Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Адамды сүй, Алланың хикметін сез

Бүкіл әлемнің ең үлкен сыры – адам. Жаратылыстың ең үлкен жұмбағы да, ең басты себебі де – адам. Алла Тағала: «Ей, Хабибім Мухаммад! Егер сен болмасаң, Мен 18 мың ғаламды жаратпас едім» дегенде бүкіл әлемнің жаратылу себебі – адам екендігін меңзеген. Әлбетте, өз топырағымыздан шыққан ғұламалар – Яссауи, Абай, Шәкәрім аталардың да негізгі айналысқан мәселесі – Адам жанының жұмбағы.

«Қара сөздің» 17-сінде Абай былай дейді. «...неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайықты деген... Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан Тәңірінің ісі. Бұл ғаделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – ғақил».

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және сүй Хақ жолы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл,

Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл.

Ойлан-дағы үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына малың түгіл.

Бұл жердегі иманигүл мәселесі терең тамырын Әзіреті Сұлтан Қожа Ахмет Яссауи негізін салып, жүйелеп кеткен иманигүл – иманинұр – иманибостан мәселелерінен тартады. Ал бұл категориялар бастау көзін қасиетті ілімнен – қасиетті Құран аяттары мен Хазреті Пайғамбарымыз ҒСУС-нің хадис-шәрифтерінен алады.

«Бауырыңа жәрдем ет, ол адам залым болса да, жамандыққа ұшыраған мазлұм болса да, бәрібір жақсылық жаса» деп бұйырған Хазреті Мұхаммад ҒС. Одан арғы заманға ой қуалап барсаңыз, төрт діннің бастауында тұрған Хазреті Ибраһим ҒС-нің өзіне келесіз...

Жалаладдин Руми: «Бір адамның көңілін қалдырсаң, мың Қағбаны бұзғандай боласың, ал бір адамның көңілін тапсаң, мың қажыға барғандай сауап, Алланың алдында дәреже табасың» деген. Әрбір зұлымдық ойлаған, әрбір басқа адамға қастық ойлаған адам ең алдымен өзіне зұлымдық қылады деген сөздің мағынасы, міне, осы сөзбен ашылады. Себебі әрбір басқа адамға кек сақтап, ызғар бүгіп қалған адам әуелі өз жанын уламақ, өз жарығын сөндірмек, өз иманын өшірмек. Адамды ұлтына, дініне қарап алаламау, бөлмеу, кім болса, ол болсын, «Құдайдың сүйіп жаратқан пендесі» деп, махаббатпен, ілтипатпен қарау – барша сопылық дәстүрге тән ерекшелік, оның ішінде біздің қазақ сахарасындағы дәстүрлі Яссауи дүниетанымында да бұлжымай сақталған тамаша үлгі.

Бостондық атақты ойшыл Уильям Чаннинг гуманизмнің табиғатына үңіле отырып, Иса пайғамбардың жаратылыс болмысы жайлы былайша ой кестелейді. «Пайғамбардың басқа адамдарға тосын көрінетін ерек болмысының мазмұны – оның адам жанының ұлылығына деген сенімі деп түсіндірер едім. Пайғамбар әр адамның бойынан Құдай Тағаланың көлеңкесі мен сипатын танып, адамды сол үшін сүйетін: ол кім болса, ол болсын, «адам» деп зор құрметпен, зор махаббатпен жақсы көретін. Пайғамбар адамдарға оның материалдық сыртқы қабығын тесіп өтіп, оның жан-жүрегін көретін жан көзімен қарайтын. Құндыз жағалы тон киген бай болсын, шоқпыт шекпенді кедей болсын, адамның тән қабығын сыпырып тастап, адамның жанымен сөйлесетін. Сол надандық пен күнәлардың қап-қараңғы қаралығы басқан, ластанып кеткен адамның ішкі дүниесінің ішінен жарыққа ұмтылған қуаттың ұшқынын тауып алып, дамылсыз дамуға талпынған, үздіксіз өсіп-өніп, гүл жаруға дайын тұрған адамның мәңгі өлмейтін рух табиғатын көретін. Ең құрыған, азғындап, рухани құлазыған адамның өзін жарық періштеге айнала алатын жан иесі деп танитын. Тіпті өз бойындағы ең асыл қасиеттің бәрін де кез-келген адам даму арқылы қол жеткізе алатын қасиеттер деп есептеген».

Кез-келген адамның рухани кәмілдікке, абайшалағанда «толық адам» дәрежесіне жете алатын потенциалын Шәкәрім қажы да растап, әлсіз иманымызға қайрақ болар сөз тастайды.

Менде бар да тіпті сізде

Жоқ емес бұл қасиет.

Оны өшіріп бәріңіз де

Дедіңіздер жауды «жар»

дегенде осы Аллаға деген мәңгі махаббат, Алланы аңсаған рух сағынышын, одан туатын адам баласына деген махаббатты меңзесе керек-ті.

Осы айтылып отырған жалпы адамзаттық ортақ негіздер мен ұстындарды ұсынғандар, ең алдымен, әрине, ислам дінінің ең асыл қағидаларын, оның адамсүйгіштік басты маңызын халқымыздың сана-сезіміне сіңдіріп жіберген әулиелер дәстүріне, шариғат үкімдерін көшпенді елдің қарапайым да айқын қағидаларымен шебер ұштастырып жіберген әулиелер сұлтаны, «құтұб уль-актаб» Әзіреті Сұлтан Қожа Ахмет Яссауиге келеміз. «Барлық момындар бір-бірімен бауыр» деген Құран аяты (49:10) ежелден ақ пейіл, еш халықта жоқ ерекше бауырмал халықтың жүрегіне жақын тисе керек-ті! «Сондықтан екі бауырдың арасын жарастырыңдар!» деген үкім елдікті барлық құндылықтан жоғары қойған, «Дау қуған бәлеге жолығар, жол қуған қазынаға жолығар» дейтін берекелі, бәтуәлі елге еш таңсық болмаған. «Екі жаман қосылса, келісіп отырып керіседі, Екі жақсы қосылса, кетісіп отырып келіседі»-деп, бітіспес дауды, жібімес кекті келелі сөзбен жарастырған халықтың рухани күші де, өміршең ұлылығы да қайран қаларлық! Осы аяттың «Және сендер қорқыңдар Алладан, сонда бәлкім игілікке бөленерсіңдер, сонда, бәлкім, Құдай жарылқайды сендерді (49:10)» деп жалғасатын сөзі де ешбір қазаққа таңсық емес қой. «Қолдасқанды құдай қолдайды», «Құдайдан қорықпағаннан қорық», «Бөлінгенді бөрі жейді» деп, бір аяттан мың бір мақал шығарып, атам қазақ рухани азық қылып жүре берген...

Міне, біз келтірген аяттағы бір бауырлық, бір жүректілік (ихуан) мәселесі Яссауи мұраларының, Яссауи қалыптастырып, бұлжымастай берік бекітіп кеткен мемлекеттілік, біртұтастықтың түйінді категориясы.

Хазреті Пайғамбар ҒСУС: «Өзіңді қалай жақсы көрсең, басқаларды да солай жақсы көр. Өзіңе не тілесең, әуелі соны басқалар үшін қыл – адамға осылайша махаббаттанбай тұрып, мұсылман бола алмайсың деген». Ал бүкіл қоғам ауруының дауасын, қиянат пен зорлық меңдеген бүкіл адамзат өмірінің бітіспес қайшылығын тексеріп отырып Хазреті Лев Толстой тайгадағы адам аулап жеушіліктің де, түрмедегі болсын, емханалардағы болсын аяусыз мейірімсіздіктің де табиғатын тарқатып отырып: «егер адамға деген махаббатың болмаса, онда адамның қасына жолауға хақың жоқ» деген кесімді байлау шығарады. «Егер адамды сүймесең, онда заттарыңмен айналыс, киімдеріңмен айналыс, айналып кетейін, бірақ адамға жолай көрме, адамға махаббатсыз жақындау – қылмыс» дейді.

Енді бұндай бүкіл адамды өзіңнен артық жақсы көрердей дәреже табу қиын ба, оңай ма? Адамзаттың рухани ұстаздарына сенетін болсақ, ол үшін бар болғаны жан-жүрегіңді тазала дейді, сонда оның түбінде тек қана махаббат қалғанын көресің. Сосын ол махаббат өз жалынымен бар тіршілікті құшуға ұмтылады, әр жәндікті, әр жапырақты баурап, ақырында сол тіршілік атаулыны бар етуші, өмірге өмірлік нәр беруші, Хай деген есімнің сәулесімен суда балық, аспанда әрбір құс, құрт-құмырсқаға тіршілік – махаббат үрлеуші Аллаға ең төте жол таппақ.

Себебі шын бар нәрсе бір-ақ нәрсе – жанның барлығы. Бірақ ол жан да барлық жанға ортақ әлдененің, барлық жерде бар ортақ жалынның бір ұшқыны ғана. Жан жұмысы – сол бір жалынға бірігу ғана. Ендеше шын хақиқат нәрсе біреу-ақ – Бар және бөлінбейтін бір Алла ғана.

ІІІ. Бөлім. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ДІНИ КОНФЕССИЯЛАР (10 сағат)

3.1. Қазақстандағы исламның таралуы. Дәстүрлі діни таным және оның исламмен арақатынасы. Сопылық дүнетанымның өзегі. Исламның білім, ғылым және мәдениеттің дамуына әсері. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы исламның рөлі (XV ғ.). Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметі. (6 сағат).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]