- •1 Жұмысбастылықты әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •2 Жұмысбастылық ұғымы және жұмысбастылық мәртебесіне анықтама бере отырып, сипаттаңыз
- •3 Жұмысбастылық түрлеріне жеке-жеке талдау жасаңыз: толыққанды, өнімді, еркін таңдалған
- •5.Мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз және ерекшелітеріне тоқталыңыз
- •6.Жұмысбастылықтың негізгі концепцияларын атаңыз және өкілдерінің көзқарастарын талдаңыз
- •7. Марксистік бағыттың негізгі өкілдері мен негізгі идеясын талдаңыз
- •8. Неоклассикалық бағыттың өкілдері және негізгі ұстанымдарын негіздеңіз
- •9. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық бағытына талдау жасаңыз
- •10) М.Фридмен монетаризм (монетаристік бағыт) бағытың өкілі ретінде. Негізгі көзқарасына тоқталыңыз.
- •11) Жұмыссыздықтың әлеуметтік мәселелерін атаңыз және оның салдарына түсініктеме беріңіз.
- •12) Жұмысбастылық пен халықтың түрлі топтарының әлеуметтік мобильдігінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
- •13) Жұмысбастылықтың стандартсыздануы дегенді түсіндіріңіз
- •15) Сыртқы және ішкі еңбек нарығының қалыптасуы қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады, негіздеңіз
- •16) Еңбек саласындағы әлеуметтік саясат.
- •18. Еңбек нарығы және оның қалыптасуының мәнін анықтаңыз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Әлеуметтік-еңбектік саланы мониторинтеу, әлеуметтік-экономикалық мониторинг және мониторинг көрсеткіштерін атаңыз .
- •23) Мониторингті еңбек нарығындағы дағдарысты жағдайларды анықтау құралы ретінде түсіндіріңіз
- •24) Жұмыссыздық мәселесін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде түсіндіріңіз және оның алдын алудағы әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз
- •25.Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына тоқталыңыз
- •26.Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық қызметін атаңыз және сипаттаңыз
- •27.Ерікті жұмыссыздар. Амалсыздан жұмыссыз болу. Жасырын жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық. Технологиялық жұмыссыздық. Аталған жұмыссыздық түрлеріне тоқталыңыз
- •31 Сұрақ. Миграцияның профессионалдық-еңбектік және мүліктік-табыстық себептері мен салдарларын атаңыз және түсіндіріңіз.
- •32 Сұрақ. Миграцияның түрлері: мемлекет аралық, мемлекет ішіндегі, тұрақты, маятниктік, эпизодтық, некелік. Әрқайсысына тоқтала отырып, ерекшеліктерін атаңыз.
- •33 Сұрақ. Миграцияның типтік, объективтік және субъективтік себептеріне тоқтала отырып, тұжырымдаңыз
- •34) Социологиялық зерттеулердің миграцияны зерттеудегі және тиімді жұмыс бастылықты қалыптастырудағы рөлін атап көрсетіңіз
- •35) Еңбек нарығының үлгілері: американдық, жапондық, шведтік. Үлгілердің әрқайсысына тоқтала отырып, түсіндіріңіз
- •36) Мемлекттік жұмысбастылық қызметінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен қаржыландырылуына тоқталыңыз
- •37. Жұмысбастылық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз және түсініктеме беріңіз
- •38. Мемлекеттік емес жұмысбастылық қызметтерінің мәні, қызметі мен құрылымына негіздеме беріңіз
- •39. Халық жұмысбастылығы: тенденциялары мен жетістіктеріне тоқталыңыз
- •40. Қр жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік саясатының мәні мен мазмұнын талдаңыз
- •41. Қр 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық концепциясының негізгі мақсаты мен міндерттеріне түсініктеме беріңіз
- •2003-2015Жылдар аралығындағы статистика жоқ!
- •42. Жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру технологиясына тоқталыңыз
- •43) Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ақпарат алмасу және оқу орындарын бітірушілерді іріктеудегі негізгі шараларының бірі болып табылады
- •45) Жұмысбастылық саласындағы әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша дифференциация
- •46 Еңбекке қабілетті адамдарды жұмысшылар қатарына қосуды жүргізу технологиясына тоқталыңыз
- •47 Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру технологиясына талдау жасаңыз
- •48 Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс және жұмыс іздеу технологиясына сипаттама беріңіз
- •52) Жұмысбастылық саласындағы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік кепілдемелерге талдау жасаңыз
- •53) Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешудегі мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шараларды атаңыз және түсіндіріңіз
- •22 Желтоқсан 2012, 16:53
- •54) Жұмысбастылық саласындағы жастар мен жасөспірімдердің жұмысбастылық мәселесіне тоқталыңыз
- •58. Жұмысбастылықтың жас ерекшелігіне орай әлеуметтік-демографиялық топтарға бөлінуін тұжырымдаңыз және топтарды атаңыз
- •59. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмысбастылыққа ықпалын түсіндіріңіз
- •60.«Жuмыспен қамту - 2020» бағдарламасына талдау жасаңыз
54) Жұмысбастылық саласындағы жастар мен жасөспірімдердің жұмысбастылық мәселесіне тоқталыңыз
елімізде жастардың жұмысбастылық жағдайларына қызығушылық танытатын ұйымдар мен мекемелердің қатысуы;
ТЕМПУС бағдарламасы негізінде UNIWORK 544126-TEMPUS -1-2013-1-ES- TEMPUS-JPHES «Түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту жəне нарықты еңбекпен қамту мақсатында Орталық Азия ЖОО-дағы Мансап Орталықтарын нығайту» жобасы жөнінде ақпараттар тарату;
түлектердің жұмысқа орналасуы мен сапалы жұмысбастылықты қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейту үшін Мансап орталықтарын нығайту жөніндегі жаттықтырушылар тобымен танысу;
еліміздегі кәсіпкерлік пен жастардың жұмыспен қамтамасыз етілу жағдайын талқылау және талдау, кәсіпкерліктің дамуы мен жастардың жұмыспен қамтамасыз етілуін арттыру бойынша ұлттық стратегияларға үлес енгізу үшін кешенді қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеу;
жас қызметкерлердің бейіні мен әлеуетін анықтау;
жастардың жұмысбастылығы мен оларды тиімді жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша сындарлы сұхбаттасу және озық тәжірибелермен алмасу;
жоғарғы оқу орындары мен кәсіпкерлік сектор арасындағы байланысты ынталандыру;
университеттердегі Мансап орталықтарының ролін мен олардың дамыту болашағы талқылау.
Экономикалық дамудың жоспарлы және орталықтандырылған бағытынан шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне өтуі елеулі өзгерістерге алып келді. Қоғамның стратегиялық ресурсы болып табылатын жастар, қалыптасып жатқан өмір шындығын өзінше қабылдай және бағалай отырып Қазақстан пайдасы үшін қызметке қатысуға ұмтылады және бүгінгі таңда оларға қолдау көрсеткен жөн, мемлекеттің еңбекке қабілетті халқының арасында жастардың үлесін арттыру үшін осы қызметке жас ұрпақ потенциялын қосу керек. Алайда әлеуметтік-экономикалық үрдістерге қазақстандық жас ұрпақтың қатысу белсенділігі олардың экономиканың түрлі секторларында жұмыспен қамтылу мәселесіне байланысты. Сондықтан қазіргі уақытта аймақтық деңгейде жұмыспен қамту құрылымдарының қызметін бағыттау негізінде, жастарды жұмыспен қамтудың толық басқару жүйесін қалыптастыру керек. Жастарды жұмыспен қамтуды басқару қажеттігі, сондай-ақ жас ұрпақтың өздігінен даму мәселесіне де байланысты, ол сапалы білім алу, қызмет барысында өсу және лайықты еңбек ақы алу мүмкіндіктерімен көрінеді, ал оның табиғаты нақты аймақта қалыптасқан экономикалық, географиялық, демографиялық және қайта жаңғыру шарттарымен анықталады. Заманауи еңбек нарығы экономикалық өзгерістер жүргізу барысында қалыптасады. Оның көрінісі жасырын жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, қызметкердің қосқан үлесі мен оның табысы арасындағы байланыстың үзілуі, жалақының уақтылы берілмеуі және т.б.болып табылады. Жастардың еңбек нарығына енуі елеулі қиыншылықтармен және қайшылықтармен қатар жүреді. Олар ең алдымен мамандық таңдауда жастар оның еңбек нарығында қажеттілігіне емес, қоғамдағы беделділігі мен абыройына қарай бағыт ұстауына байланысты туындайды. Осыған байланысты оқу орнын бітірген жастардың көп бөлігі алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді немесе мүлдем жұмысқа орналаспайды, бұл жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің артуына әкеледі. Нәтижесінде жастардың осы бөлігінің біліміне салынған қаражат өзін-өзі ақтамайды. Қазіргі қоғамдағы жастар ролі, жас буынның әлеуметтік қызметтері, оның саяси позициясы мен көзқарасы, білімі мен кәсіби біліктілігі деңгейі, адамгершілігі мен мәдени қажеттіліктері туралы мәселелерді зерттеудің теориялық және практикалық мәні аса зор. Қоғамдық үрдістегі жастар рөлі, оның қызметінің түрлері, құндылықтары, дүниетанымы, қызығушылығы, қажеттіліктері мен психологиялық қасиеттері әлеуметтік және геосаяси даму сипаты, қоғамдық қатынастар, тарихи жағдайлар сипатымен шарттасылған. Халықтың осы тобын зерттеудің негізгі мәселелерінің біріне, біздің ойымызша, жастар еңбегінің пайдаланылуын бағалау жататын сияқты. Бұл өз негізінде жастардың еңбек ресурстарын, жастардың еңбек нарығын және оның жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздық, көшіп-қону, табиғи өсу сияқты құрамдас бөліктерін әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, саяси және басқа проблемалар мен факторлар аясында теориялық және практикалық зерттеу қажет екенін көрсетеді. Жастардың орнын әлеуметтік-экономикалық жүйеде талдау қажеттілігі ең аз дегенде екі маңызды шартпен негізделеді. Біріншіден, жастар шамамен Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 25% құрайды; екіншіден, бұл аса маңызды, олар – елдің болашағы, олардың қызметі оның әрі қарай дамуымен байланысты. Бүгінде жастар көбінесе қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымын анықтайды. Сонымен бірге бұл дүние жүзіндегі еңбек нарығында, әсіресе Қазақстанда қатты осал топтардың бірі болып табылады. Аталған мәселелердің маңыздылығына қарамастан, оларға ғылыми зерттеулерде, бұқаралық ақпарат құралдарынды, үкіметтік құжаттарда аз көңіл бөлінеді. Жұмыссыздар – халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралған кезеңде: • жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған); • оны іздеумен белсенді айналысқан; • уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш негізгі критерийге бір мезгілде жауап берген адамдар. Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен есептелген үлесі. Жастар жұмыссыздық деңгейі – 15-24 жастағы жұмыссыз халық санының осы жастағы 437 № 3 (76) 2010 экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы пайызбен өлшенген үлесі [1]. Алайда мұндай статистика толығымен еңбек нарығындағы толық жағдайды көрсетпейді. Жастар еңбек биржасында басқа жастағы адамдармен салыстырғанда сирек тіркеледі. Нәтижесінде нарықтық қатынастың ерекшеліктерімен байланысты, жасырын жұмыссыздық, жұмыспен қамтамасыз етудің жаңа құбылыстарының барлығы есепке алынбайды. Өндірістік емес салада жұмыс күшіне сұраныс жылдам өсу үстінде, әсіресе жылдам коммерциаланғандарда. Егер де қазіргі кездегі білікті мамандарды дайындау және оларға деген сұраныс өзгермесе, жақын аралықта біліксіз мамандар халық арасында жұмыссыздықтың ұлғаюын алып келуі мүмкін, ең алдымен жалпы орта мектепті бітірген, әрі қарайғы оқуын жалғастырмаған, мамандығы немесе қажетті біліктілігі жоқ – жастардың арасында. Сондықтан да жалпы білім беруін және жастарды кәсіптік оқытуды ұтымды ұйымдастыру қажет. Жұмыспен қамтудың қазіргі заманғы құрылымында аграрлық, индустриалды, қызмет көрсету және жұмыспен қамтамасыз етудің ақпараттық секторларында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету өте төмен, себебі кәсіби білімінің жоқтығына байланысты. Аграрлық секторда жұмыспен жастардың аз бөлігі қамтамасыз етілген, себебі еңбек ақысының төмен болуы. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету ұйымдасқан - экономикалық қатынастар жиынтығын көрсетеді деп есептейді, бұл басқару объектісінің және субъектісінің әлеуметтік және экономикалық жетістіктеріне бағытталған, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігін береді. 1 сурет. Жұмыссыз халық және жұмыссыздық пен жастар жұмыссыздығы деңгейі Ескертпе Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша автор құрастырған. 1 кесте. Қазақстан Республикасы аймақтарындағы жастар жұмыссыздығы деңгейі. Қазақстан Республикасы аймақтары Жастар жұмыссыздығы деңгейі (15-24 жас), пайызбен 2004 2005 2006 2007 2008 Ақмола 16,7 14,7 12,5 9,0 10,1 Ақтөбе 7,1 9,2 8,8 2,6 2,0 Алматы 12,2 11,2 11,8 4,7 4,9 Атырау 20,8 18,2 14,7 9,3 6,9 Батыс Қазақстан 19,2 18,5 12,3 7,3 7,8 Жамбыл 20,3 13,9 14,2 10,6 6,8 Қарағанды 12,4 10,0 9,3 8,8 8,6 Қостанай 14,2 11,7 14,6 10,5 8,4 Қызылорда 27,5 12,3 8,8 7,4 7,1 Маңғыстау 20,2 17,8 11,4 12,2 8,3 438 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы Оңтүстік Қазақстан 8,9 11,8 10,8 9,4 5,0 Павлодар 11,1 11,2 6,3 6,2 6,7 Солтүстік Қазақстан 13,3 13,6 12,4 9,4 10,8 Шығыс Қазақстан 9,2 13,3 12,3 10,8 10,4 Астана қаласы 14,0 11,0 13,7 17,0 11,4 Алматы қаласы 25,1 24,0 20,9 19,3 10,2 Қ а з а қ с т а н Республикасында 14,3 13,4 12,1 9,4 7,4 Ескертпе Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша автор құрастырған Бұл кестеге сүйене отырып біз Қазақстан Республикасы аймақтарындағы жастар жұмыссыздығы деңгейінің жылдан жылға азайғандығының куәсі боламыз. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі» заңына сәйкес жастар - бұл 16 жастан бастап 24 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттердің азаматтары және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты өмір сүріп жатқан азаматтығы жоқ тұлғалар. Заңнамада анықталған еңбек ресурстарының төменгі шекарасы болып 16 жас есептелетіндігін, сондай-ақ осы жасқа қарай жас адамда бұлшық ет пен сүйек жүйесі қалыптасатындығын және оның белгіленген жұмысты орындай алатындығын назарға ала отырып, осы жас жұмыс істеу кезеңінің заңды негізделген бастапқы сатысы болып табылады. Сонымен қатар, дәл осы жаста жастардың басым көпшілігі жалпы білім мектебін аяқтайды және әр түрлі себептерге байланысты ЖОО-ға немесе басқа білім мекемелеріне түсе алмағандары өзінің төмен біліктілігімен ерекшеленетін белгілі бір еңбек түрімен айналыса бастайды [2]. Қазақстан Республикасында 1998 жылдан бастап 2001 жыл аралығында Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнеткерлікті қамтамасыз ету жөніндегі» заңына сәйкес зейнеткерлік жас өзгертілді. Қазіргі кезде олар әйелдер үшін 58 жас және ерлер үшін 63 жас деп қабылданған [3]. Бұған сәйкес, заңнамада және тәжірибелік қызметте жастардың еңбек ресурстарының жас шектерінің ұлғаюы статистикалық материалдарды өте объективті түрде өңдеуге және осы санаттағылар санын талдауға ғана ықпал етіп қоймай, сонымен бірге зор ғылыми нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігіне, жастар өмірінің жағдайлары мен өмір сапасын жақсартуға, оның кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ ұсынылатын жас аралығында өте өнімді қызметті жүзеге асыруға ықпал етеді. Жоғарыда аталғандарды қорыта отырып, мынадай қорытынды жасауға болады, яғни жастардың еңбек ресурстары құрамына экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес жастар жатады, негізінде «жастардың еңбек ресурстары» түсінігіне келесі анықтама ұсынылады. Қазақстан Республикасындағы жастардың еңбек ресурстары – бұл белгіленген қызметті жүзеге асыру үшін дене күші, білімі мен тәжірибесінің жеткілікті деңгейі бар 16-24 жастағы еңбек ресурстары. Еңбек нарығындағы жастардың жұмысбастылығы мен жұмыссыздығын зерттеу кезінде белгілі бір жастар тобының ерекшеліктерін ескеру керек, өйткені олар әр алуан болып келеді. Ондағы бар бос орындарды ескере отырып жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы балансқа жетумен тұжырымдалатын оның басты міндетін шешу еңбек нарығын қалыптастыру факторларын айқындауды талап етеді. Нарықтық қатынастар мен еңбек нарығының қалыптасу үрдісі жұмыскердің өндіріс құралдарынан бөлініп, осымен оған заңды еркіндік беру сәтінен басталады. Егер адам еңбегі затқа айналған, өзі жасаған тауарды сата алмаса, онда өзінің өмір сүруіне қаражат табу үшін өзінің жұмыс күшін сатуы тиіс. Сондықтан еңбек нарығын қалыптастырудың негізгі алғышарттарының бірі, бір жағынан, жұмыс орындарын ұсынатын көптеген жұмысберушілердің болуы болып табылса, ал екінші жағынан, тауар ретінде жұмысшы күшін ұсынатын жалдамалы жұмысшылардың болуы болып табылады. Бұл жағдайда аталған көпшілік мемлекет, кәсіпорындарда жұмыс беруші ретінде болатын жоспарлы экономикадағыдай, формальді түрде болмауы тиіс [4]. Мемлекет жұмыспен қамту саясатын жүргізе отырып, жұмыскерлер мен жұмысберушілер арасында құқықтық нормалар мен қатынастардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Осыған байланысты мұнда еңбек нарығының нормативтік-құқықтық базасының жұмыс істеу тиімділігіне байланысты институционалдық факторлар ерекшеленеді. Институцоналдық факторлар олар үшін, бір жағынан, мемлекет немесе аймақ деңгейінде арнайы мақсатты бағдарламалар жасалатын, екінші жағынан, түрлі жәрдемақылар, стипендиялар, гранттар және т.б. төлеумен байланысты осы бағдарламалар мен түрлі заңнамалық актілер шеңберінде жұмыспен қамту қорлары құрылатын жастардың еңбек ресурстарымен тығыз байланысты. 439 № 3 (76) 2010 Мемлекет, жұмыспен қамту саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі заңдар әзірлеу арқылы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық саясатты жүргізе отырып, тиімді түрде еңбек ресурстарын басқаруға тырысуда. Сондықтан заманауи еңбек нарығын, оның ішінде жастарды қалыптастыру саяси факторлардың әсеріне де байланысты. Барлық ТМД мемлекеттерінің арасында шетел жұмыс күшін жалдау туралы келісімдерге қол қойылған. Сондықтан интеграция үрдісінің факторлары және басқа елдердегі жастардың кәсіби қызметі жастардың еңбек нарығын қалыптастырудың саяси факторы болып табылады. Еңбек нарығын реттеу жүйесін жүргізіліп жатқан жұмыспен қамту саясаты аясында жүзеге асыру керек. Жастардың еңбек нарығы туралы айтқанда, мемлекет жастарды оның жоғары емес кәсіптік бәсекелестік қабылеті мен кәсібилігіне барынша қолдау көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда, осы қолдау өзінің ықпалы бойынша еңбек нарығы өз бетімен реттеу механизмі көрсететін деңгейден төмен болмауы тиіс [5]. Жастардың еңбек нарығына қатысты мемлекет жүргізіп отырған саясат мемлекеттік және аймақтық жастар бағдарламалары аясында әр түрлі заңнамалық актілерді іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл құжаттарды жүзеге асырудың негізгі мақсаты жастардың заманауи еңбек нарығын қалыптастыруға ықпал ететін тетіктер әрекетінде жастардың түрлі проблемаларын шешу болып табылады. Негізгі әлеуметтік механизмдердің бірі жастарды жұмыспен тиімді қамтамасыз ету механизмі мен оның жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Оның тиімді жұмыс істеуіне келесідей шараларды орындағанда және сақтағанда қол жеткізілуі мүмкін: 1) жастардың еңбек нарығы проблемаларының аймақтық ерекшеліктерін шешудегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін күшейту; 2) мемлекеттік бюджет құралдары мен әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар есебінен жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі бар аймақтарда әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды басымдылықпен қаржыландыруды жүзеге асыру; 3) индустриялық аудандарда, сонымен бірге шағын және орташа қалаларда, моноэкономикалық құрылымды кенттерде жастардың жаппай жұмыссыз болуының жағымсыз салдарын барынша азайту; 4) жас қызметкерлердің жаппай жұмыстан шығарылуының алдын алу, жастар үшін экономикалық мақсатқа сай бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын ашу, жаңа прогерссивті өндіріс үшін жас мамандарды қайта даярлаудың озық тәжірибесін жүзеге асыру; 5) жастардың дәрменсіз ұйымдардағы еңбек құқығын қорғауды, жұмысынан айрылған кезде жастарға тиімді қолдауды қамтамасыз ету; 6) әлеуметтік қорғау және біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылым жасай отырып, ірі «жастар құрылыстарын» ұйымдастыру.
