- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •2. Индуизм
- •1. Үнді діндері
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
Бүгінгі жаһанданған жұмыр жер мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы ашық жарыс алаңына айналып кетті. Құндылықтардың қайта жүйеленуі мен таңдалуы да өте қысқа уақыт ішінде жүзеге асырылып жатыр. Адам бұл жылдамдықтағы өзгерістерге ілесе алмай ішкі тепе теңдігі мен қоғамда өз орнын табуда қиындықтарға тап болып отыр. Осындай арпалысқан дүниеде адамзат қарапайым ізденістер түгіл күйбең тіршіліктің қысымынан тек материалдық игіліктерді ғана табуды қанағат тұтып отыр. Бұл оның рухани әлемінің жұтаңдануына әсер етіп адам рухында алаңдаушылық үрей психологиясы үстемдік алып отыр. Бір жағынан нашақорлық, террор қыспағы, діндераралық немесе өркениеттер арасында болмай қоймайтын қақтығыс доктринасы жаһандық жіктің айқындалуы мен өзара тайталасуын күтіп отырғандай әсер қалдырып отыр. Осындай күрделі де тарихи өтпелі кезеңде әрбір мәдениет өзінің сүрлеулі дәстүр немесе өткен тарихы ішіндегі тәжірибесін қайта саралап одан үміттеніп болашаққа қарай сеніммен баса алады. Бұл табиғи құбылыс. Міне осындай күй біздің қоғамның басында да бар. Бүгінгі таңда Иасауи ілімінің мәнін, маңызы мен ерекшелігін анықтау – тарихымыздың өткені мен бүгіні арасындағы рухани арналар сабақтастығын қалпына келтіруге ықпал етеді. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстан үшін Иасауи ілімі – дәстүрлі түркілік дүниетаным мен ислам өркениеті арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз еткен сара жол болуымен қатар, бүгінгі заманға сай социо-психологиялық, феноменологиялық ойлау жүйесі мен нақты тұжырымдамаларға бай, адамды жаңа мән-мағынамен сомдайтын және рухани азық беретін даналықтың көзі ретінде ұлттық болмыстық тұғырымызды танудың негізіне айналып отыр.
Иасауи дүниетанымы адамды ішкі еркіндікке жетелейтін ар түзейтін ілім. Ал бүгінгі ашық және демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан өз тәуелсіздігі мен еркіндігін баянды ету үшін, ең алдымен, еркін ойлайтын адамдарға зәру. Еркіндікті баянды ету мәселесі саяси шарттардан бұрын рухани ар-ождан құбылысына тікелей қатысты. Сондықтан да бүгінгі тәуелсіз Қазақстан қоғамы мен адамы үшін мәдениетіміздің рухани бастауы, ұлттық діліміздің мәнін анықтайтын ар түзейтін Иасауи ілімі өзіндік болмысы мен зәрулігін көрсетуде. Бұл туралы елбасы Н.Ә.Назарбаев:“...Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақыт құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр”, - деп, мемлекеттіліктің тұғыры етіп мәдениетті, ал мәдениеттің бастауы ретінде ділді, даналықты көрсетіп отыр.
Иасауи ілімінің қалыптасу кезеңі мен өмір сүрген уақыты түркі халықтары үшін тарихи өтпелі кезең болуымен де маңызды. Сондай өтпелі кезеңде көрсеткен жолы мен әдісі тұрғысынан Иасауи мұрасын зерттеу – бүгінгі жаңа сипаттағы құндылықтар қоғамын құрып жатқан Қазақстанның болашаққа нық қадам басуы үшін өзінің мәдени, тарихи, дүниетанымдық және рухани-әлеуметтік тұғырларын анықтауында да маңызды болып отыр. Иасауи ілімі – қоғамдық-әлеуметтік ынтымақ пен бірлікке ұйытқы болатын даналықтың (хикметтің) кені. Яғни, оның ілімі адамдар арасындағы өзара тең сұхбаттың, бауырластықтың, махаббаттың діни-рухани ұстанымдарын қамтитын біртұтас тұжырымдамалар жүйесі болып табылады. Қазақстандағы негізгі мұсылмандық пен христиандық сияқты екі дін өкілдері арасындағы төзімділік пен кеңпейілділіктің кілті де барша діндерден жоғары тұратын ақиқатты паш ететін осы Иасауи хикметінде жатыр.
Иасауи ілімі – моральдық-практикалық маңызы тұрғысынан бүгін ғылым мен технология, ақпарат дәуірінде отырып, өзінің ішкі әлемінен хабарсыз қалған, имандылық пен арды ойлай алмай, жаппай нәпсіқұмарлық жайлаған қоғамның әлеуметтік індетінің емі екендігі даусыз. Міне, осы мәселелерде өзімізге жаңаша сын көзбен қарау тұрғысынан Иасауи ілімін зерттеу әрі тану – уақыт талабы, ар-ожданымыздың үні болып отыр.
Қожа Ахмет Иасауидің ілімі мен ойлау жүйесі шеңберінде мұрат еткен адам типі мен Құранның кемел адамы арасындағы үндестік айқын. Иасауи Құран аянының (уахи) ең негізгі мәселесі болып табылатын адам жанын түсінуді мақсат еткен. Ол алдымен өзін, содан кейін қауымдастарының жан дүниесін жүйелі арнаға салып, иман нұры арқылы өмірді мағыналандыруды көздеген болатын. Сондай-ақ адам өмірінің мәнін ашудағы, пенденің рухани әлемін кемелдендірудегі Ұлы Тәңір тарапынан жіберілген басты хикмет – Құран екендігін танытуды мақсат етті.
“Хикмет” сөзі тілдік тұрғыдан алғанымызда “ақыл”, “парасатты сөз”, “дін ілімі”, “ең шынайы ғылым арқылы ең шынайы болмысты тану” деген мағыналарды білдіреді. Құранда қолданылған “хикмет” ұғымы – “шынайы иман”, “парасатты іс”, “парасатты ой” бірлігінен тұратын адамға берілген ерекше қабілет. Сонымен қатар хикмет – Құранның мазмұны мен мәні, яғни, құдайлық аянның өзегі болып табылады. Құранның хикмет болуының себебі оның барлық ізгіліктер мен игіліктердің негізгі көзі болып табылатын Тәңірден келгендігінде жатыр. Өйткені ол “түгел сөз” – Тәңірдің сөзі. Тәңірдің сипаттарының бірі – “ал-Хаким”, яғни, хикметтің иесі. Құранда жаратылған болмыстардың әрбірі жеке тұрғанда-ақ Ұлы болмыстың “Бар және Бір” екендігін білдіретін белгі, ал әрбір ишараттың хикмет екендігі туралы мәлімет берілген. Иасауи осы негізге сүйене отырып, Құранды да, әлемді де, адамды да хикмет кітаптары деп қарайды. Тәңірдің хикметі әрбір жаратылған болмыстан табылатындықтан, одан мән іздеу керектігін, әрбір болмыстан киелі қасиет тауып, Тәңірдің “ал-Хаким” екендігін жариялау және соған ұқсап бағу сопылық дүниетанымның негізгі мақсаты болып табылады. Абай да “Адамның “хикмет” кеудесі” немесе “Адамды сүй, Алланың хикметін сез!” деп, хикметтің мәнін дәл осы сопылық дүниетанымдық негізде түсіндіреді. Міне көріп отырғанымыздай адамның ішкі әлемі де – хикмет.
Ал, сопылық дүниетаным бойынша “хикмет” дегеніміз– құдайлық сырлар мен ақиқат туралы таным, болмыстардың жаратылыс мақсатының мәнін ашу, олардың арасындағы байланыстарды танудағы “құдайлық еріктің” сырын ұғу”. Яғни, хикмет – “ішкі көз” деп аталатын “сырға қанығу” әдісі арқылы қол жеткізетін сопылық таным.
Яғни, сопылардың түсінігінде хикмет – рационалдық ойлау арқылы игерілетін ғылым емес, тікелей жүрекке берілетін, жүрекпен сезінетін құт. Қожа Ахмет Иасауи хикметке екінші дәптер, “ғашықтық дәптері” ретінде анықтама береді. Сонымен қатар сопылық жолды өзіңді тану және Тәңірге қауышу үшін алдымен хикметтердің көзі – Құранға негізделген шариғаттан өтетін ғашықтық жолы ретінде түсіндіреді. Ғашықтық жолы – ауыр жол. Иасауи дүниетанымында хикмет нағыз шынайы ақиқат болып саналады. Ал ақиқатты адам тікелей “Хақ дастарханынан” үйренеді. Адам Тәңірдің, болмыстың мән-мағынасын, яғни ақиқатын білу үшін, ең алдымен, өзін тануы қажет. Сондықтан Иасауи адамның мәнін, ішкі ақиқатын үйретпейтін ілімді ілім деп мойындамайды. Себебі, нағыз ілім адамды құдайлық танымға, Хаққа жақын тұруға, ақиқатты табуға жол көрсетуі тиіс. Олай болса адам Тәңірді тану үшін алдымен өзін тануы сосын Тәңірді білуі шарт. Иасауиде хикметті меңгеру үшін алдымен жоғары адамгершілік пен парасаттылыққа, көркем мінезге жету шарт. Жаман іс, жаман сөз адамның хикметті меңгеруіне және махаббатқа ұласуына кедергі болатыны сияқты, жақсы сөз, нағыз ілім, көркем мінез – адамды негізгі мұратына жеткізеді. Міне, ілім оқудағы мақсат – халыққа пайдалы болу, қызмет ету. Халыққа қызмет ету алдымен адамның көңіліне жол табудан басталады. Теориялық-әдістемелік тұрғыдан алғанда Иасауи ілімі, негізінен, жүрек, махаббат, шабыт жолы арқылы құдайлық танымға және ішкі мәнге ден қояды. Яғни Иасауи даналығы жан мен нәпсі қалауын ажыратуға маңыз беретін толығымен рухани бағытта қалыптасқан мектеп. Бұл өте маңызды феномен. Осы құбылыс қазақ даласындағы халықтардың өзара діни төзімділік пен кеңпейілділік негізінде тіл табысуға ықпал етті.
Иасауи даналығының теориялық негізі де Хорасан мен Мауараннахр және Дешті Қыпшаққа кеңінен тараған меламийа-каландарлық дәстүр болып табылады. Адам психологиясына сүйенетін сопылық дүниетаным ретінде бұл дәстүрдің басты мұраты — парасат философиясы болып табылады. Бұл сопылық дүниетанымның негізгі ерекшелігі — адамның психикалық және психологиялық хәлдерін зерттеуге бағытталған Тәңірге ішкі сезім мен интуиция және рухани шабыт арқылы ұласатын Тәңірге мойынсұнудың жолы. Осы ілімнің философиялық-әлеуметтік негізгі мұраты халыққа қызмет ету арқылы Хаққа қызмет ету болғандықтан, ұстанымы – адамзатты сүю болып табылады. Адамның нәпсілік, хайуандық сипаттарынан арылуы, адамның махаббат және зікір әдістері арқылы фана мақамына жетуі немесе мағынауи елтуі, ләззат алуы, адамның өзінің игілігі мен ғибадат-амалдарын сырт көзден жасыруы, адамның “өзін” жоғалтып, Хақты тауып, Аллаға қауышуы сияқты хәлдер мен мақамдар Иасауи ілімінің өзегі болып табылады.
Қожа Ахмет Иасауи көзқарасы бойынша, жақсы мен жаманды ажыратып көрсететін танымдық объект — жүрек. Жүрек пен ақыл – бір-бірін толықтырып тұратын таразы. Адамда Тәңірдің барлық “зәрре” сипаттары бар. Адам өз бойындағы зәрре сипаттарын аша білуі үшін алдымен көңіл көзін ашуы тиіс. Тәңірге ұласудың үш сатысы бар: біріншісі – ақиқатқа ұласу үшін дүниеден ұзақ болу; екіншісі – жүректі тазалау; үшіншісі – Болмыспен Бірлік. Мұрат — Тәңір, онымен бірге болу, басқасы маңызды емес. Иасауи ілімінде рухани еркіндікке жету — Хз.Мұхаммедке мойынсұну арқылы жүзеге асады. Бұл жолдағы ең үлкен қажылық – көңілге, жүрекке жасалған сапар болғандықтан, қажылық жасау – жүрекке жол табу болып табылады. Қажылық, негізінен, Тәңірдің махаббатын ішіңде оятып, соған қарай бар көңілмен ұмтылу болып табылады. Өмірде құлдықты махаббатпен атқарып, өлімді де махаббатпен қарсы алу — нағыз ерлік, кемелдік болып қабылданады.
Түркілердің білімі мен мәдениетінің дамуымен қатар діни тұрмысының да сезімдік, доктриналық, практикалық кеңістіктері төңірегінде рационалдық, философиялық, эстетикалық және сыршылдық тұрғыдан жан-жақты тереңдей түскендігі анық. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық дін екендігін ескерсек, сопылық дүниетанымның түрік мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастыруының себептерін ұғыну қиынға соқпаса керек. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феномонологиясы тұрғысынан алғанда діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтындығын, жаңаларының сол ұстындар, құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатындығынан көруге болады. Бұл барлық әлемдік діндерде кездесетін құбылыс. Иасауи дүниетанымы мен түркілік сопылық мәдениеттің ерекшеліктері мен категорияларын “екінші дәптер” түсінігі төңірегінен табуға болады. Біздіңше, ислам өркениеті және дәстүрлі түркілік дүниетаным негізінде қалыптасқан “екінші дәптердің” сопылық-философиялық табиғатының негізін “хикмет”, яғни, жүрекке бағытталған практикалық-эмпириялық доктриналар жүйесі құрайды.
Иасауидің хикметі гуманизмнен әлдеқайда кең, әрі терең. Оның даналығының негізінде ғашықтық пен махаббат жатыр. Бұл жай ғана махаббат емес, құдайға деген ғашықтық. “Құдайлық ғашықтық” деп Тәңірді, адамды, жалпы жаратылғандарды қандай да бір пайда немесе ішкі есеп үшін емес, Ұлы Тәңір үшін сүюді айтамыз. Міне, осындай махаббат қана адамды адамдық санаға, адам деген құрметті атқа лайық болуға бағыттай алады. Адамның адамдығы осы махаббатқа бағыттайтын негізгі ұстындар мен ой-пікірлерді сезім мен ойда, көңіл мен тілде, сана мен іс-әрекетте, ғибадат пен сенімде адамдық және қоғамдық өлшемдерді Тәңірлік өлшемдермен үйлестіріп, үндестіре білуінен көрінеді. Яғни адам мен Тәңір арасын алшақтатпай, әрбір нәрсені Тәңірден келгендей киелі деп ұғу керек. Өйткені барлық нәрсе Тәңірдің ісі, оның шеберлігі мен құдіретінің нәтижесі болғандықтан құрметтелуі керек. Тәңірге тікелей барар жол тек қана адам мен қоғам арқылы өтеді. Бұл Тәңірге барар тура жол. Олай болса, әр жерде, әр нәрседе Тәңірді көре білу – Иасауидің хикметінің негізгі ұстыны болып табылады.
Сопылық дүниетанымда Хақтың өзі – ғашықтық. Иасауи хикметтерінде ғашықтық –мән, жауһар, рух, бірлік мәртебелері мағынасында қолданылады. Демек, Иасауи үшін ғашықтық - “Хақиқат”, “Мұхаммед дариясы”, “Дидар”, Болмыстың Бірлігі, Мән, Рух болғандықтан да ол, “...барлық істен ғашықтықты артық білдім” деген болса керек. Ол осылайша хикметтің мәнін, адамның ғашықтық арқылы болмысқа ие болатындығын ашып көрсеткен. Яғни, хикметтің табиғаты бойынша ғашықтық – “құдайлық танымға” ұласудың жолы. Сопылық дүниетанымда Тәңірі жиһанға сыймағанымен адамның жүрегіне сыйып кетеді. Өйткені, адамның рухы – Тәңірден үрленген жауһар әрі Оны танудың көзі. Сондықтан Хақ пен адам арасын үндестіретін күш – ғашықтық. Иасауи хикметтерінде “Ишқ болмаса тауып болмас Мәулім (Тәңірім) Сені”,–дейді. Яғни, адамның ең ұлы мақсаты мен мұраты – Хақты танудың алғышарттары Тәңірге ғашықтық пен оның бұйрықтарына мойынсұну. Тәңірдің танылуы әрдайым махаббатты туғызады. Махаббат та Тәңірдің танылуына алып барады. Адам Хақты іздеп, дидарына ынтығып, санамен, сарғайып аңсайды, дертке шалдығады. Бірақ, бұл дертті адамның өзі ерікті болмыс ретінде таңдап алады. Иасауидің “Ишқ дертін “талап қылдым дерманы жоқ,” -дегендегі дерт осы “дидар талап” дерті. Бұл дерт Қорқыт ата дүниетанымындағы дерттен мүлдем басқаша. Ғашықтық дерті Хақтың Жамалына деген сағыныштан туады. Бұл дерттің мақсаты – Шексіздіктің сипаттарының бірі болып табылатын Дидар. Осы мақсатпен ерік-жігер қосылып, адамда “рухани ояну” хәлі пайда болады. Нәтижесінде сопы Хақ дидары арқылы Алланы тануға ұласады. Яғни, шынайы ғашықтық адамдағы бүкіл кісілік қабілеттерді бір арнаға салып, Болмыстық бірлікке қауыштырады .
Иасауидің ілімінде Хаққа қауышудың құралдары мен әдістерін тариқат жолы анықтайды. Тариқат жолы – азапты, ауыр да қиын ғашықтық жолы. Сондықтан тариқатта “тек несібесі барлар ғана Хаққа жуық бола алады,”яғни Ғашықтық Тәңірден басталып, Тәңірде бітетін ұлы жол. Иасауидің “Ишқ бабыны Мәулам ашқаш менге текди”, -дегенінде үлкен сыр бар. Демек, ғашықтық - Тәңірдің сыйы, Одан несібесі бар талапкерлер ғана үлес ала алады. Бұл – адам құдайлық танымға Хақтың үйретуі арқылы жетеді деген сөз.
Адамның іс-әрекеттерінде ақыл мен махаббат бір-бірін өзара бақылауға алады. Махаббатсыз ақыл адамды нәпсіқұмарлыққа апарады. Ақылды осындай істен махаббат қана құтқара алады. Сол сияқты ақылсыз махаббат адамды жолынан адастырып, бос сенімдерге итермелеуі мүмкін. Сондықтан да ғашықтық пен ақыл арасында үйлесімділік болуы керек сияқты. Махаббат адамға жөн сілтер, жол көрсетер бағдаршам. Махаббат рухты тазартып, пәк қылып, түзетеді. Яғни, ғашықтық адамның рухани арылуы және қоғамның бақыты үшін де маңызды құндылық. Иасауи ілімінде де адамның адамдық болмысын сақтап, оны менмендік пен нәпсіден айықтыратын да ғашықтық. Иасауидің Тәңірдің ғашықтығын қалауындағы басты мақсаты қоғамның бақыты мен тыныштығы. Иасауи адамдарды махаббат пен бірлікке, ынтымаққа шақырып, Тәңірге деген махабаттың адам мен қоғамды сүюден бастау алатындығын алғаш хикметтерінде-ақ тілге тиек еткен. Сондықтан Иасауи көркем мінез бен махаббат және қоғам арасындағы байланыстардың маңыздылығын баса көрсеткен. Қазақ мәдениетінде Иасауидің ірі өкілдерінің бірі Абайдағы «үш сүюдің негізі болған осы асыл ғашықтықтың дауа болмайтын, қоғам ісінде жеңілдетпейтін ешқандай мәселесі жоқ, тек адамдар осы шындықты көңілімен қабылдаса болғаны. Иасауидің ілімі бойынша адамдар Тәңірдің жаратқан болмыстары және Тәңір де Бір және Бар болғандықтан, барлығы тілі, діні, ұлты, түсі мен тегіне қарамастан, рухани бауырластықтың ынтымағы мен бірлігін осы дүниеде орнатуға тырысулары қажет. Әрбір адам басқаларды өзі сияқты Тәңірдің жаратқан пендесі ретінде көріп, оларға “менікі” және “менен” деп қарауы керек. Рухани бауырластық – Тәңірге деген, адамға деген махаббат пен құрметтің өзегі. Өйткені Иасауи ілімі мәні жағынан ұлтына, географиялық шекарасына, сеніміне қарамастан барлық адамзатты – “Мен” және “Бір” деп таниды. Оның мәжілісінде мұсылман да, отқа табынушы да, пұтқа табынушы да кәпір де бірдей орынға ие. Иасауидің ілімі бойынша нағыз сопы қасында отырған адамның қай діннен, қай миллеттен екендігіне көңіл бөлмейтін адам.
Құдайлық ғашықтық арқылы сомдалған шынайы діндарлық пен діни төзімділік адамды рухани кеңпейілділікке апарады. Кеңпейілділік – адамдарды діни сенімдерінен саяси түсінігі үшін бөлектеп, алаламайды. Сондықтан да Иасауидің діни төзімділігі мен кеңпейілділігі дінішілік қана емес, діндер арлық, керек десеңіз діндерден жоғары құдайлық ақиқатқа негізделген. Діни кеңпейілділік болмаса, адамдар арасында махаббат та, сүю де, өзара сұхбат пен бейбітшілік те болмайды. Шынайы сопы немесе кемел адам үшін мешіт, шіркеу, синагоганың да, адамдардың да бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ. Құдайлық жаратудың мақсаты бойынша олар қайта бірін-бірі толықтырып, бір-біріне айна болатын құдайлық ақиқаттың көріністері екендігіне сенеді. Осы концепция Абай мен Шәкәрімде “түгел сөздің түбі бір” ұстанымы арқылы түсіндіріледі.
Сонымен Иасауи хикметіндегі ең басты құндылық – ғашықтық – өмірдің мәні, адамдық болмысқа жетудің шарты болып табылады. Иасауи ғашықтыққа ұласудың жолдарын былайша көрсетеді: біріншісі – тариқатта хәл ілімін меңгеру. Екіншісі – рухани жаттығу арқылы адам жанын тәрбиелеу; үшіншісі – Хақиқатты осы дүние мен ақиреттегі беретін қызығы мен нығметтері үшін сүю емес, Оның мәніне, затына ғашық болу; төртіншісі – зікір, сұхбат әдістері арқылы Хаққа ұласу.
Жоғарыда қарастырылғандардан аңғарғанымыздай, Иасауи дүниетанымында сұхбат, плюрализм, төзімділік, махаббат бар. Ойлау мен ой еркіндігі түбінде іс-әрекеттің еркіндігін әкеледі. Зікір, сұхбат, экстаз сияқты психотехникалық әдістер ауруға шалдыққан жүректі айықтырып, оны Тәңірді сүйе алатын дәрежеге жеткізетін құралдар ғана. Ал Тәңірді сүйе білген адам барлық адамзатты өз бауырым деп сүйе алады. Өзгені құрметтеуді өзін құрметтеу деп біледі. Міне бұл нағыз хикмет, даналық.
Қожа Ахмет Йасауидің көзі тірісінде оның шәкірттері қатарында 12 мың сұлтан мен 99 мың жай халықтың болғаны айтылады. Ол өз шәкірттерін XII ғасыр басында түркі дүниесінің бар тарапына аттандыра бастайды. Өзінің немересі Ахмет сопыны Шығысқа, Қаялық қаласына аттандырады. Хакім Ата Сүлеймен Бақырғаниды Үргенішке, Сопы Мұхаммед Данышманд Зарнуқиды Отырар қаласына жібереді. Йасауидің осы шәкірттері үш тармаққа бөлініп, йасауийа тариқатының үш тармағын құрады. Бірінші, тармақты Исхақ бабтан тарайтын әулет өкілдері; екінші тармақты - Абд ар-Рахим баб-Сатуқ Бұғра хан әулеті; үшінші тармақты Исхақ бабтың інісі Абд ал-Жалил баб ұрпақтары құрады. Исхақ баб ұрпақтары XI ғасырға дейін таза діни мәселемен шұғылданған әулет өкілдері болса, Абд ар-Рахим баб-Сатұқ-Бұғра хан ұрпақтары XIII ғасыр басына дейін Қарахан мемлекетін билеп келген әулет өкілдері еді. Ал, Абд ал-Жалил баб әулеті деп VIII ғасырдың екінші жартысында Сырдың төменгі ағысында Оғыз мемлекетінің негізін қалаған әулет өкілдерін айтады. «Насаб-нама» нұсқаларындағы деректерге қарағанда Қарахандық және Оғыздық билеуші әулет өкілдері қолдарындағы саяси биліктен айырылған соң рухани салаға көшкенге ұқсайды. Оған жоғарыдағы йасауийа тариқатының үш тармағының екеуінің Қарахандық және Оғыздық билеушілер әулетінен бастау алуы дәлел бола алады.
5.4. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Майлықожа. (2 сағат).
