- •1 Жұмысбастылықты әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •2 Жұмысбастылық ұғымы және жұмысбастылық мәртебесіне анықтама бере отырып, сипаттаңыз
- •3 Жұмысбастылық түрлеріне жеке-жеке талдау жасаңыз: толыққанды, өнімді, еркін таңдалған
- •5.Мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз және ерекшелітеріне тоқталыңыз
- •6.Жұмысбастылықтың негізгі концепцияларын атаңыз және өкілдерінің көзқарастарын талдаңыз
- •7. Марксистік бағыттың негізгі өкілдері мен негізгі идеясын талдаңыз
- •8. Неоклассикалық бағыттың өкілдері және негізгі ұстанымдарын негіздеңіз
- •9. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық бағытына талдау жасаңыз
- •10) М.Фридмен монетаризм (монетаристік бағыт) бағытың өкілі ретінде. Негізгі көзқарасына тоқталыңыз.
- •11) Жұмыссыздықтың әлеуметтік мәселелерін атаңыз және оның салдарына түсініктеме беріңіз.
- •12) Жұмысбастылық пен халықтың түрлі топтарының әлеуметтік мобильдігінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
- •13) Жұмысбастылықтың стандартсыздануы дегенді түсіндіріңіз
- •15) Сыртқы және ішкі еңбек нарығының қалыптасуы қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады, негіздеңіз
- •16) Еңбек саласындағы әлеуметтік саясат.
- •18. Еңбек нарығы және оның қалыптасуының мәнін анықтаңыз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Әлеуметтік-еңбектік саланы мониторинтеу, әлеуметтік-экономикалық мониторинг және мониторинг көрсеткіштерін атаңыз .
- •23) Мониторингті еңбек нарығындағы дағдарысты жағдайларды анықтау құралы ретінде түсіндіріңіз
- •24) Жұмыссыздық мәселесін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде түсіндіріңіз және оның алдын алудағы әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз
- •25.Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына тоқталыңыз
- •26.Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық қызметін атаңыз және сипаттаңыз
- •27.Ерікті жұмыссыздар. Амалсыздан жұмыссыз болу. Жасырын жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық. Технологиялық жұмыссыздық. Аталған жұмыссыздық түрлеріне тоқталыңыз
- •31 Сұрақ. Миграцияның профессионалдық-еңбектік және мүліктік-табыстық себептері мен салдарларын атаңыз және түсіндіріңіз.
- •32 Сұрақ. Миграцияның түрлері: мемлекет аралық, мемлекет ішіндегі, тұрақты, маятниктік, эпизодтық, некелік. Әрқайсысына тоқтала отырып, ерекшеліктерін атаңыз.
- •33 Сұрақ. Миграцияның типтік, объективтік және субъективтік себептеріне тоқтала отырып, тұжырымдаңыз
- •34) Социологиялық зерттеулердің миграцияны зерттеудегі және тиімді жұмыс бастылықты қалыптастырудағы рөлін атап көрсетіңіз
- •35) Еңбек нарығының үлгілері: американдық, жапондық, шведтік. Үлгілердің әрқайсысына тоқтала отырып, түсіндіріңіз
- •36) Мемлекттік жұмысбастылық қызметінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен қаржыландырылуына тоқталыңыз
- •37. Жұмысбастылық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз және түсініктеме беріңіз
- •38. Мемлекеттік емес жұмысбастылық қызметтерінің мәні, қызметі мен құрылымына негіздеме беріңіз
- •39. Халық жұмысбастылығы: тенденциялары мен жетістіктеріне тоқталыңыз
- •40. Қр жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік саясатының мәні мен мазмұнын талдаңыз
- •41. Қр 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық концепциясының негізгі мақсаты мен міндерттеріне түсініктеме беріңіз
- •2003-2015Жылдар аралығындағы статистика жоқ!
- •42. Жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру технологиясына тоқталыңыз
- •43) Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ақпарат алмасу және оқу орындарын бітірушілерді іріктеудегі негізгі шараларының бірі болып табылады
- •45) Жұмысбастылық саласындағы әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша дифференциация
- •46 Еңбекке қабілетті адамдарды жұмысшылар қатарына қосуды жүргізу технологиясына тоқталыңыз
- •47 Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру технологиясына талдау жасаңыз
- •48 Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс және жұмыс іздеу технологиясына сипаттама беріңіз
- •52) Жұмысбастылық саласындағы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік кепілдемелерге талдау жасаңыз
- •53) Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешудегі мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шараларды атаңыз және түсіндіріңіз
- •22 Желтоқсан 2012, 16:53
- •54) Жұмысбастылық саласындағы жастар мен жасөспірімдердің жұмысбастылық мәселесіне тоқталыңыз
- •58. Жұмысбастылықтың жас ерекшелігіне орай әлеуметтік-демографиялық топтарға бөлінуін тұжырымдаңыз және топтарды атаңыз
- •59. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмысбастылыққа ықпалын түсіндіріңіз
- •60.«Жuмыспен қамту - 2020» бағдарламасына талдау жасаңыз
24) Жұмыссыздық мәселесін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде түсіндіріңіз және оның алдын алудағы әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз
Жұмыссыздық –бұл әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздарға еңбекке қабілетті, еңбекақымен қамтамасыз етілмеген, сәйкес келетін жұмысты ізестіруші және табылған жағдайда жұмыс істеуге дайын еңбек биржасында тіркеуде тұрған адамдарды жатқызады.
1) Елімізде мемлекет басшысының тапсырмасымен жұмыспен қамту бағдарламасы әзірленді. Он жылды қамтитын іс-қимыл жоспары шілденің бірінен жүзеге асырыла бастайды. Оның аясында алдағы бес жылда 1,5 млн. азамат жұмыспен қамтылады деп межеленіп отыр. Бағдарламаны жергілікті жерде іске асыру тетіктері "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалында өткен жиында талқыланды. Жаңа бағдарлама үш бағытты қамтиды. Бірінші кезекте өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындарға үлкен қолдау жасалмақ. Бұл санаттағы адамдардың дені ауылдық жерде тұрады. Жаңа бағдарлама ауыл халқына өз бизнесін ұйымдастыруға мүмкіндік бермек. Ольга Киколенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: -Ауыл тұрғындарына несие беріледі. 5 жылға дейін 3 млн. теңге көлемінде қаражат беру қарастырылған. Бірақ ауыл тұрғындары алдымен оқып, бизнес-жоспар құрулары керек. Бағдарламаға қатысушыларға арнайы кеңес беріліп, мемлекет есебінен кәсіпкерлік негіздеріне үйрету жүргізілмек. Содан кейін барып олар сұранысқа ие өнімдер шығаруға немесе халыққа қажетті қызмет көрсетуге кіріседі. Үстіміздегі жылы елімізде пилоттық жоба жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа 40,2 млрд. теңге қарастырылған. Ал біздің облыста бағдарламаны іске асыруға 1 млрд. 785 млн. теңге жұмсалмақ. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша жұмыссыздар мен халықтың әлжуаз тобының жаңа кәсіп меңгерулеріне көмек көрсетіледі. Облыста үстіміздегі жылы 481 жұмыссыз оқытылады деп көзделіп отыр. Асқар Жоламанов, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы: -Бұл мақсатқа 130 млн. теңге бағытталмақ. Ал ауылда кәсіпкерлікті дамытуға 254 млн. теңге бөлінеді. Бағдарлама аясында биыл 235 ауыл тұрғыны бизнесін дамытуға мүмкіндік алады. Тағы бір маңызды жайт - болашағы жоқ ауылда тұрып жатқан халыққа жәрдемдесу. Жаңа бағдарлама экономикалық әлеуеті төмен елді мекен тұрғындарын көшіруді көздейді. Асқар Жоламанов, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы: -Егер осындай ауылдарда тұрып жатқан халық жұмыс бар, инфрақұрылымы дамыған өзге ауылға көшкісі келсе, мемлекет көмек көрсетеді. Жұмыс табуға да, үй мәселесін шешуге де жәрдемдеседі. Облыста биыл бұл бағытқа 1 млрд. 400 млн. теңге қарастырылған. 880 адамға 222 үй тұрғызылмақ. Жалпы пилоттық жоба аясында өңірде 7 мыңнан артық адамды қамту межеленіп отыр. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеп, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың саны 35 пайызға азаяды деп күтілуде. Жаңа бағдарлама елімізде шілденің бірінен жүзеге асырыла бастайды. (2011 ж)
2) Бағдарлама Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысты жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. Бағдарламада көзделіп отырған мақсаттар – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету табылады.
Аталған мақсаттарға байланысты экономикалық өсу негізінде, әлеуметтік салада дәйекті реформалар жүргізу жолдарымен халықтың тұрмыс деңгейін төмендетпей, көтеру, әлеуметтік бейімдеу шаралары, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету негізінде кедейлікпен күрес жүргізу міндеттері де жүзеге асырылмақ. Ал жұмыссыздық деңгейін еліміздің тұрақты экономикалық-әлеуметтік дамуына қауіп төндірмейтін деңгейге дейін төмендету міндетті көзделіп отыр.
Республика бойынша және оның жеке аймақтары бойынша да кедейліктің, жұмыссыздықтың деңгейін анықтай отырып, бағдарламада оның негізгі себептеріне де айрықша көңіл бөлінеді. Оларды анықтау бағдарламада кедейлік пен жұмыссыздықпен күресті ұйымдастырудың алғы шартты іспетті болды. Ашығын айтсақ, мемлекет ештеңені де жасырып отырған жоқ, жасыру мүмкін де емес. Бізде кедей адамдар бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі өмірінен шеткері қалмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа да адамдар есебінен көмек көрсету керек. Оларға қайтіп көмектесуге болады ? Біріншіден, олар үшін жұмыс орындарын ашу – бағдарламадағы басты мақсаттың да, онда қаралған басты мәселенің де бірі. Екіншіден, жаңа жұмыс орнындарын аша отырып, бірте-бірте жалақысын өсіру. Бұл жөнінде бағдарламада ашық жазылмаса да, жалақыны 2005 жылға дейін 30 пайызға өсіру белгіленіп отыр. Осы мәселе жөнінде Елбасының да берген тапсырмасы бар. Сонымен бірге, жұмыс істегісі келген адамдарға жұмыс іздеп табуға көмек жасалмақ. Ол үшін оларға қажетті ақпараттық көмек көрсетуді жолға қоймақпыз.
Қазіргі кезде адамдардағы нақты біліктілік пен қажет етілетін, яғни сұраным бар біліктілік өзара қабыспай тұр. Міне, осы екеуінің арасын жақындастыру, үйлестіру керек. Ол үшін жұмыссыз жүрген адамдарды курстарға оқытып, даярлау бағдарламасы жасалған.
Осының бәрін ұйымдастырған кездің өзінде де, жұмысқа қолы жетпей қалатын адамдар болады. Ондай адамдарды қоғамдық жұмыстарға уақытша орналастыру қажет. Сөйтіп, қоғамға пайдалы еңбек арқылы оларға табыс көзін тауып беруіміз керек. Қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп (шағын несие беру жөнінде арнайы бағдарлама мен қор бар), олардың өз кәсібін ашуына көмек жасау көзделіп жатыр.
Сондай-ақ шетел инвесторлары келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскерлер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орныдарына мамандығы мен біліктілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыра алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарланып отыр.
Бағдарламада халықтың еңбекке жарамайтын топтарына әлеуметтік көмек жасау да қарастырылған. Оның ішінде мүгедектер жағдайына көңіл бөлінеді. Оларды сауықтыру, қоғамның ішкі өміріне араласуын күшейту, протез-ортопедия бұймдарын жетілдірілген технологиямен жасау, балалар мен ересектерге арналған мүгедектер арбаларын шығару, тағы басқа мәселелер бағдарламада қаралады.
Бағдарламада жетім балалардың, панасыз балалардың жағдайына көңіл бөліп, көмектесу қарастырылған. Республикада 46 балалар үйі және 180 отбасына ұқсас балалар үйі бар, олардағы балалар саны 5 мыңдай. Ондағы балалардың кәнелетке толған соң жұысқа орналасуына, баспана берілуіне көмек көрсетіледі.
Бағдарламада жаңа жұмыс орындарын өнеркәсіпте қаншалықты көбейтуге болаты, оның әр саласы бойынша анықталған. 2003-2006 жылдары жұмыс орныдарын құрудың басым бағыттарына жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, минералдық тыңайтқыш өндіру, машина жасау ,сондай-ақ өнеркәсіптің ауылшаруашылығын дамытуымен тікелей байланысты салалары жатады.
Қазіргі кезде атаулы көмек көрсету жөнінде заң жобасын дайындалып, ол парламент мәжілісінде бірінші оқылымда құлданды. Әрине біз адамдарды жатып ішерлікке итермелеуіміз керек қой. Жалпы еңбек етуге ұмтылу мәжбүрліктен емес, қажеттіліктен туындайтын жағдайға ұмтылуымыз керек. Бұрынғы жүйеде еңбек ету мәжбүрліктен туындағаны белгілі. Еңбек етпеген адам жатыпішер, арамтамақ деп айыпталып, жазаға тартылғаны да есімізде.
Бағдарламаның жүзеге асуын қадағалап, отыру үшін оның өлшемін жетілдіру керек. Сондықтан біздің алдымызда тұрған бір мақсат – халықтың тұрмыс деңгейін өлшеу тетіктерін жетілдіру. Әйтпесе болмайды. Шынын айтсақ, бүгінгі күнгі Мемлекеттік статистика агенттігінің халықтың табыс деңгейі туралы келтіріліп миллиондай, ал оның салық төлейтіні 3,0 миллиондай ғана. Көп адамдар ұсақ саудамен айналысып, табыс алады. Бірақ табысын жасырып, салық төлемейді.Табыстың басқа да толып жатқан көздері бар. Бірақ жаппай табыс декларациясы болмағандықтан әр адамнан қалай және қанша табыс тауып жатқанын ешкім сұрамайды.
Ал дұрысы - әр адам қазірден бастап өзінің мойнына қаншалықты жауапкершілік түсетінін білуге тиіс. Қазір біз табысқа амнистия (кешірім жасау) керек деп жатырмыз, сондықтан сол амнистиядан дұрыс нәтиже болу үшін, жарты жылдан кейін бе, бір жылдан соң ба, жалпыға бірдей декларациясын енгізу керек.
Жұмыссыздықпен, кедейлікпен күрес – экономикалық тәсіл арқылы шешілетін мәселе. Бағдарлама бойынша жоғарыда айтылғандай, 3 жыл ішінде 400 мыңдай жұмыс орныны ашылу тиіс.
