- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •2. Индуизм
- •1. Үнді діндері
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
Ислам - өзіндік өркениет қалыптастырған, адамзат тарихында өшпес із қалдырған, озық үлгідегі мәдениет, ғылым мен технологияны өркендетуде теңдессіз құбылыс. Исламның негізінде діни және зайырлы мәселелердің біртұтастығы, мұсылманның қалыптасуындағы материалдық және рухани арнаның бірлігі жатыр. Ислам – дін, руханият және өркениет ретінде адамзат тарихында басқа өркениеттерден алғанынан бергені және берері мол мүмкіндікке ие Алланың соңғы ірі ең кемел діні. Дегенмен бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында исламның идеялық және дүниетанымдық негіздерін бұрмалау тенденциясы басым екендігі байқалады. Онда көбінесе ислам, өкінішке орай, әлемдік қауымдастыққа ортағасырлық керітартпалықты дәріптейтін, фундаментализм мен экстремизмнің жасыл жалауы ретінде танылып жүр.
Ислам діні рухани және мәдени тұғыр, сонымен бірге ұлттық болмыстық біртектіліктің негізі ретінде де қазақ елі үшін үлкен маңызға ие. Қазақстанда исламның терең тарихи өркениеттік тамырлары бар. Міне ондаған ғасырдан бері ислам барша түркі тілдес халықтардың оның ішінде қазақтардың да ата діні болып табылады. Қазақ мұсылмандық түсінігінің кең таралған тарихи дәстүрі, сонымен қатар оның әртүрлі мәдени, мемлекеттік, психологиялық және танымдық өзіндік ерекшелігі де бар. Өзінің географиялық орналасу ерекшелігіне қарай Қазақстан Орталық Азияның орталығы, сонымен қатар ол өз мәдени қабаттарында көптеген әлеуметтік, діни, рухани бастауларды да өз бойына сіңірген. Қазақ мәдениеті тарихи қабаттарындағы салт-дәстүрін сақтай отырып, мұсылман әлемінің ажырамас бөлшегі. Оның мұсылмандық ерекшелігінде төзімділік пен рухани келісім, тұтастық пен махаббат нақышталған. Бұл - өте маңызы зор құбылыс. Сондықтан саяси және мәдени құрылыста, өскелең ұрпақты баулуда, қоғамның рухани тұғырларын нығайтуда дінімізді дұрыс түсініп және түсіндіріп оның ұлы мұраттарын, рухани және моральдық негіздерін теориялық тұрғыдан жетік меңгеруіміз шарт.
Дін ұғым ретінде ғылыми-көпшілік әртүрлі басылымдарда, күнделікті қарапайым тіршілікте, қоғамдық санада да жиі қолданылады. Дегенмен діннің көпсалалы қыры бар екендігі даусыз. Ислам діні - қазақтың дүниетанымдық ерекшеліктері мен негіздерінің тұғыры. Сонымен қатар дін - біздің құлшылығымыздың және сенімдік сана-сезіміміздің өзегі, иманымыздың болмысы. Соның негізінде қалыптасқан діни сана мен танымымыз руханиятымыздың, барлық құндылықтарымыздың көзі, әдет- ғұрып, салт-дәстүрлеріміздің, моральдық этикалық нормаларымыздың жиынтығы. Діндарлардың жамағатқа, ұйымға, мешітке, діни ағымдар мен мазхабтарға бірігуі, әрбір топтардың орталықтандырылған басқару жүйеге бағынуы оның үйлестіруші күшін анықтайды.
Дін адамзат мәдениетінің, рухани дүниесінің мазмұны ретінде адамның тіршілігі мен іс-әрекетінің, рухани және материалдық құндылықтар жүйесін, қоғамдық-әлеуметтік, құқықтық нормалары мен дәстүрлерін, адамның әлемге, қоғамға, қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасының сипатын анықтайтын, сенімге негізделген құдайлық институттың қоғамдық көрінісі, өміршең дамыған жүйе. Діннің жүйелік құрылымы өте күрделі. Діни таным, діни сана, сенім негіздері мен құлшылық ережелері және қағидалары, діни ұйымдар мен орындар және т.б. осылай жалғасып кете береді. Діни сана мен діни таным екеуі бірігіп мұсылмандық түсінікті құрайды. Бұл жерде мәдениет пен дүниетанымдық қабаттардың үлесі де ерекше.
Діни психология – сол дінге сенуші адамдардың сезімдері мен көңіл-күйлерінің, діни санасының жиынтығы. Діннің маңызды тағы бір қыры оның қоғамдағы құқықтық нормалар мен қағидалар арқылы құқықтық сана қалыптастырудағы орны. Діни ғибадаттарды жүйелі түрде дағдыға айналдыру, діни сенімді қорғау мен заманға қарай үйлестіріп түсіндіру, құдайлық үндеу арқылы діни жүйені дамыту, орталықтандырылған басқару тетіктерін қалыптастыру, өзара сын мен бақылау, дін және мәдениет, дін және мемлекет арасындағы байланыс тетіктерін нақтылау, ұйымдасу мен ұйымдастыру, қоғамға, адамға қызмет және т.б.
Діни сана мен ұлттық сана - егіз ұғым. Ислам діні ұлттық түлеуіміздің, мемлекеттілігіміздің баяндылығының кепілі, ұйытқысы ретінде, қоғамымыздың тұрақтылығы мен дамуы жолында, адамдарды бірлікке, өзара төзімділік пен толеранттылыққа шақырады. Бұл ерекшелік біздің діни танымымыз бен түсінігімізде Иасауи жолы арқылы нақышталған.
Адамды адам еткен құндылықтар әлемі. Құндылықтар адамды қоршаған ортаға қатынасының ұстанымдары мен идеясын қалыптастырады. Расында адам кұндылықтар әлемінде өз орнын табуы үшін талай уақыт керек болды. Тарихи даму үдерісінің белесті кезеңіне жеткенше адамның іс-әрекеттері кұндылықтар арқылы реттеле бастады және солай жалғаса береді.
Құндылыктар қоғам мен адамға жақсы менен жаманның, пайдалы мен зиянның, ақиқат пен жалғанның, әсемдік пен сұрықсыздық, әділет пен зұлымдықтың, харам менен халалдың, ақ пен қараның парқын тануға ықпал етеді. Яғни, құндылықтардың болмысында адамның өзі өмір сүріп отырған ортасын, осы дүниені рухани-практикалық тұрғыдан меңгеруінің тәжірибесі мен тарихы сақталған. Сондықтан да әр халықтың мәдениеті мен кұндылықтар әлемі біртұтас. Құндылықтар - мәдениеттің ажырамас бөлігі.
Басқаша айтқанда, құндылықтар - мәдениет әлемі. Адам әрқашан өзін қоршаған кез келген объектіні өзінше танып, бағалайды. Ал құбылысқа баға беру тікелей танымға байланысты. Таным санаға қатысты өзгеріп отырады. Құндылықтар адамның іс-әрекетінің, оның тұлғалық қалыптасу деңгейі мен рухани базасының сипатын білдіреді.
Рухани мәнді құндылықтар адамға игілік әкелетін, оның бойына ізгілік қасиеттерді дарытатын, бақытқа жетелейтін, қоғам мен адамның үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін құндылықтар. Ал жалған мәнсіз құндылықтар, уакытша, коғам мен адамның үндесуі мен үйлесіміне қызмет етпейді. Бұлар - жалған құндылық көрінісі. Рухани мәнді құндылықтар өзінің бастауын құдайлық негізден алады. Мұндай құндылықтар уақыт пен кеңістікке қарай бейімделіп, өзгерместен, қанша заман өтсе де негізгі мәнінен ажырамайды. Ал бүгінгі заман құндылықтардың жылдам өзгеруімен, бұрынғы дәстүрлі пайымдардың тас-талқан болуымен, қоршаған әлемнің табанда құнсыздануымен ерекшеленетін тәрізді. Қоршаған әлемнің өңі бірден теріс айналып сала беруі, адамның ішкі әлемінің дағдарыстан көз аша алмауына апарып соғып, қоғамда хаос орнайды. Бұл имансыздыққа әкеліп, аяғы экзистенциалды күйзеліске апарып соғады.
Адамның қоршаған ортасы әрдайым құбылмалы. Дегенмен адам бұл фани дүниеден өзгермейтін мәңгілікті іздейді. Яғни бұл әлемді Алламен байланыста ғана қабылдағысы келеді. Сонда ғана адам өмірінің өткінші елестерінен құтылып, ақиқаттың мәнін ұғынуға мүмкіндік алады. Сонда көп ішінде жалғыз қалған адамның өмірі илахи нұрмен нұрланып, мәнмен сомдалады. Ал енді сол мәнмен үдесу үшін адам иман нұрымен шомылуы қажет. Иман - адамның екі дүниедегі бақытының кепілі.
Сондықтан тарихта жалпы адамзатқа «нұри иман» арқылы ақиқатты тапқан Иасауи бабамыздың ілімі мен Фарабидің тұжырымдары тікелей таным мен сенімге негізделген, «инсан кәмил» мен «инсани фадыл» үлгілерін ұсынған.
Ислам сөзінің тілдік мағынасы - бейбітшілік, тыныштық дегенге саяды. Аты айтып тұрғандай ислам адамдарға бір-бірімен, қоғаммен, қоршаған әлеммен бейбіт өмір сүруге шақырады. Сондықтан бейбітшілік - ислам дініндегі ең басты құндылық. Иасауи бабамыздың тұжырымы бойынша, әлемде бейбітшілік орнауы үшін ең алдымен адамның ішкі әлемінде тыныштық, құзыр болуы шарт.
Исламдағы тағы бір басты құндылық - сабыр. Бұл сөздің мағынасы шыдамдылык, төзімділік. Діни мағынасы - құдайдың разылығы үшін кездескен барлық қиындық атаулыға төзу. Сабыр - адамның жігері мен кісілігінің өлшемі. «Сабыр иманның жартысыә деп пайғамбарымыз бекерге айтпаса керек. Дана халқымыз да «сабыр түбі сары алтынә дейді.
Ислам адамның шыққан тегіне, қоғамдағы орнына, байлығына қарамайды, оның тақуалығына мән береді. Пайғамбарымыз арабтың араб еместен тақуалықтан басқа ешқандай артықшылығы жоқ екендігін айтып кеткен. Исламның әділет ұстанымы тек мұсылмандарға ғана емес, діні бөлек болса да, коғамдағы барлық адамдарға арналған. Иасауи бабамыз өзінің алғашқы хикметтерінде-ақ «... кәпір де болса берме азар» демеуші ме еді. Бұл - жаратылғандарды жаратқан құдай үшін сүюдің ұстанымы. Бұл - қоғамның тыныштығы мен бақытының кепілі.
Ислам - ерекше тіршілік жүйесі, өмір сүру формасы, адам мен қоғам болмысын реттеп, қалыптастыратын институт. Бұл институттың негізі – құдайлық аян, яғни Құран Кәрім. Құран – өзінде, өзегінде адамды басты тақырып еткен Алланың сөзі. Құран – адам баласына әртүрлі амал-әрекеттер, мінез-құлық, жүріс-тұрыс мәселесінде үн қатып, ізгілікке шақырып, осы дүниеде “таза әрі үлгілі, парасатты қоғам” қалыптастыру, адамзатты, соның ішінде мұсылман қауымын осы дүние және ақыреттік бақытқа қауыштыруды мақсат етеді. Адам да Құдайлық аянға оған деген өзіндік танымдық қатынасы арқылы жауап береді. Таным дегеніміз кең мағынада – барды танытатын, бар нәрсені ойда кескіндеп, мүсіндейтін айна. Бірақ, құбылыс пен оның танымы өзара сәйкес келе ме?
Жоқ, бар нәрсенің танылуы әрдайым біртектес бола бермейді. Бар нәрсеге деген көзқарас пен көзделген мақсат, қолданылған әдіске қарай таным түрлері ерекшеленеді. Бүгін танымды сипаты мен анықтамасына қарай діни, философиялық, ғылыми, өнер, тұрмыстық және оккульттік деп бөлуге болады. Бұл танымдардың әр бірінің адамның тіршілігі мен өмірінде өзіне тиесілі орны мен рөлі бар. Осылардың ішіндегі діни таным табиғаты мен ұстанымы жағынан жоғарыдағы басқа танымдардан ерекше. Діннің өзегін немесе тірегін аян яғни, Құдайдан келген таным құрайды. Яғни, бұл танымның мазмұны адам баласына трансцендентальды болмыс тарапынан берілген. Сондықтан да аян өзгермейді, абсолюттік ақиқат ретінде қабылданады. Бірақ, бұл қабылдау – толығымен иман, сенімге тікелей қатысты. Алла абсолюттік және өте кемел болмыс болғандықтан оның аяны да ақиқат. Өйткені, қателік-кемшілік, ал, абсолют және өте кемел болмыста кемшілік жоқ. Міне, сондықтан да Алланың аянының дұрыстығы мен бұрыстығы деген пікірталасқа орын жоқ. Дұрыстығына иман еткен сол дінде қалады, иман етпегендер де ол діннен шығады. Өйткені, діннің негізінде абсолют ретінде қабылданған таным бар. Бұл құбылыс кез келген діндер үшін ортақ.
Діндерде Алланың аянының қасында, адамға тән танымдар да қатар өмір сүреді. Бұлар негізінен Алланың аянының түсіндірмелері. Бір мәселе төңірегінде танымға негізделген әртүрлі пікірлер мен түсініктердің болуы діндерде әртүрлі мазхабтар мен тариқаттардың шығуына себеп болды.. Бұл айырмашылықтар Алланың аянының әртүрлі түсіндірілуінен туындайды. Сондықтан бір дінде, Алланың аянына негізделген әр түрлі түсініктер мен құлшылық формалары кездеседі.
Ислам дінінде суннилік, шиилік сияқты догмалық-доктриналық мазхабтар мен ханафилік, шафиилік, ханбалилік, маликилік сияқты құқықтық мазхабтар және осы мазхабтардың негізінде де әртүрлі нақшбандийа, қадирийа, йасауийа, маулауийа, маламийа, халуатийа, байрамийа, рифаийа, сулайманийа және т.б. тариқаттардың барлығы Құранға негізделген. Бұлардың айырмашылықтары мен ерекшеліктері Құранның ұстанымдары мен үкімдерінің түрлі-түрлі түсіндірілуінен туындайды. Сондықтан айырмашылықтар, діндегі адамға тән танымдардан келіп шығады. Ислам өркениетіндегі тафсир, хадис, фиқх және калам сияқты ілімдер де негізінен адамның ой-өрісі мен іс-әрекеттердің жемісі және адамға тән танымдардан құралған, қалыптасқан. Ал бұл танымдардың дұрыстығы мен бұрыстығы мәселесі төңірегінде пікірталас жүргізуге болады. Өйткені, бұл танымдар өзгермейтін танымдар емес, әрине.
Әрбір ағымның өкілдері Алланың аяны мен оның түсіндірмесі, ұғынылуы арасында, яғни, өздерінің мұраты мен Алланың мақсатын бір деп біледі. Сондықтан осы түсініктер мен иланған үкімдері олар үшін тура жол, шариғат. Міне діни танымды басқа танымдардан ерекшелеп тұрған ең маңызды сипат. Басқа танымдарда тура жол үкімі жоқ.
Алла – адам қатынасындағы бұл процесс бүгінге дейін осылай жалғасып келеді. Ислам дінінің негізі болып табылатын Құдайлық аян, пайғамбарлық институты және адам арасында діни таным мәселесі өзіне тән ерекшеліктерімен тарихи процесс ішінде нақты көрініс тапқан. Бұл ерекшеліктерді шартты түрде кезеңдерге бөлуге болады.
Бірінші Хз.Мұхаммедтің (с.ғ.с) пайғамбарлық кезеңі (ХІІ ғасыр). Бұл кезеңде – пайғамбардың Құдайлық аянды үндеген, исламға шақырған тұсында – мұсылмандар басқа дүниетаным және мәдениет түрлерімен әлі танысып болмаған әрі исламның негізгі ғылымдары да қалыптаса қоймаған болатын. Ислам ойшылдары, философ-ғұлама, даналары өсіп шықпаған әрі қоғамда олардың ықпалы да жоқ еді. Мұсылмандар шәкірт ретінде тікелей ұстаздары – пайғамбар арқылы кез келген діни мәселені шешіп отырған. Олар – алғашқы мұсылмандар – исламды тікелей қайнар көзінен үйрену мүмкіндігіне ие болды. Құдайлық аян – жанды құбылыс, пайғамбардың да көзі тірі, исламдық таным өте сергек болатын. Бұл жерде Алла, адам және пайғамбарлық тұғырларын тұтастандырып тұрған күш – иман және сунна болатын.
Исламның ең басты негізі – Құран екендігі белгілі. Екінші бір ықпалды негіз–бұл арабтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы. Пайғамбар да көптеген мәселелерді араб мәдениетінің дәстүріне сүйеніп шешетін. Мысалы, соғыс жағдайында немесе бейбіт кезеңде пайда болған мәселелердің ең бастысы – әйгілі “Мәдиналықтар келісімшартының” мазмұнында араб дәстүрі басым болатын, ел басқару, әлеуметтік қаулы-қарарлар, Қағба қызметі, әскери істер, байлықты бөлісу, отан қорғау, өлгендерге құн төлеу және т.б. туралы ереже-үкімдердің дені – араб дәстүрінің жемісі мен көрінісі екендігі айқын. Хз. Мұхаммед Пайғамбар өлгеннен кейін Хз. Әбубәкірдің халифа сайлануы да осы екі негіз – Құран мен араб дәстүрі бойынша жүзеге асты. Сондықтан алғашқы мұсылмандықтың болмысында екі негіз үстемдік етті. Біріншісі Құран – құндылықтары, екіншісі – араб мәдениеті мен дәстүрі. Бұл араб мұсылмандығының үстемдік құрған дәуірі еді. Олар араб дәстүрінің елеулі бөлігін исламдандырып жіберді, қалған бөлігі әртүрлі дәстүрлі формаларда әлі күнге дейін жалғасып келеді. Негізінде әдет-ғұрып, дәстүр (мейлі ол араб, парсы, түркі болсын) де ислам дінінің негізгі ұстындары мен дәлелдерінің бірі. Ислам ешқашан дәстүрді, әдет-ғұрыпты толығымен жоққа шығармаған, оларды діннің негізгі принциптеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалаған. Керек десеңіз, әдет-ғұрып исламдағы құқықтың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады. Ислам кейбір әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді жаңартып, кейбірін сол қалпында немесе жаңғыртып пайдалануды мақсат етеді. Дегенмен әдет-ғұрып, дәстүр ешқашан діннің орнын баса алмайды және діннен үстем қабылданған емес. Солай бола тұра, исламнан бұрынғы “жахилийа” дәуірінен бері келе жатқан қалыптар мен түсініктер уақыт өте келе ислам қоғамында өз орнын алып, кейіннен идеялық қайшылықтарға, бөлінулерге апарып соқты. Бұған мысал ретінде расизм, тек, тайпа, ру, тұтқын, құл түсініктері мен әлеуметтік, экономикалық және сауда сияқты көптеген құбылыстарды көрсетуге болады. Бұған қоса Ибн Әбу Суфиан Муавияның мемлекеттің басына келуі нәтижесінде халифаттың орнын сұлтандық басты, мұсылман үмметінде араб дәстүріне негізделген исламдық түсінік бой көтерді. Яғни, мұрагерлік ислам дәуірі басталды.
Хз.Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлық кезеңі мен көсем-халифалар кезеңі – таза исламдық сипатта болса, одан кейінгі, сұлтандық дәуірінде мұсылмандар дәстүрлі ислам дүниетанымы негізінде қалған ислами түсініктің екінші кезеңі ретінде әртүрлі тарихи асулардан өтті. Бұл процесс бүгінге дейін жалғасуда. Осы екінші кезеңнің өзі исламның дәстүрлі діни танымы, яғни, “дәстүрлі ислам” ретінде мұсылман халықтары мен мемлекеттері тарихында 4 үлкен дәуірді басынан өткізді.
Исламда дәстүрлі діни танымның бірінші сатысында фиқх пен калам ғылымдары басты назарда болып, қоғамда факихтер мен каламшылардың билігі мен үкімдері ғана мойындалды (VІІІ-ХІ ғасыр). Бұл кезеңде исламдық тұжырым – калам, фикх ғұламаларының, онда да шектеулі ағымдар негізіндегі тафсиршілер мен хадисшілердің түсіндірмелері, үкімдері мен жорамалдарынан құралатын. Осы ғұламалардың пәтуалары, түсініктемелері, көзқарастары шеңберінде діни түсінік пен таным қалыптасты. Мұсылмандар тікелей Құранның негізінде ойлау, зерттеу әрекетінен мақұрым қалды. Олар өздерінің Құран негізінде ойлау және ой-санасын тазарту мүмкіндігіне ие екендіктерін ұмытты. Бұл діни танымның өз табиғатындағы терең психологиялық жаттану құбылысын көрсетсе, екінші жағынан сол тұстағы ислам қоғамындағы саяси билік пен адамдар арасындағы жіктер мен қоғамдық топтардың өкілеттіліктерге бөлінгендігін көрсетеді. Бұл мұсылмандардың өте ерте кезеңде-ақ Құран мен Суннаны тікелей түсініп оқып, ұғыну үшін қажетті танымдық деңгейдегі мәдениет дәрежесіне жете алмағанын көрсетеді. Оларды түсіндіруге де шамалары келмеді. Пайғамбардың мұрагерлері саналған ғұламаларды діни көсем, ұстаз ретінде танып, олардың көзқарастарына, жолына бас иді. Яғни, Алла – пайғамбарлық және адам арасына тағы бір институт келіп қосылды – олар “ғұламалардың” ижма, қияс - әдістеріне негізделген құқықтық таным болатын. Нәтижеде өте маңызды екі жағдай пайда болды. Біріншісі – еркін ойлайтын, зерттейтін, өндіретін мұсылманның орнын, дәстүршіл, еліктегіш, ұраншыл мұсылман басты. Ал шынайы исламның қалауы басқа болатын. Екіншісі – факихтер, каламшылар, хадисшілер мен тафсиршілер өте жоғары беделге ие болды. Құран мен Суннаның орны исламдық танымда екінші сатыға түсті. Яғни, діни танымның негізгі сүйеніші, рух көзі болған Құран мен Суннадан ізделетін жауаптар тікелей дін ғұламаларынан алынып, олардың көзқарасы мен жолына берілу қалыпты жағдайға айналды. Мұсылмандар Құранды оқу, үйрену, рухында сомдаудың орнына оны жаттау, ғибадат ету, сауабын алу мақсатында және құқықтық нормалар ретінде оқи бастады. Бұл дәуірде калам ғылымындағы сауап, күнә, ғибадат түсініктерінің ықпалы күшті болды. Құран діни танымның көзіне емес, оқу, жаттау арқылы сауап алынатын өнерге айналды. Осылайша исламда Хафыздар, Қурралар (қарилар) жеке атақ ретінде қалыптасты. Дегенмен бұл құбылыстың да ислам мәдениетінде өзіндік орны болғандығын да атап өту қажет.
Исламның “бақыт ғасыры” болған алғашқы кезеңнен кейін мұсылмандар өз проблемаларына жауап іздеуде тікелей Құранға, Суннаға емес, сол дәуірдің атақты факихтеріне, каламшыларына жүгінген. Бұлар тек дін ғұламалары болып қана қоймай, мемлекет ісіне де өз ықпалдарын жүргізген. Керек десеңіз олардың үкімдері аят, хадистің орнына да жүретін дәрежеге көтерілді. Сонымен ислам діні осы атақтылардың дуалы ауыздарынан шыққан қалыпта қабылданып, танылатын болды. Соның нәтижесінде әрбір дін ғұламаларының қасында жақтастар мен қарсыластар тобы құрылып, ислам тарихында әртүрлі лауазымдық атақтар арқылы секташылық, ағымшылдық сияқты құқықтық мектептер мен саяси сипаттағы формалық бөлінушіліктерге апарып соқты.
Екінші саты – суфизм және тариқатқа негізделген исламдық түсінік кезеңі (ХІ-ХVІІІ ғасыр). Бұл кезеңде сопылар мен тариқат шайхтарының діни танымы мен түсіндірмелері негізге алынды. Даруни, яғни ішкі мәнге негізделген, рухани сипаттағы түсініктер мен идеялар үстем бола бастады. Білім беру мен тәлім-тәрбие ісі медресе, мешіттерге қарағанда текке, дергахтарда, ленгерлерде көп тарала бастады. Мұсылмандар енді сопылардан үлгі ала бастады. Сопылардың идеялары да Құран мен Сүннетке негізделетін-ді. Исламдағы дәстүрлі діни танымның осы екінші сатысы ХІ ғасырдан ХVІІІ ғасырдың орта тұсына дейін жалғасты.
Суфизмнің танымдық әрі телеологиялық ерекшеліктеріне орай, бұл сатыда діни практика мен рухани тәрбие бірінші орынға шықты. Дінді және пайғамбар жолын рухында, хәлінде, ділінде сезіну арқылы қанағатқа, бақытқа, бірлікке жетуді мақсат етті. Осылайша исламдағы факих, каламшылар мен хадисшілердің орнын сопы-шайхтар алды. Исламдағы діни музыка, саз, би, өнер, архитектура, әдебиет осы сатыда жоғары деңгейге көтерілді. Ислам дүниетанымындағы суфизмнің ислам дінінің кеңінен жайылып, орнығуында маңызды орны бар екендігін атап өткен жөн.
Үшінші саты – исламның қорғаншақтық кезеңі (ХVІІІ-ХІХ ғасыр). Бұл кезеңде мұсылмандардың ғылым мен технологияда дамыған, ғылым мен мәдениетте, саясат, экономика салаларында өздерінің үстемдігін көрсете бастаған Батыстық қоғамнан қорғана бастағаны сезіледі. Бұл құбылыс негізінен ХІ ғасырдан бастап байқалатын, әсіресе өркениеттераралық қақтығыстарда айқын көрінетін. Қорғаншақтық кезеңнің ерекшелігі – отарлаушы технологияның иелеріне олардың ғылым мен өркениеттегі үстемдіктеріне жауап ретінде мұсылмандар өздерін өткен ғасырлардағы жетістіктері мен тарихтағы ренессанстарымен жұбата бастады. Кейбір топтар Батыс өркениетінен артта қалуының себебін исламнан, оны дұрыс түсінбеуден іздесе, ал кейбірі фатализмнен іздеген. Бұл құбылысты, Алланың еркіне негіздегендер (тағдыршылдар) де баршылық.
Қорғаншақтардың кезеңінде керітартпалар мен модернистер, метатрадиционалистер мен батысшылдар, зиялылар, ағартушылар сияқты топтар өзара мәмілеге келе алмай жатты. Осындай дау-жанжалдар, пәтуасы кеткен ахуал – негізінен қорғаншақтықтың нақты көрінісі болатын.
Төртінші саты – үйлестіруші, түсіндіруші-телуші, синтездеуші исламдық кезең (ХХ-бүгінге дейін) Бұл кезеңде кешегі өткен ғасырдың негізгі идеологиялары, жүйелері, діни- философиялық ағымдары мен ұсынған жолдары арқылы исламның әртүрлі тақырыптарына қатысты көзқарас, пікір, қағида, мәліметтер мен әдістерді үйлестіру мен, жақындастыру әрекеттері – осы кезеңнің негізгі ерекшеліктері. Интеллектуалдық ортада тарала бастаған бұл түсінік ХVІІІ ғасырдан кейін әлі күнге дейін кеңінен тарап отыр.
Жаңашыл ойшылдар, зиялылар ретінде танылған Сайд Ахметхан, Мұхаммет Абдух, Рашид Рыза, Фаруқи, Фазлуррахман, Сайт Наср және т.б. тұлғалар арқылы болмыстық құбылысқа айналған ағым Батыстың құндылықтары мен көзқарастарын, ғылымы, мәдениеті мен философиясын “исламдандыру” әрекетіне кірісті. Қазіргі таңдағы “ғылымның исламдандырылуы” мәселесі – осындай әрекеттердің жалғасы. Кезінде Әл-Фараби, Ибн Сина сияқты мұсылман философтары да Платон мен Аристотель философиясын ислам хикметімен үйлестіруге, жақындастыруға тырысып, жаңаша ой-сана, ойлау жүйесін шығарып, ұсынған болатын. Қазіргілер болса, кейінгі екі ғасырдағы үстем философиялық ағым болған Батыстың Декартшыл философиясы, оның эпистемологиялық жүйесі мен ислам хикметі арасында үйлестіру платформасын іздеуде. Ал Декарт философиясының негізі – ислам философиясы екендігі ұмыт қалып, ескерілмей келе жатыр. Батыс мәдениеті мен өркениетінің озық үлгі, құндылықтарын мұсылмандардың пайдалануын қамтамасыз ету үшін тырысып бағуда.
Шындығында, “Ғылым барлық адамзаттың ортақ мүлкі”, қай жерден тапсаң да алуың қажет. Кезінде Батыс әлемі исламның жарқыраған мәдениеті мен өркениетін алып, “батыстандырып” пайдаланған. Бірақ, бүгінгі таңда, ғылымды, информацияны исламдандыру емес, исламды бүкіл адамзат игілігіне ұсыну үшін осы мақсатта зерттеу, насихаттаудан артық жол жоқ сияқты.
Соңғы сатыдағы исламды батыстық қалыптар арқылы ұсыну, таныту немесе түсіндірулерде бұл бағыттағылардың исламды, Құранды, жалпы исламдық діни таным психологиясын, табиғатын тереңірек зерттеу мүмкіндіктерінен мақұрым болғандықтары үшін қателер көп. Олар өздерінің ислам ойшылдары, ғұламалары немесе зиялылары екендігін айтса да, кейде исламның негіздері мен табиғатынан алыстап кетіп жатады. Олардың еңбектерінде көбінесе Батыстық ориенталистердің қалыпты таңбалары мен іздері сайрап жатыр. Эмпириялық ғылым саласына тән әдістердің сарыны әлі үзілмеген.
Сондықтан исламды шынайы келбетімен адамзаттың ұғымына, түсінігіне сай ұсына білетін жаңа зерттеушілердің шығуы арқылы ғана мұсылмандардың, исламның алдындағы кедергілер жойылмақ. Сонда ғана исламның барлық адамзатқа бақыт, тыныштық көзі ретіндегі ақиқаты анықталып, мұсылмандар “ислами жатсыну” процесінен құтылады. Дегенмен, ғасырлар бойы дәстүрлі діни танымға ие мұсылмандар үшін дамыған ілгері Батыс өркениетінің алдында “еліктегіш”, “құлдық” сипаттағы ішкі дертінен айығуы, мұсылман қауымының өздерінің төл негізіне, шынайы мұсылмандық болмысына оралуы оңайға соқпайды…
Сонымен Орта Азияда VІІІ-XІІ ғасырларда бүкіл дүние жүзіне өздерінің философиялық, діни еңбектерімен танымал болған Муса әл-Хорезми (783-850), Ахмад әл-Ферғани (798-861), Әбу Насыр әл-Фараби (873-950), Әбу Әли ибн Сина (980-1037), Әбу Райхан әл-Бируни (973-1048) сияқты ұлы ойшылдар, ғұлама ғалымдар өмір сүріп, еңбек еткен. Солардың қатарында хадис ғалымдарынан Имам ал-Бухари (810-870), Мухаммад ат-Термизи (824-892), ғұламалардан ал-Матуриди (944-45 ж. өлген), Абу-л-Муғин ан-Насафи (1115 ж. өлген), фиқх ғалымдарынан Абу Хафс ал-Бухари (832 ж. өлген), Шамс-ал-Аимма ас-Сарахсий (1088-89 ж. өлген) тәпсір ғылымында Абу-л-Лайс ас-Самарқандий (983 ж. өлген), Махмуд аз-Замахшарий (1075-1144) және тағы да басқалар бар. Әрине Орта Азиядан мұнша үлкен ғалымдардың шығуының өзіндік себебі де жоқ емес. Бұл өлкеде сан ғасырлық ғылыми дәстүр мен бай мәдени мұралар болған. Біз жоғарыда атап кеткен ғұламалар, олардың ұстаздары мен шәкірттері осындай бай мұралардың негізінде қалыптасқан.
2.5. Әлемдік діндерге ортақ құндылықтар. «Болмыстың бірлігі», «Құдай – жалғыз», «күллі адам баласы Адам ата мен Хауа анадан тараған», «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» тұжырымдары. Ортақ пайғамбарлар. (1 сағат).
