Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3. Даосизм діні

Қытай халық дініндегі яң мен ийн принциптері негізінде пайда болған даосизм дінінің құрушысы Лао-цзы болып табылады. Лао-цзы Конфуцзийдің замандасы, тіпті екеуі кездескен дейтін мәліметтер бар. Лао-цзының өмірі бізге нақты белгілі болмағанымен, оның өмірі халық арасында аңыз ретінде жақсы сақталды. Аңыз бойынша анасы Лао-цзыны тұрмысқа шықпай-ақ тапқан көрінеді. Туылғанда ол ақ сақалды қарт адам кейіпінде дүниеге келгеніне байланысты, анасы оған «Лао» (қарт) деп ат қойған екен.

Лаоның көзқарасы бойынша әлемдегі яң мен ийн принциптерінің басын қосатын ана принцип – дао. Ол ежелгі қытай халық дініндегі аспан құдай сенімін жоққа шығарды да, дао принципін қабылдап, пантеизмге ұқсас бір сенім системасын жетілдірді. Оның пікірі бойынша даоның әуелгісі соңы шексіз, ол барлық жерде бар, әлемді басқарушы және күллі болмыс содан жаралған, барлық жаратылыстың іргетасы тек ол ғана.

Лао-цзы даодан басқа ешбір құдайды мойындамағанымен, Лао-цзыдан кейінгі замандарда даосизмге түрлі құдай сенімі ене бастады.

Қазіргі даосизмнің маңызды принципі өлімсіз болу. Сондықтан даосизм ұстанушылар өмірлерін ұзарту үшін, біршама дәрі-дәрмектер қолданады, тіпті сиқырмен де айналысатындары бар.

Даосизмде ахлақ мына үш абзалдықта жинақталған.

1.Ұстамды болу;

2. Қарапайым өмір сүру;

3. Кішіпейіл болу.

Бұл дінде тыныш, ұяң, қарапайым адамдар ең жақсы адамдар болып есептелінеді.

Лао-цзының: «жақсыларға жақсылық істеймін, жамандарға да жақсылық істеймін. Сондықтан барлығы жақсы болады» - деген өсиетіне сай, бұл дінде біреуге жақсылық жасау маңызды орынды иеленеді.

Тағы да сүйіспеншілік жайында Лао-цзы: «Кемел адам барлық адамдарды, тіпті дұшпандарын да сүйеді, ойлайды», - дейді.

Даосизм дінінде құлшылыққа аса мән берілмейді. Ғибадат адамның табиғат заңдылығымен байланысын бұзатын нәрсе. Сондықтан құлшылық жасау жолдан адасқан мен әурешіліктен басқа еш нәрсе емес, құлшылық адамның надандығынан туындаған.

Алайда буддизмнің қытайға таралуына байланысты даосизмге буддизмнің кейбір рәсімдері әсер етіп, олар буддистер сияқты ғибадатханалар тұрғыза бастаған, монахтар тобы қалыптасқан. Тіпті олар будда монахтары сияқты үйленуге тыйым салады деген мәліметтер де бар. Буддизмнің әсерінен даосизмде түрлі құдайларға, тіпті Лао-цзыға табыну дәстүрі қалыптасқан. Қазіргі кезде дао ғибадатханаларында Лао-цзының суреті мен мүсіні орналасқан.

4. Cинтоизм

Синтоизм жапон халқы тұтынатын ескі ұлттық дін. Бұл дін жалпы жапон халқының наным-сенімі мен салт-дәстүріне сүйенетін, құрушысы жоқ дінге жатады.

Дін зерттеушілері синтоизм дінінің Жапонияда өмір сүруін үш кезеңге бөледі.

1. Мифологиялық дәуірден бастап, буддизмнің Жапонияға таралуына дейінгі кезең (552 жылға дейін);

2. Жапонияға буддизм дінінің таралу кезеңі (ІХ ғасырға дейін.);

3. Буддизмнің Жапонияға орналасуымен, синтоизм мен буддизмнің қатар өмір сүруі кезеңі.

Қазіргі діндердің ішінде синтоизм ескі, ұлттық, политеист, ресми сенім жүйесі жоқ бір дін болып ерекшеленеді. Синтоизм дінінде құдайлар бір-бірімен туыс, ең ұлы тәңірлер- «көк» (әке) пен «жер» (ана). Бұл екеуінен бүкіл Жапон аралдары мен басқа табиғат құдайлары туылған. Синтоизм сенімдерінде тау, дария, жел, от, күн күркіреуі, жаңбыр, тіпті әрбір кәсіптің құдайларын қосқанда 8 000 000-ға тарта құдайлар кездеседі. Жапон императоры, күн құдайының немересі саналады. Жалпы жапондар әлемде жақсы-жаман рухтардың бар екеніне де сенеді. Жапон сенімі бойынша өлген әрбір адам «ками» болады.

Синтоизмде құлшылық бұтханада да, үйде де жасалына береді. Кейбір әдебиеттерге қарағанда, Жапонияда 100 000-нан астам құлшылық қылатын бұтханалар бар екен. Бұтханаларында негізінен қасиетті саналатын айна, қылыш, асыл тас тұрады. Синтоизмнің бір ерекшелігі, құдайларын мүсін немесе суретпен емес, символдармен белгілейді. Жапонияда ең үлкен ғибадатхана, Иседегі «Аметерасу» бұтханасы.

Жапондар құлшылықты қарапайым түрде аяқ-қолдарын бетін жуып, қасиетті орында құдайларына тізе бүгіп, жалбарынады. Олар тазалыққа маңыз беріп, лас жүрген адам күнәхар болып есептелінеді.

Синтоизм дінінің «Кожикин», «Нихонги» атты қасиетті жазбалары бар. Кожикин 712 жылы император әмірімен қағазға түсірілген. Бұл қасиетті жазбаларда дүниенің пайда болуы, адамзаттың жаратылуы мен міндеттері, жанұя жайлы тақырыптар қамтылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]