- •1 Жұмысбастылықты әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •2 Жұмысбастылық ұғымы және жұмысбастылық мәртебесіне анықтама бере отырып, сипаттаңыз
- •3 Жұмысбастылық түрлеріне жеке-жеке талдау жасаңыз: толыққанды, өнімді, еркін таңдалған
- •5.Мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз және ерекшелітеріне тоқталыңыз
- •6.Жұмысбастылықтың негізгі концепцияларын атаңыз және өкілдерінің көзқарастарын талдаңыз
- •7. Марксистік бағыттың негізгі өкілдері мен негізгі идеясын талдаңыз
- •8. Неоклассикалық бағыттың өкілдері және негізгі ұстанымдарын негіздеңіз
- •9. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық бағытына талдау жасаңыз
- •10) М.Фридмен монетаризм (монетаристік бағыт) бағытың өкілі ретінде. Негізгі көзқарасына тоқталыңыз.
- •11) Жұмыссыздықтың әлеуметтік мәселелерін атаңыз және оның салдарына түсініктеме беріңіз.
- •12) Жұмысбастылық пен халықтың түрлі топтарының әлеуметтік мобильдігінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
- •13) Жұмысбастылықтың стандартсыздануы дегенді түсіндіріңіз
- •15) Сыртқы және ішкі еңбек нарығының қалыптасуы қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады, негіздеңіз
- •16) Еңбек саласындағы әлеуметтік саясат.
- •18. Еңбек нарығы және оның қалыптасуының мәнін анықтаңыз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Әлеуметтік-еңбектік саланы мониторинтеу, әлеуметтік-экономикалық мониторинг және мониторинг көрсеткіштерін атаңыз .
- •23) Мониторингті еңбек нарығындағы дағдарысты жағдайларды анықтау құралы ретінде түсіндіріңіз
- •24) Жұмыссыздық мәселесін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде түсіндіріңіз және оның алдын алудағы әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз
- •25.Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына тоқталыңыз
- •26.Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық қызметін атаңыз және сипаттаңыз
- •27.Ерікті жұмыссыздар. Амалсыздан жұмыссыз болу. Жасырын жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық. Технологиялық жұмыссыздық. Аталған жұмыссыздық түрлеріне тоқталыңыз
- •31 Сұрақ. Миграцияның профессионалдық-еңбектік және мүліктік-табыстық себептері мен салдарларын атаңыз және түсіндіріңіз.
- •32 Сұрақ. Миграцияның түрлері: мемлекет аралық, мемлекет ішіндегі, тұрақты, маятниктік, эпизодтық, некелік. Әрқайсысына тоқтала отырып, ерекшеліктерін атаңыз.
- •33 Сұрақ. Миграцияның типтік, объективтік және субъективтік себептеріне тоқтала отырып, тұжырымдаңыз
- •34) Социологиялық зерттеулердің миграцияны зерттеудегі және тиімді жұмыс бастылықты қалыптастырудағы рөлін атап көрсетіңіз
- •35) Еңбек нарығының үлгілері: американдық, жапондық, шведтік. Үлгілердің әрқайсысына тоқтала отырып, түсіндіріңіз
- •36) Мемлекттік жұмысбастылық қызметінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен қаржыландырылуына тоқталыңыз
- •37. Жұмысбастылық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз және түсініктеме беріңіз
- •38. Мемлекеттік емес жұмысбастылық қызметтерінің мәні, қызметі мен құрылымына негіздеме беріңіз
- •39. Халық жұмысбастылығы: тенденциялары мен жетістіктеріне тоқталыңыз
- •40. Қр жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік саясатының мәні мен мазмұнын талдаңыз
- •41. Қр 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық концепциясының негізгі мақсаты мен міндерттеріне түсініктеме беріңіз
- •2003-2015Жылдар аралығындағы статистика жоқ!
- •42. Жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру технологиясына тоқталыңыз
- •43) Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ақпарат алмасу және оқу орындарын бітірушілерді іріктеудегі негізгі шараларының бірі болып табылады
- •45) Жұмысбастылық саласындағы әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша дифференциация
- •46 Еңбекке қабілетті адамдарды жұмысшылар қатарына қосуды жүргізу технологиясына тоқталыңыз
- •47 Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру технологиясына талдау жасаңыз
- •48 Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс және жұмыс іздеу технологиясына сипаттама беріңіз
- •52) Жұмысбастылық саласындағы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік кепілдемелерге талдау жасаңыз
- •53) Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешудегі мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шараларды атаңыз және түсіндіріңіз
- •22 Желтоқсан 2012, 16:53
- •54) Жұмысбастылық саласындағы жастар мен жасөспірімдердің жұмысбастылық мәселесіне тоқталыңыз
- •58. Жұмысбастылықтың жас ерекшелігіне орай әлеуметтік-демографиялық топтарға бөлінуін тұжырымдаңыз және топтарды атаңыз
- •59. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмысбастылыққа ықпалын түсіндіріңіз
- •60.«Жuмыспен қамту - 2020» бағдарламасына талдау жасаңыз
2003-2015Жылдар аралығындағы статистика жоқ!
42. Жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру технологиясына тоқталыңыз
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауына
сәйкес өкілетті органдар жұмысының басым бағыты тұрғындарды жұмыспен қамту болып табылады. Бағдарлама шараларын жүзеге асыру аясында облыста жұмыспен қамту үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздеу және таңдау, оқыту, жұмыссыздарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізу шаралары пайдаланылады.
Экономиканың негізгі салаларын дамыту жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының санын жеткілікті көлемде құруға және жұмыссыздар деңгейін біршама азайтуға мүмкіндік берді.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында облыста 6725 жаңа жұмыс орны құрылды, оның негізгі бөлігі – ауылдық жерлерде (84,0%). Жұмыспен қамту органдары бос жұмыс орындары мәліметтері базасын қалыптастыру бойынша жұмыс берушілермен бірге әрекет етеді. Үстіміздегі жылғы қаңтар-маусым айларында 2917 кәсіпорын мен ұйым 8432 бос жұмыс орны туралы мәлімдеді. Өкілетті органдар арқылы 8472 жұмыссыз жұмысқа орналасуға ұсыныс алды. Олардың 5620-сы жұмысқа орналасты, оның ішінде тұрғындардың мақсатты топтарынан 385 адам әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданды. Ақылы қоғамдық жұмыс орындарын өткізу есебінен 2852 жұмыссыз адам еңбекпен қамтылды.
Өңірде мүгедектерді жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Облыста биылғы жылға арналған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмыспен қамту картасы жасалып, жүзеге асырылуда. Мүгедектерді жұмыспен қамту картасының шараларына сәйкес үстіміздегі жылы 559 кембағал жанның жұмысқа орналасуына жағдай жасалады. 195 кәсіпорын мен ұйымның квотасы бойынша 310 жарым-жан адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған, оның ішінде қызмет көрсету және тұрмыстық қамту саласына – 22, өнеркәсіпке – 14, ауыл шаруашылығына – 140, білім беру және денсаулық сақтау саласына – 22, экономиканың басқа салаларына – 112 адам. Осындай тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізіледі. Биылғы 4 шілдедегі жағдай бойынша 538 мүгедек (жылдық жоспардың 96,2%-ы), оның ішінде 338-і – тұрақты жұмыс орнына, 132-сі – қоғамдық жұмысқа, 55-і – әлеуметтік жұмыс орнына, 13-і – жастар тәжірибесіне, “Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларына жұмысқа орналасты.
Жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету үшін жыл басынан бері 47 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оның 33-і – мүгедектер үшін ұйымдастырылды. Жәрмеңке өткізу барысында жұмыспен қамту органдарының мамандары 1753 консультация берді. Өткізілген жәрмеңкелердің арқасында 820 жұмыссыз, оның ішінде: 208 мүгедек адамда бар, тұрақты жұмысқа орналасты.
2014 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыс іздестіру клубтарында 204 оқыту сабақтары өткізілді, оған жұмыс іздеген 1678 адам қатысып, оның 1250-і жұмысқа орналасты, 196-сы кәсіби қайта даярлауға жіберілді.
“Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” бағдарламасы үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Осы мақсатқа 2014 жылы 4,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Соған орай жыл басынан бері “Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” бағдарламасына қатысуға 2798 адам ниет білдіріп, 2511-і бағдарламаға қатысушылар атанды, оның 1764-і – ауыл тұрғындары.
“Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету” атты бірінші бағыт бойынша облыста 48 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
2014 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 5 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды, 39 нысанда жұмыс жүргізіліп жатыр, 4 нысан бойынша жұмыс үстіміздегі шілде айында қолға алынады. Жүргізіліп жатқан жобаларда 590 жұмыс орны, оның ішінде: Жұмыспен қамту орталығы арқылы 310 орын ашылды.
“Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” бағдарламасын өткен жылы орындауда қол жеткізген көрсеткіштердің нәтижесі бойынша үстіміздегі жылы шілде айында облысымызға бірінші бағыт аясында 44 инфрақұрылымның жобасын жүзеге асыру үшін 955 млн. теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді.
“Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру” атты екінші бағытты жүзеге асыру аясында жалпы сомасы 1000,0 млн. теңгенің 400-дей кредитін беру жоспарланған. Шағын кредиттер ауылдық жерлерде өз ісін кеңейтуге немесе ұйымдастыруға 5 жылға дейінгі мерзімде 3 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде 6%-дық жылдық сыйақымен қайтарымдылық негізінде кепілдіктер арқылы беріледі. Шағын кредитті мерзімінен бұрын өтеген бағдарламаға қатысушылар өз ісін кеңейту үшін екінші рет 5 млн. теңгеге дейін несие алуға құқылы.
“Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ облыстық филиалының шағын кредиттеу жөніндегі өкілетті органдары үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін 547,4 млн. теңгенің 232 кредитін берді.
Үстіміздегі жылы кәсіпкерлік негізіне оқытуды “Туран-профи халықаралық кәсіби академиясы” біліктілікті жетілдіру институты жүзеге асырады. Есепті кезеңде 400 бағдарламаға қатысушы оқудан өтті.
“Жұмыс берушінің қажеттілігі аясында оқыту және көші-қон арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу” атты үшінші бағыт екі құрамдас бөліктен тұрады: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және жұмыс берушінің қажеттілігіне сәйкес еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
Бірінші құрамдас бөлік бойынша биыл 295 адамды кәсіби оқуға, оның ішінде: 50 адам – кәсіби даярлауға, 210 адам – қайта даярлауға, 35 адамды біліктілігін жетілдіруге жіберу қарастырылған. “Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” бойынша 2011-2013 жылдары оқуға жіберілген 436 бағдарламаға қатысушы оқуын жалғастыруда. Оқуын аяқтаған 445 адамның 215-і жұмысқа орналасты. Қалғанын жұмысқа орналастыру жалғасуда.
Оқыту еңбек нарығына қажетті аспаз, шаштараз, есепші, электр-газбен дәнекерлеуші, хатшы-референт, маникюр бойынша шебер, тігінші, кондитер, әлеуметтік қызметкер, ағаш ұстасы, ЭЕМ оператор мамандықтары бойынша жүргізіледі.
Жұмыс берушілердің белсенді қолдауы арқасында 576 адам әлеуметтік жұмысқа, 160 адам жастар тәжірибесіне, бос жұмыс орны мәліметі базасындағы жұмыс орнына 640 адам орналасты.
“Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” бағдарламасының үшінші бағыты әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған адамдарды әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге көшіруді қарастырады. Бағдарламаның осы бағытына қатысуға ауыл жастарына, сол сияқты, он сегізден жиырма жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға басым құқық беріледі. Жыл басынан бері жалпы саны 248 мүшесі бар 82 отбасы көшірілді. Олардың еңбекке қабілетті 52-сі тұрақты жұмысқа орналасты.
Тұтастай алғанда, жұмыспен қамтуға арналған шаралардың нәтижесінде үстіміздегі жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген жұмыссыздардың саны 1297 немесе облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 0,4%-ы болды. Статистика органдарының мәліметі бойынша 2014 жылдың І тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрады (2013 жылғы І тоқсанда 5,3%).
