- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •2. Индуизм
- •1. Үнді діндері
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
Христиандардың басты кітабы — Інжіл адамзат ойының тамаша ескерткіші. Ол өзінің атауын гректің "кітаптар" деген сөзінен алады. Інжіл, діншілдердің айтуынша, пайғамбарлар мен апостолдар деп аталған құдайдың ерекше қалауы түскен адамдар арқылы келген Қасиетті Рухтың аяндары негізінде жазылған кітаптардың жинағы. "Інжіл" атауы тек VI ғасырда ғана пайда болды. Інжіл екі бөлімнен тұрады. Олар - Көне өсиет және Жаңа өсиет. Біріншісіне христиандыққа дейінгі кездерде көне еврей тілдерінде жазылған және иудейлер мен христиандар қатар құрметтейтін кітаптар жатады. Екіншісіне грек тілінде жазылған кітаптар енеді. Олардың авторлары - апостолдар мен евангелистер.
Көне өсиеттің канонға енбеген кітаптарын қоса есептегенде Інжіл 77 кітаптан тұрады. Оның ішінде Көне өсиет католиктер де, православие шіркеуі де синодтық (ең беделді) басылымдарға енгізетін 39 канонды және 11 канондалмаған кітаптарды қамтиды.
Көне өсиеттің барлық кітаптарын бірнеше топқа бөлуге болады. Біріншісі - Мұсаның бес кітабы немесе Заң (еврейше - Таурат). Екіншісі - тарихи кітаптар, үшіншісі - Пайғамбарлар, төртіншісі - Жазбалар. Соңғысы өзінің мазмұны жағынан сан алуан. Оның ішінде новеллалар да, философиялық, адамшылық-этикалық трактаттар да, ғашықтық-эротикалық поэма да, құлшылық өлеңдер жинағы да бар.
Жаңа өсиетке 27 кітап жатады. Олар - апостолдар Матфей, Марк, Лука және Иоанн жазған Інжілдер (грек тілінде "эвангелие" - игі хабар), Қасиетті апостолдардың қызметтері, Иоанн уағыздаушының "Жолдауы" мен "Аяндары" (Апокалипсис).
Жаңа өсиетке енген төрт Інжіл осы жанрдағы көп кітаптардың ішінен неғұрлым шын, құдай рухымен шабыттанып жазылған кітаптар ретінде таңдап алынған. Бірақ оларды шындығында аталған төрт адамның жазғандығына, яғни олардың авторлығына тікелей дәлелдер жоқ. Сондықтан, "Матфей бойынша", "Марк бойынша" деген тәрізді сілтемелермен қолданған әділірек болар еді. Евангелиелер осы адамдар салған дәстүрлерге негізделеді. Аңыз бойынша Матфей мен Иоанн Ғайсаның шәкірттері, ал Лука мен Марк оның шәкірттерінің пікірлестері.
Евангелиелер грек тілінде I ғасырдың екінші жартысында жазылды. Олардың ішіндегі көнесі - Марктің Евангелиесі. Олар өздерінің сөздерінде үнемі ауыздан ауызға тараған Ғайсаның шәкірттері мен ізбасарларының әңгімелеріне сүйеніп отырады. Сондықтан евангелиешілердің сөздері үнемі бір жерден шыға бермейді. Бірақ, қапысыз айқын нәрсе - Қасиетті жазбалардың барлық кітаптары христиандар үшін айырықша беделді, ал Евангелиелер олардың өзегі.
Інжіл - өте қызғылықты кітап: біреулер оны мифтер мен аңыздар жинағы деп қарайды, біреулер одан адамзат тарихының ескерткішін көреді, ал енді біреулер көркем шығармалар жинағы деп есептесе, төртіншілері оны құдай сөзі деп қабылдайды. Бір айқыны мынау: егер ол қатардағы тарихи ескерткіш болса, оның төңірегінде екі мың жыл бойы осыншама талас-тартыс болар ма еді? Әрине, болмас еді.
Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
Көптеген діндерде адамдарды өздеріне бағындыратын және баурап алатын басты құндылық құдай ұғымы болып табылады. Осылайша адам өзінің өмір сүрудегі мәнін өз бойынан іздеуімен қатар трансцендентті құдайлық мақсаттан іздейді. Христиандық сенімі бойынша адамдар мәңгілік өмірдегі «таңдаулылар» қатарында болуды және «құтқарылуды» қалайды. Адамның басты мақсаты адамзатқа қызмет ету екендігі. Бірақ адамзат тарихының мәніне трансцендентті мақсатсыз қол жеткізу мүмкін емес. Егер өмірде белгілі бір ақылға сүйенетін мақсат болмаса, онда өмірдің де еш қызығы, мәні жоқ.
Христиандық адамның жер бетіндегі өмірінің мақсаты рухтың немесе жанның құтқарылуы екендігін баса айтады. Жер бетіндегі өмір егер адамзатқа емтихан немесе сынақ ретінде берілмегенде оның ешқандай да мәні болмас еді. Ол да адам рухының мәңгілігіне негізделеді.
Адам өмірінің мәніне қатысты мәселеге дін жауап іздегенде адамдар аса мән беретін, баға беретін кейбір құндылықтардың айтарлықтай маңыздылыққа ие екендігіне тоқталады. Христиандық догматтар бойынша дүнияуи өмірдегі материалдық құндылықтарға ұмтылу жақсы деп танылмайды. Діни сенім бойынша өмірдің мәні тұлғаның өлімсіздігіне, рухтың өлімсіздігіне және ақыреттегі өмірге негізделеді.
Сондай-ақ христиандықта діни сенімнің негіздерінде үштік сенім қатаң түрде сақталады. Бір құдай барлық нәрсенің жаратушысы, басты құндылық болып табылады. адамдағы басты құндылық - құдайға сену. Христиандық көптеген ғасырлар бойы адам тәні мен өзін діни аскетизм тұрғысынан төмен бағалап келді. Діни аскетизм өлім мен азапты аса дәріптеп алдыңғы қатарға қойып келді. Азап шегу- христиан сеніміндегі аса маңызды компоненттердің бірі. Азап шегу немесе емтихан адамдарға ең бірінші жаратылған Адам мен Еваның (Хауа ана) күнә істеуіне байланысты Құдай тарапынан берілді. Сондай-ақ бұл күнәні Құдай Иса Мәсіхтің айқыш ағашқа керілуімен жуды. Нәтижеде азап шегу о дүниеде құдайлық шапағатқа бөлену үшін аса қажетті шарт болып табылады. Католиктердің теологы Ф.Лелотт христиандықтың азап шегуге аса мән беретіндігін, себебі құдайдың өмірде бар екендігіне дәлел болып табылатын «таңдаулылардың құтқарылуына араласуы» екендігін айтқан.1 Христиандық моральдық құндылықтарды жоғары санайды, бірақ оларды діннің аясында қарастырады. Өйткені дінсіз моральдық сана ешқандай да адамдар алға қоя алатын идеалдарды тудыра алмайды.
Діннің моральға ықпалы олардың бір біріне жақын болуынан туындап отыр. Дін де мораль да жеке тұлғаны басқалармен арадағы қарым-қатынас бойынша қарастырады. Негізгі мінез-құлықтық қатынастар жеке адамның қоғамға деген қатынастары. Басты діни таным тұлғаның құдаймен байланысы. Егер жалпыға деген қатынасты мистификациялап, оны бұл дүниеден алыстататын болса ол табиғаттан тыс қатынасқа айналады. Дегенмен бұлай ажырату жеке тұлға мен қоғам үшін пайдалы немесе зиян тұрғысынан емес олардың ішкі құндылықтарында жатыр. Мұндай қабілет басқаның көмегіне емес, өзінің бойында «тереңде» жатыр. Адам тек құдадың немесе құдіретті бір күштің алдында ғана өзін жауапты сезіне алады. Осылайша мінез-құлықтық қатынастар мен діни қатынастар бір арнада тоғысады. Яғни құдайға деген махаббат құлықтық идеалға деген махаббат болып табылады. адамның адам алдындағы жауапкершілігі яғни жоғары құндылық алдындағы жаупкершілігі одан да жоғары діни түсініктегі құдай алдындағы жауапкершілікпен алмасады.
