- •1 Жұмысбастылықты әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •2 Жұмысбастылық ұғымы және жұмысбастылық мәртебесіне анықтама бере отырып, сипаттаңыз
- •3 Жұмысбастылық түрлеріне жеке-жеке талдау жасаңыз: толыққанды, өнімді, еркін таңдалған
- •5.Мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз және ерекшелітеріне тоқталыңыз
- •6.Жұмысбастылықтың негізгі концепцияларын атаңыз және өкілдерінің көзқарастарын талдаңыз
- •7. Марксистік бағыттың негізгі өкілдері мен негізгі идеясын талдаңыз
- •8. Неоклассикалық бағыттың өкілдері және негізгі ұстанымдарын негіздеңіз
- •9. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық бағытына талдау жасаңыз
- •10) М.Фридмен монетаризм (монетаристік бағыт) бағытың өкілі ретінде. Негізгі көзқарасына тоқталыңыз.
- •11) Жұмыссыздықтың әлеуметтік мәселелерін атаңыз және оның салдарына түсініктеме беріңіз.
- •12) Жұмысбастылық пен халықтың түрлі топтарының әлеуметтік мобильдігінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
- •13) Жұмысбастылықтың стандартсыздануы дегенді түсіндіріңіз
- •15) Сыртқы және ішкі еңбек нарығының қалыптасуы қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады, негіздеңіз
- •16) Еңбек саласындағы әлеуметтік саясат.
- •18. Еңбек нарығы және оның қалыптасуының мәнін анықтаңыз.
- •19. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтарының бір-бірімен органикалық байланыстылығын түсіндіріңіз
- •20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз
- •21. «Жұмыс орны» ұғымын экономикалық және әлеуметтік категория ретінде түсіндіріңіз
- •22) Әлеуметтік-еңбектік саланы мониторинтеу, әлеуметтік-экономикалық мониторинг және мониторинг көрсеткіштерін атаңыз .
- •23) Мониторингті еңбек нарығындағы дағдарысты жағдайларды анықтау құралы ретінде түсіндіріңіз
- •24) Жұмыссыздық мәселесін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде түсіндіріңіз және оның алдын алудағы әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз
- •25.Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына тоқталыңыз
- •26.Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық қызметін атаңыз және сипаттаңыз
- •27.Ерікті жұмыссыздар. Амалсыздан жұмыссыз болу. Жасырын жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық. Технологиялық жұмыссыздық. Аталған жұмыссыздық түрлеріне тоқталыңыз
- •31 Сұрақ. Миграцияның профессионалдық-еңбектік және мүліктік-табыстық себептері мен салдарларын атаңыз және түсіндіріңіз.
- •32 Сұрақ. Миграцияның түрлері: мемлекет аралық, мемлекет ішіндегі, тұрақты, маятниктік, эпизодтық, некелік. Әрқайсысына тоқтала отырып, ерекшеліктерін атаңыз.
- •33 Сұрақ. Миграцияның типтік, объективтік және субъективтік себептеріне тоқтала отырып, тұжырымдаңыз
- •34) Социологиялық зерттеулердің миграцияны зерттеудегі және тиімді жұмыс бастылықты қалыптастырудағы рөлін атап көрсетіңіз
- •35) Еңбек нарығының үлгілері: американдық, жапондық, шведтік. Үлгілердің әрқайсысына тоқтала отырып, түсіндіріңіз
- •36) Мемлекттік жұмысбастылық қызметінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен қаржыландырылуына тоқталыңыз
- •37. Жұмысбастылық қызметінің негізгі бағыттарын атаңыз және түсініктеме беріңіз
- •38. Мемлекеттік емес жұмысбастылық қызметтерінің мәні, қызметі мен құрылымына негіздеме беріңіз
- •39. Халық жұмысбастылығы: тенденциялары мен жетістіктеріне тоқталыңыз
- •40. Қр жұмысбастылыққа қатысты әлеуметтік саясатының мәні мен мазмұнын талдаңыз
- •41. Қр 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық концепциясының негізгі мақсаты мен міндерттеріне түсініктеме беріңіз
- •2003-2015Жылдар аралығындағы статистика жоқ!
- •42. Жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру технологиясына тоқталыңыз
- •43) Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ақпарат алмасу және оқу орындарын бітірушілерді іріктеудегі негізгі шараларының бірі болып табылады
- •45) Жұмысбастылық саласындағы әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша дифференциация
- •46 Еңбекке қабілетті адамдарды жұмысшылар қатарына қосуды жүргізу технологиясына тоқталыңыз
- •47 Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру технологиясына талдау жасаңыз
- •48 Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс және жұмыс іздеу технологиясына сипаттама беріңіз
- •52) Жұмысбастылық саласындағы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік кепілдемелерге талдау жасаңыз
- •53) Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешудегі мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шараларды атаңыз және түсіндіріңіз
- •22 Желтоқсан 2012, 16:53
- •54) Жұмысбастылық саласындағы жастар мен жасөспірімдердің жұмысбастылық мәселесіне тоқталыңыз
- •58. Жұмысбастылықтың жас ерекшелігіне орай әлеуметтік-демографиялық топтарға бөлінуін тұжырымдаңыз және топтарды атаңыз
- •59. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмысбастылыққа ықпалын түсіндіріңіз
- •60.«Жuмыспен қамту - 2020» бағдарламасына талдау жасаңыз
34) Социологиялық зерттеулердің миграцияны зерттеудегі және тиімді жұмыс бастылықты қалыптастырудағы рөлін атап көрсетіңіз
Миграцияның шығу және қалыптасу, даму заңдылықтарын білу әлеуметтік жұмыстың мигранттарды зерттеуіне, олармен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Әрбір қоғамтану пәндері (демография, экономика, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану, құқықтану, география, тарих т. б.) тұрғындар миграциясын өз көзқарас тұрғысынан зерттейді. Қоғамтануда бұл мәселені анықтауда жалпы қадам жоқ.
Мигранттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс өзінің ғылыми және тәжірибелік жүйеленуінің бастапқы сатысында десе болады. Әрекет етуші мектептер мен бағыттар әлеуметтік жұмыс үшін аса пайдалы ғылыми және тәжірибеге негізделген зерттеулер жүргізуде. Әлеуметтік жұмыскердің миграцияға байланысты әдісі, қадамы антропологиялық әлеуметтанушы, мәдениеттанушы, демограф қадамдарына ұқсас болғанымен өзіндік пәндік қатынасты көрсетеді.
Әлеуметтік жұмыс оқу пәні және құрылымдық ғылыми бағыт ретінде көптеген әдістерді қолданғанымен миграцияға қатысты өзіндік көзқарасын қалыптастырып шығаруда. Әлеуметтік жұмыскер тұрғындар миграциясынан мигранттардың жаңа әлеуметтік ортамен қарама-қайшылығына, нормалардан ауытқушылыққа әкелетін (дезадаптация, дезинтеграция, девиация) аспектілерін көреді. “Дезинтеграция- мемлекет аралық экономикалық одақтастардың құрылуына бөгет. Девиация - ауытқу”[2, 12-35б]. Әлеуметтік жұмыскер бұл ауытқушылықтардың орнын толтыруға, түзеуге мүмкіндік беретін мигранттармен және оларды қабылдаушы тұрғындармен әр түрлі жұмыс әдістерін қолдану керек. Дезадаптация - қоршаған ортаға бейімделе алмау.
Мигранттар адаптациялану мен интеграциялануда әлеуметтік көмекті міндетті түрде қажет ететін субьектілер. “Миграцияны бір мезгілде белгілі бір топтың “өзінің” экологиялық, қоғами-мәдени өндірістік құрылым ұқсастықтары мен ажыраушылықтары және жаңа территориядағы “басқа” ұқсастық құрылымдарына ену деп қарастыру керек.”. Сонда тұрғындар миграциясы алғашқы жақындасуда белгілі бір территориялық, мобильділік процесіндегі территориядағы орын ауыстырушылықты ғана емес, жаңа ортамен татуласушылық, табысушылық жағдайын да көрсетеді. Әлеуметтік жұмыскер көзқарасы тұрғысынан миграция қабылдаушы қоршаған ортада белгілі бір топтың қарым-қатынасының өзгеруі мен қалыптасуы тұрғысында қарастырылады. Бұл қатынастар әлеуметтік ортаның атрибуттары (ерекше белгілері) ретіндегі әр түрлі ұқсастықтары мен өзара әрекеттеріне ықпал етеді. Біріншіден, бұл қатынастар ескі және жаңа территорияға енуді, яғни, елдендіру мен антропологиялық құрылымдарды, екіншіден, бұрынғы және жаңа бірлестік мәдениетін, яғни рухани мәдени құрылымдарды қамтиды, (оқу ағарту, конфессионалды, ұлттық мәдени); үшіншіден, белгілі бір мамандандырылған еңбекпен жұмыс істейтін бірлестіктерді, яғни кәсіпкерлікпен, тағы басқамен айналысатын құрылымды қамтиды. Бұдан шығатын бір тұжырым: ресми құжаттар мен әдебиеттердегі миграция анықтамасымен қанағаттануға болмайды. Мысалы: “миграция - әр түрлі себептерге байланысты адамдардың бір территориядан бір территорияға қозғалысы, соның ішінде қандай да әкімшілік территориядан мемлекеттер шекарасынан уақытша және тұрақты мекен-жайды ауыстыру мақсатындағы қозғалыс”. “Мұндай тар мағынадағы анықтама кедендік, шекаралық бақылауға, заңсыз мигранттармен күрес, тағы басқалар үшін тиімді, бұл анықтама жаһандану жағдайында қоғами-мәдени, геомәдени факторларға көңіл бөлмейді.” [6]
Миграцияға анықтама беруде басқа да себептер, қашықтығы мен уақыты жағынан созылуына қарамастан, негізінен, территориялардағы экономикалық айырмашылықтар, тұрғындардың қозғалысы да қарастырылады. Бұл жағдайда миграция ұғымы кеңейеді, миграцияға экономикалық анализ беруде немесе туристік ағымдар үшін аса маңызды территориялық уақыттық көңіл бөлу екінші кезекке ысырылады. Алайда, әлеуметтік жұмыс үшін бұл қадам да аса тиімді емес.
