Бағдарламаның бірінші бағыты ауылдық елді мекендерді дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.
Бұл бағытқа 986,9 млн.тенге бөлінген. 2014 жылы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде құрылатын жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдесу 8 жоба бойынша, 143 жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланған, оның ішінде 72 орталық арқылы жұмысқа орналасады. Осы бағыт арқылы жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Жапек батыр, Қосөзен және Екпенді ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар салуда. Есепті кезеңге 35 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 19 жұмыспен қамту орталығы арқылы.
Бағдарламаның екінші бағыты ауылда кәсіпкерлікті ынталантыру жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Шағын несие 5 жыл мерзімге, 3 млн тенгеге дейін жылдық 6 пайызбен берілді.
Ағымдағы жылы 200,0 млн тенгені 100 адамға шағын несие беру жоспарланып отыр.
2014 жылы кәсіпкерлік негіздерін игеру курстарына 55 адамды оқыту жоспарланған. Оқу «Даму Қоры» АҚ Алматы облыстық филиалы арқылы оқытылады.
Бағдарламаның үшінші бағыты - бойынша өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Үшінші бағыттың бірінші компоненті арқылы 70 адам қамтылған. Есептік кезеңге 70 адам оқуда, оның ішінде:
60 адам шаштараз, аспазшы, тігінші, бульдозер-машинист және электргазбендәнекерлеуші;
-10адам электрик, есепші және автокрановщик мамандықтары бойынша бір айлық курсқа біліктілін арттыруда. Бұл шараға 11 млн.164 мың тенге қаржы бөлінген.
Бұдан басқа әлеуметтiк жұмыс орындарын құру мақсатында 107 адам жоспарланған, бүгінгі күнге 107 адам әлеуметтік жұмысқа жіберілді. Бұл шараға 14млн. 747 мың.тенге қаржы бөлінді.
2014 жылы жастар тәжірібиесін ұйымдастыруға 105 адамға 20 млн.641 мың тенге бөлінді. Есептік кезеңге ауданның мекемелерінде 79 жас түлектер жастар практикасынан өтуде.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында әкімшіліктің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрменкеге 113 мүмкіндігі шектеулі азамат қатысты. 30 мекеме мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 106 бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрменке барысында 54 мүгедек әр түрлі мамандықтар бойынша мекемелерге жұмысқа орналасты.
Аудан бойынша 5121 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген.Есептік кезеңге оның 1033-ші жұмыс істейді, 218-і өзін-өзі жұмыспен қамтыған.Бағдарлама аясында жылдың соңына дейін 144 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған.
Бұндай іс-шаралар тқсан сайын өткізу көздлуде.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтаға арналған жәрменкенің негізгі мақсаты, мүгедектерді жұмысқа орналастыру, жұмыс берушімен кездесіп мүгедектерге жаңа жұмыс орындарында жағдай жасау.
Бағдарлама туралы жарнамалық хабарлама билбордтар арқылы үгіттемелер жүргізілуде.
Елбасымыз: «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауылшаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады.
Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады. Мүгедектер бірлестіктері қызметінің құқықтық базасын жетілдірген жөн» деп атап көрсете отырып, күрделі міндеттер қойды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға қатты көңіл бөлу керектігін қадап айтқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мүгедектердің барлық құқықтары толыққанды іске асуына жағдай жасау қажеттілігін нұсқады.
Осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметткі бағдарламалар бөлімімен хабарласа отырып, берген мәліметі бойынша қазіргі таңда ауданда мүгедектердің жалпы саны 690 адам, оның ішінде 1топ- 47, 2 топ- 229, 3 топ – 333 16 жасқа дейінгі мүгедек бала саны 81екенін білдік.
Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 шілде 2005 жылғы №754 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына және Темір ауданы бойынша аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 сәуір №109 санды «Темір ауданы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2009-2011 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» бағдарламаға сәйкес біздің бөлім арқылы аудандағы барлық мүгедек азаматтармен жан-жақты жұмыс жүргізілуде.
Аудан әкімдігінің 2010 жылдың 1 ақпанында №12 «Мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінідегі» ауданның мекемелері мен кәсіпорындарына мүгедектер үшін жалпы жұмысшылар санынан 3 пайыз мөлшерде квота белгіленді. 2014 жылға квотамен жұмысқа орналастыру саны 13 орын болса, бүгінде 22 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасты.
Мүгедек жандарды жұмыспен қамту қазіргі уақытта күн тәртібіне батыл қойылуда. Жұмысқа жарамды мүгедек азаматтарды бірінші кезекпен жұмысқа орналастыру үшін жергілікті округ әкімдеріне хат жіберіліп, жұмыстар атқарылуда.
Мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, жыл басынан 34 мүгедек азаматқа көмекші міндетті гигиеналық құралдары алынып берілді.
Сонымен қатар 17 мүгедек азаматтарға сурдо-тифлотехникалық құралдары және де арнаулы жүріп тұру құралдары кресло- арба 3 адамға беріліп отыр. 14 мүгедек азаматқа Алматы қаласындағы протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ететін орталыққа жолдама берілсе, Шымкент қаласындағы «денсаулық» сауықтыру орталығына 12 мүгедек жолдама алды.
Аудан бойынша 24 мүгедек, аз қамтылған отбасыларға 635,0 мың теңге бір жолғы материалдық көмек берілді, өкпе ауруымен ауыратын 44 адамға 1907,6 мың теңге бір жолғы материалдық көмек тағайындалды. Жыл басынан 1 отбасы, яғни 4 адамға 119,4 теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалы, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемекеттік көмек 311 отбасындағы 864 балаға 7528,4 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалып ,төленді.
Жыл басынан тұрғын үй жәрдемақысына 73 отбасы, яғни 303 адамға 501,9 мың теңге тағайындалып, төленді. Және де 6 мүгедекке жолдама арқылы 178,4 мың теңге емделу жолақысы төленді.
Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №145 «Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне байланысты атаулы күндер мен мерекелік күндерге табысын есепке алмай 9 мамыр –Жеңіс күніне орай бір жолғы әлеуметтік көмек 322 адамға 7365,0 мың теңге жеңілдіктер тағайындалды, оның ішінде 321 адамға 7335,0 мың теңге төленді. Ай сайынға әлеуметтік көмек табысын есепке алмай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу ай сайын 8,0 мың теңгеден 4 адамға 160,0 мың теңге тағайындалып, төленді. Үйде оқитын мүгедек балаларға барлығы 12 бала 85,2 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.
Елбасы Жолдауындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тосқауылсыз орта құру мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қолданыстағы обьектілерге түгендеу жүргізіп, олардың мүгедектерге арналған қолжетімді қолданыстағы ғимараттар болуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіліп, мекемелердің пандустары түгенделіп, бүгінгі күнге 82 обьект талапқа сай жасақталып отыр.
«Қамқор» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтуға көмек көрсетеді
Жарияланған күні: сейсенбі, 30 қыркүйек 2014 ж.
Ресми мәліметтерге сай, бүгінгі таңда Шығыс-Қазақстан облысында шамамен 30 000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген және оның 60% еңбекке қабілетті болып табылады. «ҚР мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау» заңы 2005 жылдан бастап күшіне енді, осы заңға сай, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмыс орнының ортақ санының 3% құрайтын жұмыс бөлімдері қарастырылуы тиіс. Дегенмен іс жүзінде бұл ережені барлық ұйымдар жүзеге асырмайды.
«Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту жағдайын өзгерту бастамасы екі жақты мәнге ие болуы тиіс: бір жағынан бұл, жұмыс орындарын қамтамасыз ету, әлеуметтік тосқауылдарды жою, заң базасын жетілдіру арқылы мемлекеттің өз азаматтарының жұмыс істеу құқықтарын жүзеге асыруға дайын болуы, екіншіден, ерекше қажеттіліктері бар адамдар өздері жұмыс жасауға ұмтылулары тиіс, себебі бұл өте маңызды», – дейді Сорос-Қазақстан Қорыны «Адам құқықтары» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаева.
Осы ретте мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, кәсіби ынталандыру бойынша оқыту тренингтерінің пилотты бастамасын жүзеге асырған Шығыс Қазақстан облысының «Қамқор» мүгідектер қорының мысалын келтіруге болады.
Тренингтер сегіз апта бойы жүргізіліп, кәсіби көмекті қажет ететін 240 мүмкіндігі шектеулі адамды қамтыды. Оқытуды, әңгіме құру дағдыларын және психологиялық қолдау көрсетуді халықаралық бизнес-бапкерлер Светлана Большедворова (экономика магистрі) жәнеТатьяна Мишкина жүргізді. Олар әлеуметтік үрейдің психологиялық жағдайға әсер етуі, ой қызметінің өзгеруі, қатынас дағдыларын дамыту, қоғамнан жатсынушылықты тұтастай жою, басшылық қасиеттерді дамыту, мақсатты тұжырымдауға дағдылау, сонымен қатар коучинг арқылы жеке жауапкершілікті қалыптастыру тақырыптары бойынша дәріс жүргізді.
«Бұл тренингтер қиындықтарды жеңіп шығуға көмек көрсетеді және ауыр жағдайға тап болған кезде берілмеуге іштей рухтандырады. Өйткені әрбір адамның дәулеттілігімен табыстылығы оның өзіне ғана байланысты»,- дейді ұйым директоры Демьянов Владислав Геннадьевич.
Қазірдің өзінде тренингтер өз тиімділігін дәлелдеп келеді. Оларды жүргізу барысында 9 адам жұмысқа орналасып, 5 адам жаңа мамандық алу немесе өз біліктіліктерін көтеру мақсатында университеттер мен колледждерге оқуға түсті. Антонова Нина, II топ көз мүгедегі Петропавловск қаласындағы №12 орта мектепте кітапханашы болып жұмыс жасайды, БЦП диагнозы бар Сергей Харламов колледжде дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша дәріс алып жүр. Сергейдің айтуынша «42 жасқа келген ересек адамның партаға қайта отырғаны қиын екен, көп нәрсені еске түсіру қажет, бірақ онсыз болмайды, бар күш-жігеріңді салып оқымасаң, жақсы маман болып жұмыс таба алмайсың».
Тренингтің нәтижелері бойынша, мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істейтін мамандарға және өз өмірлік жолын табуда көмек көрсететін мүгідектерге арналған «Қоғамның әлеуметті осал топтарының кәсіби уәждемелері» атты әдістемелік материалдардың жинағы шықты.
Біз, бұдан әрі де жоба нәтижелерін бақылап отырамыз, және де осы аймақтық жоба Қазақстанның басқа өңірлеріне үлгі болып, оны мемлекеттік деңгейде жүзеге асырудағы бетке ұстар моделі болады деп сенеміз.
