- •1 Жұмысбастылықты әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •2 Жұмысбастылық ұғымы және жұмысбастылық мәртебесіне анықтама бере отырып, сипаттаңыз
- •3 Жұмысбастылық түрлеріне жеке-жеке талдау жасаңыз: толыққанды, өнімді, еркін таңдалған
- •5.Мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз және ерекшелітеріне тоқталыңыз
- •6.Жұмысбастылықтың негізгі концепцияларын атаңыз және өкілдерінің көзқарастарын талдаңыз
- •7. Марксистік бағыттың негізгі өкілдері мен негізгі идеясын талдаңыз
- •8. Неоклассикалық бағыттың өкілдері және негізгі ұстанымдарын негіздеңіз
- •9. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық бағытына талдау жасаңыз
- •10) М.Фридмен монетаризм (монетаристік бағыт) бағытың өкілі ретінде. Негізгі көзқарасына тоқталыңыз.
- •11) Жұмыссыздықтың әлеуметтік мәселелерін атаңыз және оның салдарына түсініктеме беріңіз.
- •12) Жұмысбастылық пен халықтың түрлі топтарының әлеуметтік мобильдігінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
- •13) Жұмысбастылықтың стандартсыздануы дегенді түсіндіріңіз
- •15) Сыртқы және ішкі еңбек нарығының қалыптасуы қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады, негіздеңіз
- •16) Еңбек саласындағы әлеуметтік саясат.
- •18. Еңбек нарығы және оның қалыптасуының мәнін анықтаңыз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Әлеуметтік-еңбектік саланы мониторинтеу, әлеуметтік-экономикалық мониторинг және мониторинг көрсеткіштерін атаңыз .
- •23) Мониторингті еңбек нарығындағы дағдарысты жағдайларды анықтау құралы ретінде түсіндіріңіз
- •24) Жұмыссыздық мәселесін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде түсіндіріңіз және оның алдын алудағы әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз
- •25.Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына тоқталыңыз
- •26.Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық қызметін атаңыз және сипаттаңыз
- •27.Ерікті жұмыссыздар. Амалсыздан жұмыссыз болу. Жасырын жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық. Технологиялық жұмыссыздық. Аталған жұмыссыздық түрлеріне тоқталыңыз
- •31 Сұрақ. Миграцияның профессионалдық-еңбектік және мүліктік-табыстық себептері мен салдарларын атаңыз және түсіндіріңіз.
- •32 Сұрақ. Миграцияның түрлері: мемлекет аралық, мемлекет ішіндегі, тұрақты, маятниктік, эпизодтық, некелік. Әрқайсысына тоқтала отырып, ерекшеліктерін атаңыз.
- •33 Сұрақ. Миграцияның типтік, объективтік және субъективтік себептеріне тоқтала отырып, тұжырымдаңыз
- •34) Социологиялық зерттеулердің миграцияны зерттеудегі және тиімді жұмыс бастылықты қалыптастырудағы рөлін атап көрсетіңіз
- •35) Еңбек нарығының үлгілері: американдық, жапондық, шведтік. Үлгілердің әрқайсысына тоқтала отырып, түсіндіріңіз
- •36) Мемлекттік жұмысбастылық қызметінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен қаржыландырылуына тоқталыңыз
- •37. Жұмысбастылық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз және түсініктеме беріңіз
- •38. Мемлекеттік емес жұмысбастылық қызметтерінің мәні, қызметі мен құрылымына негіздеме беріңіз
- •39. Халық жұмысбастылығы: тенденциялары мен жетістіктеріне тоқталыңыз
- •40. Қр жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік саясатының мәні мен мазмұнын талдаңыз
- •41. Қр 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық концепциясының негізгі мақсаты мен міндерттеріне түсініктеме беріңіз
- •2003-2015Жылдар аралығындағы статистика жоқ!
- •42. Жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру технологиясына тоқталыңыз
- •43) Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ақпарат алмасу және оқу орындарын бітірушілерді іріктеудегі негізгі шараларының бірі болып табылады
- •45) Жұмысбастылық саласындағы әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша дифференциация
- •46 Еңбекке қабілетті адамдарды жұмысшылар қатарына қосуды жүргізу технологиясына тоқталыңыз
- •47 Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру технологиясына талдау жасаңыз
- •48 Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс және жұмыс іздеу технологиясына сипаттама беріңіз
- •52) Жұмысбастылық саласындағы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік кепілдемелерге талдау жасаңыз
- •53) Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешудегі мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шараларды атаңыз және түсіндіріңіз
- •22 Желтоқсан 2012, 16:53
- •54) Жұмысбастылық саласындағы жастар мен жасөспірімдердің жұмысбастылық мәселесіне тоқталыңыз
- •58. Жұмысбастылықтың жас ерекшелігіне орай әлеуметтік-демографиялық топтарға бөлінуін тұжырымдаңыз және топтарды атаңыз
- •59. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмысбастылыққа ықпалын түсіндіріңіз
- •60.«Жuмыспен қамту - 2020» бағдарламасына талдау жасаңыз
43) Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ақпарат алмасу және оқу орындарын бітірушілерді іріктеудегі негізгі шараларының бірі болып табылады
Қысқа да нұсқа(қазақша ақпарат аз, түсініксіз ))
Ярмарки вакансий – специальные мероприятия, проводимые органами занятости населения, с целью более широкого привлечения работодателей к представлению имеющихся у них вакантных рабочих мест, оказание содействия занятости гражданам, желающим трудоустроиться, а также оказании практической помощи в выборе подходящей профессии выпускникам и неработающей молодежи. Ярмарки и другие массовые мероприятия по содействию занятости населения являются одним из важных направлений в работе по укреплению партнерских отношений с работодателями и содействию в трудоустройстве безработных граждан. Ярмарки объединяют интересы работодателей, учебных заведений и граждан, желающих найти работу или получить профессию. Цель проведения ярмарки – познакомить ищущих работу граждан со списком предлагаемых вакансий; предоставить наиболее полную информацию о рынке труда; о предприятиях, испытывающих потребность в работниках; о возможностях трудоустройства, переобучения на основе имеющихся свободных рабочих и учебных мест;
Основные задачи Ярмарки: - предоставление работодателям возможности произвести отбор нужных кадров из числа присутствующих посетителей ярмарки, проинформировать наибольшее число граждан о своих вакансиях; - предоставление безработным гражданам и гражданам, ищущим работу, возможности непосредственной встречи и общения с широким кругом работодателей, оперативного решения вопроса трудоустройства; - оказание помощи работодателям в перспективном решении вопроса подготовки (обучения и переобучения) кадров для своего предприятия (организации); - оказание работодателям квалифицированных профориентационных услуг по проведению профессионального отбора претендентов, в соответствии с его требованиями; - консультирование граждан по вопросам занятости, организационно-правовым вопросам, вопросам профессиональной ориентации и переобучения, психологические консультации по технологии поиска работы, самопрезентации на рынке труда, профориентационное тестирование; - предоставление выпускникам общеобразовательных школ, учреждений начального и среднего профессионального образования, неработающей молодежи информации о профессиях, пользующихся спросом на рынке труда, оказание практической помощи в выборе подходящей профессии.
Участники ярмарки Участниками ярмарки являются: руководители, специалисты кадровых служб предприятий и организаций городов и районов области, представители учебных заведений высшего, среднего и начального профессионального образования, специалисты службы занятости населения области, а также должностные лица органов исполнительной власти ответственные за проведение данного мероприятия.
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР
НОВОСТИ и СТАТИСТИКА
Астанада жұмыссыздар ға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады
Елорда әкімдігінің қаулысымен Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы биыл жұмыссыздарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады. Осы мақсатта өтінімдер берген түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарда 1375 жұмыс орнын ашу көзделген, еңбекақы жергілікті бюджет есебінен төленеді.
Жұмыссыз жүргендерге ұсынылатын еңбек алдын ала кәсіптік даярлықты қажет етпейді Олар қоғамдық кампаниялар ұйымдастыруға, қала халқымен ақпараттық жұмыстар жүргізуге тартылады.
2015 жылы жұмыссыздарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдар тізімін мына сілтеме бойынша жүктеп алуға болады.
Общественные работы - виды трудовой деятельности, организуемые местными исполнительными органами, не требующие предварительной профессиональной подготовки работника, имеющие социально-полезную направленность и выполняемые гражданами Республики Казахстан по направлению уполномоченного органа для обеспечения их временной занятостью.
На общественные работы может быть направлено лицо, признанное безработным.
Решение о признании лица, ищущего работу, безработным принимается уполномоченным органом при предъявлении следующих документов:
- удостоверения личности (паспорта);
- ИИН;
- документов, подтверждающих трудовую деятельность;
- документа, удостоверяющего его профессиональную квалификацию (при наличии), а для лица, впервые ищущего работу, но не имеющего профессию (специальность), - документа об образовании.
Кроме этих документов, прилагаются сведения о полученных доходах (заявительный характер).
Иностранцы и лица без гражданства предоставляют, кроме того, вид на жительство иностранца в Республике Казахстан и удостоверение лица без гражданства с отметкой о регистрации в органах внутренних дел.
Оралманы предоставляют удостоверение оралмана, выданное территориальными органами уполномоченного органа по вопросам миграции населения.
Уполномоченный орган не позднее десяти календарных дней со дня предъявления указанных документов регистрирует обратившихся лиц в качестве безработных по месту их жительства путем занесения сведений в карточку персонального учета (компьютерная база данных), форма которой утверждается центральным исполнительным органом.
44) «Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мемлекеттік әлеуметтік саясатының элементі ретінде»
Жұмысынан айырылған жағдайда жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғау
Көптеген елдерде барлық азаматтарды қамтитын әлеуметтік қорғау жүйесі олардың әл-ауқатын жақсартып, еңбек ресурстарын кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар экономикалық өсім мен әлеуметтік жағдайдың тұрақтылығына алып келеді.
Экономикалық жетістіктер мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасындағы тиімді тепе-теңдікке қол жеткізуде Мемле-кет басшысы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назар-баевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыр-тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласы мен 2013 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында басты назар аударылды.
Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық мақаласында «…әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатымыздың негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз…» деп атап көрсетті. Осыған байланысты, егер әрбір қазақстандық осы Бағдарламалық мақалаға халықтың әл-ауқатын жақсартудың жолын көрсететін қойын кітапшасы ретінде қарайтын болса, онда біз мемлекетіміздің одан әрі өсіп өркендеуі жолындағы қойған мақсаттарымызға жететін боламыз.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы бағыттардың бірі еңбек және жұмыспен қамту саясатын жаңғырту болып табылады.
Осылайша, әлеуметтік жаңғыртудың алға қойған міндеттері адам потенциалын тиімді пайдаланудың шараларын қарастырады. Осыған байланысты, мынадай стратегиялық міндеттер айқындалды:
- кәсіби дайындық жүйесін тиімді дамытуды қамтамасыз ету;
- жұмыссыздарды қайта дайындау;
- жаңа жұмыс орындарын ашу және бұрынғыларын сақтауға жұмыс берушілерді ынталандыру;
- шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу;
- халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен жастарды жұмыспен қамтуға көмектесу;
- еңбек миграциясын ұйымдастыру бойынша шараларды қамтамасыз ету.
Жұмыссыздықтан қорғау шаралары қоғамда табыстарын және әлеуметтік мәр-тебесін жоғалтқан топтардың болуымен байланысты әлеуметтік шиеленісті төмендетуге бағытталған мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл ретте мемлекеттің осындай мәселелерді шешуге қатысу дәрежесі мен түрлері, қолданылатын құралдары мен тәсілдері көптеген елдерде әр түрлі.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу болды. Осыған байланысты жаңа жұмыс орындарын құру бойынша уақытында қабылданған шаралар нәтижесін Қазақстанның еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштерден көруге болады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008-2013 жж. жұмыссыздық деңгейі 6,6 %- дан 5,2% дейін төмендеді, ал 15 жастан 24 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 7,4%-дан 3,8 % дейін төмендеді.
Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйе-сін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін қарай отырып, либералдық және әлеуметтік екі базалық моделін атауға болады.
Олардың біріншісі солтүстік Америка елдері мен Ұлыбританияның кейбір елдеріне тән, ол қоғамдағы экономикалық және қаржы шығындарын төмендетуге бағдарланған. Белсенді және белсенді емес бағдарламаларды таңдау олардың экономикалық қайтарымына қатаң түрде үйлестірілген және жұмыссыздарды мате-риалдық қолдау жүйесі тек сақтандыру принциптері негізінде құрылады.
Өз кезегінде Батыс Еуропаның көптеген елдеріне тән әлеуметтік модель жұмыссыздықтың әлеуметтік шығындарына басым назар аударады, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауға шығатын мемлекеттік шығындардың жоғары деңгейімен айқындалады. Жұмыссыздарды материалдық қолдау жұмыссыздықтан сақтандыру және әлеуметтік көмек жүйесі – екі жүйенің өз ара тығыз байланысы негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстанда құрылған жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі өзіне либералды және әлеуметтік модельдер негізін біріктіре отырып, әлемдегі ең алдыңғы жүйелер жиынтығынан іріктеліп алынды. Қазақстанда жұмыссыз халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен және мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік қолдау жүзеге асырылуда.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қатынастарын реттейді.
Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттары
Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шет елдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға еңбек түрі мен кәсіп таңдауда еркіндік, әділетті және қолайлы еңбек жағдайын жасау, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға – жұмысқа тұруға көмектесу, кәсіби дайындық, қайта дайындау, біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, табысы аз азаматтардан жұмыссыздарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету кіреді. Осыған байланысты жұмыс іздеуші тұлғалар жұмысқа орналасуға көмек пен тиісті әлеуметтік көмек алу үшін тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту орталықтарына өтініш бере алады.
Қазақстанның әрбір азаматы, республика аумағында тұрақты тұратын және табыс алатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар жұмысқа тұрғанда міндетті түрде еңбек шарттарын жасау қажет. Еңбек шартына отыру, жұмыс берушілер ай сайын қызметкердің табысынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (Қор) 5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар төлеп отыратындықтан, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда Қор қаржысы есебінен әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша деңгейін алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік аударымдар біздің табысымыздан ұсталмайды, ол жұмыс берушінің қаржаты есебінен төленеді.
Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтан-дыру жүйесіндегі әлеуметтік тәуекелдердің бірі жұмысынан айырылуы жағдайы болып табылады. Бұл әлеуметтік тәуекел бойынша «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, олар үшін жұмыс берушілер ай сайын әлеуметтік аударымдар төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары Қордан әлеуметтік төлем алуға құқылы. Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажетті негізгі құжаттардың бірі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы анықтама болып табылады. Бұл ретте жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін оған төлеуші (жұмыс беруші және (немесе) өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға) жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейін соңғы 24 күнтізбелік айда Қорға алты айдан кем емес әлеуметтік аударымдар төлеген жеке тұлға өтініш білдіре алады. Егер әлеуметтік аударымдар 6 айдан 12 айға дейін төленсе, онда аталған әлеуметтік төлем бір айға тағайындалады; 12 айдан 24 айға дейін төленсе – екі айға; 24 айдан 36 айға дейін төленсе – үш айға; 36 және одан да көп айға төленсе – төрт айға тағайындалады.
Жұмысынан айырылуы жағдайына тағай-ындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелген күнге дейінгі 24 ай ішінде Қорға түскен ай сайынғы әлеуметтік аударымдардың сомасы мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Осыған байланысты, жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыссыз ретінде неғұрлым тез тіркелсе, соғұрлым тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшері жоғары болады.
2005-2012 жж. жұмысынан айырылуы жағдайына Қордан төленген әлеуметтік төлемнің жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені құрады. Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем алушылар санының төлем кезеңі 4 айға тең болатын жоғары көрсеткіші жыл сайын артып келе жатқаны байқалады. 2012 жылы тағайындалған әлеуметтік төлемдер санының негізгі үлесін 36 ай және одан да көп қатысу өтілі бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар (77% ) құрады.
Халықаралық тәжірибеде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы белсенді түрде жұмыс іздеушілерге беріледі. Қордан төленетін әлеуметтік төлем мемлекеттік бюджет есебінен берілетін жұмыспен қамту бойынша шараларға қосымша әлеуметтік қамсыздандыру болып табылады.
Осыған байланысты, егер тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы немесе елордадағы) белгіленген кедейлік шегінен төмен болса, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төлеу арқылы мемлекет қолдау көрсетеді.
2011 жылдан бастап Қазақстанда Жұмыспен қамту 2020 мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, мұнда ең алдымен оқытуға, жұмысқа тұрғызуға, тұрғылықты жерінде өзінің ісін ашуға және оны кеңейтуге ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай мүкіндіктер болмаған жағдайда мемлекет экономикалық әлеуеті төмен елді-мекендерден өнімді жұмыспен қамтылуды кеңейту мақсатында экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге өз еркімен көшуге көмектеседі.
Өнімді жұмыспен қамту мақсатында жоспарланған шаралар жұмыс істейтін халық үшін әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Осылайша қазақстандықтар өздерінің өмір сүру сапасын өз беттерінше жақсарта алады және әлеуметтік қолдау халықтың еңбекке, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыруға жағдай жасауға бағытталады.
Алмас Құрманов, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Президент
