Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zanyatost`.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627 Кб
Скачать
☆

11) Жұмыссыздықтың әлеуметтік мәселелерін атаңыз және оның салдарына түсініктеме беріңіз.

Жұмыссыздық қазіргі заманғы дамудың басты зардабы болып тұр. Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Назарбаевтың халыққа ұсынған биылғы Жолдауында «Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын құрған жағдайда және еңбекке қабілетті халықты мемлекеттің экономикасына тартуға бағытталған жағдайда ғана тиімді болады» делінген. Казіргі жағдайда халықтың жұмысбастылығы, жұмыссыздық, халықтың және еңбек ресурстарының ұдайы өсу процессі, демографиялық жағдай, еңбек ресурстарын басқару мәселелері елдің экономикасы үшін ең басты мәселелердің бірі болып саналады. Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылуымен, еңбек саласындағы әр аулан қысылтаяң ахуалдар көрнісінің алдын алумен тікелей байланысты.Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрылуымен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен, жұмыссыздықтан қорғау мен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Жұмыспен қамтудың негізгі басымдықтарының бірі — жаңа жұмыс орындарын ашу. Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатының маңызды бағыттары болып қалып отыр. Елдегі нарықтық қатынастардың дамуы барысында халықтың жұмыспен қамтылуына байланысты сұрақтардың барлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Нарықтық қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан – ақ белсенді түрде қамтыла бастаған болатын. Оның дамуына бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әртүрлі экономикалық дағдарыстар, 1930 жылдардағы Қазақстандық ұлы тоқырау, халықаралық еңбек ұйымының шешімдері үлкен әсерін тигізді.

Кеңес дәуірінен кейінгі елдердің көпшілігіндегідей Қазақстанда да колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері жұмыссыздар қатарын толықтыратын басты үміткерлердің бірі болып табылады. Я болмаса, мықтағанда, олардың басым бөлігі дипломдарында жазылған мамандықтардан басқа жұмысқа орналасады. Бұндай жағдайдың себептері - бірқатар мамандықтар бойынша, әсіресе заңгерлік және экономикалық мамандықтар бойынша түлектерді жаппай артық дайындау және диплом иегерлерінің көпшілігінің біліктілігінің өте төмен болуы. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының көптеген түлектерінің мансапқұмарлығы да өте жоғары болып келеді. Дегенмен біліктілігі төмен, ал амбициясы жоғары жастар көп жағдайда өмірден орнын таба алмай жатады. Осыдан келіп олар қоғамдық ортаға көңілі толмай, наразылық қозғалыстарының пайда болуына себепкер болады. Бұл - көптеген елдердің басында бар жағдай. Қазақстандағы еңбек нарығындағы ахуал – қоғамдық санадағы бұрынғы құндылықтардың әлі де сақталып, тіпті сақталып қана қоймай, басымдыққа ие болып отырғандығының нәтижесі десек қателеспейміз. Яғни бүгінгі заман талабына сәйкес келетін, сұранысқа ие кәсіпке емес, керісінше кезіндегі беделі жоғары болған мамандықтарға ұмтылуы, оған ата-аналарының да қолдау көрсетуі осындай проблеманың туындауына ықпал етеді. Мұндай келеңсіз жағдай тек посткеңестік қоғамның әлеуметтік-мәдени трансформациясы арқылы ғана өзгеруі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]